«№ 49 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022-2023 оқу жылының тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстардың SWOT - талдауы » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «№ 49 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022-2023 оқу жылының тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстардың SWOT - талдауы
31
май
2023

«№ 49 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022-2023 оқу жылының тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстардың SWOT - талдауы

Тәрбие жұмысының негізгі мақсаттары:

     - Өскелең жас ұрпақты әлеуметтік жағынан белсенді, бойында жоғары ұлттық сезімі бар, рухани- адамгершілік жағынан бай тұлғаны қалыптастыру.

  • Жоғары адамгершілік қасиетін қалыптастыру және дамыту
  • Заң мен құқықтық тәртіпті қалыптастыру
  • Тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылық әлеуеті мен өзін-өзі дамыту қабілеттерін жетілдіру
  • Баланың жеке тұлға ретінде дамуына мәдени орта қалыптастыру
  • Еңбекті өмірдегі ең бірінші қажеттілік, ең жоғарғы құндылық, жетістікке жетудің басты тәсілі етуге, іс –әрекеттің барлық саласында бәсекеге қабілетті болуға тәрбиелеу.

1-11 сыныптарда тәрбие жұмысы төмендегі сегіз бағытпен жүргізілді: 

1. Қазақстандық патриотизм және азаматтықа тәрбиелеу,құқықтық тәрбие;

2. Рухани-адамгершілік тәрбие;

3. Ұлттық тәрбие;

4. Отбасы тәрбиесі;

5. Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие;

6. Көпмәдениетті және көркем –эстетикалық тәрбие;                      

7. Зияткерлік тәрбие,ақпараттық мәдениет тәрбиесі;

8. Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты

Жағымды жақтары: (Strengths)

  • 2022-2023 оқу жылы тәрбие жұмысы  1-11 сыныптарда жоспарға сәйкес орындалды. Әр сыныптың сынып жетекшісі жыл басында тәрбие жұмысының мақсат-міндеттерін айқындап, жоспарға сәйкес жұмыс  атқарды. 
  • Мектепте мемлекеттік білім стандарты мен оқу бағдарламасының орындалуына жағдай жасалған. 
  • Әр сыныпқа сынып жетекшілер тағайындалған.
  • Оқушылардың салауатты өмір салтын нығайтуға арналған спортзалмен жабдықталған. («Мектеп лигасы» жүйелі түрде жүргізілді)
  •  Оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы іс-әрекеті ұйымдастырылған («Құқықтық кеңес», «Ұлдар және қыздар кеңесі», «Полицияның жас достары», «Адал ұрпақ» еріктілер тобы, «Жас құтқарушылар ұйымы»)
  • Тәрбие жұмысының экологиялық бағыты бойынша жұмыс жүйелі қалыптасқан. («Жасыл ел» мекені, «Табиғатпен мәңгі біргеміз!» үгіт-насихат жұмыстары)
  • Мектепішілік сайт пен әлеуметтік ресми парақшалар бар. Оқушылардың, ата-аналардың әлеуметтік желіні қолдау белсенділігі жоғары.
  • Қоғамдық мекемелермен кеңейтілген байланыс орнатылды, әр түрлі бағыттағы кездесулер өткізілді. (Сыбайлас –жемқорлықтың алдын алу басқармасыменаудандық жол полиция бөлімінің қызметкерлерімен, теміржол полиция қызметкерлерімен, аудандық кітапхана, түрлі жоғары оқу орындарымен т.б)
  • Сынып жетекшілерге әдістемелік отырысында көмек көрсету мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Әлсіз тұстары: (Weaknesses)

  • Сынып оқушыларының сынып ішіндегі және мектепішілік шараларға белсенді түрде толықтай қатыспауы.
  • Мектепте оқушы саны көптігіне байланысты  оқушыларға психологиялық көмектің өз деңгейінде берілмеуі.
  •  Өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің өзіндік көзқарасы өз бетімен жұмыс жасау дағдысының өз деңгейінде қалыптаспағандығы.  
  • Сынып сағатының жүйелі түрде өтілуіне сынып бөлмелерінің аздығы мен сабақ кестесіне сыймауы кедергі келтіреді. 
  • Озық сынып жетекшілерінің жұмыс тәжірибесі қажетті деңгейде таратылмайды.

Мүмкіндіктері: (Opportunities)

  • Сынып жетекшілердің біліктіліктерін үнемі арттырып отыру. 
  • Қоғамдық мекемелермен кеңейтілген байланыс орнату, серіктестік құру. 
  • Сыныптан тыс шараларды өткізу барысында түрлі педагогикалық әдістер мен тәсілдерді енгізу.
  • Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру. 
  • Оқушылар арасында өзге ұлт өкілдеріне деген толеранттық  қатынас қалыптастыруға арналған жұмыстар ұйымдастыру. 
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
  • Отбасы және мектеп ынтымақтастығын нығайту. 

Қатерлері: (Threats)

  • Ата-аналарға тән   этикеттің сақталмауы, тәрбие деңгейінің төмендігі. 
  • Ата-аналардың жұмысбасты болуы. Кейбір ата-аналардың бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауы, отбасы тәрбиесінің жеткіліксіздігі.  
  • аз қамтылған отбасында тәрбиеленетін оқушылар санының көбеюі.
  • Барлық оқушылардың қосымша білім алу мекемелеріне қатыспауы, бос уақытын тиімді пайдаланбауы.   
  • Оқушылардың шектен тыс әлеуметтік желіні пайдалануы, сынып жетекшілері мен мектеп психологтарының мониторингі уақытылы  жүргізілмеуі және ата-ана тарапынан бақылаудың жоқтығы.
  • Сынып жетекшілер тарапынан оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға толыққанды жұмыс түрлерінің жүргізілмеуі.

Ұсыныстар:

  • Мектепте мемлекеттік білім стандарты мен оқу бағдарламасының орындалуына, тәрбие жұмысының жүргізілуіне  жағдай жасау. 
  • Мектептің өзін –өзі басқару ұйымы жұмысының нәтижелі түрде жүруін қалыптасуына ықпал ету. 
  • Мектеп қызметі барысында барлық талаптарды орындау.
  • Тәрбие жұмысының барлық бағыттары оқушыларға білім беру арқылы адами асыл қасиеттерді жеке тұлға бойына қалыптастыруға бағыттау.  

Тәрбие жұмысының сараптамасын қарай отырып, 2022 - 2023 оқу жылында алға қойылған  тәрбие жұмысының міндеттері орындалды деп есептеуге болады.

Тәрбие жұмысы:

      Мектептің тәрбие саласындағы жұмыстар «ҚР 2015-2020  жылдарға  арналған тәрбие мен білім беру мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыстарын жүргізу, оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану, тәрбие  үрдісінің жұмыс сапасын арттыру» мақсатында жүргізілді. Тәрбие саласында атқарылған жұмыстардың барлығы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Жүргізілген жұмысының нәтижесінде нормативтік-құқықтық құжаттар, ҚР 2015-2020 жылдарына арналған Концептуалдық тәрбие негіздері, тәрбие жұмысын жоспарлау, тәрбие процесін мектепішілік бақылау, құқықтық тәрбие, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыру, ата-аналармен жұмыс, салауатты өмір салтын қалыптастыру, сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің жұмысы, діни экстремизмнің алдын алу бойынша салаларын және тәрбие  жұмысының 8   бағытын (Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, ұлттық тәрбие, отбасы тәрбиесі, еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие, көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие, зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі, дене тәрбиесі, салауатты өмір салты) қамтыды.  1-11 сыныптардағы тәрбие жоспарлары тәрбие тұжырымдамасына негізделіп жасалынды. Тәрбие жұмысындағы атқарылатын көптеген ізгі істер сынып жетекшінің басшылығымен іске асады. Нәтижесінде, сынып жетекшілер білім алушылармен, ата-аналармен және қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізді. Оқу жылының басында мектепте «Құқықтық кеңес», «Ұлдар және қыздар кеңесі», «Полицияның жас достары», «Адал ұрпақ» еріктілер тобы, «Жас құтқарушылар ұйымы» қозғалысы құрылып, жылдық жоспарлары жасалынып бекітілді. Сабақ үрдісінде және каникул кезінде жол көлік оқиғаларынан жарақаттануының алдын алу мақсатында сынып жетекшілер ата-аналар және білім алушылармен жұмыстар жүргізді. Мектептің ішкі және сыртқы тәртібін сақтау мақсатында ұстаздар мен 5-11 сынып жетекшілер арасындағы кезекшілігінің жоспары құрылып, бұйрықпен бекітілген. Әр тоқсанға жалпымектептік және ер мұғалімдердің мектеп ауласындағы кезекшілік кестесі құрылған және тоқсан сайын арнайы бұйрық шығарылып отырды. Кезекші сынып білім алушылары, сынып жетекшілерімен бірге әр қабатта екі ұстаздан кезекшілік қойылған. Бірақ кезекші педагогтарға ескертіліп айтылған кезде ғана өз міндеттерін атқаруға шығады. Кезекшілікті тек сыныбымен бірге сынып жетекшілері ғана ойдағыдай атқарып шығады.                                 

      Қазіргі заманымызда үлкен қоғам дерті болып саналатын мәселенің бірі-жемқорлық. Жемқорлық-мемлекетіміздің беделіне, демократиясына, ұлттық қауіпсіздігіне, экономикалық дамуына, адам құқықтарының сақталуына үлкен қауіп төндіретін дерт. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық мемлекеттік органдар алдындағы басты міндеттің бірі болып отыр. Қылмыстың бұл түрінің қоғамымыздың барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Өкінішке орай ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті діттеген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін  бой көрсетіп жүр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет шараларының ғылыми танымдары мен өзекті мәселелері Қазақстандағы қоғамдық қатынастарды реформалардың барлық кешенді мәселелерімен тығыз байланыста. 9-10 сынып білім алушылары арасында «Адал Ұрпақ! Ерікті мектеп клубы» құрылды. Кітапханада үнемі жаңартылып тұратын «Парасатты азамат» бұрышы ұйымдастырылған. Қыркүйекте барлық сыныптарда «Адал ұрпақ» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. «Адалдық сағатында» сыбайлас-жемқорлықпен күрес жүргізуді ерте жастан бастап, адалдыққа баулу арқылы іске асыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шоқан ауылында білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілген «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аудандық байқауында өзін-өзі басқару тобының оқушылары 3-орын иеленді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясы аясында «Адалдық сағаты» атты сынып сағаттары өткізілді. «Сыбайлас жемқорлық індет, оны жою міндет» тақырыбында бейнероликтер түсіріліп, мектептің инстаграм желісіне жарияланды. Білім алушылар сабақ соңында «Адалдық , парасаттылық, сенімділік, әділдік» туралы ойларын постерге салып, түсіндіріп, өз ойларымен бөлісті. 16 қыркүйек күні 2022-2023 жаңа оқу жылының басталуына орай білім саласындағы сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын алу және болдырмау мақсатында мектепте ақша жинауға тыйым салу туралы мектепішілік бұйрық шығып, 1-11 сыныптар арасындағы сынып жетекшілерге жиналыс өткізіліп, бұйрықтың №1 қосымшасына сәйкес қолдары қойылды. Сонымен, қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адал ұрпақ тәрбиелеу мақсатында ұстаз-ұымдастырушы А. Жинбаев және  өзін-өзі басқару тобы «Адал ұрпақ» тақырыбында 7-8 сынып оқушылары арасында сайыс ұйымдастырып өтті. 2023 жылдың 10-24 мамыр күні аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп директоры К. Кыстаубаева және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова сынып жетекшілерге түсіндірме жұмысын жүргізді. 2023 жылдың 10-24 мамыр күні аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді. 2023 жылдың 10-24 мамыр күні аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында пікір сайыс өткізді.                   

Бүгінгі таңда «Адал ұрпақ» ерікті топ мүшелерінің жұмыстары тек қана сынып сағаттары немесе сурет көрмелерін ұйымдастырумен ғана шектеліп отыр. Бұл топтың жұмысын жандандыру-заман талабы. 2023 жылдың 10-24 мамыр күні аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп директоры К. Кыстаубаева және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова сынып жетекшілерге түсіндірме жұмысын жүргізді. 2023 жылдың 10-24 мамыр күні аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді. 2023 жылдың 10-24 мамыр күні аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында пікір сайыс өткізді. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты тұжырымдамасының орындалуы бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» атты тақырыбында 9-10 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді және өзін-өзі басқару тобының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кезекті отырысы өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты насихаттау мақсатында діни бірлестіктердің тарапынан,этномәдени орталықтардың соның ішінде «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ мониторнг және талдау бөлімінің бастығы Келемсейіт Назерке Ермекқызы ұстаздармен кездесу өткізіп, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Биылғы оқу жылында мектепте педагогтар, білім алушылар арасында «Сыбайлас жемқорлық» фактілері анықталған жоқ.

       Діни экстремизм мен терроризмге қарсы және оның алдын алу бойынша іс-шара жоспарлары жасалынып бекітілді. Бүгінгі күні елімізде мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты айқындаушы саланың бірі рухани, құлықтық, патриоттық білім беру мен тәрбие болып саналады. Бүгінгі таңда жастардың көз алдында дін рухани-құлықтық идеаларды таратушы және мәдени дәстүрді сақтаушы ретінде жоғары дәрежеге ие болып отыр. Осыған орай білім беру мекемелері, мемлекеттік органдар алдында қазақ қоғамы үшін дәстүрлі діндердің әлеуетін жастарды рухани-тәрбиелікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу. І-қабаттағы дәлізде терроризмге қарсы стенд ілінген. Мектеп бойынша 16 бейнебақылау камералары бар, оның   7 мектептің сыртында, 9 мектептің ішінде, кіре берісте-2, мектеп әжетхана жағында-1 орналасқан. Мектепте діни экстремизм және терроризм бойынша қыркүйек айында мектепішілік бұйрық шығып, жоспар құрылды. Жоспарға сәйкес 25 қараша күні мектебімізге Кербұлақ ауданының Орталық мешітінің бас имамы Қайсар Яқып ұстаз келіп, 9-10 сынып оқушыларымен кездесіп, қазіргі қоғамдағы діни ахуалдың маңыздылығын оқушыларға түсіндіріп және оқушылардың сұрақтарына жауап берді. 13 желтоқсан күні мектебіміздің 9-10 сынып оқушылары Мәдениет үйіне барып Кербұлақ ауданының жас мамандарымен және Жетісу облысының дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының мамандарымен кездесіп, жат ағымның кері әсері және олардың арбау жолдарынан қалай сақтану керек екені туралы арнайы жиынға қатысып қайтты. 09 ақпан күні аудандық орталық мешітінің бас имамы Қайсар Яқып ұстаз келіп жоғары сыныптың оқушыларымен «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» атты тақырыбында кездесу өткізді. Мектепте «Дінтану және зайырлылық» бойынша 9-сыныптарға факультатив сабақтар өтеді. 9-шы қазақ сыныптарына құқық пәнінің мұғалімі Э. Алимкожаев береді, ал орыс сыныбына тарих пәнінің мұғалімі Б. Есеркенова береді. Дінтану пәнінен сабақ беретін осы екі ұстазда арнайы Дінтану бойынша курсын оқып, сертификатталған. Ескере кететін жағдай бұл дінтану сабағында ешқандай қосымша тапсырмалар берілмейді, тек бекітілген оқулықпен ғана өткізілді. Жалпы діни экстремизм және оның алдын алу жұмыстары тек мектеп бойынша жоспарланған, сыныптарда бұл жұмыс өз деңгейінде жүрмейді. Себебі, сынып жетекшілердің ата-аналармен, сынып оқушылары, ұлдар, қыздар жиналыстарында бұл тақырыпқа қатысты іс-шаралар,  сынып сағаттары жоспарланбаған.  Қазіргі уақыттағы халық арасында тарап кеткен әр түрлі діни ағымдар, арнайы діни білімдері жоқ, негізгі ақпарат көздері ғаламторда тараған уағыз, насихаттар. Сондықтан бұл тақырып күн тәртібінен түспей, үнемі назарда болуы керек.

       Мектеп білім алушыларының арасында тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтың алдын алу үшін оқу жылының басында мектепте «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу» бұйрығы және «Құқықтық кеңес» құрылып, жұмыс жоспары жасалынып бекітілді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде 2019-2020 жылдарға арналған ведомоствааралық бірлескен іс қимылдарының жоспары бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жоқ. Бірақ мектепте ата-анасы қалада немесе басқа елді мекендерде жұмыс жасап, балалар ата-апасының, аға-жеңгелерінің немесе туыстарының қолында тұрып оқитын оқушылар, өгей әке, өгей шешелерімен де бірге тұратын оқушылар бар. Қазіргі кезде әртүрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында, алдағы уақытта осы балалардың ата-аналарынан туыстарына сенімхат берулерін қолға алу қажет. Жылына екі рет 1-11 сынып білім алушыларының денсаулығын аудандық денсаулық сақтау бөлімі мен жергілікті емхана қызметкерлері оқу жылының барысында күз және көктем мезгілдерінде дәрігерлік тексерулер жүргізіледі. Аз қамтылған отбасыларынан шыққан білім алушылар, девиантты мінез-құлықты балалардың бос уақытын дұрыс пайдалану мақсатында түрлі спорттық шараларға,  мысалы «Ән, би, спорт» кешіне, эстафеталық жарыстарға, «Толағай» спорттық ойындарына, спорттық «Еркін күрес», «Баскетбол», «Волейбол», «Футбол», сонымен қатар мектепішілік өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысуы үнемі бақылауда болды. Мектепте ішкі және сыртқы бөліктерінде бейне бақылау орнатылған, баспалдақ аралық, терезе жақтауларының қауіпсіз ашылуы, бастауыш сынып білім алушыларына арналған жиһаздардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Ауладағы әжетханалар мен мектеп ғимаратының арақашықтығына байланысты бейнебақылау камералары орналасқан. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын-алу жұмыстары бойынша жалпымектептік іс-шаралар жоспар бойынша атқарылды, бұл әрине аздық етеді. Сынып жетекшілер де түрлі тақырыптарда іс-шараларды жиі жоспарлап, КТІЖБ  қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырулары қажет. Кез-келген іс-шараның нәтижесі болу керектігін ұмытып кетіп жатамыз, іс-тәжірибе бөлісу және тарату жұмыстары тәрбие саласы бойынша өте төмен. Болашақта, осы жұмыстарды қолға алу-заман талабы.                                                                      Іс-әрекетті эвалюациялау:      

Жағымды жақтары

  1. Білім алушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында күзгі, қысқы, көктемгі каникул, мереке күндері  

қарсаңында шыққан бұйрықпен ата-аналар мен білім алушыларды алдын ала таныстырылуы;

  1. Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық туралы фактілердің тіркелмеуі;
  2. Мектепте үш отбасы сәтсіз отбасы есебінен алынуы;
  3. Әртүрлі тақырыптарда бейнероликтер көрсетілуі.

Әлсіз тұстары

  1. Діни экстремизм және оның алдын алу, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен зорлық-

зомбылық жұмыстары бойынша сынып ішінде іс-шаралардың жоспарланбауы;

  1. Атқарған жұмыстардың нәтижесінің болмауы, іс-тәжірибенің таратылмауы.

Шешу жолдары

  1. Сынып жетекшілердің тәрбие жоспарларында «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылық», «Діни экстремизм және оның алдын алу»  тақырыптарында іс-шара жоспарлануын қадағалау;
  2. «Құқықтық кеңестің», «Адал ұрпақ»  еріктілер клубының жұмысын жандандыру;
  3. Әр іс-шарадан кейін жауапты адамдарды белгілеп, БАҚ-ына жариялауды жүктеу.

Қазақстандық патриоттық және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бағыты: 

      2022 жылдың 1 қыркүйегінде балалар жылына арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында алғашқы қоңырауға байланысты салтанатты жиын және сынып сағаттары өткізілді. Аталған тақырыпқа біріңғай бейнероликтер түсіріліп, мектебіміздің инстаграм парақшасына жарияланды. Жылдық жоспарға сәйкес «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» яғни балалар қауіпсіздігі бойынша айлық өткізілді. 1-11 сыныптар арасында «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» атты сынып сағаттары өткізілді. Айлық кезінде қыркүйек айының 2 күні Сарыөзек ауылының темір жол станция полиция қызметкерлері келіп «Абайлаңыз балалар» атты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кербұлақ ауданының төтенше жағдай бөлімінің инженері Ақылшаев Али Маратұлы келіп оқушыларға өрт сөндіру талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, 1-4 сыныптар арасында «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Айлық кезінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова бастауыш сынып оқушыларына сынып жетекшілерімен бірге МАЙ-қызметкерлерінің қадағалауынмен көшеге шығып жолда жүру ережесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 8 қыркүйек күні Алматы қаласындағы «Өрлеу» оқыту орталығы булллинг және кибербуллинг бойынша мектеп әкімшілігі мен 1-11 сыныптар арасындағы сынып жетекшілерге зум желісі арқылы ақылы онлайн семинар өткізді. 13 қыркүйек күні мектеп психологы Т. Молданазаровамен бірігіп кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез құлықты, зорлық-зомбылық, құқық бұзушылық т.б. алдын алу шаралары бойынша мектептегі сенім жәшігінің рөлі мен мақсатын таныстыру бойынша 5-11 сыныптар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 20 қыркүйек күні АІІБ-нің қызметкері мектеп инспекторы О.Иманжанов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Маралбаев, мектеп дефектологы С.Мусабаева, құқық пәнінің мұғалімі Э. Алимкожаев, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Б. Альмуханбетовпен «Құқық бұзушылыққа жол жоқ!» атты тақырыбында 9,10,11 сыныптың ұлдарына ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу болды. Мектеп қыздарына эстетикалық тәрбие беру мақсатында «Кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, қыздар гигиенасы» тақырыбында аудандық емхана қызметкерлерімен 9-11 сыныптың қыздарына қыздар жиналысы өтті. 10 қазан күні «Бала қауіпсіздігінің алдын алу» тақырыбында кезектен тыс жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 1-11 сыныптың ата-аналары қатысты. Алайда жиналысқа кейбір ата-аналар келген жоқ, келмеген ата-аналардың сынып жетекшілері директордың атына түсініктеме жазып, ескертулерін алды. 

      17-21 қазан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты құқық апталығы өткізілді. Құқық апталығының жоспарына сәйкес қабырға газеттері ілінгенімен, алайда 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары толықтай өткізілген жоқ. 17 қазан күні «Бала құқығы» бойынша 8 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. 18 қазан күні 9-11 сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу жолдары» бойынша АІІБ-нің қызметкерлері А.Жексенбаева және Д.Шалқаровамен кездесу өтті. Кездесуде оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушылар арасында зорлық-зомбылық, әлімжеттік бойынша бейнероликтер көрсетілді. Жоспарға сәйкес 1-11 сыныптар арасында ауқымды қылып ашық тәрбие сағаттарын өткізді. 

      2022-2023 оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес 8 қараша күні Кербұлақ ауданының аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Али Ақылшаевпен бірігіп 9-10 сынып оқушыларына төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында өрт қауіпсіздігі және жер сілкінісі кезіндегі алдын ала қорғану және қауіпсіз аймаққа шығарылу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 9 қараша күні Сарыөзек ауылының темір жол станция қызметкері полиция майоры Бауыржан Батырханұлы «Құқықтық тәртіп» атты тақырыбында 5-6 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. 10 қараша күні мектеп инспекторы Жексенбаева Алтынай 1-4 сыныптың оқушыларына жолда жүру ережесі бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. 23 қараша күні аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері А.Жексенбаева мен Д.Шалқарова 9-11 сынып оқушыларымен кездесіп, құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, нашақорлық, тыйым салынған сайттар, жолда жүру ережелері, түңгі рейд туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 10 қаңтар күні қыс мезгілі кезіндегі балалардың өмір және жолда жүру қауіпсіздігінің алдын алу бойынша мектеп инспекторлары А.Жексенбаева, О.Иманжановпен бірігіп оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  23-27 қаңтар аралығында «Құқықтық сана – қауымға пана» атты тақырыбында құқық апталығы өткізілді. Құқық апталығында 23 қаңтар күні «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты тақырыбында өзін-өзі басқару тобымен дебат өтті. 24 қаңтар күні «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты тақырыбында 6-11 сыныптардан жасырын сауалнамалар алынды. 

Жоспарға сәйкес 25 қаңтардан бастап 1-9 сыныптар арасында ауқымды қылып ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Атап айтсақ: 25 қаңтар күні «Бала құқығы» атты тақырыбында 1в, 2ә, 3а, 4в сыныптары бірігіп ашық тәрбие сағаттарын өткізді, сынып жетекшілері: Л. Нурманова, А. СейтқазиноваЗ. Жаутикова, С. Төлебаева. 26 қаңтар күні «Өз құқығыңды білгенің жақсы өмір сүргенің» атты тақырыбында 5б, 5ә, 6в,  сыныптары бірігіп ашық тәрбие сағаттарын өткізді, сынып жетекшілері: М. Узакбаева, Т. Байтағаева, Н. Касенова. 27 қаңтар күні «Құқық бұзушылықтың алдын алу» атты тақырыбында 8ә , 8б, 9в, 9 ә сыныптары бірігіп ашық тәрбие сағаттарын өткізді, сынып жетекшілері Б. Есеркенова, А. Сман, А.Тулемисова, А. Айткенова. 27 қаңтар күні облыс бойынша кәмелет жасқа толмағандарды қатаң бақылау, түңгі уақытта көшеде ата-ананың қарауынсыз жүрмеулерін қадағалау мақсатында аудандық полиция бөлімінің инспекторлары мен аудандық білім бөлімінің қызметкерлерімен түңгі рейд жұмыстары жүргізілді. 02 ақпан күні құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 7-8 сыныптардың ұлдары мен қыздарына аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өтті. 03 ақпан күні 9-11 сынып оқушыларына аудандық төтенше жағдай бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Ақылшаев Али Маратұлымен төтенше жағдайдың алдын алу және өрттен сақтану, өртті болдырмау мақсатында кездесу өтті. 08 ақпан күні сыбайлас жемқорлыққа байланысты алдын алу және жол бермеу мақсатында 8 сынып оқушыларының арасында өз қолдарымен салған сурет шығармашылықтары өтті. Сарыөзек станция темір жол полициясының аға сержанты Мәулен Жылқайдар келіп, 5-8 сынып оқушыларына темір жолдың бойынан жүру қауіпті екенін айтып, жолда жүру ережесін сақтау және қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.     10 наурыз күні Күреңбел қазақ орта мектебінде өткен «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының өзектілігі» тақырыбында өткізілген облыстық семинарда № 49 орта мектебі «Қазақтың ұлттық тарихы» тақырыбында ауқымды көрме жасап, келген қонақтарға көормені таныстырып көрсетті. 

     30 наурыз күні жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша аудандық прокуратураның прокуроры Кенжебекова Майра Жұмаханқызы және аудандық білім бөлімінің әдіскері Байболатова ЭльнараБолатовна жоғары сыныптың оқушыларымен кездесу өткізді. 5 сәуір аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері 9-11 сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу, түңгі рейд,жолда жүру ережелері,бала қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар,мектепшілік жоспарға сәйкес бірінші ауысым 9-11 сынып және екінші ауысым 6,7,8 сынып оқушыларына ұлдар жиналысы өтті.Жиналыста қралаған мәселелер: құқық бұзушылықтың алдын алу, түңгі рейд. Оқушылардың кешкі уақытта жүрмеуін қадағалау мақсатында мектеп ұстаздарынан құралған түнгі рейд жұмыстары жүргізілді. 2023 жылдың 7 сәуір күні Республикалық көлемде өткізілген еріктілер тобынан құрылған түнгі уақытта жүргізілген кезекшілік өтті. 2023 жылдың 12 сәуір күні төтенше жағдайлардың алдын алу,эвакуциялауды пысықтау мақсатында оқу сейсмо жаттығуы жүргізілді. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Р.Нурмуханов түсіндірме жұмытарын жүргізді. Сонымен қатар,мектеп білім алушылары Республикалық «Менің мектебім буллинге қарсы» атты челленджге белсене қатысты.                                                                                      Іс-әрекетті эвалюациялау:

Жағымды жақтары

1. Жоспарланған іс-шаралардың өтуі;

2. Тәрбиелік іс-шаралары түрлендіріп өтілуі.

Әлсіз тұстары

1. Өлке тұлғалармен кездесулердің жүзеге аспауы;

2. Дебаттар, оқулар, тәрбиеге байланысты байқауларының тиісті деңгейде  өтпеуі.

Шешу жолдары

1.Кездесулер ұйымдастыру кестесін құру;

2. Әртүрлі тақырыптағы дебаттар мен оқулардың сапасын арттыру.

Рухани-адамгершілік бағыты:

     12-16 қыркүйек аралығында тіл мерекесіне орай «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты апталық өтті. Апталықта қазақ тілі пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» атты интелектуалдық ойыны өткізілді. Орыс тілі пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «Если дружат люди – дружат языки» атты іс-шарасы өткізілді. Ағылшын пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тіл ең асыл құндылық» атты тақырыбында іс-шарасы өткізілді.

 21 қыркүйек күні мектебіміздің 10а сынып оқушылары аудандық архив бөлімінің филиалына және аудандық кітапхана бөліміне барып ашық есік күніне қатысып, арнайы кітаппен марапатталып келді. 5 қазан күні мұғалімдер күніне орай «Ұстаз – ұлы тұлға» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға ардагер ұстаздар қонақ болып келді және мектеп оқушылары ұстаздарға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды.       Жылдық жоспарға сәйкес қазан айының 14 күні Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай қазақ тілі пән бірлестігінің ұстаздары А. Төлебаева, А. Таженова, М. Узакбаеваның ұйымдастыруымен 5-11 сыныптарға ашық сабағы өткізілді.     

14 қараша күні мектебімізде "Қазіргі жастарға патриотизм тән бе?» атты тақырыбында жоғары сыныптың оқушыларымен дебат өткізілді. 24 қараша күні оқушылардың өз көзқарасын айтуға машықтандыру, қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру мақсатында «Дебат клуб» мүшелерімен «Қашықтықтан оқытудың пайдасы мен зияндары» атты тақырыпта пікір талас сайысы өткізілді. 21 желтоқсан күні өзін-өзі басқару тобының оқушылары «Балалар жылы» аясында «Қайырымдылық қайырлы іс» атты қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды.  «Қайырымдылық» жәрмеңкесінен жиналған қаражатқа әлеуметтік санаттағы оқушыларға қыстық киім, аяқ киім, мектеп құралдары мен азық-түлік алып беріп, көмек көрсетілді.

      12 қаңтар күні Д.А.Қонаевтың туғанына 111 жыл толуына байланысты туған күніне арналған іс-шара жоспары құрылып, жоспар бойынша 1-11 сыныптар аралығында  біріңғай сынып сағаттары өткізілді. «Д.Қонаев – Ғасыр тұлғасы» атты лездемесі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилованың ұйымдастыруымен «Даңқы өшпес Дара тұлға» атты конференциясы, «Д.Қонаевқа 111 жыл» көрмесі және 7-8 сыныптар арасында «Аты өлмейтін Димаш ата» тақырыбында ұлттық ойын түрлерінен спорттық жарыстар өткізілді. 

 Жоспарға сәйкес «Алтын жүрек» яғни алғыс айту күніне орай әлеуметтік желі арқылы Республикалық челлендж ұйымдастырылды. 10 сыныптың биші қыздары «Ризашылық-мейірімділік бұлағы»  тақырыбында флешмоб биін биледі. Бұл жасалған іс-шараның бәрі мектептің әлеуметтік желісіне жарияланды.  15 ақпан күні «Ауған асуынан асқандар» атты тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен мерекелік кездесу өтті.     24 ақпан күні Қонаев қаласындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру лагеріне 8-9 орыс сыныптарынан 5 бала, атап айтсақ, Бондарцев Тимур, Тоқтар Ерке, Жұмағалиұлы Жақсылық, Смородин Денис және Мақсұтұлы Айбек барып, 15 наурызға дейін демалып қайтты.      1 наурыз «Алғыс айту» күнінде мектептің өзін-өзі басқару тобы ұстаздарға «Сіз лайықтысыз» атты алғыс айту іс-шарасын ұйымдастырып және 1-11 сынып жетекшілері «Алғыс айту» күніне жоспарға сәйкес сынып сағаттарын өткізді. 

Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, 1 мамыр «Бірлік күніне» орай сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізді.

Іс-әрекетті эвалюациялау:

Жағымды жақтары

1.Оқу жоспарына сәйкес апталықтардың өтуі;

2. Оқу пәндерінде күнделікті сабақ жоспарларына құндылықтарды кіріктіруі.

Әлсіз тұстары

1. «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты апталықтың жүзеге аспауы;

Шешу жолдары

1. Апталықты іске асыру үшін сынып жетекшілер, кітапханашы, жас мамандардың ынтымақтасып жұмыс жасауын басшылыққа алу.

Ұлттық тәрбие бағыты:

      14 қараша күні мектебімізде "Қазіргі жастарға патриотизм тән бе?» атты тақырыбында жоғары сыныптың оқушыларымен дебат өткізілді. 24 қараша күні оқушылардың өз көзқарасын айтуға машықтандыру, қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру мақсатында «Дебат клуб» мүшелерімен «Қашықтықтан оқытудың пайдасы мен зияндары» атты тақырыпта пікір талас сайысы өткізілді. 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 1-11 сыныптар біріңғай сынып сағаттарын өткізді. Атап айтсақ: Оқушылардың санасында дәстүрлі ұлттық мақтаныш, Отанға, ұлт мәдениеті мен тіліне деген сүйіспеншілікті арттыру және моральдық құндылықтарды жандандыру мақсатында мектеп кітапханасында арнайы бұрыш қойылып, кітап көрмесі ұйымдастырылған. Ұлттық рухты баланың бойына дарытуды өз тілін құрметтеу арқылы бойына сіңіруге болады. Осы мақсатта «Тәуелсіздік - тұғырым» атты 1-11 сыныптар арасында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді, 

 Қыздарды ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп,тәрбиелі,білімді болып өсуге тәрбиелеу мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова,қыздармен жұмыс жетекшісі И. Демеубаева,педагог-психолог И. Жаулина «Қызды қырық үйден тыю» тақырыбында қыздар жиналысын ұйымдастырып, өткізді. 2023 жылдың 25 сәуір күні «Ұлттық рухта тәрбие алса,ұлтын сүйетін ұрпақ өсер» тақырыбында 9-10 сынып және өзін-өзі басқару тобына Сарыбаев атындағы мәдениет үйінде кездесу өтті. Кездесу қонақтары ҚР-ның журналистер одағының мүшесі Р.Әбішев және Жетісу облысы Аналар кеңесінің төрайымы Ж.Баймадиева қатысты. Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, 1 мамыр «Бірлік күніне» орай сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізді                              

2. Оқу пәндерінде күнделікті сабақ жоспарларына құндылықтарды кіріктіру.

Әлсіз тұстары

 Іс-тәжірибенің таратылмауы;

Шешу жолдары

 Іс-тәжірибе тартуда, БАҚ-на мақала жариялауда мұғалімдердің жауапкершілігін арттыру.

Отбасы тәрбие бағыты: 

      Оқушыларды халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік психологиясы мен тұрмыс-салт ерекшеліктерінен бастау алған отбасы тәрбиесі негізінде баланы рухани жан-жақты дамуға, адами қасиеттерді бойына сіңіруге, жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтарды түйсінуге тәрбиелеуде мектепте ата-аналармен жұмысты жандандыру, оқушы, ата-ана, мектеп ұжымының ынтымақтастығын дамыту мақсатында әр сыныпта және  жалпы мектепішілік ата-аналар комитеті құрылған. Жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасын нығайта түсу мақсатында әр сыныптарда ата-аналар жиналыстары өткізілді. Оқу жоспарына сәйкес «Отбасы-бақыт мекені» апталығы өткізілді. 1-11сыныптарда «Отбасы-алтын діңгек» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. 1-4 сыныптарда отбасы мүшелері және олардың жанұядағы ролдері туралы айтылса, орта буындарда отбасы құндылықтары, ата-анаға деген құрмет туралы әңгіме өрбісе, жоғары сыныптарда отбасы жауапкершілігі мен міндеттері туралы ой қозғалды.  Кітапханашы Г. Ақылбекованың ұйымдастырумен «Отан-отбасынан басталады» кітап көрмесі қойылды. Ақын-жазушылардың отбасыға арналған өлең, жыр, әңгімелерінен үзінділер оқылды. 27 қаңтар күні «Ең бақытты отбасы» атты тақырыбында Толағай жарысы ұйымдастырылып, жеңіске жеткен әрбір отбасынан құралған командалар марапатталды.

2. Оқу пәндерінде күнделікті сабақ жоспарларына құндылықтарды кіріктіруі;

3.Өтілген іс-шаралардың барлығы мектептің истаграмм парашасына салынуы.

Әлсіз тұстары

1. Әкелерге арналған «Ашық есік» күні аталып өтпеуі;

Шешу жолдары

1. Ұйымдастырылған іс-шараға ат салысуда сынып жетекшілердің жауапкершілігін арттыру.

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты:

      21 желтоқсан күні өзін-өзі басқару тобының оқушылары «Балалар жылы» аясында «Қайырымдылық қайырлы іс» атты қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмеңкенің нәтижесінде, әлеуметтік санаттағы, көмекке мұқтаж балаларға киім, аяқ киім, мектепке қажетті заттар алынып берілді.  № 49 орта мектеп ұжымы мен білім алушылары 13.05.2023 жылы Республикалық «Жасыл мекен» челленджін ұйымдастырды. 

🌳 «Жасыл мекен» челленджі көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбекқорлыққа баулу, айналаны көгалдандыруға, абаттандыруға бастама болып табылады.

🌳 «Жасыл мекен» челленджі білім алушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеуге,   адамдарға деген қамқорлық сезімін дамытуға бағытталған.

🌳 Мақсаты: білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және еңбекқорлыққа баулу.

🌳 Міндеттері: білім алушылардың қоршаған ортаға қамқорлық сезімін ояту;

🌳 білім алушылардың табиғатқа ұқыптылықпен қарауға баулу;

🌳 еңбекке деген құрмет сезімін ояту.

🌱 Челлендж аясында мектеп ауласына жеміс ағаштары, қара ағаш, сирень, раушан гүлдері, хризантема гүлдері, бархатцы гүлдері отырғызылды.

     Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбиесі бағыты  білім алушының өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту мақсаттарында тәрбие жоспарлары құрылып, оларды еңбекке икемділігін қалыптастыру, дағдыландыру, шығармашылыққа, табиғатпен қарым-қатынастың дамуын қалыптастыру аясында «Жасыл ел» экологиялық қозғалыс ұйымдастырылып, биология пәнінің мұғалімі Ғ. Дүйсебекова жетекшілік етті. Мектеп директоры К. Кыстаубаеваның басшылығымен топ жетекшісі Ж. Амансихова және кіші техникалық қызметкерлердің қолдауымен мектеп ауласындағы гүлзарларға көктем айларында гүл егіліп, жаз бойы оларды күтіп, арам шөптерін жұлып, баптаулары арқасында күзде сабақ басталғанда мектеп ауласы жайқалып тұрады. 

Іс-әрекетті эвалюациялау:

Жағымды жақтары

1. Бағыт бойынша іс-шаралар жоспарланып, өткізілуі, оқу пәндері мен қосымша білім беру кезінде жүзеге асуы;

Әлсіз тұстары

1.Атқарған жұмыстардың БАҚ және әртүрлі сайттарда жарияланбауы;

Шешу жолдары

1. Бағыт бойынша әр сыныпта жыл бойы үлгілі сынып сағаты немесе тәрбие сағаттарын жоспарлау;

2. Кездесулер мен саяхаттар ұйымдастыру;

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбие бағыты:

      24 қараша күні оқушылардың өз көзқарасын айтуға машықтандыру, қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру мақсатында «Дебат клуб» мүшелерімен «Қашықтықтан оқытудың пайдасы мен зияндары» атты тақырыпта пікір талас сайысы өткізілді. 12 желтоқсан күні Дебат клуб мүшелері «Интернеттің пайдасы мен зияны» атты тақырыбында пікірталас өткізді. Пікірталастың мақсаты: Оқушылардың бүкіләлемдік өрмек-интернетке байланысты алған білімдерін нығайту болды. «Дебат клубының» жетекшілері Э. Алимкожаев пен Б. Есеркенованың ұйымдастыруымен өткізілді. 13 желтоқсан күні мектебіміздің 9-10 сынып оқушылары Мәдениет үйіне барып Кербұлақ ауданының жас мамандарымен және Жетісу облысының дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының мамандарымен кездесіп, жат ағымның кері әсері және олардың арбау жолдарынан қалай сақтану керек екені туралы арнайы жиынға қатысып қайтты. Кәсіби бағдар беру бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова және Жетісу құрылыс-техникалық колледж мамандары 9-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль оқиғасына 37 жыл толуына орай аудандық кітапханада ардагер Төлемисов Қайрат Бимұхамбетұлы мен 9 «Ә» сынып оқушылары кездесуге барып, қатысты. Рухани-адамгершілік құндылықтарды зерделей отырып, теріс ағымдарға бағытталған көзқарастардан бас тартуға, ақпараттық зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін тұлға тәрбиелеу мақсатында жұмыстар жүргізілді. Ақпараттық мәдениет дегенге бұрын көп мән бере бермейтінбіз, тіпті елемейтінбіз, елімізде орын алған төтенше жағдай оқушылар, ата-аналар, мұғалімдерді де ақпараттық мәліметтерді қалай қолдану, тарату туралы түсініп,  смартфон, компьютерді қажетіне қарай дұрыс пайдалануға төзілдірді. Енді оқушылар ақпараттарды әлеуметтік желілерден орынды қолдана алады деген ойдамын.

Іс-әрекетті эвалюациялау:

Жағымды жақтары

Әлеуметтік желінің пайдасы мен зиянын саралай білулері;

Әлсіз тұстары

Алған білімдерін орынды қолданудың әлі де жеткіліксіздігі;

Шешу жолдары

Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру жолдарын жетілдіру.

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағыты:

       2022 жылдың 1 қыркүйегінде балалар жылына арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында алғашқы қоңырауға байланысты салтанатты жиын және сынып сағаттары өткізілді. Аталған тақырыпқа біріңғай бейнероликтер түсіріліп, мектебіміздің инстаграм парақшасына жарияланды Мектеп қыздарына эстетикалық тәрбие беру мақсатында «Кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, қыздар гигиенасы» тақырыбында аудандық емхана қызметкерлерімен 9-11 сыныптың қыздарына қыздар жиналысы өтті. 5 қазан күні мұғалімдер күніне орай «Ұстаз – ұлы тұлға» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға ардагер ұстаздар қонақ болып келді және мектеп оқушылары ұстаздарға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды.    15-18 қараша күндері аралығында мектепішілік «Алтын күз – 2022» байқауы өткізілді. «Алтын күз» байқауы өз деңгейінде өткен жоқ, кейбір сыныптар дайындықсыз сахнаға шыға салды, сынып жетекшілер тарапынан ешқандай дайындық, қадағалау болған жоқ. 15 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне орай 3-5 сынып оқушыларын «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» ұйымына қабылдау рәсімі өтті. 21 желтоқсан күні өзін-өзі басқару тобының оқушылары «Балалар жылы» аясында «Қайырымдылық қайырлы іс» атты қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. 20-23 желтоқсан аралығында 1 сынып жетекшілері К. Қабылбаева, Г. Саитова, Г. Рахманбекова, Л. Нурманова, М. Мусагулова «Қош бол, әліппем!» атты әліппемен қоштасу іс-шараларын өткізді. Әліппемен қоштасу іс-шаралары жоғары деңгейде өтті. 27-29 желтоқсан аралығында даярлық тобынан бастап 11 сыныпқа дейін Сарыөзек орта мектебінің спорт залында 0-4 сынып аралығында жаңа жыл мерекесіне орай жаңа жылдық іс-шара өткізілсе, Күреңбел Қазақ  орта мектебінің порт залында жаңа жыл мерекесіне орай жаңа жылдық іс-шара 5-11 сыныптарға өткізілді.. Жаңа жыл іс-шарасын жақсы өткізген сынып жетекшілер мектепішілік мадақтамамен марапатталды. Жаңа жыл мерекесіне арнап І-қабатқа барлық сынып жетекшілер қабырға газеттерін іліп, терезелерін жарықтандырып, 9-10 сынып жетекшілері оқушыларымен І-қабат пен мүғалімдер бөлмесін және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, мектебіміздің жас ұстаздары спорт залды безендіріп өздерінің үлестерін қосты. 25 желтоқсан күні Талдықорған қаласында өткен ҚР-ның Президентінің шыршасына ата-ана қамқорлығынсыз қалған 7 б сынып оқушысы Құрманбай Аяжан мен жартылай жетім (анасы қайтыс болған) 7 ә сынып оқушысы Ораз Елнұр қатысып, Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2022-2023 оқу жылында Президент шыршасына арнаған бір балаға100000  теңге қаржылай сыйлығымен, жаңа жылдық сыйлығын алып келді. 28 желтоқсан күні мектебімізде әр түрлі категорияға жататын 10 оқушы аудан әкімінің шыршасына барып қатысып, жаңа жылдық сыйлықтарын алып, ата-аналарына 20 мың теңгеден берілді. 

      22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні Әз-наурыз мерекесіне орай аудандық алаңда № 49 орта мектебі «Жаңа Барыс жылын қарыс алу" атты тақырыбында көрініс көрсетті. Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне ат салысып қатысқан ұстаздарға, сынып жетекшілерге, оқушыларға алғысымыз шексіз. 22- наурыз Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне орай 2, 6, 10 сыныптар арасында мектептің акт залында барлық мектеп ұжымы мен ата-наларға арналған ауқымды концерттік бағдарлама мен тәрбие сағаттары өткізілді.

       2023 жылдың 23 ақпан күні мектепшілік «Үздік сынып жетекші» байқауы өтті. Байқау жоғары деңгейде өтті. Байқауға қатысушылардың дайындығы өте жақсы болды.  Байқауға барлығы 8 сынып жетекші қатысты. Байқау жеңімпазы 5 Б сынып жетекшісі Узакбаева Мөлдір Ербосыновна. 2023 жылдың сәуір және мамыр айларында әр сынып   сынып жетекшілерімен, жауапты ұстаздармен бірге бір күндік танымдық саяхатқа барды. Биылғы 2022-2023 оқу жылында № 49 орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, биылғы оқу жылында мектепішілік лагерь өткізілмейді, сол себепті біз барлық 1-11 сынып оқушыларын 100 %  біркүндік танымдық саяхатпен қамтыдық. 1-11 сынып оқушылары танымдық саяхатқа Шоқан ауылындағы Ш.Уалиханов мұражайы, Алматы облысындағы «Түрген», «Көлсай», «Бутаковка сарқырамасына», Алматы қаласындағы «Аспаздар үйі» мұражайына біркүндік танымдық саяхатқа барып келді.  7-9 мамыр «Жеңіс күніне» орай  1-11 сынып аралығында сынып жетекшілері бірыңғай сынып сағаттарын өтті және 9 мамыр Жеңіс күніне орай аудандық алаңда мектеп ұжымы «Жауынгерлерді соғысқа шығарып салу сәтін»  көрініспен көрсетті.

       Білім алушыларға рухани-адамгершілік құндылықтарды әсемдік, көркем мәдениет, халықтар мен дәуірдің әлемдік көркем құндылықтары арқылы, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды зерделеуді қалыптастыру мақсатындаіс-шаралар ұйымдастырылды. 8-11 сынып білім алушылары арасында «Күзгі бал» және 5-7 сынып обілім алушылары арасында «Ертегілер елінде», 1-4 сынып білім алушылары үшін «Жемістер мен көкөністер» тақырыбында күздік бал өткізілді. Осы іс-шараға оқушылар, ата-аналар, сынып жетекшілер де белсене қатысып, сайыстың қыза түсуіне ықпал етеді. Бұндай шаралар баланың бойындағы бұрын байқала бермейтін ерекше қабілеті ашылып, шығармашылық, ізденістер көрініс тауып, басқа бір қырларынан көрінуге ықпал етеді. 11 сынып оқушылары «Балғын, балалық шақ» студенттермен кездесу кешін ұйымдастырды. Кешке 1-3 курс студенттері келіп, өз тәжірибелерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтты. Мектеп  бітіруші түлектер қызықты ойындар, логикалық сұрақтар ұйымдастырып, би кешімен жалғастырды. Дегенменде, студенттерден өткізу формасын түрлендіруді өтінді, себебі жылдағы сценарийдің қайталанатындығы жалықтырады деген ойларын, ұсыныстарын атты. Әрине, бұл бәрімізді ойландыру керек.                 

Іс-әрекетті эвалюациялау:

Жағымды жақтары

Жоспарға сай шаралардың толық өтуі;

Әлсіз тұстары

Іс-шаралардың бір сарынды өтуі;

Шешу жолдары

Кез келген шараны түрлендіріп, оқушы қызығушылығын арттырып, шығармашылыққа бағыттауға жоспарлау.

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыты: 

      Мектеп оқушылары арасында есірткі мен басқа да зиянды заттарды қолдануды болдырмау мақсатында «Салауатты өмір салтын» насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары арасында әлімжеттік, зорлық-зомбылық, ақша жинау фактілерін анықтау мақсатында жасырын түрде сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде, аталған факт анықталған жоқ. 27 қаңтар күні «Ең бақытты отбасы» атты тақырыбында Толағай жарысы ұйымдастырылып, жеңіске жеткен әрбір отбасынан құралған командалар марапатталды. «Қыз болашағы-ел болашағы» онкүндігін өткізу іс-шараларының жоспарына сәйкес жалпы мектепішілік қыздар жиналысы өткізіліп, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова «Спорт-денсаулық кепілі» тақырыбына баяндама оқып, 8-11 сынып қыздарына «Ерте жүктіліктің алдын-алу» тақырыбында мектеп медбикесі А. Сүттіқожанова  консультациялық қызмет көрсетті. Мектепте, ауданда өтілген іс-шаралар қорытындысы бойынша ақпараттар лездеме кезінде марапаттаумен ғана шектелуде, спорттық ойындардың  жеңімпаздарын дәріптеу жағы жетіспей жатады. Өз ауылымыздан шыққан спорт саңылақтарымен кездесу ұйымдастыру арқылы бала бойына жігер, ұлттық рух, мақтаныш сезімін ұялату арқылы тәрбиелеуді қолға алу керектігі байқалады. Құрғақ сөздер мен жаттанды сынып сағаттарынан гөрі оқушылардың естерінде қалатындай, одан қорытынды шығаруға бағытталған жұмыстар атқарылу керек.

Іс-әрекетті эвалюациялау:

Жағымды жақтары

Бағыт бойынша іс-шаралар жоспарланып,  өткізілуі, оқу пәндері мен қосымша білім беру кезінде жүзеге асуы;

Әлсіз тұстары

Салауатты өмір салтын насихаттау барысында кездесулердің ұйымдаспағаны;

Шешу жолдары

Кездесулер мен саяхаттар ұйымдастыру.

«Жалпыға бірдей білім беру» қоры: 

      № 49 орта мектеп  бойынша 2022-2023 оқу жылында мектептің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес мектепішілік 2022 жылдың бірінші қыркүйегінде №100 бұйрығына сәйкес  қыркүйек айының   01-05   күндері аралығында  мектепіішілік тексеріс  жүргізілді. Осы бекітілген бұйрықтың негізінде «Жалпыға бірдей міндетті оқу» талаптарының орындалуын бақылау:

-  мектеп жасындағы оқушылардың оқуға толық қамтылуын,

-  оқулықтармен қамтылуы және  сақталуын

-  пән кабинеттерінің жабдықталуының жағдайы  тексерілді.   

 № 49 орта мектебінде  2022-2023 оқу жылында жалпы оқушы саны -937. Әлеуметтік топтағы оқушылар саны- 423 оның ішінде көп балалы оқушылар саны-328, аз қамтылған отбасындағы  балалар саны -31, мүмкіндігі шектеулі-4, жетім-1,сәтсіз отбасы- 2,  ал   толық емес отбасында -144 бала бар. Мектепке жол акциясының  аясында «Жалпыға бірдей білім беру» қоры  есебінен мектеп бойынша 25 оқушыға мемлекеттік қаржыдан  860 мың теңге көлемінде қаражат бөлініп бірінші қыркүйекте аз қамтылған,  көп балалы отбасының балалары   әлеуметтік көмек  алды,   әр оқушыға мектеп сөмкесі, оқу – құралдар, аяқ киім, ақ жейде және мектеп формасымен қамтамасыз етілді   (Қосымша тізім және таратылған ведомосы тіркелуде).   Атаулы әлеуметтік көмек алатын /АСП/ алатын 31 отбасының 45 балаларына да үнемі әлеуметтік көмектер көрсетіледі. Балаға әлеуметтік көмек көрсетуде нормативтік құжаттарды негізге ала отырып жұмыс жүргізілгені анықталды.  Негізгі құжат  2008 жылдың 25   қаңтардағы № 64 Қауылысы әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы талаптарға сәйкес жүргізілгені анықталды,  мектеп бойынша әлеуметтік көмек алған оқушылардың құжаттары  ата-анасының өтініштері бір жүйеге келтірілген және жинақталған.

    «Мектепке жол» акциясы аясында мектеп бойынша 423 оқушы оқу құралдары және киімдермен қамтылды. Акцияның мақсаты: көп балалы,аз қамтылған, жетім, жартылай жетім отбасы оқушыларын жаңа оқу жылына дайындау, уақытында көмек, қолдау көрсету.Әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекте мектепке келмей қалудың алдын алу. Мектеп алаңында «Мектепке жол» ақпараттық стендтері ілінді. «Мектепке жол» платформасы мен телеграмма-чат қызметі туралы   кең-ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. www.atamekenim.kz cайтына ата-аналардың өтінімдері тіркелді. Акцияның өту қорытындысы жасалынып есеп берілуде.Ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерге,ауыл кәсіпкерлеріне, меценаттарға қатынас хаттар таратылды. «Мектепке жол» акциясына белсене қатысып,көмек көрсеткен ауылымыздың кәсіпкерлері санаттағы мектеп бойынша  80   оқушыларды  оқу құралдар және  мектеп формасымен  спорттық киімдермен қамтамасыз етті.Демеушілік қолдау жалпы сомасы 1500000 теңгеге   әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан  балаларға әлеуметтік көмек  көрсетілген.

       2022-2023 оқу жылы ҚР «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан   стандартқа  сәйкес  мектеп бойынша 96 бала   жекелеген санаттарына байланысты тегін тамақтандырумен  қамтылуда, санаттағы оқушылардың  құжаттары Қазақстан Республикасының № 64 қауылысына сәйкес жинақталып  тізімі бекітілді, бұйрық шығарылды.  Бүгінгі күні асханада ыстық тамақ Санитарлық эпиодемиологиялық талаптарға сәйкес ұйымдастырылып  мектепте аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 125 бала тегін тамақпен қамтамасыз етілген.Бірінші қыркүйектен бастап ыстық тамақпен   125 оқушы қамтылды. Бракераж комиссиясы айына екі рет ыстық тамақтың сапасын СанПин талаптарына сәйкестігін тексеріп хаттамасын толтырып бақылау жүргізіп құжаттарын жинақтауда.Әр азық түліктің сертификаттары бар. Асханадағы қызметкерлері медициналық тексерістен өткені туралы кітапшасы бар, Бекітілген менюдің негізінде  дәмді де сапалы ас әзірленуде.Асхана таза жарық және жылы барлық жағдай жасалынған. Оқу  жылы аяғында 120 бала жазғы сауықтыру лагеріне «Жалпыға бірдей білім беру» қоры есебінен  баратыны жоспарлануда. Мемлекет тарапынан 1млн.50мың тг. көлемінде қаржы бөлініп, жазғы демалыс ұйымдастырылуы жоспарланып отыр. Жаңа жылдық шырша мерекесіне 1200000 көлемінде аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан балаларға өткізілуі жоспарлануда. Ыстық тамақты ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың 31 желтоқсандағы №717  бұйрығына 1-қосымшасы бойынша Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларының жалпы ережелеріне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 Қауылысы Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы сәйкес жүргізілуде.

Іс-әрекетті эвалюациялау:

Жағымды жақтары

Оқушылардың құжаттарының дер кезінде жиналуы;

Әлсіз тұстары

Асханадағы кезекшіліктің талапқа сай жүрмеуі;

Сыныптың ата-аналар жиналысында ақпараттардың дер кезінде берілмеуі;

Шешу жолдары

Кезекші мұғалімдердің жауапкершілігін арттыру;

Ата-аналар жиналысында жоспарлау.

Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің жұмысы: 

Тәрбие жұмысындағы атқарылатын көптеген ізгі істер сынып жетекшінің басшылығымен жүргізілді. Сынып жетекші бірлестігі отырысында сынып жетекші жұмысының негізгі бағыттарын, сыныпта жүргізілетін тәрбие әдістерін, сыныптан тыс жұмыстардың формаларын бір жүйеге  келтіру бойынша тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, сынып жетекшілері жұмыстарының жүйелігі қалыптасып, оқушылармен, ата-аналармен және қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізілді. Мақсат пен міндетке жетудегі атқарылатын жұмыстарымызды, одан күтілетін нәтижелерді сыни тұрғысынан ойлау негізінде жүзеге асыратынымызды айқын түрде түсіндік. Қыркүйек айының 8 күні білім беру саласында буллингтің алдын алу бойынша 8 сағаттық курсты мектептің 50 сынып жетекшісі және мектеп әкімшілігі оқып шықты. 13 қазан күні жылдық жоспарға сәйкес жас сынып жетекшілерімен және оларға бекітілген тәлімгерлердің отырысы өтті. Отырыста бұйрықтың жоспары таныстырылып, сынып жетекшілерден сауалнама алынды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова 1-11 сынып жетекшілеріне сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігінің отырысын өткізіп, тәлімгерлермен және оларға бекітілген жас сынып жетекшілердің есебін тындады.

      Тәрбие жоспары бойынша мектепішілік іс-шаралар, сынып, үлгілі тәрбие сағаттары өткізілді. Сынып жетекшінің оқушымен қарым-қатынасқа түсе білуі, өткізілетін сынып сағаттары мен тәрбие сағаттарының тақырыбының ашылуы мен мұғалімнің алдына қойған мақсатына жетуі үшін білімділікті, ізденімпаздықты, үлкен шеберлікті пен тәжірибені қажет етеді. Өткізілген тәрбие, сынып сағаттарының барлығына тән кемшіліктер: құрғақ слайдтар көрсету, көрнекіліктердің тақырыпқа сай еместігі, интернеттен алынған дайындамаларды еш өзгеріссіз оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерместен пайдалану жиі кездесті, тіпті кейбір сынып жетекшілер тақырыптың ашылуымен іс-шараның мазмұны мен мағынасына жете мән бермейді, дайындамалардың тақырыбы, алынған іс-шараның мақсаты, әдісі, түрі дұрыс көрсетілмей, жазылды. Бұл біздің бүгін ғана көтеріп отырған мәселеміз емес, сынып жетекшілер бірлестігінің әр отырыстарында, семинарларда айтылып, ескертіліп отырған кемшіліктер. Болашақта, әр сынып жетекші өзі өткізіп отырған іс-шараның толық қанды өтуіне, сауаттылыққа үлкен мән беруі керек екенін түсінуі қажет. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты-мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну-қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. «Біздің оқушыларымыз алған білімдерін неліктен өмірде қолдана алмайды?»-деген сұрақтар туындайды. Кемшіліктің бір шеті біздерге яғни, ұстаздарға келіп тірелгендей болады. Себебі өзімшілдік, баланың пікірін құнды санамау, сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік деңгейінің өз талабына сәйкес өтпеуі т.б. Тәрбие жұмысын, тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін табысты жүзеге асыру үшін озық педагогикалық әдістерді, оқытудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану қажет. 

Жыл бойы өткізілетін тәрбие сағаттарына да үлкен мән берілуі керек. Себебі, сынып жетекшілер іс-шараларды бірігіп өткізуді әдетке айналдырған. Жеке өткізуге келгенде әртүрлі сылтаулар айтып, өтілмей қалатыны да шындық. Демек, сынып оқушыларымен жұмыс жасау барысында сынып жетекшінің қолдауы, ынтымақтасып жұмыс жасау, жауапкершіліктің болуы өте қажет. Себебі, кез-келген жұмыс сынып жетекшінің көмегімен ғана іске асады.                                     

Іс-әрекетті эвалюациялау:

Жағымды жақтары

Апталық сынып сағаттарының өтілуі;

«Туған жер» бағдарламасын іске асыру бойынша танымдық саяхаттар;

Қашықтықтан оқыту технологияларын пайдаланып тәрбиелік іс-шараның атқарылуы;

Әлсіз тұстары

Тәрбие жоспарын жүйелемеу;

Циклограмма құрастырмау;

Уақытылы тәрбие сағаттарын ұйымдастырмау;

БАҚ-ы арқылы тәжірибенің таратылмауы;

Сынып белсенділердің жұмысының әлсіздігі;

Шешу жолдары

Сынып жетекшілердің жауапкершілігін арттыру;

Сынып белсенділерінің жұмысын жандандыру

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары:                  А. Жумадилова

«№ 49 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022-2023 оқу жылының тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстардың SWOT - талдауы

Тәрбие жұмысының негізгі мақсаттары:

     - Өскелең жас ұрпақты әлеуметтік жағынан белсенді, бойында жоғары ұлттық сезімі бар, рухани- адамгершілік жағынан бай тұлғаны қалыптастыру.

  • Жоғары адамгершілік қасиетін қалыптастыру және дамыту
  • Заң мен құқықтық тәртіпті қалыптастыру
  • Тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылық әлеуеті мен өзін-өзі дамыту қабілеттерін жетілдіру
  • Баланың жеке тұлға ретінде дамуына мәдени орта қалыптастыру
  • Еңбекті өмірдегі ең бірінші қажеттілік, ең жоғарғы құндылық, жетістікке жетудің басты тәсілі етуге, іс –әрекеттің барлық саласында бәсекеге қабілетті болуға тәрбиелеу.

1-11 сыныптарда тәрбие жұмысы төмендегі сегіз бағытпен жүргізілді: 

1. Қазақстандық патриотизм және азаматтықа тәрбиелеу,құқықтық тәрбие;

2. Рухани-адамгершілік тәрбие;

3. Ұлттық тәрбие;

4. Отбасы тәрбиесі;

5. Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие;

6. Көпмәдениетті және көркем –эстетикалық тәрбие;                      

7. Зияткерлік тәрбие,ақпараттық мәдениет тәрбиесі;

8. Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты

Жағымды жақтары: (Strengths)

  • 2022-2023 оқу жылы тәрбие жұмысы  1-11 сыныптарда жоспарға сәйкес орындалды. Әр сыныптың сынып жетекшісі жыл басында тәрбие жұмысының мақсат-міндеттерін айқындап, жоспарға сәйкес жұмыс  атқарды. 
  • Мектепте мемлекеттік білім стандарты мен оқу бағдарламасының орындалуына жағдай жасалған. 
  • Әр сыныпқа сынып жетекшілер тағайындалған.
  • Оқушылардың салауатты өмір салтын нығайтуға арналған спортзалмен жабдықталған. («Мектеп лигасы» жүйелі түрде жүргізілді)
  •  Оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы іс-әрекеті ұйымдастырылған («Құқықтық кеңес», «Ұлдар және қыздар кеңесі», «Полицияның жас достары», «Адал ұрпақ» еріктілер тобы, «Жас құтқарушылар ұйымы»)
  • Тәрбие жұмысының экологиялық бағыты бойынша жұмыс жүйелі қалыптасқан. («Жасыл ел» мекені, «Табиғатпен мәңгі біргеміз!» үгіт-насихат жұмыстары)
  • Мектепішілік сайт пен әлеуметтік ресми парақшалар бар. Оқушылардың, ата-аналардың әлеуметтік желіні қолдау белсенділігі жоғары.
  • Қоғамдық мекемелермен кеңейтілген байланыс орнатылды, әр түрлі бағыттағы кездесулер өткізілді. (Сыбайлас –жемқорлықтың алдын алу басқармасыменаудандық жол полиция бөлімінің қызметкерлерімен, теміржол полиция қызметкерлерімен, аудандық кітапхана, түрлі жоғары оқу орындарымен т.б)
  • Сынып жетекшілерге әдістемелік отырысында көмек көрсету мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Әлсіз тұстары: (Weaknesses)

  • Сынып оқушыларының сынып ішіндегі және мектепішілік шараларға белсенді түрде толықтай қатыспауы.
  • Мектепте оқушы саны көптігіне байланысты  оқушыларға психологиялық көмектің өз деңгейінде берілмеуі.
  •  Өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің өзіндік көзқарасы өз бетімен жұмыс жасау дағдысының өз деңгейінде қалыптаспағандығы.  
  • Сынып сағатының жүйелі түрде өтілуіне сынып бөлмелерінің аздығы мен сабақ кестесіне сыймауы кедергі келтіреді. 
  • Озық сынып жетекшілерінің жұмыс тәжірибесі қажетті деңгейде таратылмайды.

Мүмкіндіктері: (Opportunities)

  • Сынып жетекшілердің біліктіліктерін үнемі арттырып отыру. 
  • Қоғамдық мекемелермен кеңейтілген байланыс орнату, серіктестік құру. 
  • Сыныптан тыс шараларды өткізу барысында түрлі педагогикалық әдістер мен тәсілдерді енгізу.
  • Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру. 
  • Оқушылар арасында өзге ұлт өкілдеріне деген толеранттық  қатынас қалыптастыруға арналған жұмыстар ұйымдастыру. 
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
  • Отбасы және мектеп ынтымақтастығын нығайту. 

Қатерлері: (Threats)

  • Ата-аналарға тән   этикеттің сақталмауы, тәрбие деңгейінің төмендігі. 
  • Ата-аналардың жұмысбасты болуы. Кейбір ата-аналардың бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауы, отбасы тәрбиесінің жеткіліксіздігі.  
  • аз қамтылған отбасында тәрбиеленетін оқушылар санының көбеюі.
  • Барлық оқушылардың қосымша білім алу мекемелеріне қатыспауы, бос уақытын тиімді пайдаланбауы.   
  • Оқушылардың шектен тыс әлеуметтік желіні пайдалануы, сынып жетекшілері мен мектеп психологтарының мониторингі уақытылы  жүргізілмеуі және ата-ана тарапынан бақылаудың жоқтығы.
  • Сынып жетекшілер тарапынан оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға толыққанды жұмыс түрлерінің жүргізілмеуі.

Ұсыныстар:

  • Мектепте мемлекеттік білім стандарты мен оқу бағдарламасының орындалуына, тәрбие жұмысының жүргізілуіне  жағдай жасау. 
  • Мектептің өзін –өзі басқару ұйымы жұмысының нәтижелі түрде жүруін қалыптасуына ықпал ету. 
  • Мектеп қызметі барысында барлық талаптарды орындау.
  • Тәрбие жұмысының барлық бағыттары оқушыларға білім беру арқылы адами асыл қасиеттерді жеке тұлға бойына қалыптастыруға бағыттау.  

Тәрбие жұмысының сараптамасын қарай отырып, 2022 - 2023 оқу жылында алға қойылған  тәрбие жұмысының міндеттері орындалды деп есептеуге болады.

Тәрбие жұмысы:

      Мектептің тәрбие саласындағы жұмыстар «ҚР 2015-2020  жылдарға  арналған тәрбие мен білім беру мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыстарын жүргізу, оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану, тәрбие  үрдісінің жұмыс сапасын арттыру» мақсатында жүргізілді. Тәрбие саласында атқарылған жұмыстардың барлығы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Жүргізілген жұмысының нәтижесінде нормативтік-құқықтық құжаттар, ҚР 2015-2020 жылдарына арналған Концептуалдық тәрбие негіздері, тәрбие жұмысын жоспарлау, тәрбие процесін мектепішілік бақылау, құқықтық тәрбие, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыру, ата-аналармен жұмыс, салауатты өмір салтын қалыптастыру, сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің жұмысы, діни экстремизмнің алдын алу бойынша салаларын және тәрбие  жұмысының 8   бағытын (Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, ұлттық тәрбие, отбасы тәрбиесі, еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие, көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие, зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі, дене тәрбиесі, салауатты өмір салты) қамтыды.  1-11 сыныптардағы тәрбие жоспарлары тәрбие тұжырымдамасына негізделіп жасалынды. Тәрбие жұмысындағы атқарылатын көптеген ізгі істер сынып жетекшінің басшылығымен іске асады. Нәтижесінде, сынып жетекшілер білім алушылармен, ата-аналармен және қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізді. Оқу жылының басында мектепте «Құқықтық кеңес», «Ұлдар және қыздар кеңесі», «Полицияның жас достары», «Адал ұрпақ» еріктілер тобы, «Жас құтқарушылар ұйымы» қозғалысы құрылып, жылдық жоспарлары жасалынып бекітілді. Сабақ үрдісінде және каникул кезінде жол көлік оқиғаларынан жарақаттануының алдын алу мақсатында сынып жетекшілер ата-аналар және білім алушылармен жұмыстар жүргізді. Мектептің ішкі және сыртқы тәртібін сақтау мақсатында ұстаздар мен 5-11 сынып жетекшілер арасындағы кезекшілігінің жоспары құрылып, бұйрықпен бекітілген. Әр тоқсанға жалпымектептік және ер мұғалімдердің мектеп ауласындағы кезекшілік кестесі құрылған және тоқсан сайын арнайы бұйрық шығарылып отырды. Кезекші сынып білім алушылары, сынып жетекшілерімен бірге әр қабатта екі ұстаздан кезекшілік қойылған. Бірақ кезекші педагогтарға ескертіліп айтылған кезде ғана өз міндеттерін атқаруға шығады. Кезекшілікті тек сыныбымен бірге сынып жетекшілері ғана ойдағыдай атқарып шығады.                                 

      Қазіргі заманымызда үлкен қоғам дерті болып саналатын мәселенің бірі-жемқорлық. Жемқорлық-мемлекетіміздің беделіне, демократиясына, ұлттық қауіпсіздігіне, экономикалық дамуына, адам құқықтарының сақталуына үлкен қауіп төндіретін дерт. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық мемлекеттік органдар алдындағы басты міндеттің бірі болып отыр. Қылмыстың бұл түрінің қоғамымыздың барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Өкінішке орай ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті діттеген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін  бой көрсетіп жүр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет шараларының ғылыми танымдары мен өзекті мәселелері Қазақстандағы қоғамдық қатынастарды реформалардың барлық кешенді мәселелерімен тығыз байланыста. 9-10 сынып білім алушылары арасында «Адал Ұрпақ! Ерікті мектеп клубы» құрылды. Кітапханада үнемі жаңартылып тұратын «Парасатты азамат» бұрышы ұйымдастырылған. Қыркүйекте барлық сыныптарда «Адал ұрпақ» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. «Адалдық сағатында» сыбайлас-жемқорлықпен күрес жүргізуді ерте жастан бастап, адалдыққа баулу арқылы іске асыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шоқан ауылында білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілген «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының аудандық байқауында өзін-өзі басқару тобының оқушылары 3-орын иеленді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясы аясында «Адалдық сағаты» атты сынып сағаттары өткізілді. «Сыбайлас жемқорлық індет, оны жою міндет» тақырыбында бейнероликтер түсіріліп, мектептің инстаграм желісіне жарияланды. Білім алушылар сабақ соңында «Адалдық , парасаттылық, сенімділік, әділдік» туралы ойларын постерге салып, түсіндіріп, өз ойларымен бөлісті. 16 қыркүйек күні 2022-2023 жаңа оқу жылының басталуына орай білім саласындағы сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын алу және болдырмау мақсатында мектепте ақша жинауға тыйым салу туралы мектепішілік бұйрық шығып, 1-11 сыныптар арасындағы сынып жетекшілерге жиналыс өткізіліп, бұйрықтың №1 қосымшасына сәйкес қолдары қойылды. Сонымен, қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адал ұрпақ тәрбиелеу мақсатында ұстаз-ұымдастырушы А. Жинбаев және  өзін-өзі басқару тобы «Адал ұрпақ» тақырыбында 7-8 сынып оқушылары арасында сайыс ұйымдастырып өтті. 2023 жылдың 10-24 мамыр күні аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп директоры К. Кыстаубаева және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова сынып жетекшілерге түсіндірме жұмысын жүргізді. 2023 жылдың 10-24 мамыр күні аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді. 2023 жылдың 10-24 мамыр күні аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында пікір сайыс өткізді.                   

Бүгінгі таңда «Адал ұрпақ» ерікті топ мүшелерінің жұмыстары тек қана сынып сағаттары немесе сурет көрмелерін ұйымдастырумен ғана шектеліп отыр. Бұл топтың жұмысын жандандыру-заман талабы. 2023 жылдың 10-24 мамыр күні аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп директоры К. Кыстаубаева және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова сынып жетекшілерге түсіндірме жұмысын жүргізді. 2023 жылдың 10-24 мамыр күні аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді. 2023 жылдың 10-24 мамыр күні аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында пікір сайыс өткізді. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты тұжырымдамасының орындалуы бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» атты тақырыбында 9-10 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді және өзін-өзі басқару тобының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кезекті отырысы өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты насихаттау мақсатында діни бірлестіктердің тарапынан,этномәдени орталықтардың соның ішінде «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ мониторнг және талдау бөлімінің бастығы Келемсейіт Назерке Ермекқызы ұстаздармен кездесу өткізіп, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Биылғы оқу жылында мектепте педагогтар, білім алушылар арасында «Сыбайлас жемқорлық» фактілері анықталған жоқ.

       Діни экстремизм мен терроризмге қарсы және оның алдын алу бойынша іс-шара жоспарлары жасалынып бекітілді. Бүгінгі күні елімізде мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты айқындаушы саланың бірі рухани, құлықтық, патриоттық білім беру мен тәрбие болып саналады. Бүгінгі таңда жастардың көз алдында дін рухани-құлықтық идеаларды таратушы және мәдени дәстүрді сақтаушы ретінде жоғары дәрежеге ие болып отыр. Осыған орай білім беру мекемелері, мемлекеттік органдар алдында қазақ қоғамы үшін дәстүрлі діндердің әлеуетін жастарды рухани-тәрбиелікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу. І-қабаттағы дәлізде терроризмге қарсы стенд ілінген. Мектеп бойынша 16 бейнебақылау камералары бар, оның   7 мектептің сыртында, 9 мектептің ішінде, кіре берісте-2, мектеп әжетхана жағында-1 орналасқан. Мектепте діни экстремизм және терроризм бойынша қыркүйек айында мектепішілік бұйрық шығып, жоспар құрылды. Жоспарға сәйкес 25 қараша күні мектебімізге Кербұлақ ауданының Орталық мешітінің бас имамы Қайсар Яқып ұстаз келіп, 9-10 сынып оқушыларымен кездесіп, қазіргі қоғамдағы діни ахуалдың маңыздылығын оқушыларға түсіндіріп және оқушылардың сұрақтарына жауап берді. 13 желтоқсан күні мектебіміздің 9-10 сынып оқушылары Мәдениет үйіне барып Кербұлақ ауданының жас мамандарымен және Жетісу облысының дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының мамандарымен кездесіп, жат ағымның кері әсері және олардың арбау жолдарынан қалай сақтану керек екені туралы арнайы жиынға қатысып қайтты. 09 ақпан күні аудандық орталық мешітінің бас имамы Қайсар Яқып ұстаз келіп жоғары сыныптың оқушыларымен «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» атты тақырыбында кездесу өткізді. Мектепте «Дінтану және зайырлылық» бойынша 9-сыныптарға факультатив сабақтар өтеді. 9-шы қазақ сыныптарына құқық пәнінің мұғалімі Э. Алимкожаев береді, ал орыс сыныбына тарих пәнінің мұғалімі Б. Есеркенова береді. Дінтану пәнінен сабақ беретін осы екі ұстазда арнайы Дінтану бойынша курсын оқып, сертификатталған. Ескере кететін жағдай бұл дінтану сабағында ешқандай қосымша тапсырмалар берілмейді, тек бекітілген оқулықпен ғана өткізілді. Жалпы діни экстремизм және оның алдын алу жұмыстары тек мектеп бойынша жоспарланған, сыныптарда бұл жұмыс өз деңгейінде жүрмейді. Себебі, сынып жетекшілердің ата-аналармен, сынып оқушылары, ұлдар, қыздар жиналыстарында бұл тақырыпқа қатысты іс-шаралар,  сынып сағаттары жоспарланбаған.  Қазіргі уақыттағы халық арасында тарап кеткен әр түрлі діни ағымдар, арнайы діни білімдері жоқ, негізгі ақпарат көздері ғаламторда тараған уағыз, насихаттар. Сондықтан бұл тақырып күн тәртібінен түспей, үнемі назарда болуы керек.

       Мектеп білім алушыларының арасында тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтың алдын алу үшін оқу жылының басында мектепте «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу» бұйрығы және «Құқықтық кеңес» құрылып, жұмыс жоспары жасалынып бекітілді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде 2019-2020 жылдарға арналған ведомоствааралық бірлескен іс қимылдарының жоспары бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жоқ. Бірақ мектепте ата-анасы қалада немесе басқа елді мекендерде жұмыс жасап, балалар ата-апасының, аға-жеңгелерінің немесе туыстарының қолында тұрып оқитын оқушылар, өгей әке, өгей шешелерімен де бірге тұратын оқушылар бар. Қазіргі кезде әртүрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында, алдағы уақытта осы балалардың ата-аналарынан туыстарына сенімхат берулерін қолға алу қажет. Жылына екі рет 1-11 сынып білім алушыларының денсаулығын аудандық денсаулық сақтау бөлімі мен жергілікті емхана қызметкерлері оқу жылының барысында күз және көктем мезгілдерінде дәрігерлік тексерулер жүргізіледі. Аз қамтылған отбасыларынан шыққан білім алушылар, девиантты мінез-құлықты балалардың бос уақытын дұрыс пайдалану мақсатында түрлі спорттық шараларға,  мысалы «Ән, би, спорт» кешіне, эстафеталық жарыстарға, «Толағай» спорттық ойындарына, спорттық «Еркін күрес», «Баскетбол», «Волейбол», «Футбол», сонымен қатар мектепішілік өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысуы үнемі бақылауда болды. Мектепте ішкі және сыртқы бөліктерінде бейне бақылау орнатылған, баспалдақ аралық, терезе жақтауларының қауіпсіз ашылуы, бастауыш сынып білім алушыларына арналған жиһаздардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Ауладағы әжетханалар мен мектеп ғимаратының арақашықтығына байланысты бейнебақылау камералары орналасқан. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын-алу жұмыстары бойынша жалпымектептік іс-шаралар жоспар бойынша атқарылды, бұл әрине аздық етеді. Сынып жетекшілер де түрлі тақырыптарда іс-шараларды жиі жоспарлап, КТІЖБ  қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырулары қажет. Кез-келген іс-шараның нәтижесі болу керектігін ұмытып кетіп жатамыз, іс-тәжірибе бөлісу және тарату жұмыстары тәрбие саласы бойынша өте төмен. Болашақта, осы жұмыстарды қолға алу-заман талабы.                                                                      Іс-әрекетті эвалюациялау:      

Жағымды жақтары

  1. Білім алушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында күзгі, қысқы, көктемгі каникул, мереке күндері  

қарсаңында шыққан бұйрықпен ата-аналар мен білім алушыларды алдын ала таныстырылуы;

  1. Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық туралы фактілердің тіркелмеуі;
  2. Мектепте үш отбасы сәтсіз отбасы есебінен алынуы;
  3. Әртүрлі тақырыптарда бейнероликтер көрсетілуі.

Әлсіз тұстары

  1. Діни экстремизм және оның алдын алу, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен зорлық-

зомбылық жұмыстары бойынша сынып ішінде іс-шаралардың жоспарланбауы;

  1. Атқарған жұмыстардың нәтижесінің болмауы, іс-тәжірибенің таратылмауы.

Шешу жолдары

  1. Сынып жетекшілердің тәрбие жоспарларында «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылық», «Діни экстремизм және оның алдын алу»  тақырыптарында іс-шара жоспарлануын қадағалау;
  2. «Құқықтық кеңестің», «Адал ұрпақ»  еріктілер клубының жұмысын жандандыру;
  3. Әр іс-шарадан кейін жауапты адамдарды белгілеп, БАҚ-ына жариялауды жүктеу.

Қазақстандық патриоттық және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бағыты: 

      2022 жылдың 1 қыркүйегінде балалар жылына арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында алғашқы қоңырауға байланысты салтанатты жиын және сынып сағаттары өткізілді. Аталған тақырыпқа біріңғай бейнероликтер түсіріліп, мектебіміздің инстаграм парақшасына жарияланды. Жылдық жоспарға сәйкес «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» яғни балалар қауіпсіздігі бойынша айлық өткізілді. 1-11 сыныптар арасында «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!» атты сынып сағаттары өткізілді. Айлық кезінде қыркүйек айының 2 күні Сарыөзек ауылының темір жол станция полиция қызметкерлері келіп «Абайлаңыз балалар» атты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кербұлақ ауданының төтенше жағдай бөлімінің инженері Ақылшаев Али Маратұлы келіп оқушыларға өрт сөндіру талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, 1-4 сыныптар арасында «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Айлық кезінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова бастауыш сынып оқушыларына сынып жетекшілерімен бірге МАЙ-қызметкерлерінің қадағалауынмен көшеге шығып жолда жүру ережесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 8 қыркүйек күні Алматы қаласындағы «Өрлеу» оқыту орталығы булллинг және кибербуллинг бойынша мектеп әкімшілігі мен 1-11 сыныптар арасындағы сынып жетекшілерге зум желісі арқылы ақылы онлайн семинар өткізді. 13 қыркүйек күні мектеп психологы Т. Молданазаровамен бірігіп кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез құлықты, зорлық-зомбылық, құқық бұзушылық т.б. алдын алу шаралары бойынша мектептегі сенім жәшігінің рөлі мен мақсатын таныстыру бойынша 5-11 сыныптар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 20 қыркүйек күні АІІБ-нің қызметкері мектеп инспекторы О.Иманжанов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Маралбаев, мектеп дефектологы С.Мусабаева, құқық пәнінің мұғалімі Э. Алимкожаев, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Б. Альмуханбетовпен «Құқық бұзушылыққа жол жоқ!» атты тақырыбында 9,10,11 сыныптың ұлдарына ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу болды. Мектеп қыздарына эстетикалық тәрбие беру мақсатында «Кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, қыздар гигиенасы» тақырыбында аудандық емхана қызметкерлерімен 9-11 сыныптың қыздарына қыздар жиналысы өтті. 10 қазан күні «Бала қауіпсіздігінің алдын алу» тақырыбында кезектен тыс жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 1-11 сыныптың ата-аналары қатысты. Алайда жиналысқа кейбір ата-аналар келген жоқ, келмеген ата-аналардың сынып жетекшілері директордың атына түсініктеме жазып, ескертулерін алды. 

      17-21 қазан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты құқық апталығы өткізілді. Құқық апталығының жоспарына сәйкес қабырға газеттері ілінгенімен, алайда 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары толықтай өткізілген жоқ. 17 қазан күні «Бала құқығы» бойынша 8 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. 18 қазан күні 9-11 сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу жолдары» бойынша АІІБ-нің қызметкерлері А.Жексенбаева және Д.Шалқаровамен кездесу өтті. Кездесуде оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушылар арасында зорлық-зомбылық, әлімжеттік бойынша бейнероликтер көрсетілді. Жоспарға сәйкес 1-11 сыныптар арасында ауқымды қылып ашық тәрбие сағаттарын өткізді. 

      2022-2023 оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес 8 қараша күні Кербұлақ ауданының аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Али Ақылшаевпен бірігіп 9-10 сынып оқушыларына төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында өрт қауіпсіздігі және жер сілкінісі кезіндегі алдын ала қорғану және қауіпсіз аймаққа шығарылу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 9 қараша күні Сарыөзек ауылының темір жол станция қызметкері полиция майоры Бауыржан Батырханұлы «Құқықтық тәртіп» атты тақырыбында 5-6 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. 10 қараша күні мектеп инспекторы Жексенбаева Алтынай 1-4 сыныптың оқушыларына жолда жүру ережесі бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. 23 қараша күні аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері А.Жексенбаева мен Д.Шалқарова 9-11 сынып оқушыларымен кездесіп, құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, нашақорлық, тыйым салынған сайттар, жолда жүру ережелері, түңгі рейд туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 10 қаңтар күні қыс мезгілі кезіндегі балалардың өмір және жолда жүру қауіпсіздігінің алдын алу бойынша мектеп инспекторлары А.Жексенбаева, О.Иманжановпен бірігіп оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  23-27 қаңтар аралығында «Құқықтық сана – қауымға пана» атты тақырыбында құқық апталығы өткізілді. Құқық апталығында 23 қаңтар күні «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты тақырыбында өзін-өзі басқару тобымен дебат өтті. 24 қаңтар күні «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты тақырыбында 6-11 сыныптардан жасырын сауалнамалар алынды. 

Жоспарға сәйкес 25 қаңтардан бастап 1-9 сыныптар арасында ауқымды қылып ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Атап айтсақ: 25 қаңтар күні «Бала құқығы» атты тақырыбында 1в, 2ә, 3а, 4в сыныптары бірігіп ашық тәрбие сағаттарын өткізді, сынып жетекшілері: Л. Нурманова, А. СейтқазиноваЗ. Жаутикова, С. Төлебаева. 26 қаңтар күні «Өз құқығыңды білгенің жақсы өмір сүргенің» атты тақырыбында 5б, 5ә, 6в,  сыныптары бірігіп ашық тәрбие сағаттарын өткізді, сынып жетекшілері: М. Узакбаева, Т. Байтағаева, Н. Касенова. 27 қаңтар күні «Құқық бұзушылықтың алдын алу» атты тақырыбында 8ә , 8б, 9в, 9 ә сыныптары бірігіп ашық тәрбие сағаттарын өткізді, сынып жетекшілері Б. Есеркенова, А. Сман, А.Тулемисова, А. Айткенова. 27 қаңтар күні облыс бойынша кәмелет жасқа толмағандарды қатаң бақылау, түңгі уақытта көшеде ата-ананың қарауынсыз жүрмеулерін қадағалау мақсатында аудандық полиция бөлімінің инспекторлары мен аудандық білім бөлімінің қызметкерлерімен түңгі рейд жұмыстары жүргізілді. 02 ақпан күні құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 7-8 сыныптардың ұлдары мен қыздарына аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өтті. 03 ақпан күні 9-11 сынып оқушыларына аудандық төтенше жағдай бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Ақылшаев Али Маратұлымен төтенше жағдайдың алдын алу және өрттен сақтану, өртті болдырмау мақсатында кездесу өтті. 08 ақпан күні сыбайлас жемқорлыққа байланысты алдын алу және жол бермеу мақсатында 8 сынып оқушыларының арасында өз қолдарымен салған сурет шығармашылықтары өтті. Сарыөзек станция темір жол полициясының аға сержанты Мәулен Жылқайдар келіп, 5-8 сынып оқушыларына темір жолдың бойынан жүру қауіпті екенін айтып, жолда жүру ережесін сақтау және қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.     10 наурыз күні Күреңбел қазақ орта мектебінде өткен «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының өзектілігі» тақырыбында өткізілген облыстық семинарда № 49 орта мектебі «Қазақтың ұлттық тарихы» тақырыбында ауқымды көрме жасап, келген қонақтарға көормені таныстырып көрсетті. 

     30 наурыз күні жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша аудандық прокуратураның прокуроры Кенжебекова Майра Жұмаханқызы және аудандық білім бөлімінің әдіскері Байболатова ЭльнараБолатовна жоғары сыныптың оқушыларымен кездесу өткізді. 5 сәуір аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері 9-11 сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу, түңгі рейд,жолда жүру ережелері,бала қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар,мектепшілік жоспарға сәйкес бірінші ауысым 9-11 сынып және екінші ауысым 6,7,8 сынып оқушыларына ұлдар жиналысы өтті.Жиналыста қралаған мәселелер: құқық бұзушылықтың алдын алу, түңгі рейд. Оқушылардың кешкі уақытта жүрмеуін қадағалау мақсатында мектеп ұстаздарынан құралған түнгі рейд жұмыстары жүргізілді. 2023 жылдың 7 сәуір күні Республикалық көлемде өткізілген еріктілер тобынан құрылған түнгі уақытта жүргізілген кезекшілік өтті. 2023 жылдың 12 сәуір күні төтенше жағдайлардың алдын алу,эвакуциялауды пысықтау мақсатында оқу сейсмо жаттығуы жүргізілді. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Р.Нурмуханов түсіндірме жұмытарын жүргізді. Сонымен қатар,мектеп білім алушылары Республикалық «Менің мектебім буллинге қарсы» атты челленджге белсене қатысты.                                                                                      

Іс-әрекетті эвалюациялау:

Жағымды жақтары

1. Жоспарланған іс-шаралардың өтуі;

2. Тәрбиелік іс-шаралары түрлендіріп өтілуі.

Әлсіз тұстары

1. Өлке тұлғалармен кездесулердің жүзеге аспауы;

2. Дебаттар, оқулар, тәрбиеге байланысты байқауларының тиісті деңгейде  өтпеуі.

Шешу жолдары

1.Кездесулер ұйымдастыру кестесін құру;

2. Әртүрлі тақырыптағы дебаттар мен оқулардың сапасын арттыру.

Рухани-адамгершілік бағыты:

     12-16 қыркүйек аралығында тіл мерекесіне орай «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты апталық өтті. Апталықта қазақ тілі пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» атты интелектуалдық ойыны өткізілді. Орыс тілі пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «Если дружат люди – дружат языки» атты іс-шарасы өткізілді. Ағылшын пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тіл ең асыл құндылық» атты тақырыбында іс-шарасы өткізілді.

 21 қыркүйек күні мектебіміздің 10а сынып оқушылары аудандық архив бөлімінің филиалына және аудандық кітапхана бөліміне барып ашық есік күніне қатысып, арнайы кітаппен марапатталып келді. 5 қазан күні мұғалімдер күніне орай «Ұстаз – ұлы тұлға» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға ардагер ұстаздар қонақ болып келді және мектеп оқушылары ұстаздарға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды.      Жылдық жоспарға сәйкес қазан айының 14 күні Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай қазақ тілі пән бірлестігінің ұстаздары А. Төлебаева, А. Таженова, М. Узакбаеваның ұйымдастыруымен 5-11 сыныптарға ашық сабағы өткізілді.     

14 қараша күні мектебімізде "Қазіргі жастарға патриотизм тән бе?» атты тақырыбында жоғары сыныптың оқушыларымен дебат өткізілді. 24 қараша күні оқушылардың өз көзқарасын айтуға машықтандыру, қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру мақсатында «Дебат клуб» мүшелерімен «Қашықтықтан оқытудың пайдасы мен зияндары» атты тақырыпта пікір талас сайысы өткізілді. 21 желтоқсан күні өзін-өзі басқару тобының оқушылары «Балалар жылы» аясында «Қайырымдылық қайырлы іс» атты қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды.   «Қайырымдылық» жәрмеңкесінен жиналған қаражатқа әлеуметтік санаттағы оқушыларға қыстық киім, аяқ киім, мектеп құралдары мен азық-түлік алып беріп, көмек көрсетілді.

      12 қаңтар күні Д.А.Қонаевтың туғанына 111 жыл толуына байланысты туған күніне арналған іс-шара жоспары құрылып, жоспар бойынша 1-11 сыныптар аралығында  біріңғай сынып сағаттары өткізілді. «Д.Қонаев – Ғасыр тұлғасы» атты лездемесі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилованың ұйымдастыруымен «Даңқы өшпес Дара тұлға» атты конференциясы, «Д.Қонаевқа 111 жыл» көрмесі және 7-8 сыныптар арасында «Аты өлмейтін Димаш ата» тақырыбында ұлттық ойын түрлерінен спорттық жарыстар өткізілді. 

 Жоспарға сәйкес «Алтын жүрек» яғни алғыс айту күніне орай әлеуметтік желі арқылы Республикалық челлендж ұйымдастырылды. 10 сыныптың биші қыздары «Ризашылық-мейірімділік бұлағы»  тақырыбында флешмоб биін биледі. Бұл жасалған іс-шараның бәрі мектептің әлеуметтік желісіне жарияланды.  15 ақпан күні «Ауған асуынан асқандар» атты тақырыбында Ауған соғысының ардагерлерімен мерекелік кездесу өтті.     24 ақпан күні Қонаев қаласындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру лагеріне 8-9 орыс сыныптарынан 5 бала, атап айтсақ, Бондарцев Тимур, Тоқтар Ерке, Жұмағалиұлы Жақсылық, Смородин Денис және Мақсұтұлы Айбек барып, 15 наурызға дейін демалып қайтты.      1 наурыз «Алғыс айту» күнінде мектептің өзін-өзі басқару тобы ұстаздарға «Сіз лайықтысыз» атты алғыс айту іс-шарасын ұйымдастырып және 1-11 сынып жетекшілері «Алғыс айту» күніне жоспарға сәйкес сынып сағаттарын өткізді. 

Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, 1 мамыр «Бірлік күніне» орай сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізді.

Іс-әрекетті эвалюациялау:

Жағымды жақтары

1.Оқу жоспарына сәйкес апталықтардың өтуі;

2. Оқу пәндерінде күнделікті сабақ жоспарларына құндылықтарды кіріктіруі.

Әлсіз тұстары

1. «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты апталықтың жүзеге аспауы;

Шешу жолдары

1. Апталықты іске асыру үшін сынып жетекшілер, кітапханашы, жас мамандардың ынтымақтасып жұмыс жасауын басшылыққа алу.

Ұлттық тәрбие бағыты:

      14 қараша күні мектебімізде "Қазіргі жастарға патриотизм тән бе?» атты тақырыбында жоғары сыныптың оқушыларымен дебат өткізілді. 24 қараша күні оқушылардың өз көзқарасын айтуға машықтандыру, қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру мақсатында «Дебат клуб» мүшелерімен «Қашықтықтан оқытудың пайдасы мен зияндары» атты тақырыпта пікір талас сайысы өткізілді. 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 1-11 сыныптар біріңғай сынып сағаттарын өткізді. Атап айтсақ: Оқушылардың санасында дәстүрлі ұлттық мақтаныш, Отанға, ұлт мәдениеті мен тіліне деген сүйіспеншілікті арттыру және моральдық құндылықтарды жандандыру мақсатында мектеп кітапханасында арнайы бұрыш қойылып, кітап көрмесі ұйымдастырылған. Ұлттық рухты баланың бойына дарытуды өз тілін құрметтеу арқылы бойына сіңіруге болады. Осы мақсатта «Тәуелсіздік - тұғырым» атты 1-11 сыныптар арасында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді, 

 Қыздарды ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп,тәрбиелі,білімді болып өсуге тәрбиелеу мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова,қыздармен жұмыс жетекшісі И. Демеубаева,педагог-психолог И. Жаулина «Қызды қырық үйден тыю» тақырыбында қыздар жиналысын ұйымдастырып, өткізді. 2023 жылдың 25 сәуір күні «Ұлттық рухта тәрбие алса,ұлтын сүйетін ұрпақ өсер» тақырыбында 9-10 сынып және өзін-өзі басқару тобына Сарыбаев атындағы мәдениет үйінде кездесу өтті. Кездесу қонақтары ҚР-ның журналистер одағының мүшесі Р.Әбішев және Жетісу облысы Аналар кеңесінің төрайымы Ж.Баймадиева қатысты. Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, 1 мамыр «Бірлік күніне» орай сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізді                              

Іс-әрекетті эвалюациялау:

Жағымды жақтары

1.Оқу жоспарына сәйкес апталықтардың өтуі;

2. Оқу пәндерінде күнделікті сабақ жоспарларына құндылықтарды кіріктіру.

Әлсіз тұстары

 Іс-тәжірибенің таратылмауы;

Шешу жолдары

 Іс-тәжірибе тартуда, БАҚ-на мақала жариялауда мұғалімдердің жауапкершілігін арттыру.

Отбасы тәрбие бағыты: 

      Оқушыларды халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік психологиясы мен тұрмыс-салт ерекшеліктерінен бастау алған отбасы тәрбиесі негізінде баланы рухани жан-жақты дамуға, адами қасиеттерді бойына сіңіруге, жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтарды түйсінуге тәрбиелеуде мектепте ата-аналармен жұмысты жандандыру, оқушы, ата-ана, мектеп ұжымының ынтымақтастығын дамыту мақсатында әр сыныпта және  жалпы мектепішілік ата-аналар комитеті құрылған. Жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасын нығайта түсу мақсатында әр сыныптарда ата-аналар жиналыстары өткізілді. Оқу жоспарына сәйкес «Отбасы-бақыт мекені» апталығы өткізілді. 1-11сыныптарда «Отбасы-алтын діңгек» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. 1-4 сыныптарда отбасы мүшелері және олардың жанұядағы ролдері туралы айтылса, орта буындарда отбасы құндылықтары, ата-анаға деген құрмет туралы әңгіме өрбісе, жоғары сыныптарда отбасы жауапкершілігі мен міндеттері туралы ой қозғалды.  Кітапханашы Г. Ақылбекованың ұйымдастырумен «Отан-отбасынан басталады» кітап көрмесі қойылды. Ақын-жазушылардың отбасыға арналған өлең, жыр, әңгімелерінен үзінділер оқылды. 27 қаңтар күні «Ең бақытты отбасы» атты тақырыбында Толағай жарысы ұйымдастырылып, жеңіске жеткен әрбір отбасынан құралған командалар марапатталды.

Іс-әрекетті эвалюациялау:

Жағымды жақтары

1.Оқу жоспарына сәйкес апталықтардың өтуі;

2. Оқу пәндерінде күнделікті сабақ жоспарларына құндылықтарды кіріктіруі;

3.Өтілген іс-шаралардың барлығы мектептің истаграмм парашасына салынуы.

Әлсіз тұстары

1. Әкелерге арналған «Ашық есік» күні аталып өтпеуі;

Шешу жолдары

1. Ұйымдастырылған іс-шараға ат салысуда сынып жетекшілердің жауапкершілігін арттыру.

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты:

      21 желтоқсан күні өзін-өзі басқару тобының оқушылары «Балалар жылы» аясында «Қайырымдылық қайырлы іс» атты қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмеңкенің нәтижесінде, әлеуметтік санаттағы, көмекке мұқтаж балаларға киім, аяқ киім, мектепке қажетті заттар алынып берілді.  № 49 орта мектеп ұжымы мен білім алушылары 13.05.2023 жылы Республикалық «Жасыл мекен» челленджін ұйымдастырды. 

🌳 «Жасыл мекен» челленджі көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбекқорлыққа баулу, айналаны көгалдандыруға, абаттандыруға бастама болып табылады.

🌳 «Жасыл мекен» челленджі білім алушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеуге,   адамдарға деген қамқорлық сезімін дамытуға бағытталған.

🌳 Мақсаты: білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және еңбекқорлыққа баулу.

🌳 Міндеттері: білім алушылардың қоршаған ортаға қамқорлық сезімін ояту;

🌳 білім алушылардың табиғатқа ұқыптылықпен қарауға баулу;

🌳 еңбекке деген құрмет сезімін ояту.

🌱 Челлендж аясында мектеп ауласына жеміс ағаштары, қара ағаш, сирень, раушан гүлдері, хризантема гүлдері, бархатцы гүлдері отырғызылды.

     Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбиесі бағыты  білім алушының өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту мақсаттарында тәрбие жоспарлары құрылып, оларды еңбекке икемділігін қалыптастыру, дағдыландыру, шығармашылыққа, табиғатпен қарым-қатынастың дамуын қалыптастыру аясында «Жасыл ел» экологиялық қозғалыс ұйымдастырылып, биология пәнінің мұғалімі Ғ. Дүйсебекова жетекшілік етті. Мектеп директоры К. Кыстаубаеваның басшылығымен топ жетекшісі Ж. Амансихова және кіші техникалық қызметкерлердің қолдауымен мектеп ауласындағы гүлзарларға көктем айларында гүл егіліп, жаз бойы оларды күтіп, арам шөптерін жұлып, баптаулары арқасында күзде сабақ басталғанда мектеп ауласы жайқалып тұрады. 

Іс-әрекетті эвалюациялау:

Жағымды жақтары

1. Бағыт бойынша іс-шаралар жоспарланып, өткізілуі, оқу пәндері мен қосымша білім беру кезінде жүзеге асуы;

Әлсіз тұстары

1.Атқарған жұмыстардың БАҚ және әртүрлі сайттарда жарияланбауы;

Шешу жолдары

1. Бағыт бойынша әр сыныпта жыл бойы үлгілі сынып сағаты немесе тәрбие сағаттарын жоспарлау;

2. Кездесулер мен саяхаттар ұйымдастыру;

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбие бағыты:

      24 қараша күні оқушылардың өз көзқарасын айтуға машықтандыру, қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру мақсатында «Дебат клуб» мүшелерімен «Қашықтықтан оқытудың пайдасы мен зияндары» атты тақырыпта пікір талас сайысы өткізілді. 12 желтоқсан күні Дебат клуб мүшелері «Интернеттің пайдасы мен зияны» атты тақырыбында пікірталас өткізді. Пікірталастың мақсаты: Оқушылардың бүкіләлемдік өрмек-интернетке байланысты алған білімдерін нығайту болды. «Дебат клубының» жетекшілері Э. Алимкожаев пен Б. Есеркенованың ұйымдастыруымен өткізілді. 13 желтоқсан күні мектебіміздің 9-10 сынып оқушылары Мәдениет үйіне барып Кербұлақ ауданының жас мамандарымен және Жетісу облысының дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының мамандарымен кездесіп, жат ағымның кері әсері және олардың арбау жолдарынан қалай сақтану керек екені туралы арнайы жиынға қатысып қайтты. Кәсіби бағдар беру бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова және Жетісу құрылыс-техникалық колледж мамандары 9-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Адамзатқа орны толмас қасірет әкелген Чернобыль оқиғасына 37 жыл толуына орай аудандық кітапханада ардагер Төлемисов Қайрат Бимұхамбетұлы мен 9 «Ә» сынып оқушылары кездесуге барып, қатысты. Рухани-адамгершілік құндылықтарды зерделей отырып, теріс ағымдарға бағытталған көзқарастардан бас тартуға, ақпараттық зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін тұлға тәрбиелеу мақсатында жұмыстар жүргізілді. Ақпараттық мәдениет дегенге бұрын көп мән бере бермейтінбіз, тіпті елемейтінбіз, елімізде орын алған төтенше жағдай оқушылар, ата-аналар, мұғалімдерді де ақпараттық мәліметтерді қалай қолдану, тарату туралы түсініп,  смартфон, компьютерді қажетіне қарай дұрыс пайдалануға төзілдірді. Енді оқушылар ақпараттарды әлеуметтік желілерден орынды қолдана алады деген ойдамын.

Іс-әрекетті эвалюациялау:

Жағымды жақтары

Әлеуметтік желінің пайдасы мен зиянын саралай білулері;

Әлсіз тұстары

Алған білімдерін орынды қолданудың әлі де жеткіліксіздігі;

Шешу жолдары

Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру жолдарын жетілдіру.

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағыты:

       2022 жылдың 1 қыркүйегінде балалар жылына арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында алғашқы қоңырауға байланысты салтанатты жиын және сынып сағаттары өткізілді. Аталған тақырыпқа біріңғай бейнероликтер түсіріліп, мектебіміздің инстаграм парақшасына жарияланды Мектеп қыздарына эстетикалық тәрбие беру мақсатында «Кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, қыздар гигиенасы» тақырыбында аудандық емхана қызметкерлерімен 9-11 сыныптың қыздарына қыздар жиналысы өтті. 5 қазан күні мұғалімдер күніне орай «Ұстаз – ұлы тұлға» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға ардагер ұстаздар қонақ болып келді және мектеп оқушылары ұстаздарға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды.    15-18 қараша күндері аралығында мектепішілік «Алтын күз – 2022» байқауы өткізілді. «Алтын күз» байқауы өз деңгейінде өткен жоқ, кейбір сыныптар дайындықсыз сахнаға шыға салды, сынып жетекшілер тарапынан ешқандай дайындық, қадағалау болған жоқ. 15 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне орай 3-5 сынып оқушыларын «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» ұйымына қабылдау рәсімі өтті. 21 желтоқсан күні өзін-өзі басқару тобының оқушылары «Балалар жылы» аясында «Қайырымдылық қайырлы іс» атты қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. 20-23 желтоқсан аралығында 1 сынып жетекшілері К. Қабылбаева, Г. Саитова, Г. Рахманбекова, Л. Нурманова, М. Мусагулова «Қош бол, әліппем!» атты әліппемен қоштасу іс-шараларын өткізді. Әліппемен қоштасу іс-шаралары жоғары деңгейде өтті. 27-29 желтоқсан аралығында даярлық тобынан бастап 11 сыныпқа дейін Сарыөзек орта мектебінің спорт залында 0-4 сынып аралығында жаңа жыл мерекесіне орай жаңа жылдық іс-шара өткізілсе, Күреңбел Қазақ  орта мектебінің порт залында жаңа жыл мерекесіне орай жаңа жылдық іс-шара 5-11 сыныптарға өткізілді.. Жаңа жыл іс-шарасын жақсы өткізген сынып жетекшілер мектепішілік мадақтамамен марапатталды. Жаңа жыл мерекесіне арнап І-қабатқа барлық сынып жетекшілер қабырға газеттерін іліп, терезелерін жарықтандырып, 9-10 сынып жетекшілері оқушыларымен І-қабат пен мүғалімдер бөлмесін және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, мектебіміздің жас ұстаздары спорт залды безендіріп өздерінің үлестерін қосты. 25 желтоқсан күні Талдықорған қаласында өткен ҚР-ның Президентінің шыршасына ата-ана қамқорлығынсыз қалған 7 б сынып оқушысы Құрманбай Аяжан мен жартылай жетім (анасы қайтыс болған) 7 ә сынып оқушысы Ораз Елнұр қатысып, Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2022-2023 оқу жылында Президент шыршасына арнаған бір балаға100000  теңге қаржылай сыйлығымен, жаңа жылдық сыйлығын алып келді. 28 желтоқсан күні мектебімізде әр түрлі категорияға жататын 10 оқушы аудан әкімінің шыршасына барып қатысып, жаңа жылдық сыйлықтарын алып, ата-аналарына 20 мың теңгеден берілді. 

      22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні Әз-наурыз мерекесіне орай аудандық алаңда № 49 орта мектебі «Жаңа Барыс жылын қарыс алу" атты тақырыбында көрініс көрсетті. Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне ат салысып қатысқан ұстаздарға, сынып жетекшілерге, оқушыларға алғысымыз шексіз. 22- наурыз Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне орай 2, 6, 10 сыныптар арасында мектептің акт залында барлық мектеп ұжымы мен ата-наларға арналған ауқымды концерттік бағдарлама мен тәрбие сағаттары өткізілді.

       2023 жылдың 23 ақпан күні мектепшілік «Үздік сынып жетекші» байқауы өтті. Байқау жоғары деңгейде өтті. Байқауға қатысушылардың дайындығы өте жақсы болды.  Байқауға барлығы 8 сынып жетекші қатысты. Байқау жеңімпазы 5 Б сынып жетекшісі Узакбаева Мөлдір Ербосыновна. 2023 жылдың сәуір және мамыр айларында әр сынып   сынып жетекшілерімен, жауапты ұстаздармен бірге бір күндік танымдық саяхатқа барды. Биылғы 2022-2023 оқу жылында № 49 орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, биылғы оқу жылында мектепішілік лагерь өткізілмейді, сол себепті біз барлық 1-11 сынып оқушыларын 100 %  біркүндік танымдық саяхатпен қамтыдық. 1-11 сынып оқушылары танымдық саяхатқа Шоқан ауылындағы Ш.Уалиханов мұражайы, Алматы облысындағы «Түрген», «Көлсай», «Бутаковка сарқырамасына», Алматы қаласындағы «Аспаздар үйі» мұражайына біркүндік танымдық саяхатқа барып келді.  7-9 мамыр «Жеңіс күніне» орай  1-11 сынып аралығында сынып жетекшілері бірыңғай сынып сағаттарын өтті және 9 мамыр Жеңіс күніне орай аудандық алаңда мектеп ұжымы «Жауынгерлерді соғысқа шығарып салу сәтін»  көрініспен көрсетті.

       Білім алушыларға рухани-адамгершілік құндылықтарды әсемдік, көркем мәдениет, халықтар мен дәуірдің әлемдік көркем құндылықтары арқылы, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды зерделеуді қалыптастыру мақсатындаіс-шаралар ұйымдастырылды. 8-11 сынып білім алушылары арасында «Күзгі бал» және 5-7 сынып обілім алушылары арасында «Ертегілер елінде», 1-4 сынып білім алушылары үшін «Жемістер мен көкөністер» тақырыбында күздік бал өткізілді. Осы іс-шараға оқушылар, ата-аналар, сынып жетекшілер де белсене қатысып, сайыстың қыза түсуіне ықпал етеді. Бұндай шаралар баланың бойындағы бұрын байқала бермейтін ерекше қабілеті ашылып, шығармашылық, ізденістер көрініс тауып, басқа бір қырларынан көрінуге ықпал етеді. 11 сынып оқушылары «Балғын, балалық шақ» студенттермен кездесу кешін ұйымдастырды. Кешке 1-3 курс студенттері келіп, өз тәжірибелерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтты. Мектеп  бітіруші түлектер қызықты ойындар, логикалық сұрақтар ұйымдастырып, би кешімен жалғастырды. Дегенменде, студенттерден өткізу формасын түрлендіруді өтінді, себебі жылдағы сценарийдің қайталанатындығы жалықтырады деген ойларын, ұсыныстарын атты. Әрине, бұл бәрімізді ойландыру керек.                 

Іс-әрекетті эвалюациялау:

Жағымды жақтары

Жоспарға сай шаралардың толық өтуі;

Әлсіз тұстары

Іс-шаралардың бір сарынды өтуі;

Шешу жолдары

Кез келген шараны түрлендіріп, оқушы қызығушылығын арттырып, шығармашылыққа бағыттауға жоспарлау.

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыты: 

      Мектеп оқушылары арасында есірткі мен басқа да зиянды заттарды қолдануды болдырмау мақсатында «Салауатты өмір салтын» насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары арасында әлімжеттік, зорлық-зомбылық, ақша жинау фактілерін анықтау мақсатында жасырын түрде сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде, аталған факт анықталған жоқ. 27 қаңтар күні «Ең бақытты отбасы» атты тақырыбында Толағай жарысы ұйымдастырылып, жеңіске жеткен әрбір отбасынан құралған командалар марапатталды. «Қыз болашағы-ел болашағы» онкүндігін өткізу іс-шараларының жоспарына сәйкес жалпы мектепішілік қыздар жиналысы өткізіліп, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова «Спорт-денсаулық кепілі» тақырыбына баяндама оқып, 8-11 сынып қыздарына «Ерте жүктіліктің алдын-алу» тақырыбында мектеп медбикесі А. Сүттіқожанова  консультациялық қызмет көрсетті. Мектепте, ауданда өтілген іс-шаралар қорытындысы бойынша ақпараттар лездеме кезінде марапаттаумен ғана шектелуде, спорттық ойындардың  жеңімпаздарын дәріптеу жағы жетіспей жатады. Өз ауылымыздан шыққан спорт саңылақтарымен кездесу ұйымдастыру арқылы бала бойына жігер, ұлттық рух, мақтаныш сезімін ұялату арқылы тәрбиелеуді қолға алу керектігі байқалады. Құрғақ сөздер мен жаттанды сынып сағаттарынан гөрі оқушылардың естерінде қалатындай, одан қорытынды шығаруға бағытталған жұмыстар атқарылу керек.

Іс-әрекетті эвалюациялау:

Жағымды жақтары

Бағыт бойынша іс-шаралар жоспарланып,  өткізілуі, оқу пәндері мен қосымша білім беру кезінде жүзеге асуы;

Әлсіз тұстары

Салауатты өмір салтын насихаттау барысында кездесулердің ұйымдаспағаны;

Шешу жолдары

Кездесулер мен саяхаттар ұйымдастыру.

«Жалпыға бірдей білім беру» қоры: 

      № 49 орта мектеп  бойынша 2022-2023 оқу жылында мектептің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес мектепішілік 2022 жылдың бірінші қыркүйегінде №100 бұйрығына сәйкес  қыркүйек айының   01-05   күндері аралығында  мектепіішілік тексеріс  жүргізілді. Осы бекітілген бұйрықтың негізінде «Жалпыға бірдей міндетті оқу» талаптарының орындалуын бақылау:

-  мектеп жасындағы оқушылардың оқуға толық қамтылуын,

-  оқулықтармен қамтылуы және  сақталуын

-  пән кабинеттерінің жабдықталуының жағдайы  тексерілді.   

 № 49 орта мектебінде  2022-2023 оқу жылында жалпы оқушы саны -937. Әлеуметтік топтағы оқушылар саны- 423 оның ішінде көп балалы оқушылар саны-328,аз қамтылған отбасындағы  балалар саны -31, мүмкіндігі шектеулі-4,жетім-1,сәтсіз отбасы- 2 ,  ал    толық емес отбасында -144 бала бар. Мектепке жол акциясының  аясында «Жалпыға бірдей білім беру» қоры  есебінен мектеп бойынша 25 оқушыға мемлекеттік қаржыдан  860 мың теңге көлемінде қаражат бөлініп бірінші қыркүйекте аз қамтылған,  көп балалы отбасының балалары   әлеуметтік көмек  алды,   әр оқушыға мектеп сөмкесі, оқу – құралдар, аяқ киім, ақ жейде және мектеп формасымен қамтамасыз етілді   (Қосымша тізім және таратылған ведомосы тіркелуде).   Атаулы әлеуметтік көмек алатын /АСП/ алатын 31 отбасының 45 балаларына да үнемі әлеуметтік көмектер көрсетіледі. Балаға әлеуметтік көмек көрсетуде нормативтік құжаттарды негізге ала отырып жұмыс жүргізілгені анықталды.  Негізгі құжат  2008 жылдың 25   қаңтардағы № 64 Қауылысы әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы талаптарға сәйкес жүргізілгені анықталды,  мектеп бойынша әлеуметтік көмек алған оқушылардың құжаттары  ата-анасының өтініштері бір жүйеге келтірілген және жинақталған.

    «Мектепке жол» акциясы аясында мектеп бойынша 423 оқушы оқу құралдары және киімдермен қамтылды. Акцияның мақсаты: көп балалы,аз қамтылған,жетім,жартылай жетім отбасы оқушыларын жаңа оқу жылына дайындау, уақытында көмек, қолдау көрсету.Әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекте мектепке келмей қалудың алдын алу. Мектеп алаңында «Мектепке жол» ақпараттық стендтері ілінді. «Мектепке жол» платформасы мен телеграмма-чат қызметі туралы   кең-ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. www.atamekenim.kz cайтына ата-аналардың өтінімдері тіркелді. Акцияның өту қорытындысы жасалынып есеп берілуде.Ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерге,ауыл кәсіпкерлеріне, меценаттарға қатынас хаттар таратылды. «Мектепке жол» акциясына белсене қатысып,көмек көрсеткен ауылымыздың кәсіпкерлері санаттағы мектеп бойынша  80   оқушыларды  оқу құралдар және  мектеп формасымен  спорттық киімдермен қамтамасыз етті.Демеушілік қолдау жалпы сомасы 1500000 теңгеге   әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан  балаларға әлеуметтік көмек  көрсетілген.

       2022-2023 оқу жылы ҚР «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан   стандартқа  сәйкес  мектеп бойынша 96 бала   жекелеген санаттарына байланысты тегін тамақтандырумен  қамтылуда, санаттағы оқушылардың  құжаттары Қазақстан Республикасының № 64 қауылысына сәйкес жинақталып  тізімі бекітілді, бұйрық шығарылды.  Бүгінгі күні асханада ыстық тамақ Санитарлық эпиодемиологиялық талаптарға сәйкес ұйымдастырылып  мектепте аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 125 бала тегін тамақпен қамтамасыз етілген.Бірінші қыркүйектен бастап ыстық тамақпен   125 оқушы қамтылды. Бракераж комиссиясы айына екі рет ыстық тамақтың сапасын СанПин талаптарына сәйкестігін тексеріп хаттамасын толтырып бақылау жүргізіп құжаттарын жинақтауда.Әр азық түліктің сертификаттары бар. Асханадағы қызметкерлері медициналық тексерістен өткені туралы кітапшасы бар, Бекітілген менюдің негізінде  дәмді де сапалы ас әзірленуде.Асхана таза жарық және жылы барлық жағдай жасалынған. Оқу  жылы аяғында 120 бала жазғы сауықтыру лагеріне «Жалпыға бірдей білім беру» қоры есебінен  баратыны жоспарлануда. Мемлекет тарапынан 1млн.50мың тг. көлемінде қаржы бөлініп, жазғы демалыс ұйымдастырылуы жоспарланып отыр. Жаңа жылдық шырша мерекесіне 1200000 көлемінде аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан балаларға өткізілуі жоспарлануда. Ыстық тамақты ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың 31 желтоқсандағы №717  бұйрығына 1-қосымшасы бойынша Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларының жалпы ережелеріне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 Қауылысы Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы сәйкес жүргізілуде.

      Мектеп кітапханасы бойынша мектепішілік тексеріс кезінде төмендегідей анықталды. Екі кітапханашы жұмыс жасайды: Мухамедиева Қуралай Қаурызбаевна білімі арнайы орта мамандығы кітапханашы стаж 3,5 жыл және  Құрманалина Аружан  Мұратқызы білімі арнайы орта политехникалық колледж стаж 2 жыл.Мектеп бойынша бойынша барлығы 813 оқушыға оқулықтар таратылды;1 сыныптарға 9 пәннен 7566 оқулық берілді, 2 сыныпқа -1144 оқулық, 3 сыныпқа 18 пәннен 1278 , 4 сыныптарға 18 пәннен 1260  оқулық,   5 сыныптарға-1035, 6 сыныпқа -966, 7 сыныпқа -810 оқулық 15 пән бойынша, 8 сыныпка10 оқушығы 170 оқулық, 9 сыныпка 73 қазақ 9 оқушы орыс сыныптағы 153 оқулық пен қамтамасыз етілді 10 сынып-231 оқулық, 11 сынып 92 оқулықпен орыс сыныбы ал қазақ 598 оқулықпен қамтылды.   . Бүгінгі күні оқу жылдың басында барлық 813 оқушы    100 пайыз оқулықпен камтамасыз етілді . Кітапхана қоры жалпы 12899 оқулық қорымен қамтылған кітапханада әдеби және электронды оқулықтар бар, жүйеге келтііірілген, тіркеуге алынған. Қыркүйек айында оқулықтардың сақталуы туралы рейд жүргізілді  дұрыс және таза сақтау туралы оқушыларға ескертілді. Мектеп бойынша барлық оқу кабинеттері оқу- құралдарымен,парта орындықтармен  қамтамасыз етілген  және оқушының жастарына сәйкес сақталынған, әр кабинет   қажетті жихазбен   жабдықталған және санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес жүргізілуде.Оқу кабинетінің меңгерушілері құжаттарын бір жүйеге келтірген, бекітілген және   жинақталған сабақтар кестеге сәйкес   жүргізілуде. Әр пән кабинетте меңгерушіде бекітілген  жылдық жұмыс жоспары бар. Ал химия, биология, физика, информатика пәніне арналған құрал жабдықтардың  тізімі, тіркеу журналдары  бар, кабинеттегі техника қауіпсіздігі ережеле рі де бар. Оқушылардың  техника қауіпсіздігі  ережелерімен танысқаны туралы қолдары журналда бар.  Мектеп бойынша барлық пән кабинеттерде нормативтік-құқықтық құжаттар және пән бойынша кабинетке қатысты құжаттары бар және    бір жүйеге келтірілгені анықталды.                                                           Іс-әрекетті эвалюациялау:

Жағымды жақтары

Оқушылардың құжаттарының дер кезінде жиналуы;

Әлсіз тұстары

Асханадағы кезекшіліктің талапқа сай жүрмеуі;

Сыныптың ата-аналар жиналысында ақпараттардың дер кезінде берілмеуі;

Шешу жолдары

Кезекші мұғалімдердің жауапкершілігін арттыру;

Ата-аналар жиналысында жоспарлау.

Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің жұмысы: 

Тәрбие жұмысындағы атқарылатын көптеген ізгі істер сынып жетекшінің басшылығымен жүргізілді. Сынып жетекші бірлестігі отырысында сынып жетекші жұмысының негізгі бағыттарын, сыныпта жүргізілетін тәрбие әдістерін, сыныптан тыс жұмыстардың формаларын бір жүйеге  келтіру бойынша тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, сынып жетекшілері жұмыстарының жүйелігі қалыптасып, оқушылармен, ата-аналармен және қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізілді. Мақсат пен міндетке жетудегі атқарылатын жұмыстарымызды, одан күтілетін нәтижелерді сыни тұрғысынан ойлау негізінде жүзеге асыратынымызды айқын түрде түсіндік. Қыркүйек айының 8 күні білім беру саласында буллингтің алдын алу бойынша 8 сағаттық курсты мектептің 50 сынып жетекшісі және мектеп әкімшілігі оқып шықты. 13 қазан күні жылдық жоспарға сәйкес жас сынып жетекшілерімен және оларға бекітілген тәлімгерлердің отырысы өтті. Отырыста бұйрықтың жоспары таныстырылып, сынып жетекшілерден сауалнама алынды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Атайбеков 1-11 сынып жетекшілеріне сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігінің отырысын өткізіп, тәлімгерлермен және оларға бекітілген жас сынып жетекшілердің есебін тындады.

      Тәрбие жоспары бойынша мектепішілік іс-шаралар, сынып, үлгілі тәрбие сағаттары өткізілді. Сынып жетекшінің оқушымен қарым-қатынасқа түсе білуі, өткізілетін сынып сағаттары мен тәрбие сағаттарының тақырыбының ашылуы мен мұғалімнің алдына қойған мақсатына жетуі үшін білімділікті, ізденімпаздықты, үлкен шеберлікті пен тәжірибені қажет етеді. Өткізілген тәрбие, сынып сағаттарының барлығына тән кемшіліктер: құрғақ слайдтар көрсету, көрнекіліктердің тақырыпқа сай еместігі, интернеттен алынған дайындамаларды еш өзгеріссіз оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерместен пайдалану жиі кездесті, тіпті кейбір сынып жетекшілер тақырыптың ашылуымен іс-шараның мазмұны мен мағынасына жете мән бермейді, дайындамалардың тақырыбы, алынған іс-шараның мақсаты, әдісі, түрі дұрыс көрсетілмей, жазылды. Бұл біздің бүгін ғана көтеріп отырған мәселеміз емес, сынып жетекшілер бірлестігінің әр отырыстарында, семинарларда айтылып, ескертіліп отырған кемшіліктер. Болашақта, әр сынып жетекші өзі өткізіп отырған іс-шараның толық қанды өтуіне, сауаттылыққа үлкен мән беруі керек екенін түсінуі қажет. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты-мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну-қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. «Біздің оқушыларымыз алған білімдерін неліктен өмірде қолдана алмайды?»-деген сұрақтар туындайды. Кемшіліктің бір шеті біздерге яғни, ұстаздарға келіп тірелгендей болады. Себебі өзімшілдік, баланың пікірін құнды санамау, сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік деңгейінің өз талабына сәйкес өтпеуі т.б. Тәрбие жұмысын, тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін табысты жүзеге асыру үшін озық педагогикалық әдістерді, оқытудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану қажет. Бұл кемшіліктер неліктен көп деген сауал туындайды. Себебі, сынып жетекшілер әуел баста тәрбие жоспарын дұрыс жоспарламауында, апталық, тоқсандық, жылдық циклограмма құрмағандықтан, яғни жүйесіз жұмыстың нәтижесі деп білемін. Өйткені сынып жетекшілер тәрбие жоспарын құруда баланың жас ерекшеліктерін ескермей, бірінен-бірі (80 пайыз) жоспарды көшіріп алған. 

Жыл бойы өткізілетін тәрбие сағаттарына да үлкен мән берілуі керек. Себебі, сынып жетекшілер іс-шараларды бірігіп өткізуді әдетке айналдырған. Жеке өткізуге келгенде әртүрлі сылтаулар айтып, өтілмей қалатыны да шындық. Демек, сынып оқушыларымен жұмыс жасау барысында сынып жетекшінің қолдауы, ынтымақтасып жұмыс жасау, жауапкершіліктің болуы өте қажет. Себебі, кез-келген жұмыс сынып жетекшінің көмегімен ғана іске асады.                                    

Іс-әрекетті эвалюациялау:

Жағымды жақтары

Апталық сынып сағаттарының өтілуі;

«Туған жер» бағдарламасын іске асыру бойынша танымдық саяхаттар;

Қашықтықтан оқыту технологияларын пайдаланып тәрбиелік іс-шараның атқарылуы;

Әлсіз тұстары

Тәрбие жоспарын жүйелемеу;

Циклограмма құрастырмау;

Уақытылы тәрбие сағаттарын ұйымдастырмау;

БАҚ-ы арқылы тәжірибенің таратылмауы;

Сынып белсенділердің жұмысының әлсіздігі;

Шешу жолдары

Сынып жетекшілердің жауапкершілігін арттыру;

Сынып белсенділерінің жұмысын жандандыру

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары:                 С.Атайбеков

                                                                                                               А.Керимкулова

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив