Үздік сынып жетекші-2019 байқауы » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
апрель
2019

Үздік сынып жетекші-2019 байқауы

Үздік сынып жетекші-2019 байқауы

№49 орта мектебінде Үздік сынып жетекші -2019 байқауы өтілді. Байқауға 12 сынып жетекші қатысты.
1. 1 «ә» сыныбының жетекшісі Саитова Гульниса
2. 2«ә»сыныбының жетекшісі Құнанбаева Назира
3. 3 «ә»сыныбының жетекшісі Досмаилова Мөлдір
4. 4 «ә»сыныбының жетекшісі Қашағанова Роза
5.5 «ә» сыныбының жетекшісі Көдебаева Айгуль
6.6 «ә» сыныбының жетекшісі Манамбава Гульнур
7.7 «ә»сыныбының жетекшісі Жолбарисова Бақыт
8.8 «ә» сыныбының жетекшісі Лабилданова Бақыт
9.9 «а» сынып жетекшісі Т.Байтогаева
10. 9 «ә» сыныбының жетекшісі Әзімбай Зарина
11.10«ә» сыныбының жетекшісі Сулейменова Ардақ
12.11«ә» сыныбының жетекшісі Джаксингаева Гүлім
Тәрбие жұмысын жандандыру және шығармашыл жетекшілерді анықтау мақсатында мектепішілік бұйрық шығарылып, төмендегі құрамда әділқазылар алқасы бекітілді.
1.Кожабергенова Айман Мелисовна-мектеп директоры 
2.А.Маралбаев- ДТІЖО
3.Калканова Айман Асановна-физика пәні мұғалімі
4.Дүйсебекова Ғалия- "Үздік сынып жетекші-2018" байқауының жеңімпазы.
Байқауға қатысушылар:
1-кезең Мен және менің көңілді,тату сыныбым презентациясы, таныстыру /7минут/
2-кезең Тәжірибе алмасу,Елбасының «Болашаққа бағдар» рухани жаңғыру атты мақаласы аясындағы авторлық жобасы негізінде ашық тәрбие сағатын көрсету./5минут/
3-кезең Өз-өнері
Аталған кезең төмендегі критерийлер бойынша бағаланды.
- мазмұнның өзектілігі, жұмыс мазмұнының өткізу түріне сәйкестігі;
- педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі;
- қалыптан тыс іс-шара жүргізу түрі;
- ата-аналармен қарым-қатынас деңгейі;
- педагогикалық мәдениет, сезімталдық;
- ұлтжандылық, патриоттық, азаматтық, адами құндылық тақырыбының ашылуы.
Байқауға қатысушы сынып жетекшілер жоғарыда аталған шарттар бойынша сынға түсті. Әділ қазылар алқасы байқауға қатысушылардың іс-әрекетін төмендегі критерийлер бойынша бағалады: тақырыптың өзектілігі және толық ашылуы, тұжырымдар мен қорытындылардың негізділігі, олардың жаңалығы мен ғылыми – практикалық маңыздылығы, педагогика-психология, жас ерекшелік физиологиясын білу, тәрбие жұмысының әдістемесінің меңгеру деңгейі, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, ғылыми жетістіктеріне сүйену және интерактивті әдістерді пайдалану, педагогикалық ойлаудың ұшқырлығы мен тереңдігі, жеке дара шығармашылық қабілеті, тәрбие жұмысының озық педагогикалық тәжірибесін шебер меңгеру, әдістемелік шеберлік, кәсіби және жеке дара қасиеттер, ұйымдастырушылық және коммуникативтік сапалар, азаматтық ұстаным, этно-педагогика материалдарын оқушылармен тәрбие жұмысында тиімді қолдану, шығармашылық жұмысты эстетикалық рәсімдеу.
Әділ – қазылардың шешімі бойынша бас жүлдені Т.Байтогаева жеңіп алды.