2017-2018 оқу жылында оқу-тәрбие жұмысы бойынша атқарылған жұмыстарға ТАЛДАУ » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2017-2018 оқу жылында оқу-тәрбие жұмысы бойынша атқарылған жұмыстарға ТАЛДАУ
12
ноябрь
2018

2017-2018 оқу жылында оқу-тәрбие жұмысы бойынша атқарылған жұмыстарға ТАЛДАУ

2017-2018 оқу жылында оқу-тәрбие жұмысы бойынша атқарылған жұмыстарға

ТАЛДАУ
Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр.
Н.Ә.Назарбаев
Мектеп-жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беретін, білім ордасы, бірнеше ғасырлар бойы жиналып сақталған ел мұрасын келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақ, ұлттық тәлім-тәрбие орталығы. Ұлттық мектеп тағдыры қай қилы заманда да, қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген ең өзекті мәселелердің біріне саналды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында еліміздің стандарты негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған. Оның 3-уі жалпы орта білім беру жүйесіне қатысты.
76-қадам. 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту.
79-қадам. Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу.
89-қадам. «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу.
2017-2018 оқу жылына арналған мектепішілік жоспары белгіленіп, мектеп жасындағы балалар оқумен толық қамтамасыз етілді, оқушылардың бос уақыттарын есепке алып, пәндік және басқа да үйірме, секцияларға тартуда, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, оқушыларды мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерімен қамтуда нысаналы жұмыстар атқарды.
Төмендегідей нормативтік-ақпараттық құжаттар негізінде жұмыс жүргізілді: 2017-2018 оқу жылында педагогикалық ұжымның жоғарыда аталған мектеп тақырыбы бойынша жұмыс істеу барысында төмендегідей міндеттер шешілді:
1.Пәндер бойынша білім негізін салатын, білім стандарттарын игеру деңгейін қамтамасыз ететін оқу жоспары құрылып, бекітілді.
2.Педагогикалық шығармашылықты дамыту және түрлі бастамаларды іске асыру мақсатында мектебімізде әдістемелік жүйе қалыптасты.
3.Жаңа білім беру технологияларын игеру арқылы педагогикалық шеберлікті көтеру әдістері жетілдірілді.
4.Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру бойынша пәндік әдістемелік бірлестік жұмысы белсенді жүргізілді, сабақтың дәстүрлі емес түрлерін дайындау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі бақылау технологиялары жетілдірілді.
5.Білім беру үрдісінің мониторинг және диагностика жүйесі, кәсіби құзырлық және педагогтерді әдістемелік дайындау деңгейі жалғасын тапты.
6.Сабақтарда тест қолданып, қосымша сабақтар ұйымдастырылды. Сол арқылы 10-сынып оқушыларын ҰБТ жаңа форматқа дайындау 4-сынып және
9-сынып оқушыларын ОЖСБ –ға дайындау жұмыстары жүргізілді.
7.Жекелей оқытуды қолдану жолдарымен оқытудың сапасы жетілдірілді.
8.Пәндік және кәсіби білім бойынша жеке тақырыптар мен бағдарлама бөлімдері оқытылып , тақырыптық жоспарлар талқыланды.
9.Пән және әдістеме апталықтары, жалпы білім беру пәндері бойынша байқаулар мен олимпиадалар өткізілді.
10.Ашық сабақтарды ұйымдастыру және оларға қатысу жолға қойылып, осы жұмыс өз деңгейінде атқарылды.
Қойылған міндеттерді іске асыру үшін әдістемелік жұмыстардың келесідей әдіс, тәсілдер: тақырыпты педагогикалық және әдістемелік кеңестер, мектеп әдістемелік бірлестіктері, мұғалімдердің өзіндік білім алу тақырыптары бойынша жұмыстары, ашық сабақтар мен олардың сараптамасы, шығармашыл пәндер апталығы, мұғалімдердің курстык дайындықтан өтуін ұйымдастыру мен бақылау, дарынды балалармен жұмыс ұйымдастыру, оқыту сапасының мониторингі мен өткізілген іс-шаралардың нәтижелілігі, байқауларға қатысу, әр түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен семинарлар қолданылды .
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығымен «Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары» бекітілді. Осы бұйрық бойынша Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындағы білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жұмыстарын бастады. «Жаңартылған білім мазмұны арнайы кестеге сәйкес кезең-кезеңмен енгізілуде:
2016 жылғы 1 қыркүйектен 1 сыныптар үшін, 2017 жылғы 1 қыркүйектен 2, 5 және 7 сыныптар үшін, 2018 жылғы 1 қыркүйектен 3, 6, 8 сыныптар үшін, 2019 жылғы 1 қыркүйектен 4, 9,10, 11 және 12 сыныптар үшін қолданысқа енгізілді.
5-7 сыныптарда білім беру үдерісін ұйымдастыруда ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы №668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары,
«Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №150 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары басшылыққа алынды.
№49 орта мектебінің бастауыш сынып және пән мұғалімдері курстан өтті. Бірақ, кейбір ұстаздарымыздың әлі өтпегендері бар. Алдағы уақытта жоспарға сәйкес ол ұстаздарымызда курстан өтеді.
2017-2018 оқу жылында1, 2,5,7- сыныптарда:
1.Күнделікті қалыптастырушы бағалау
2.Бөлім бойынша жиынтық бағалау
3. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау алынып, модерация жасалды қорытындысы шығарылды, рубрика жазылып, ата-аналармен таныстырылды.
2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары білім беру процесіне қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде табыстылығын қамтамасыз ететін білім алуға деген білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру, Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы білім беретін мектептерде интеллектуалдық, рухани және дене бітімі дамуын қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттік даму бағдарламасында көрсетілген индикатор бойынша мектебімізді үстіміздегі жылдың қорытынды білім сапасы 53 % және 2018-2019 оқу жылында 56 % көрсетуі керек деген мақсат қойып отырмыз. 2017-2018 оқу жылында мектебімізде үздіктер саны 168, екпінділер саны-339 оқушыны құраған еді. Ол дегеніміз биылғы оқу жылдың аяғында мектебімізде үздік- 175 және екпінді-342 оқушылар саны болуы керек деген сөз. Яғни біз межелеген мақсатқа жету үшін әлі де біраз бірлескен жұмыстар атқаруымыз тиіс. Мемлекеттік даму бағдарламасын орындау мақсатында мектебімізде үлгермеуші оқушылармен жеке жұмыстар жасалып, мектепішілік бақылау жоспары бойынша әрдайым білім сапасы назарға алынып, мониторинг жасалды. Мониторинг қорытындысына тоқталсам: №49 орта мектебін 2017-2018 оқу жылының І-тоқсанын 946 оқушы аяқтады. Оның ішінде 1-4 сыныптар- 386 оқушы, 5-9 сыныптар- 420 оқушы, 10-11 сыныптар - 140 оқушы. Жалпы 2-11 сыныптарда 121 озат оқушы, 285 екпінді оқушы білім сапасы 48 %. 2016-2017 оқу жылындағы білім сапасы 49%, салыстырғанда -1%
ІІ-тоқсанынды 959 оқушы аяқтады. Оның ішінде 1-4 сыныптар-393 оқушы, 5-9 сыныптар - 426 оқушы, 10-11 сыныптар-140 оқушы. 2-11 сыныптарда 128 үздік , 307 екпінді оқушылар, білім сапасы 50,4%, І-тоқсанмен салыстырғанда +2,4% өскен..
ІІІ- тоқсанынды 956 оқушы аяқтады. Оның ішінде 1-4 сыныптар-393 оқушы, 5-9 сыныптар - 423 оқушы, 10-11 сыныптар-140 оқушы. 1-11 сыныптарда 162 үздік , 333 екпінді оқушылар, білім сапасы 52 %, ІІ-тоқсанмен салыстырғанда +2% өскен.
Жалпы қорыта келгенде 2016-2017 оқу жылымен салыстырғанда, 2017-2018 оқу жылын 53% білім сапасымен аяқтап, +5 % өскен.

2017-2018 оқу жылында 104 мұғалім жұмыс істеді. Оның 93-і жоғары білімді, 7-і арнаулы орта білімді, 4-і аяқталмаған жоғары білімді.
23 мұғалім жоғары санатты, 33 бірінші санатты, екінші санаттағылар – 29 санаты жоқ 19.
Мектеп екі ауысымда оқыды. Бірінші ауысымда 462 бала, екінші ауысымда 2,3, 4-7 сыныптар 493 оқушы оқыды. Барлығы – 955 оқушы. Мектеп жоспары бойынша «Жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту» жұмысы бойынша 28 мөлтекаудан бар. Онда 43 мұғалімге мөлтекаудан көшелері бөлініп берілген. Оқу жасындағылар толық оқумен қамтылған.
2016 жылдың 15тамыздан15 қыркүйек және 2017 жылдың 10 қаңтар –
10 ақпан аралығында мектепте жалпыға бірдей міндетті білім беру айлықтары жүргізілді. Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру айлықтарын өткізу туралы арнайы бұйрықтар шығарылып, іс-шаралар белгіленіп, төмендегідей жұмыстар атқарылды: Мөлтекаудан сызбасы сызылып, ауыл әкімімен бекітілді. 6-18 жас аралығындағы оқушылар туралы (Ф.№1) сандық мәлімет даярланды. Мөлтекаудан бойынша барлығы қыркүйек айында
1281 бала болса, қаңтар айында 1317 бала тіркеуге алынып, оның
392 мектепке дейінгі 0-6 жас аралығында болса, мектеп оқушылары – 797, колледжде – 34, кәсіптік мектеп – 7, облыстық психолого-медико-педагогикалық комиссияның шешімі бойынша оқымайтын балалар – 1.Дюсенбай Асхат.
2. Ахметжан Нұрбек.
Сол сияқты, ОПМПК шешімі бойынша 10 оқушы (Смордин Владислав, Жансерік Дияс, Мохначева Кристина, Нүсіп Айбөпе, Исаев Хусен, Тұрсынғали Айжан, Тұрсынғали Нұржан, Құдайберген Айбек, Алмас Елшат, Есболат Нұрайлым) үйден оқытылды.Үйден оқитын оқушылармен атқарылатын жылдық жұмыс жоспары жасалынып, бекітілді. Жоспарға сәйкес сынып жетекшілер, пән мұғалімдері уақытылы жұмыс жүргізіп, ата-анамен байланыс орнатуда. Барлық мұғалімдерде мектеп директоры бекіткен күнтізбелік жоспар сабақ кестесіне сәйкес құрылған. Оқушылардың психологиялық даму деңгейіне, қабылдау, есте сақтау, ойлау қабілеттеріне сәйкес деңгейлік тапсырмалар беріледі. Оқушы бойындағы қабілеттердің даму деңгейін көрсететін диагностикалық сараптау жүргізіледі. Үйден оқитын балаға арналған арнайы журнал дер кезінде, талапқа сай толтырылған. Әр айдың соңында сынып жетекшімен бірігіп, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары оқушылардың уйіне барып, бақылып –саралап отырды. 2017 жылдың қазан, желтоқсан айларында , 2018 жылдың наурыз, мамыр айларында мектеп директоры А.Кожабергенова өзі оқушылардың үйін аралап, ата-ана мен оқушымен тығыз байланыста болды.
1. Оқу жұмысының сараптамасы
Оқу-тәрбие үрдісі мектептің негізгі бағыты болып табылады. Бұл ұйымда барлық оқу пәндердің жүргізілуі, оқушыларды бағалау, тоқсан сайын қорыту, жыл соңында емтихан қабылдау сияқты міндетті атқарылатын жұмыстар жүргізілді. Оқу жылының жоспарын сақтап, сол жоспар негізінде жұмыстың жүргізілуі, әрбір мектеп қабырғасындағы адамның міндеті.
2017-2018 жылғы мектепішілік оқу жоспары жасалғанда, оқушылардың жас ерекшеліктері мен пән арасындағы айырмашылық, бағдарламаның негізгі мазмұны қадағаланды. Оқушыға арналған апталық оқу жүктемесінің деңгейі шектен тыс қолданыста болған жоқ. Апта бойына бекітілген жүктеме сағаттар уақытында жүргізілді. Мемлекеттік оқу бағдарламасы барлық пәндерде сақталып, орындалды. Мектептің білім беру бағдарламалары негізгі жалпы білім беретін мемлекеттік мектептерді қамтамасыз етеді және оқушының дамуы оқу барысында жүреді.
Білім беру процесін ұйымдастыру:
- Мектеп 1-11 және даярлық сыныптарды оқытады.
- Оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
- Оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Оқу барысында демалыс күндері бар. Күзгі демалыс-8 күн, қысқы демалыс-10күн, көктемгі демалыс-12күн. Қосымша демалыс күндері 1 және даярлық сыныптарда ақпан айында болды.
- Оқу жылы төрт тоқсанға және 2 жартыжылдыққа бөлінген.
- 1-11 сыныпта сабақ аптаның соңына дейін жүргізіледі.
- Жоғары буын оқушылары жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлықбағыттар бойынша оқиды. Аттестация әр тоқсан қорытындысынан кейін өтеді. Бағалау 5 балдық жүйе бойынша.
2. Оқушылардың біліктілігі мен білім сапасының сараптамасы.
Жылдың соңында мектептің білім беру жағдайы мынадай дәрежеде болды.
1 сыныпта – 96 оқушы, 9 сыныпта – 74 оқушы, 11 сыныпта – 85 оқушы оқытылды.
Мектепте жылдық қорытынды бойынша білім сапасы 53 пайыз, үлгерімі 100 пайыз. Оқу үздіктері-168, екпінділер-339, үлгермеушілер жоқ.
Оқу үлгерімі мен білім сапасының нәтижесі төмендегідей:

Сыныптар Оқушы саны Үздіктер Екпінділер Білім сапасы Үлгерімі

1-4 392 85 140 57,3 100 %
5-9 423 57 146 47,9 100%
10-11 140 26 53 57,6 100%
1-11 955 168 339 53,1 100%


Сыныптар бойынша білім сапасы:

Сынып Барлығы Үздіктердің саны Екпінділер саны сапа, % үлгерім, %
1 96 20 34 56,2 100
2 96 25 31 58 100
3 98 19 36 56,1 100
4 102 21 39 58 100
5 84 9 31 48 100
6 88 10 35 51,1 100
7 94 16 31 50 100
8 83 16 24 48 100
9 74 6 25 42 100
10 55 8 22 54,5 100
11 85 18 31 57,6 100
Барлығы 955 168 339 53,1 100

Оқу үлгерімі бойынша ең жоғары көрсеткіш көрсеткен сыныптарды атап кетуге болады.
Оның ішінде білім сапасы – 69 пайыз, сынып жетекшісі М. Досимайлова
білім сапасы – 64 пайыз, сынып жетекшісі Ғ.Иманбекова
білім сапасы – 64 пайыз, сынып жетекшісі А.Мухамадиева
білім сапасы – 63 пайыз, сынып жетекшілері Т.Нуртазина.
Өкінішке орай орта буын мен жоғарғы буын оқушыларының арасында білім сапасының тұрақсыздығы байқалады. 5,8, 9 -шы сыныптар арасында білім сапасының төмендегендігі байқалады. Бұның себебін мұғалімдер оқушылардың өз тараптарынан жақсы оқуға деген құлшыныстарының жоқтығымен түсіндіреді. Оқу үлгеріміне байланысты сұрақтар мен мәселелер педогогикалық кеңесте, директор жанындағы отырыста, әр тоқсан қорытындысы кезінде қарастырылды. Мұндай жұмыстардың жүргізілу мақсаты - білім сапасының төмен көрсеткіші жөнінде ескерту жасау. 2018-2019 оқу жылында пән мұғалімдеріне оқуға ынтасы жоғары және қиын балармен жұмыстарын көбейту, білім сапасы мен оқу үлгерімінің жоғары дәрежеге жеткізуге өз үлестерін қосу керек. Алдағы уақытта пән мұғалімдер өз сабақтарын жоғары деңгейде өткізе білуге талпыну. Бұған қоса сабақ жоспарларының да методикалық талаптарға сай болуы және де оқу үлгеріміне ерекше мән берулерін сұраймыз. Әр оқушы ол ұстаздың туындысы болып табылады. Сондықтан да біз өз қолымыздан жасалған туындымызға салғырт қарамай, бар күшімізді салу керекпіз.Тағы бір білім сапасының төмендеуі ол бастауыш сынып оқушылары орта буынға көшкенде,яғни 4-ші сыныптан 5-ге көтерілген кезде байқалады. Тағы бір айта кететін жайт оқушылардың білімге деген зейінін уақытында аудара білу.
3. Әкімшілік білім қиындысы.
Жыл бойы мектеп әкімшілігінің басшылығымен білім сапасын жақсарту үшін білім қиындысы алынып отырды;алғашқы білім қиындысы қыркүйек айында алынса,қаңтар айында негізгі білім қиындысы алынады,ал қорытынды білім қиындысы мамыр айында өтілді. Әкімшілік диктанттар, бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары формаларында жүргізілді. 2017-2018 оқу жылындағы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде оқу жоспары орындалып,оқу бағдарламасы толықтай қамтылды.
4. 6,8 және 10 сыныптар арасындағы аралық аттестация нәтижесі.
Мектеп ішінде статистикалық негізгі білім көрсеткішіаралық аттестация мен көшірілу емтихан қорытындысына негізделеді. 6, 8 және 10сыныптар арасындағы аралық аттестациясы сыныптан - сыныпқа көшірілу емтиханы түрінде өткізілді. Емтихан саны мен міндетті емтихан тізімі педагогикалық кеңесте бекітілді. Педогогикалық кеңестің шешімімен келесі пәндерден аралық аттестация өтеді деп бекітілді:
6-сынып: Математика (жазбаша)

8-сынып: Биология (ауызша)

10-сынып: Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті (жазбаша)
Математика (жазбаша)
Аралық аттестация қорытындысы оқушылардың негізі пәндер бойынша білім деңгейлерін дәлелдегенін көрсетті. Бұл емтиханды өткізу мақсатымыз оқушылардың білімін тексеру, олардың білім сапасын қадағалау. Барлық 6,8, 10 сыныптар аттестацияда жүктелген пәндердің бағдарламаларын меңгергендерін дәлелдеді. Алдағы оқу жылында яғни 2017-2018 жылдарда ұстаздарға өздерінің кемшіліктерін азайтып, пән бойынша білімдерін толықтыру. Оқушыларға жаңа технологияларды меңгерту барысында, олардың ой-өрісін нығайтуға жәрдемдесу. Оқушылардың білімдерін жоғарылатуға қолайлы, ыңғайлы жағдай туғыза білу, біздің яғни, ұстаздар қауымының бір міндеті болып есептеледі. Қазіргі уақытта ұстаз жан-жақты болуымен ғана оқушының жүрегіне жол таба алады. Сол үшін бізге тек өз маманының шебері ғана болу аздық етеді. Өздеріңізге мәлім жағдай 2017-2018 оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 5 және 7 сыныптар емтихан тапсырмады. Яғни бұл сыныптар ТЖБ жұмысы алынды.
5. 9,11 сыныптар арасындағы қорытынды аттестация нәтижесі.
Мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының басты бағыты – шығармашыл, сыни тұрғыда ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне сенімді, әр түрлі әлеуметтік және өндірістік мәселелерді өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындау және оқу – тәрбие үрдісінің тәжірибесін жетілдіру. Бұл жұмыстар кең көлемде жүргізілуде. Атап айтсақ, олар: оқудың мазмұнын жаңарту дидактикалық жетістіктерді білім беру тиімділігін арттыру мақсатында пайдалану, ғылыми негізделген жаңа идеялар мен технологияларды қолдану жолдарын табуды қамтиды. Осыған байланысты мұғалімдер ұжымының табысты еңбектенуінің арқасында жақсы дәрежеге қол жеткізеді. Өткен 2017-2018 оқу жылында мемлекеттік қорытынды / аттестациядан түлектерді өткізу үшін жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді. Жоспар келесі бағыттар арқылы жүргізілді:ұйымдастырушылық сұрақтар, мектеп ұжымымен жұмыс, ата-аналармен жұмыс, оқушылармен жұмыс. Мемлекеттік аттестациядан 9 сыныпта 74 түлек өтті. 11 сынып бойынша барлығы 85оқушы. Оның 61-і жаңа форматтағы ҰБТ-ны тапсырды.
Оқушылар жалпы білімдерін көрсетіп, дәлелдей алды. Емтиханға дайындықтары қанағаттанарлық дәрежеде екені көрінді. Негізгі пәндер бойынша 9- сыныптың оқу бағдарламасын меңгергендері байқалды. Мектеп ұжымы оқушылардың терең білім алып жан-жақты дамыған тұлға болып шығуына өз тараптарынан білім беруде.
6. 2017-2018 оқу жылындағы жаңа форматты ҰБТ-ға сараптама.
2017-2018 оқу жылында мектеп түлектері 85 оқушыны құрады, қазақ тілінде – 60, орыс тілінде - 25 білім алды. ҰБТ-ға қатысқан 61 түлек, бұл 77% құрады. Мектеп түлектерінің 5 пәннен алған орташа ұпайлары-77,3 пайызды құрады. Бұл 2016 оқу жылымен салыстырғанда 7,3 пайызға өскен. Мектеп және аудан бойынша ең жоғарғы ұпай -133. Ол 11 сынып оқушысы Әкімжанова Арна. Мектеп бойынша ең төменгі көрсеткіш - 36 ұпайды құрады. Ол 11 сынып оқушысы Жұмашев Бекзат. 2017 -2018 оқу жылында 10 алтын, 4 үздік оқушымызды ауданға ұсынған болатынбыз. Сол оқушылардың 7-і алтын , 3-і үздік медальдарын ақтап шықты. Қазіргі танда осы 14 оқушымыздың барлығы ЖОО түсіп, 12 грант иегері атанып, ал 2-і ақылы топқа түсті. Барлық 85 бітірген түлектің 74 оқуға түсіп, оның 62 оушысы ЖОО, 39 грант иегері атанды, ал АОО түскен 18 оқушы, оның 8 грант иегері атанды. 47 оқушымыз грантқа түсіп, мектебіміздің,ұстаздарымыздың абыройын бір асқақтатты. 3 оқушымыз шығармашылық тест тапсырып үшеуіде ЖОО түсті. Аудан бойынша 7 орынды иелендік.
Тестілеу нәтижесі:
- 8 түлек – 0-ден 50-ге дейін балл алды, бұл 10,6%.
-40 түлек – 51-ден 100-ге дейін, бұл 48 %.
-9 түлек 101- ден 120-ға дейін, бұл 7 %.
-4 түлек 121-ден 140 балл алды, бұл 9%.

ҰБТ-ның3 жылғы салыстырмалы сараптамасы.

Оқу жылы Түлектер саны ҰБТ-ға қатысқаны Орташа балл
2015-2016 54 38 74
2016-2017 55 39 76
2017-2018 85 61 80

«Үздік» аттестат иегерлері

Оқу жылы Бітірген оқушы саны “Үздік” аттестат
2015-2016 оқу жылы 54 5
2016-2017 оқу жылы 55 2
2017-2018 оқу жылы 85 3

«Алтын белгі» иегерлері

Оқу жылы Бітірген оқушы саны “Алтын белгі”
2015-2016 оқу жылы 54 1
2016-2017 оқу жылы 55 2
2017-2018 оқу жылы 85 7

ҰБТ-де өз пәндерінің мамандары екендерін дәлелдеп шығу үшін, мектеп бітіруші түлектермен жан-жақты дайындалып, мектептің дәрежесін жоғарылатуға үлестерін қосу.
7.Мектепшілік бақылаудың сараптамасы.
Мектеп жұмысын басқару, мектепішілік бақылау ұйымдастыру аса күрделі де сан – салалы мәселе. Мектеп әкімшілігі өзінің басқарушылық білім мен шеберлігін, бірлігі, әдіс – тәсілдерін игеру, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту жолында біраз жұмыстар атқарады. Мектеп әкімшілігі арасында еңбек бөлінісі мен міндеттерін нақты айқындау ісі жүргізіліп, әрбір сабақтастықты сақтау жолдарын анықтады. Мектепішілік бақылау жыл бойы барлық пәндер бойынша жүргізілді.
-жалпы оқумен қамту.
- оқушылардың білім сапасымен қабілетін айқындау.
- сабақ беру сапасы
- бағдарламаға сай жазба жұмыстарының орындалуы
- мектеп құжаттарын толтыру.
- педкеңесте, жиналыстарда қаралған шешімдерді орындау.
Орыс тілі және әдебиеті,тарих және география мен бастауыш орыс сыныптары, бейнелеу, сызу, қолданбалы курстар бойынша оқытылу мектепішілік жан-жақты тексеріліп, қорытындылары директор жанындағы кеңесте қаралды. Пән мұғалімдерінің атқарып жатқан жұмыстарының қорытындысы қанағаттанарлық деңгейде, жұмыс дұрыс бағытта ұйымдастырылады деп танылды. Пән мұғалімдері сабаққа қажетті әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана алады. Әдістемелік бумаларын жаңа тест жинақтарымен толықтырып отырады. Әдістемелік баспасөздерге үнемі шолу жасайды. Ашық сабақ фестивальдері мен пән апталықтарында ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарын түрлендіріп өткізуге, оқушылардың ойларын еркін жеткізіп, оқығандарын баяндай білуге көңіл бөледі. Әйтсе де, мұндай жұмыстарды көптеп жандандырып жүргізу қажет етеді. Сондай-ақ, оқушылардың білім сапасын арттыруға арналған жұмыстарды жандандыру, олардың сабаққа дайындық деңгейлерін көтеру қажет, тоқсан қорытындысы бойынша толық сараптама жасауға назар аудару керек. Үлестірме – дидактикалық материалдарды бір жүйеге келтіріп, толықтырып, пән кабинетін жаңа үлгіде безендіру қажет. Жалпы пәндер бойынша пән мұғалімдері жас мамандар болса, әдіс-тәсілдерді меңгеруге назар аудару керек. Әдістемелік бумаларды толықтыру, әр сыныпқа арналған тест тапсырмалары мен үлестірме – дидактикалық материалдарды, суретті кеспе қағаздарын толықтыру қажет. Іс-тәжірибе жинақтау мақсатында тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысып, өзара тәжірибе алмасуға міндетті.
Әр жарты жылдықта қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика пәндерінен жазба жұмысының орындалуы, оқушылардың жұмыс дәптерлерінің жағдайы тексерілді. Аталған пәндер бойынша жоспарланған оқу бағдарламасы толық орындалған. Жыл басында жоспарланған оқу бағдарламасы жүзеге асырылған. Өтілуге тиісті барлық тақырыптар толығымен жүзеге асырылған. Сынып журналдарындағы жоспарланған жазба жұмыстарының бағалары уақтылы қойылып, барлық оқушылар бағаланған. Бақылау, шығарма, мазмұндама жұмыстары үшін арнайы дәптерлер басталған. Дәптерлердің сырты ақ парақтармен қапталып, бір жүйеге келтірілген. Дегенмен, дәптерлердің сыртын толтыруда оқушылар қателер жібереді, пән мұғалімдері оларға түзетулер жасаған. Сол қателермен дәптерлерді жыл соңына дейін ұстаған оқушылар да кездескен.
Негізінен жақсы оқитын оқушылардың жұмыстары толық орындалып, бағаланған. Жалпы айтқанда, пән мұғалімдері оқушылардың жазба жұмысын орындауға толық талап қою керек.
Қорыта айтқанда, барлық пәндер бойынша оқу бағдарламасының жазба жұмыстары орындалған, журналмен сәйкестендіргенде, бағалары қойылған, қатемен жұмыс жүргізіледі. Кей жағдайда оқушылар өз бағаларын нақты дәлелдей алмаған жағдайлар орын алған. Сондықтан оқушылардың білімін нақты бағалауға назар аударылу қажет.

Мектепішілік іс-қағаздарының дұрыс жүргізілуін бақылау.
Өткен оқу жылында сынып журналдар, оқушылардың жеке іс-қағаздары, күнделіктері тексерілді. Тексеріс барысында тазалық пен ұқыптылыққа көп мән берілді. Оқу барысына сай бағдарламаның орындалуы, бағалардың дұрыс қойылуы қатаң қадағаланды. 1-2, 5,7 сыныптарының электронды журналдары да әр тоқсан сайын тексеріліп отырды.
2016-2017 оқу жылындағы жоспар бойынша бекітілген барлық жұмыстар орындалып оларға сараптама жүргізіліп, қорытындысы шығарылып отырды.

8. Оқыу үрдісіне жаңашылдықтарды енгізу.
2016-2017 оқу жылының ІҮ оқу тоқсанынан біздің мектеп «Күделік КZ» электронндық оқыту жүйесіне енгізілді. Соңғы оқу тоқсанында барлық сыныптар электрондық жүйеге енгізілді. Әр күн сайын пән мұғалімдері сабақтарын электрондық жүйеге енгізіп отырды. Директордың оқу тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары әр апта сайын бақылап, тексеріп отырды.

9. Пәндер олимпиадасы
1.5-11 сынып оқушыларының арсындағы мектепішілік пәндер олимпиадасы
2017-2018 оқу жылының қараша айында 8-11 сыныптар арасында мектепішілік пәндер олимпиадасы өтті. Қатысушылардың жалпы саны 96 оқушы, бұл 57% құрады. Олимпиада келесі пәндерден өтті: орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, математика, информатика, биология, география, Казақстан тарихы, химия, физика, ағылшын тілі, дүниежүзі тарихы,құқық, география, биология.
07-08 желтоқсан аралығында Д.Қонаев атындағы орта мектеп базасында аудандық пәндер олимпиадасы өтті. Біздің мектептен 30 оқушы қатысып, 22 жүлделі орындарды жеңіп алды.

Мектеп оқушыларының пәндік олимпиадаларға қатысу көрсеткіші:

Оқу жылы Олимпиада деңгейі Қатысқан оқушы саны Нәтижесі
І орын ІІ орын ІІІ орын
2017 - 2018 Аудандық 30 4 13 5
Аудандық пән олемпиадасының жүлдегерлері

№ Оқушының аты-жөні орын пәні сыныбы Мұғалімнің
аты-жөні
1 Тұрар Мелиса І физика 9 А.Сейдахметова
2 Шаяхмет Аблай І тарих 9 Ө.Тоқтасын
3 Қуанышева Сымбат І биология 11 Н.Жунисбаева
4 Айтмолданов Абзал І математика 11 А.Шакенова

Жүлделі І орынды иеленген оқушылар облыстық пән олимпиядасына жолдама алып, облыстан Қуанышева Сымбат ІІ дәрежелі дипломмен оралды, пән мұғалімі Н.Жунісбаева. Тұрар Мелиса ІІІ дәрежелі дипломмен, пән мұғалімі А.Сейдахметова. Шаяхмет Аблай ІІІ дәрежелі дипломмен, пән мұғалімі Ө.Тоқтасын.
Қорытынды:
Олимпиада қорытындысы өткен жылмен салыстырғанда қанағаттанарлық, былтыр жалпы қатысқандардан жүлдегерлер саны 83% құраса, биыл бұл көрсеткіш өсіп 88% құрады.

Оқу жылы Олимпиада деңгейі Қатысқан оқушы саны Нәтижесі
І орын ІІ орын ІІІ орын
2015-2016 Аудандық 31 7 11 8
Облыстық 2 - - 1
2016-2017 Аудандық 33 5 10 14
Облыстық 4 - - 4
2017-2018 Аудандық 30 4 13 5
Облыстық 4 - 1 2

Қорытынды:
Олимпиада қорытындысы өткен жылмен салыстырғанда қанағаттанарлық, былтыр жалпы қатысқандардан жүлдегерлер саны 83% құраса, биыл бұл көрсеткіш өсіп 88% құрады.
10. Мектеп оқушыларының интеллектуалдық байқаулар, марафондар мен жарыстарға қатысулары.

Байқаудың атауы Қатысушылар саны Жүлдегерлер
1 «British Bulldog» ойын байқауы 10 10 сертификат
2 диплом

2 «Русскиймедвежонок-языкознаниедлявсех» байқауы 23 23 сертификат
2 диплом

3 «Ақбота 2016» интеллектуалдық марафоны 74 74 сертификат
3 диплом
4 «Пони 2016» интеллектуалдық марафоны 104 15 сертификат
Демеубаев И. 1 место
Якубова И.
Чабанова К
Мотвиенко Р.
Копрызов

5 «Кенгуру лингвист 2016» интеллектуалдық марафоны 16 16 сертификат
6 «Кенгуру математик 2016» интеллектуалдық марафоны 28 28 сертификат
7 «Золотоеруно» 56 56 сертификат
8 «Адам және табиғат» 41 41 сертификат

Барлығы әр түрлі интеллектуалдық байқаулар мен марафондарға – 346 оқушы қатысты, ол жалпы мектеп оқушыларының санының 45% құрайды – бұл орташа нәтиже.
Мектептен 11 ә сынып оқушысы КөптлеуоваЕлнара « Ұстазым ұлағатым» Республикалық қашықтықтан өткізілген мәнерлеп оқу байқауына қатысып, І орынды иеленді. Пән мұғалімі Ғ.Иманбекова
11 б сынып оқушысы Айтмолданов Абзал облыстық «Зере» интелектуалды марафонының 96 қатысушыдан5 турынан өтіп, 6 турында 6 оқушының ішінен 3 бала жүлдегерге шығыпАйтмолданов Абзал ІІ дәрежелі диплом алып, 1 000 000 теңге ұтысын жеңіп алды.
Халықаралық олипиядадан математика пәнінен Мухамади Әсем және Ахласов Еламан ІІ орынды иеленді. Пән мұғалімі А.Шакенова
«Шабыт» Білім беру әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Ұстазым ұлағатым» атты қашықтықтан өткізілген орыс тілі пәнінен «Эссе» номинациясының «Бас жүлде» иегері. 11 Б сынып оқушысы МухамадиАсем. Пән мұғалімдері Г.Кощанова мен А.Джекежанова дипломмен марапатталды.
Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылған Республикалық «Қаламың ұшталсын – Жас қаламгер» атты сайысына 8 «ә» сынып оқушысы Өмірбек Нұрасыл «Бас жүлдені» жеңіп алды. Пән мұғалімі : О.Наурызбаев.
Халықаралық «Мәңгілік Ел-Қазақстаным» атты жасөспірімдер фестивалінде көркем сөз жанырында 8 а сынып оқушысы Қуанышева Марал ІІ орын дипломын иеленді. Пән мұғалімі: Т.Байтоғаева.
45 минут.кз басылымының ақпараттық порталында ұйымдастырылған «Ең үздік жоба» шығармашылық конкурсының жеңімпаздары 3 а сынып оқушысы Бекзатқызы Н;3в Саристемова Ф; 3ә Кощегулова А. Пән мұғалімдері Алғыс хатпен марапатталды: Кабылбаева К, М.Мусагулова, Р.Қашағанова
Қашықтықтан өткізілген «Зима-2018» атты байқауға Ш.Ибраимованың оқушысы Ключникова Екатерина мен Дзизенко Юлия ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Спорттық аудандық және облыстық жүлделі орынды иеленген оқушыларымызда бар.



2017-2018 жылға арналған қорытынды мен нұсқаулар.
1. Жалпы 2016-2017 оқу жылына қойылған міндеттер орындалып, оқу бағдарламасы өтілді.
2. Өткен оқу жылы түлектерінің 92 пайызы жоғарғы оқу орындарына түсті.
3. Мектептің педагогикалық ұжымына оқушыларға бағыттылы негізгі білімі бере отырып үлгермеушілдіктің алдын алуы мәселесі бойынша жұмыс жүргізу.
4. Жаңа педагогикалық заманауи технологияларды, оқу үрдісіндегі жаңа тәсілдерді оқып үйренуді жалғастыру.
5. Оқушылардың оқып үйрену біліктіліктерін, өзін-өзі дамыту қабілеттерін, әлеуметтік тәжірибені үйренуін, өздігінен білім алуын, әмбебап оқу әрекеттерін біріктіре отырып, оқуға деген уәждемесін қалыптастыру.
6. 2017-2018 оқу жылына қорытынды жасап, бір «3»-і немесе бір «4»-і бар оқушылармен жеке жұмыстарын өткізуі жөнінде шара қолдану.
7. Мектептегі оқушылармен бейінді алды дайындығын жүйелі түрде жүргізу.
2018-2019 жаңа оқу жылында алға қойылатын негізгі міндеттер.
1. Нашар оқитын және дарынды балалармен жеке жұмыстар жүргізе отырып білім сапасын көтеру, заманауи педагогикалық технологияларды қолдау.
2. Ақпараттық-білімді ортаны дамыту, оқу үрдісіне ақпараттық коммуникативті технологиясын қарқынды түрде енгізу.
3. Оқушыларды қорытынды аттестациясына заманауи педтехнологияларды қолдана отырып дайындау.
4. Оқыту мен тәрбие үрдісінде, жанұя мен мектеп арасындағы қарым-қатынастарды қамтамасыз ету.
5. Бейінді алды дайындық пен кәсіби бағыттылықты дамыту.
6. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытылмай қалған ұстаздарымызды курсқа жіберу.