АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
28
ноябрь
2019

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ




№49 орта мектебі
Мектепішілік ата-аналар жиналысының
хаттамасы №1
Өткізілген күні: 19.11.2019ж
Қатысқаны: 535
Күн тәртібінде:
1. Баяндамалар : «Отбасы бала- үшін, бала –отбасы үшін»
Мектептің әлеуметтік педагогі Н.Буркитбаева
2. 2019-2020 оқу жылы 1 тоқсан қорытындысы
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Төлебаева
3.Аутодиструктивті мінез құлықтың алдын алу
Мектеп психологі Ж.Халбаева
4. Ағымдағы мәселелер
Тыңдалды:
1.2019-2020 жаңа оқу жылының басталуы, 1 тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы 60,2 пайыз көрсетті.
2. «Отбасы бала- үшін, бала –отбасы үшін» туралы баяндамалар жайлы жалпы қысқаша баяндама айтып өткілді.Отбасындағы болып жатқан жағымсыз жағдай баланы психикасына кері әсер етеді. Басқа өмірді аңсайды немес теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қаз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз: Кейде сабақты жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендірдің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бола өмірінде үлкен із қалдырады.

3 .Мектеп психологі Ж.Халбаева Жасөспірімдер арасында аутодиструктивті мінез құлықтың және оның алдын алу жолдары жасөспірімдердің психологиялық мінез-құлақтың себептері және оған әсер етуші фокторларды жеке тоқталып өтіп және ата аналарға кеңестер айтылды.
4.Ағымдағы мәселелер жайлы жалпы ата аналарға сөз берілді. 2019- 2020 оқу жылында оқушылардың мектеп формасының классикалық стильде және барлық 1-11 сыныптарда білім алушылар үшін біріңғай болып есептеледі. Қыздар үшін формаға белгіленген үлгідегі көк түсті юбка тік белдемшелі, көк жилет, ақ түсті жейде, қысқа немесе ұзын жеңді тенниска.
Ер балалар формасына көк түсті шалбар, көк түсті түсті жилет, ақ түсті жейде, қысқа немесе ұзын жеңді тениска


Ата-аналар өзерінің қызықтыратын сұрақтары мен ұсыныстарын айтты.

Ұсыныс:
1.1 тоқсан қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар «қанағаттанарлық»деп танылсын.
1. Оқушылардың сабаққа келуін, кешікпеуін ата-аналар тарапынан да қадағалау
2. Ата-ананың мектеппен тығыз байланысты болуын ұйымдастыру.
3. Сабақтан тыс уақыттағы өмір қауіпсіздігі, үйінде болуы, сабақтан қалмауы кешкі уақыттарда сабақтан тыс кездерде бей-берекет көшеге шығармау ата-анасына тапсырылсын.