Қамқоршылық кеңестің кезектен тыс отырысының ХАТТАМАСЫ » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңестің кезектен тыс отырысының ХАТТАМАСЫ
14
апрель
2023

Қамқоршылық кеңестің кезектен тыс отырысының ХАТТАМАСЫ

«№ 49 орта мектебі» КММ бойынша

2022-2023 оқу жылындағы

Қамқоршылық кеңестің кезектен тыс отырысының

ХАТТАМАСЫ



Күні: 14.04.2023 ж

Қатысқандар: 9

Қатыспағандар: 1

Күн тәртібінде: 2023 жылда жалпыға бірдей білім беру қорынан киім, аяқ киім, оқу құралдарымен қамтылу үшін берілетін қаржылай көмек алушылар тізімін бекіту және 2022-2023 оқу жылында жазғы сауықтыру лагеріне баратын балалардың тізімімен танысу, бекіту.

      Тыңдалды: Бірінші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова өз сөзінде қамқоршылықтың кеңес мүшелеріне 2023 жылда жалпыға бірдей білім беру қорынан киім, аяқ киім және оқу құралдарымен қамтылу үшін әлеуметтік санаттағы оқушылардың,  берілетін қаржылай көмек алушылар тізімін бекіту керектігін айтып өтті. Және де тізімдегі әлеуметтік санаттағы оқушыларды атап, қамқоршылық кеңестің мүшелерін таныстырып өтті. Сонымен қоса, 2022-2023 оқу жылының жазғы каникул кезіндегі жалпыға бірдей білім беру қорынан «Жазғы сауықтыру лагеріне» баратын әлеуметтік санаттағы оқушылардың тізімімен таныстырып өтті. Биылғы оқу жылында біздің мектептің оқушылары жалпыға бірдей білім беру қорынан Алматы облысы,  Алматы қаласы, Қарғалы ауылында орналасқан «Астра плюс» тегін лагеріне, сонымен қоса, Жетісу облысы, Текелі қаласындағы «Бастау» лагеріне 10 күннен демалып қайтатынын айтып өтті. Бұл лагерьлерге тек әлеуметтік санаттағы оқушылар, сабақта үздік оқушылар, спортта, сабақта жетістіктері бар оқушылар жіберілетіні туралы айтылды.  Мектептің әлеуметтік паспорты бойынша  жетім 1 бала, сәтсіз отбасында 4 бала, аз қамтылған отбасында 31 бала, өгей әкесімен тұратын отбасында 5 бала, көпбалалы  отбасында 328 бала және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала саны 2 бар. Барлық жалпыға бірдей білім беру қорынан қаржылай көмек алатын оқушылар тізімімен, 2022-2023 оқу жылында жалпыға бірдей білім беру қорынан жазғы сауықтыру лагеріне баратын оқушылар тізімін қамқоршылық кеңестің мүшелеріне ұсынып, таныстырып сөзін аяқтады.

      Сөйлегендер: Қамқоршылықтың кеңес төрайымы С. Акбаева барлық қамқоршылық кеңестің мүшелерімен ақылдаса отырып, жалпыға бірдей білім беру қорынан көмек алатын, жазғы сауықтыру лагеріне баратын әлеуметтік санаттағы оқушылардың тізімдерін көріп танысып, толық келісетіндерін айтты. Тізімдегі 9-сынып оқушылары мемлекеттік емтихандар тапсыруына байланысты, бірінші  потоктағы 9-сынып оқушыларын, келесі екінші, үшінші потокпен жіберу керектігін айтты. Басқа тізімнің бәрімен толыққанды келісетінін, бәрі дұрыс жасалғанын айтып сөзін қорытындылады.


Шешім: 

  1. 2023 жылда жалпыға бірдей білім беру қорынан әлеуметтік топтағы әр отбасынан тек бір оқушыға ғана киім, аяқ киім және оқу құралдарымен қамтылу үшін қаржылай көмек берілсін 
  2.  2022-2023 оқу жылының жазғы демалысында «Жазғы сауықтыру лагеріне» тізім бойынша оқушылар жіберілсін. Қажетті құжаттары уақытылы жинақталсын.
  3. Бекітілген тізімдегі оқушылардың арасынан мектептен басқа жерге оқуға ауысқан жағдайда, олардың орнына басқа әлеуметтік санаттағы оқушыларға көмек берілсін.
  4. Осы шешімнің орындалуын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадиловаға жүктелсін.



                     Кеңестің төрайымы:                   С. Акбаева

                           Хатшысы:                              А. Титова

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив