«Мамандық және мен» тақырыбындағы тренинг сабақ » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мамандық және мен» тақырыбындағы тренинг сабақ
20
октябрь
2023

«Мамандық және мен» тақырыбындағы тренинг сабақ

«Мамандық және мен» тақырыбындағы тренинг сабақ


Мақсаты: 

  1. Оқушыларға мамандықтың түрлерін, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
  2. Өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау;
  3. Кәсіби бағдар беру;
  4. Түрлі жаттығулар арқылы таным процесстерін дамыту;
  5. Жүйелі ойлауға баулу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд;

Әдісі: тренингтар, сұрақ-жауап, әңгімелесу, пікір-талас, ойындар.


I.Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқушыларды тренинг сабаққа дайындау.

«Миға шабуыл» ой қозғау:   

  • Мамандық дегеніміз не?
  • Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін жоғары білім болу қажет пе?
  • Қай кезде адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
  • Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыз?

II. Негізгі бөлім: 1. «Жасырылған мамандықты тап» тренингі: Нұсқау: Тренингке қатысушы 5 оқушы таңдалып ортаға шығады. Қалған таңдалып ортаға шыққан оқушыларға слайдта көрсетілген мамандықты ым-ишарамен түсіндіруі керек. 2. «Менің сүйікті мамандығым» Әрбір оқушы өз сүйікті мамандықтарының тиімді және тиімсіз жақтарын айтулары және талқылаулары керек.

3.Жағдаяттық сұрақтар

1. Мұғалім: Ата-аналар жиналысында бір анаға баласының тәртібі нашар екенін айттыңыз. Анасы баласын жақтап, сізді кінәләді. Барлық ата-аналар сізге қарап отыр. Сіздің шешіміңіз қандай болмақ?

2. Дәрігер: Сізге емделуге келген кісі сіз қойып берген диагнозбен келіспейтінін айтты. Сіздің шешіміңіз...

3. Сіз аспазшы болып жұмысқа орналасуға келдіңіз. Мекеме басшысы сізбен жеке танысқысы келеді. Жаңа басшыға өзіңіз туралы айтып беріңіз.

4. «МЮНСТЕНБЕРГ» әдісі (тренинг): Нұсқау: Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздерді табуыңыз керек.

«Йцукеннгрмұғалімыкертеіңғсабақәіратвкралвкервыкшлврыкадпсихологвцвлеоіипповвредәрігерыйшвыыыалкипгелащвьцкғарышкерішатыдерошааспазшыкңшітарклкітапханашыігпшетеипдадуәскерқызметкеріпщкткьплплжүргізушіывопшпеешаоаәншіадашерракшклп»

Сергіту сәті: «Сиқырлы тізбек» ойыны

Нұсқау: Бірінші оқушы бір мамандықтың атын айтып бастайды, әрі қарай келесі оқушы сол мамандықтың соңғы әрпінен басталатын мамандық айтып, жалғастыру керек. 

«Wordwall» сайтынан интерактивті ойын: 

Нұсқау: Дөңгелекке түскен әрбір мамандық иесі болсаңыз қандай қасиеттер бойынызда болу керек екенін айту ойыны. Мысалы: мұғалім мамандығы- тәрбиелі, жан-жақты, білімді болуы керек.

3.Қорытынды: Кері байланыс

Бүгінгі мамандыққа қатысты тренинг сабақтан не түйдіңіз? Тренинг сабақ көңіліңізден шықты ма?

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив