IQanat » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
март
2019

IQanat

Бұлақ көрсең көзін аш

«Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны мүлде бөлек» деп айтқан Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың әрбір сөзінде мән мағына бар. Тәлім алар, тағылым боларлық құндылықтар жетерлік.
Мемлекет басшысы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жасап келеді. Қазіргі таңда барлық оқушы дарынды оқушы. Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көз жеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітуге, ұштауға, арман асуларын жұлдыздай жарқырап, тау бұлағындай мөлдіреп, халқының, ата-анасының мақтанышы болуға мүмкіндік жасау мұғалімге артылатын жүк.
Мектеп – білім берудегі бар мүмкіншілікті қамтамасыз ететін білім ошағы. Білім берушінің алдындағы басты назар аударатын негізгі міндеттердің бірі- дарынды балаларды анықтап, оларға адамгершілік қасиеттерді дамыту, шығармашылыққа үйрете отырып, терең біліммен қаруландыру.
Осы мақсатта ҚР Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев және «IQanat білім беру қоры» қоғамдық қорының директоры А.Ж. Рахимбаевпен Кербұлақ ауданының әкімі М. С. Бигельдиновпен білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында ақпан айында меморандумға қол қойды.
«IQаnat» - ауыл мектептеріне арналған білім беру бағдарламасы.
«IQаnat білім қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырып отырған олимпиаданың негізгі мақсаты – ауылдық оқушыларды қолдау, олимпиада жеңімпаздары ҚР жоғары білім алу гранттарын және халықаралық гранттар мен шәкіртақылар алуын қамтамасыз ету.
Ауданымызда алғаш ұйымдастырылып отырған бұл пән олимпиадасына жалпы білім беретін мектептердің 9- сынып оқушылары қатысты.
Аталған іс –шара № 49 орта мектебінде ақпан айының 23- жұлдызында өткізілді. Олимпиада мектептің АКТ залында салтанатты ашылумен басталды. Салтанатты жиынды 7 а сынып оқушысы Белесбай Жасұлан «Ассаламағалейкум» әнімен ашса, мың бұралған биші қыздарымыз ұлттық «Шашу» биімен жиылғандарға керемет қуаныш сыйлады.
Жиынға қатысқан оқушылар мен ұстаздарды облыстан келген координатор Нұрпейісов Даулет Сағатұлы және аудандық білім бөлімінің аға әдіскері Имуханбетова Салтанат Жалқынқызы олимпиадаға қатысушыларға сәттілік тілеп, олимпиада жұмысының өткізілу тәртібі және ережесімен толық таныстырды.
Олимпиадаға ауданымыздан 128 оқушы қатысып, 3 негізгі пәндер: математика, физика, ағылшын және «Эрудит» эссе конкурсы бойынша өз білімдерін ортаға салды. Алдағы уақытта аудан бойынша жеңімпаз оқушыларымын білім алу гранттарына ие болады деп сенеміз.
«...Бізге керегі шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті» Н.Ә.Назарбаев.
Елбасының бізге берген сенімін ақтап, дарынды оқушыларды қолдау біздің міндетіміз!