2023-2024 оқу жылының І тоқсанында әлеуметтік педагог Б.Өмірзақованың жүргізген жұмыстары туралы Ақпарат » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2023-2024 оқу жылының І тоқсанында әлеуметтік педагог Б.Өмірзақованың жүргізген жұмыстары туралы Ақпарат
27
октябрь
2023

2023-2024 оқу жылының І тоқсанында әлеуметтік педагог Б.Өмірзақованың жүргізген жұмыстары туралы Ақпарат

2023-2024 оқу жылының І тоқсанында әлеуметтік педагог

Б.Өмірзақованың жүргізген жұмыстары туралы

Ақпарат


2023-2024 оқу жылының басында әлеуметтік педагогтың жылдық жоспары талданып, бекітілді. Тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басында сынып жетекшілерден оқушылардың әлеуметтік тұрмыс жағдайын зерттеу жөнінде мәліметтер жинақталды. Әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды (жетім, ата анасының қамқорлығынсыз қалған, толық емес, жартылай жетім, көпбалалы, аз қамтылған, АӘК алатын, сәтсіз отбасынан шыққан, қиын жағдайдағы оқушылар) оқулықпен қамтамасыз етілді. Әлеуметтік мәртебесіне байланысты мектеп оқушыларымен жұмыс жоспары құрылып, жұмыс бумасы жүргізілді. Мектептің әлеуметтік паспорты құрылды. Мектеп оқушыларының әлеуметтік картасы құрылды. Жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған оқушыларды анықтап, тізімі бекітіліп және журналға тіркелді. Әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан:

  • Көп балалы отбасынан шыққан оқушылар;
  • Үйде оқытылатын және мүгедек оқушылар;
  • Сәтсіз отбасынан шыққан оқушылар;
  • Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар;
  • Толық емес отбасынан шыққан оқушылар;
  • Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан оқушылар;
  • Өгей әкемен ұл бала, қыз балалар;
  • Өгей анамен ұл бала, қыз балаларды анықтау, қажет болған жағдайда журналға тіркеліп, бекітілді.

Білім бөлімінің бас мамандарына тізімдері тапсырылды. «Жалпыға білім беру қорынан» мектеп асханасында тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылар анықталып, тізімі жасалды. Әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан оқушылар анықталып, тізімі бекітілді. 

2023-2024 оқу жылындағы жалпы оқушы саны-886, оның ішінде әлеуметтік топтағы оқушылар саны-472. Көп балалы оқушылар саны-334, аз қамтылған отбасы балалары-60, жетім-1, ата-ана қамқорлығынсыз қалған-3, толық емес балалар саны-115, кәмелетке толмағандар ісі - жөніндегі бөлімде есепте тұрғандар-2, мектепішілік бақылау есебінде тұрғандар - 2, сәтсіз отбасы-3, оның ішінде бала саны -8.

Оқушылармен әлеуметтік-психологиялық жұмыстар жүргізілді. Сынып жетекшілермен бірлесе әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларға және қиын және құқық бұзуға бейім оқушылардың отбасымен және тұрғын жайымен танысуға акт жүргізілді. Сынып жетекшілерінің әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың ата-аналарымен байланысын қадағалау жүргізілді. Оқушылардың үйірмелерге тартылуын қадағаланды. Ыстық тамақ табелі, бақылау күнделігі толтырылды. Құқық бұзушылықтың, қаңғыбастық пен тіленшіліктің алдын алу, ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандарды анықтау, түнгі уақытта ата-анасыз және заңды өкілдерсіз жүрген балаларды анықтау мақсатында профилактикалық рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Қадағалаусыз және қараусыз қалған балалар анықтау бойынша рейд жұмыстары жүргізілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. 

Жалпыға бірдей білім беру қорынан № 49    орта мектебі бойынша 125  бала ыстық тамақпен қамтылады.  Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен ыстық тамақпен қамтылған оқушыларға «Дұрыс тамақтану қағидалары» тақырыбында мектеп оқушыларын түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Мектепке жол» республикалық акциясы бойынша қорытынды жасалып, есебі өткізілді. «Бала қорғау бұрышын» ұйымдастырылып, бала құқығын қорғау бойынша стендтерге хабарламалар ілінді. Оқушылар арасында «Бала құқығы-адам құқығы» атты плакаттар көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасының 2023 жылға арналған кешенді жоспарын іске асыру туралы мектеп сайтында жарияладық. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Сәтсіз, мектепішілік, ЮПТБ есебінде тұрған оқушылармен жұмыс жүргізілді. Әлеуметтік-медициналық санатындағы оқушыларды анықтап, тізімі бекітілді. Үйде оқытылатын оқушылардың ата-аналарымен кездесу өткізіп әлеуметтік- педагогикалық жұмыстар атқарылды. Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жұмыстар жүргізілді. Әлеуметтік қамқорлықтағы балалардың тұрғын-жайын зерттеу актілері жүргізілді. Ата-аналарға әлеуметтік-педагогикалық кеңестер жүргізілді. «Мамандық және мен» тренингі өткізілді. «Мектептегі ыстық тамақ және асханалық тамақтану» сауалнамасы жүргізілді. «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» семинары өткізілді. 

«Қарты бар үй-қазынасы бар үй» 1 қазан қарттар күніне орай ардагер ұcтаздарды құттықтау өткізілді. Мектеп бойынша қорғаншылыққа және қамқоршылыққа алынған балалардың тұрмыстық-материалдық жағдайын зерттелді. «29 қазан- Қамқоршылар күні» іс-шара ұйымдастырылды. Сынып жеьекшілермен бірлесе әлеуметтік көмек қажет ететін оқушыларға «Қайырымдылық» акцияларын, «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастырылып, бірлескен іс-шаралар жүргізілді. «Мектепке жол» акциясы барысында қамқоршылық кеңесінің көмегімен 186 оқушыға көмек көрсетілді. Мектепке жол акциясына көмектескен барша демеушілерге «Қайырымды жандарға мың алғыс» атты мақала жарияланды.

 Республикалық Отбасы күніне орай апталық өткізу. «Отбасы – бақыт мекені» апталық «Біз бақытты баламыз» /фото-галерея/ сурет көрмесі өткізілді. Мектепке келген оқушыларға әлеуметтік диагностика жасалды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың сабағына қатыстым. Оқушылардың әлеуметтік ортасын (отбасы, әлеуметтік ортасы және қызығушылығы) диагностикалап және отбасын анықтау мақсатында анкеталар жүргізілді (8-10 сыныптар арасында).

1 тоқсанда мектеп асханасындағы сапалы тамақтандыруды қамту бойынша қамқоршылық кеңес төрайымы С.Акбаевамен бірге, директордың оқу  тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары  Р.Жанатбекова, мектеп медбикесі А.Сүттіқожанова, әлеуметтік педагог Б.Өмірзақова тексеру өткізді.






                                 Әлеуметтік педагог                  Б.Өмірзақова

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив