Жалпыға бірдей білім беру қорынан берілген көмек » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жалпыға бірдей білім беру қорынан берілген көмек
28
август
2023

Жалпыға бірдей білім беру қорынан берілген көмек

«№ 49 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемеснінің қамқоршылық кеңес отырысының

№1 Хаттамасы

Өткізілген уақыты: 28.08.2023 жыл

Отырыстың басталуы: 17.00 сағ

Отырыстың аяқталуы: 17.45 сағ

Отырыстың төрағасы: С. Акбаева

Қатысқандар: Кеңес мүшелері

Қатыспағандар : Жоқ

Шақырылғандар : Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- 

А. Жумадилова


Күн тәртібі:

  1. Қамқоршылық кеңес мүшелерін таныстыру, қамқоршылық кеңес төрағасын сайлау, жұмыс жоспарын бекіту.
  2. ЖБББ қоры есебінен оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамту жұмыстарын ұйымдастыру
  3. Оқушылардың І тоқсанға дайындығы, оның ішінде әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан оқушылардың дайындығы

Тыңдалды :

         Бірінші сұрақ бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  А. Жумадилованы тыңдадық. Қамқоршылық кеңес қызметінің және оның сайлау тәртібімен таныстырып, мектептің барлық жұмыстары тыңғылықты және уақытымен атқарылатыны туралы айтты. Сондай-ақ Қамқоршылық кеңес мүшелеріімен толықтай таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңес төрағасы ретінде мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы С. Акбаева ұсынылса, кеңес мүшелігіне әрдайым, мектепте өткізілетін іс-шараларға және ата-аналар жиналысына белсенділікпен қатысатын ата-аналарымыз сайлауға ұсынылғанын, сонымен қоса, ауданымызда қоғамдық іс-шараларда белсенділік танытып, әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларымызға әрдайым қол ұшын беріп, көмек көрсететін азаматтарымыз ұсынылғанын айтып өтті. Олар: Л. Нурманова ата-ана, жеке кәсіпкер, Б. Рысбеков Кербұлақ аудандық ақсақалдар төрайымы. А. Калканова зейнеткер, Ж. Сатаев ата-ана, жеке кәсіпкер, М. Есенкулолв ата-ана, жеке кәсіпкер, Е. Орынбаев ата-ана, жеке кәсіпкер, А. Титова ата-ана, үй шаруасында, А. Муратова ата-ана, үй шаруасында, № 49 орта мектебінің ата-ана комитетінің төрағасы Ж. Балажанова отырысқа қатысушы ата-аналар ұсынысты қабыл алып, кеңес мүшелігінде белгілі бір қызмет атқаруға келісім берді. Сондай-ақ кеңес мүшелерінің міндеттері жайында айтылды, қамқоршылық төрағасын сайлап және қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспарымен таныстырылып,  бекітуге ұсынылды. Отырыс мүшелері барлығы осы жұмыс жоспарымен келісті. 

         2. Сондай-ақ екінші мәселе бойынша биылғы 2023-2024 оқу жылында жалпыға бірдей білім беру қорынан 40572 теңге көлемінде көмек алған балалардың толық ақшалай көмекпен қамтылғандары туралы есеп берілді, талқыланды. Сондай-ақ осы 2023-2024 оқу жылында № 64 қаулы негізінде  ыстық тамақпен қамтылатын 125 балалардың тізімін талқылап, ыстық тамаққа ұсынылып, бекітілді. Осы шешімдердің негізінде 2023-2024 оқу жылында, барлығы әртүрлі әлеуметтік санаттағы № 64 қаулы негізінде біздің мектептен 125 оқушымыз ыстық тамақпен қамтылады.

3. Үшінші мәселе бойынша әлеуметтік санаттағы оқушыларымыздың жаңа оқу жылына, соның ішінде І тоқсанға сабаққа дайындығын тексеру барысында ата-аналарымен хабарластық. Сондай-ақ сабаққа дайын емес, әлеуметтік санаттағы оқушыларымызға жалпыға бірдей білім беру қорынан да, жеке кәсіпкер немесе аудандық әкімшіліктің қызметкерлері тарапынан демеушлік жасап, көмек көрсетулерінің арқасында «Мектепке жол» акциясы аясында, барлық көмекке мұқтаж оқушыларымызды мектепке қажетті барлық құралдарымен, мектеп формасымен толық қамтылғаны туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова мен қамқоршылық кеңестің төрайымы С. Акбаева айтып өтті. Жиын соңында оқушыларымыз түгел дерлік 2023-2024 оқу жылы әр түрлі бағыттары бойынша мектептің дамуы жөнінде тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова сөз алды. Оқу жылы барысында оқушыларға қандай да бір көмек қажет болған жағдайда, бірден бір жанынан табылатын жандардың бірі қамқоршылық кеңес мүшелері екенін ескертті. Сол себепті кеңес мүшелігіне сайланған қонақтарды жыл бойына қосымша жұмыстарына жауапкершілікпен және тиянақтылықпен жұмыс атқаруға шақырды.


Шешім:

  1. Қамқоршылық кеңес мүшелері мен міндеттері таныстырылып, жұмыс жоспары бекітіліп, жұмыстың уақытылы жүргізілуі қадағалансын
  2. ЖБББ қоры есебінен оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы ұйымдастырылсын, назарға алынсын
  3. Оқушылардың І тоқсанға дайындығы назарға алынсын.


                          Төрағасы:                                        С. Акбаева

                           Хатшы:                                           А. Муратова

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив