Жас келсе іске » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
май
2019

Жас келсе іске

«Біздің жастарымыз Отанға деген адалдық пен оны қорғауға әзір болуы жөнінен бабаларынан және аталарынан өнеге алса игі еді. »
Н.Ә. Назарбаев.
№49 орта мектепте «Жас келсе іске» атты жас мамандар апталығы болып өтті. Апталық барысында жас мамандарымыз тәлімгерлерінен әдістемелік көмек ала отырып ашық сабақ, сыныптан тыс сабақтарын өткізді. Жас маман Абильдинаның ағылшын тілі пәнінен «Спорт күндері» тақырыбындағы ашық сабағы, Қ. Нүсіпжан информатика пәнінен «Гипперсілтемелер», Ә. Әлмұханбеттің «Спорт в нашей жизни» ашық сабақтары өз деңгейінде өтіп, тәжірибелі ұстаздарымыз алдағы уақытта өте жақсы маман болып шығатынына сенім білдірді. Апталық соңында Қайырымдылық шара ұйымдастырды. Шара барысында жастар өз білімдерімен қоса, шығармашылықтарымен бөлісіп, өнерлерін ортаға сала білді. Заман талабына сай түрлі қойылымдар қойып, ойындар ұйымдастырды. Қайырымдылық шарасына қатысқан көпшілік жастардың еңбектеріне шығармашылық табыс тілеп, өз ризашылықтарын білдірді.
Апталықтан кейін жас мамандар аудан мектептерінің арасында ұйымдастырылған «Жас келсе іске...» атты 3-5 жылдық еңбек өтілі бар жастар арасындағы форумға қатысты. Форумда әр түрлі кезеңдер бойынша мұқият дайындалып, аудан көлеміндегі жастар арасында өздерінің білімі, өнері, спортқа деген белсенділіктернің жоғары тұрғанын дәлелдей алды. Мектебіміздегі жас мамандар мен жас ұстаздармыздың алдағы уақытта да артылар үміт те, міндет те көп болмақ. Біз жас мамандарымыз бен жас ұстаздармызға сенім артамыз.