Шығармашылық топтың 2022-2023 оқу жылындағы есебі » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Шығармашылық топтың 2022-2023 оқу жылындағы есебі
10
июнь
2023

Шығармашылық топтың 2022-2023 оқу жылындағы есебі

2022-2023 оқу жылында шығармашылық топтың жұмыс жоспары бекітілді. Шығармашылық топ құрамына барлық педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші мұғалімдер кірді. Пән бірлестіктеріндегі онкүндіктер, педагогикалық олимпиада, байқаулар, оқушылардың байқаулары, олимпиада жұмыстарына әдістемелік көмек, кеңес беру жоспарланды. Сонымен қатар қараша айына педагог-зерттеуші, мектеп тренер                                       А. Мухамадиева және Л. Донбаева «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер» коучинг, жас мамандар жетекшісі, ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж. Касенова жас мамандармен «Жас маманның табысты педагогқа айналу жолы» дөңгелек үстел өткізді.

Өткізілген коучингтің мақсаты пән мұғалімдеріне әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана  отырып,  білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту  және білім алушылардың мәтінмен жұмыста айтылым, оқылым дағдыларын жетілдіру болды. Коучингке қатысқан пән мұғалімдері алдағы уақытта өздерінің үйренген әдіс-тәсілдермен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіруге көмектесті. 

           Жас мамандар жетекшісі Ж. Касенова «Жас маманның табысты педагогқа айналу жолы»   дөңгелек үстелдің мақсаты: жеке басының сапалық қасиеттерін арттыру,  жеке тұлға қалыптастыру бағытында дүниетанымын кеңейту. Жас педагогтардың табысты педагогқа айналуы, табысты педагогқа жету жолдары, сонымен бірге сабақта мақсатына байланысты оқу сабағын талдауға қойылатын талаптар, оқуға  қойылатын талаптар, кәсіби қызметтегі алғашқы табыстар мен жетістіктердің рефлексиясы туралы түсініктерін кеңейтті.
     Тәлімгер педагогтар жас мамандарға  оқытудың тиімді әдістері мен түрлерін, әдістемелік ұсыныстарды таңдап, оларды технологиялық үдерісте дұрыс үйлестіріп және ұтымды пайдаланған жағдайда оқу процесінде елеулі нәтижелерге қол жеткізуе болады екенін өз тәжірибесімен байланыстырып түсіндірді.

   Педагог-зерттеуші, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Толебаева пән мұғалімдеріне     «Идеялар алаңы» тәжірибе алмасу атты идея алаңын өткізді. Қатысушы мұғалімдердің идеяларын ортаға салу, ұтымды идеяларды қолдау, педагогикалық идеялар арқылы мұғалімдер тәжірибесіне оң ықпал етті. Алаңға келіп түскен шығармашыл мұғалімдердің идеяларымен жобалары сарапталды.

       «Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында шебер-сынып өткізу орыс тілі пәні мұғалімі   Г. Рахимжанова  бастауыш сынып мұғалімі  М. Мусагулова жоспарланды. Бастауыш сынып мұғалімі М. Мусагулова 1- сынып оқушыларымен ойын технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың айтылым, жазылым, оқылым дағдыларын қалыптастыра білді. Қолданған ресурстар, тапсырмалар   оқушының жас ерекшелігіне сай келіп, сабақ мақсатына жетті. Мұғалім 1- сынып білім алушыларының дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып, сөздерден сөйлем құрау, түрлі-түсті бояуға машықтандырды. Сабақта қолданған «Балықтарды аквариумға жина», «Корзинадағы доп», «Иә, жоқ» , «Тыңда да жалғасын тап» ойындары арқылы оқушылардың сабаққа деген ынта-жігерін арттырды. Сабақ соңында  «Аралдар» рефлексиясымен кері байланыс жасады.

«Білім беру мен білім алуда белсенді әдістерді қолданудың тиімділігі» тарих пәні мұғалімі Б. Есеркенова, информатика пәні мұғалімі Н. Касенова шебер-сынып өткізді. Шебер сыныпта оқушылар  бір-бірімен сыйластықта болды, топқа бөлінген оқушылар тапсырма орындауда  жауапкершіліктері артып, топта барлық мүшелерінің бір-бірін тыңдау, күту шыдамдылығы, сөйлеу дағдылары қалыптасты. Мұғалімнің, оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде кірісіп сөйлеп кету еркіндігі тең дәрежеде болды, терең түсінік пен ойлаудың дамуы арқылы оқушының сөйлеу дағдылары, жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің қабілетіне, олардың бір-біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын құрметтеуге машықтанды, бір-біріне көмектесіп, ойларын ортаға салып, өздерінің білім алуын көтермеледі.

   Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: Т. Байтагаева, А. Таженова «Деңгейі төмен оқушылармен  жүргізілетін жұмыстың  білім сапасына әсері», «Оқушылардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру жолдары» тақырыптарында  шебер-сынып өткізді. 

     Сонымен бірге шығармашылық топ мұғалімдері «Педагогикалық идея» облыстық кезеңіне қатысқан бастауыш сынып мұғалімі  А. Сейтказиноваға, тарих пәні мұғалімі                       Б. Есеркеноваға әдістемелік көмек көрсетті.  Бастауыш сынып мұғалімі А. Сейтказинова байқаудың «Шығармашыл толқын» номинациясы бойынша «Бастауыш сыныпта қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында «Тарсия», «Қарындаш»,  «Дамино» әдістерін пайдалана отырып, сабақта жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті. Ал тарих пәні мұғалімі Б. Есеркенова  «Шеберлік палитрасы» номинациясы бойынша «Тиімді әдіс-тәсілдер сапалы білім беру  кепілі» тақырыбында іс-тәжірибесін таратты. Сабақта қолданып жүрген «Ашық алаң» әдісі арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін арттыруға дебат жүргізу, картамен жұмыс, «Кім?», «Қайда?», «Қашан?» сұрақтар қою арқылы ақпаратты қайталауға, «Уақыт шеңбері» арқылы негізгі ақпаратты анықтауға арналған әдістерді тиімді қолданатындығы туралы іс-тәжірибесімен алмасты. Тарих пәні мұғалімі     Б. Есеркенова Алғыс хатпен марапатталды.






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив