«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы. Әлеуметтік қорғалмаған отбасы топтарына жататын білім алушылардың санатын анықтау және құжаттарын жинақтау Анықтама » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы. Әлеуметтік қорғалмаған отбасы топтарына жататын білім алушылардың санатын анықтау және құжаттарын жинақтау Анықтама
25
август
2023

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы. Әлеуметтік қорғалмаған отбасы топтарына жататын білім алушылардың санатын анықтау және құжаттарын жинақтау Анықтама

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы. Әлеуметтік қорғалмаған отбасы топтарына жататын білім алушылардың санатын анықтау және құжаттарын жинақтау

Анықтама    


      №49 орта мектеп коммуналды мемлекеттік мекемесі бойынша 2023-2024 оқу жылындағы жалпы оқушы саны-886, соның ішінде әлеуметтік топтағы оқушылар саны-472. Көп балалы оқушылар саны-334, аз қамтылған отбасы балалары-60, жетім-1, ата-ана қамқорлығынсыз қалған-3, толық емес балалар саны-115, кәмелетке толмағандар ісі - жөніндегі бөлімде есепте тұрғандар-2, мектепішілік бақылау есебінде тұрғандар - 2, сәтсіз отбасы-3, оның ішінде бала саны -8.

     «Жалпыға бірдей білім беру» қоры есебінен 2023-2024 жылдың қыркүйек айында   1 250 000/ бір миллион екі жүз елу мың  мың/теңге бөлінді. Қыркүйек, айында «Жалпыға бірдей білім беру» қоры есебінен 125 бала тегін ыстық тамақпен тамақтанды. 

№ 49 орта мектеп бойынша мектебімізде ыстық тамақпен қамту мақсатында жұмыстар жүргізіліп келеді. Жалпыға бірдей білім беру қорынан № 49    орта мектебі бойынша 125  бала ыстық тамақпен қамтылады. 

Мектеп асханасы бойынша тамақтарды тасымалдау, даярлау кезінде белгіленген санитарлық-гигиеналық  нормаларын сақтау туралы жұмысты үнемі жүргізілуін қадағалау мектеп медбикесі А.Сүттіқожановаға жүктелді.

1 тоқсанда мектеп асханасындағы сапалы тамақтандыруды қамту бойынша қамқоршылық кеңес төрайымы С.Акпаевамен бірге, директордың оқу  тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары  Р.Жанатбекова, мектеп медбикесі А.Сүттіқожанова, әлеуметтік педагог Б.Өмірзақова тексеру өткізді.

 Жалпы асхананың санитарлық жағдайы талапқа сай, тағам ас мәзір бойынша , аспазшылардың санитарлық сауаттылығы мен жеке бастың гигиенасы сақталғанын анықтады. Оқушылардың тамақтану мерзімі қойылып ережесі сақталған. Шағымдар  мен ұсыным кітабы бар. Оқушылардың тамақтану барысында мектеп әкімшілігі тарапынан комиссия құрылып, қатаң бақылауға алынған. Оқушылардың тамақтануына 1-9 сыныптарда бұйрық бойынша сынып жетекшілеріне жүктелген, кесте құрылып , кесте бойынша кезекшіліктер атқаруда. Комиссия асхана тазалығын тексеріп акт жазып, акті ыстық тамақ папкасына тіркеді.  


Қыркүйек айында Қамқоршылық кеңесі құрылды. Оның құрамына мектептің ата-аналары, Кербұлақ ақсақалдар төрайымы және жеке кәсіпкерлер кірді.

Кеңестің төрағасы болып, Акпаева Салтанат - мектепішілік ата-аналар комитетінің төрағасы сайланды.

Қамқоршылық кеңесінің мақсаты: Оқушылардың тәрбие және білім алу сапасын арттыру мақсатында оқу – тәрбие үрдісін ынталандыру, бюджеттен тыс тартылған қаржыны мақсат бойынша жұмсау, мектептің материалдық – техникалық базасын, аумағы мен ғимаратын абаттандыруды жетілдіруге жәрдемдесу, заңды көмек көрсету.

Қамқоршылық кеңестің отырысы тоқсанына 1 рет немесе қажеттілікке сәйкес өткізіліп тұрады. Егер шұғыл мәселелер туындаса, Кеңес жоспардан тыс отырыс жасайды. Өткізілген іс-шаралар хаттамада тіркеліп отырады. Мектеп әкімшілігі әрдайым қамқоршылық кеңестің отырыстарына қатысады.

      «Менің таңдауым балаларға көмек көрсету!» ұранымен «Мектепке жол» акциясы барысында қамқоршылық кеңесінің көмегімен 186 оқушыға көмек көрсетілді. Акция барысында 975 000 теңге жиналды. Ол қаражат жағдайы төмен отбасы оқушыларына мектеп формасына және оқушыға мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Жалпыға бірдей білім беру айлығы барысында   мектеп бойынша 1-11 сынып оқушыларының арасынан жетім,  толық емес, аз қамтылған және көп балалы жанұядан шыққан оқушылардың тізімі алынып ауылдық округ әкімімен келісіліп, бекітілді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 3 оқушы, жетім 1 оқушы, аз қамтылған жанұядан 39 оқушы,  көп балалы 307 оқушы,   толық емес  38  оқушы. 

   Биылғы жылы «Жалпыға бірдей білім беру» қоры есебінен бір оқушыға 40576 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.Біздің мектептен осы көмекпен 125 бала қамтылды. Қаржылай көмектің жалпы соммасы 5 млн 72 мың теңгені құрайды. «Жалпыға бірдей білім беру» қоры есебінен әлеуметтік жағдайы төмен 97 оқушыға мектеп формасы, спорттық форма, аяқ киімдер және оқу құралдары  берілді.   

2023-2024 оқу жылында  «Мектепке жол –шекарасыз жақсылық»акциясын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары құрылып, мектеп мұғалімдерге, мектеп ата-ана комитеті, қамқоршылық кеңес төрайымы, аудандық меценаттар мен демеушілерге, аудан тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің бастамасымен «Мектепке жол –шекарасыз жақсылық» акциясы бойынша әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы отбасына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында республикалық акция өтуде. 

Жыл сайын өткізілетін  республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында 186 оқушы оқу құралдары және киімдерімен қамтылды.

 Акцияның мақсаты: көп балалы, аз қамтылған, жетім, толық емес отбасы оқушыларын жаңа оқу жылына дайындау, уақытында көмек, қолдау көрсету. Әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекте мектепке келмей қалудың алдын алу.    

     Мектеп алаңында «Мектепке жол» ақпараттық стендтері ілінді. «Мектепке жол» платформасы, инстаграмм әлеуметтік желісінде қызметі туралы  кең-ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Акцияның өту қорытындысы педагогикалық кеңесте қаралды. Ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерге, ауыл кәсіпкерлеріне, меценаттарға қатынас хаттар таратылды. 1-ші сыныпқа баратын балаларды қабылдау мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес беріліп, ақпараттық алаң ұйымдастырылды. «Бірінші сыныпқа бірінші рет» әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың 1-ші сыныпқа баратын балаларына назар аударылды.

Аудан тұрғандары арасында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін - бұл үлкен мәселе. Осы орайда, көмекке келетін қайырымдылық акциямыздың атқарып жатқан үлесі зор. Жыл сайын ондаған отбасы көмек алуда. Демеушілердің көмек көрсетуі арқасында балалардың барлығы мектепке дайын болады. Балалардың мектеп формасы, оқуға  қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылып, алаңсыз білім алуына жағдай жасауына үлес қосқан демеушілер қатарымыз жылдын жылға артуда. 

Акцияның жыл сайын өткізіліп, дәстүрге айналуы  қоғам тарапынан жасалып жатқан еліміздің болашағы баянды болуы үшін өскелең  ұрпақты  адами-рухани тәрбиелеу, қазақстандық балаларға көмек  және қолдау көрсету жолының жалғасы болып табылады. 

«Ата-мекенім» қоғамдық  қорының қолдауымен www.atamekenim.kz порталында көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын «Мектепке жол» платформасы құрылды, сонымен бірге, балалардың құқықтарын бұзу фактілері бойынша жедел әрекет ету шаралар қабылдау үшін «Телеграмм» месенджерінде «BALA  QORGAY» «http:// t.me/ bala_qorgay» чат құрылды. Жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде дәстүрлі форматта оқыту жүйесі бойынша балалардың  білім алу кедергісіннің алдын алу мақсатында мектеп ұжымы мен ата-аналар демеушілік көрсетіп, мектеп формасы және  оқу құралдарымен қамтамасыз етті. 


Жалпы айтқанда, №49 орта мектебінде әлеуметтік топтағы отбасы балаларына  үнемі әлеуметтік көмектер беріліп отырады. Қамқоршылық кеңестің жұмысы алдағы уақытта да жоспар бойынша жалғасын табады.


Ұсыныс:       1. Оқылған анықтама назарға алынса

                2. Жоғарыда аталған жұмыстар одан ары жандандырылса.

                3. 1 тоқсан қорытынды бойынша жұмыстар жүргізу

барысында сынып жетекшілерден талап етілген құжаттар уақытылы өткізіліп отырса. 


    


Дайындаған   әлеуметтік педагог  Б.Өмірзақова














Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив