Мұғалімдер шығармашылығы » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
ноябрь
2018

Мұғалімдер шығармашылығы

Мектептің оқу - тәрбие үрдісінде пәндік бірлестіктердің атқаратын жұмыстарының маңызы зор екендігі белгілі. Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерінің бірі - пән апталықтарын өткізу. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу- сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек. Біздің мектебімізде де барлық пәндер бойынша пәндік апталықтарын өткізу дәстүрге айналған.Осы орайда, мектебімізде жылдық жоспар негізінде өткізілетін апталықтар мен декадалар белгіленді. Мектепте 10 әдістемелік пән бірлестігі бар. Осы жоспар негізінде қыркүйек айында «Тіл тағдыры – ел тағдыры» тіл апталығы, Деңгейлік курс бітірген мұғалімдердің апталығы «Нақты ғылымдар еліне саяхат» физика, математика, информатика пәні бірлестігінің апталығы «Шын шеберде мін болмас» өнер бірлестігінің, «Школу прославляет ученик» бастауыш орыс сыныбының апталықтары жоспарланып, өткізілді. Биылғы жылдың жоспарланған апталықтары ауқымды, нәтижелі өтті. Деңгейлік курс бітірген мұғалімдердің апталығының қорытындысы бойынша мұғалімдердің басқа сыныптармен ашық сабақ өткізуді ұсындық. Осы ұсыныс бойынша бастауыш орыс сыныбының мұғалімдері апталықта мұғалімдер басқа сыныптарға ашық сабақ өткізді. Апталық барысында бастауыш орыс сынбының мұғалімдері оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойын, көрме, викториналық сұрақтар мен көңілді тапқырлар сайысын ұйымдастыра білді.
2017-2018 жылы мұғалімдеріміздің жетістіктері де аз емес. Атап айтатын болсақ: облыстық «Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістеме, тәжірибе, мәселелер» тақырыбындағы өңіраралық сырттай педагогикалық оқуларда ағылшын тілі Джаксингаева Гүлім Куджакановна ІІІ дәрежелі диплом, дене шынықтыру Құсманов Мағжан ІІІ дәрежелі диплом, халықаралық «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында өткен «Мәңгі ел – Қазақстаным!» атты ғылыми-практикалық ұстаздар конференциясын қазақ тілі пәні мұғалімі Байтагаева Толқын Оспанжанқызы І дәрежелі дипломмен және «Жылдың үздік мұғалімі» облыстық байқауына қатысқаны үшін Алғыс хатпен, шет тілі пәні мұғалімі Жунусова Қаламқас Маратовна облыстық әдістемелік кабинетімен өзара ынтымақтастықта жұмыс атқарғаны үшін Алғыс хатпен, бейнелеу өнері пәні мұғалімі Малдыбаева Бақытгүл «Шабыт шуағы» - «Бояулар құпиясы» жас суретшілер мен қолөнершілер байқауына қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Жылдық жоспар негізінде өткен мектепішілік байқаулар өтті. Атап айтсам, мектепішілік педагогикалық оқулар байқауында А. Орынбаева І орын, С. Артықбаева ІІ орын, М. Мусагулова ІІ орын, Р. Қашағанова ІІІ орын, Р. Тулепкулова ІІІ орынға ие болды. Ал мектепішілік «Үздік портфолио» байқауынан А. Жумадилова І орын, Г. Сайтова ІІ орын, Г. Рахимжанова ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар Сман Әсел «Жас маман -2018» байқауында І орынға ие болды. Мектепішілік «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2018» байқауынан М. Досимайлова, «Үздік сынып жетекші-2018 » байқауынан Ғ. Дүйсебекова, « Жыл мұғалімі -2018 » байқауынан Б. Лабилданова аудандық байқауларға қатысуға жолдама алды. Нәтижесінде аудандық « Жыл мұғалімі -2018 » байқауынан Б. Лабилданова ІІ орынға ие болды. Аудандық «Заманауи сабақ- сапалы білім берудің кепілі» аудандық семинарда Қ. Жунусова сабақ беріп 1 орынды иеленді.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Осы мақсатта № 49 орта мектебінде қараша айында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ», аға оқытушы Л.Ж. Орманбекова мен аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің аға әдіскері К. Абильдаеваның ұйымдастыруымен облыстық семинар өткізіліп, қазақ тілі пән мұғалімдеріне электронды журнал толтыру, жиынтық бағалау жүргізу, оқушыларды бағалау, кері байланыстың тиімділігі туралы тоқталды. Сонымен бірге қазақ тілі пәні мұғалімі Ғ. Иманбекова 5-сыныптағы қазақ тілі пәнінен «Әдет-ғұрыптар. Дағды мен ишара» тақырыбында үлгілі сабақ өткізіп, «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Облыстық әдістемелік кабинетттің әдіскерлері «Оқытудағы саралау» тақырыбында тіл мамандарына облыстық семинар өткізді. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Қ. Жунусова аудандық семинарда 7 «а» сыныбымен «Gathering information about festivals in Kazakhstan and around the world (Food and drink)» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Мұғалім сабақ барысында қалыптастырушы бағалауды қандай әдістер арқылы жүзеге асыруға болатынын көрсетіп, топпен, жұппен және жеке жұмысты ұйымдастырды.
Наурыз айында «Оқыту сапасын арттырудағы қалыптастырушы бағалаудың рөлі» тақырыбында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен химия, биология пәндері бойынша өтілген семинарда 7-сынып оқушыларымен облыстың мұғалімдері тәжірибе алмасу мақсатында сабақтар өткізді.
Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті ұйымдастырған «Жаңаша білім беру заман талабы» атты тіл мамандарына арналған семинарға жас мамандар: Ж. Ақылбек, А. Әлмуханбетова, А. Абдильдина, М. Тұрғанбекова, Р. Кабимолдаев пен Ж. Мукашева қатысып, әдістемелік көмек алып қайтты.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПК БАИ» «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары» тақырыбында өткен конференцияға дене шынықтыру мұғалімі А. Бозымбеков қатысып, «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары» тақырыбындағы мақаласы жарияланды. «Жаңартылған бағдарлама бойынша бастауыш сынып пәндерін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде бастауыш сынып мұғалімі Көкенова Асем Акатаевна қатысып Алғыс хатпен марапатталды. Бөлім бойынша, тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмыстары жүргізілді. Модерация комиссия мүшелерінің отырысы өтіп, хаттама жазылды. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша пән мұғалімдері бекітілген кестеге сәйкес курстарға барып өз білімдерін жетілдіруде.