Ата-аналар балалар тәрбиесіндегі жауапкершілік туралы құқықтық жаппай оқыту бойынша өткізілген жиналыс » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналар балалар тәрбиесіндегі жауапкершілік туралы құқықтық жаппай оқыту бойынша өткізілген жиналыс
10
сентябрь
2019

Ата-аналар балалар тәрбиесіндегі жауапкершілік туралы құқықтық жаппай оқыту бойынша өткізілген жиналыс

Ата-аналарға балалар тәрбиесіндегі жауапкершілік туралы құқықтық жаппай оқыту бойынша  жүргізілген жұмыстары 




Ата-аналардың балалар тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершілігі құқықтық жаппай оқыту бойынша 12.09.2019  жылы №49 орта мектебінде  10-11 сынып ата аналары арасында құқықтық жаппай оқыту бойынша  жиналыс өтілді. Жиналыстың күн тәртібінде: оқушылар  арасындағы қылмыстық құқық – бұзушылықтың алдын алу жолдары, оқу-процессі бойынша, мәліметтер  айтылды. Мектеп психологі   ата аналарға көп мағлұмат берді.Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан он, моральдық-психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсінік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал етеді. Кез келген мәселенің жауабы ата-аналармен шешімін табуға тиіс.  Осыған байланысты көптеген ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады.Бүгін қоғамның алдында басты міндеттердің бірі кәмелетке толмағандар арасындағы оқушылар арасында  қылмыстың өсуіне жол бермеу. Құқық бұзушылықтың алдын алу бірден-бір жолы - сабақтан  тыс ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарында оқушылардың асыл қаситеттерді игеруіне аса зор ықпал ететіндей бағытта ұйымдастыру. Оқушылар  үшін өзін-өзі басқару-ол: бос уақытын тиімді және үнемді пайдалану, құқығын және мүддесін қорғау, жаңа бастамаларына қолдау мен дамытудағы көмек және  өмірінде кездесетін мәселелерді шешуге көмектеседі.  

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив