№ 49 орта мектеп КММ 2022-2023 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың атқарған жұмыстарының қорытындысы » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » № 49 орта мектеп КММ 2022-2023 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың атқарған жұмыстарының қорытындысы
31
май
2023

№ 49 орта мектеп КММ 2022-2023 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың атқарған жұмыстарының қорытындысы

№ 49 орта мектеп КММ 

2022-2023 оқу жылындағы  әлеуметтік педагогтың

 атқарған жұмыстарының қорытындысы


  2022-2023 жылына жылдық жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жылдық жоспарға сәйкес  «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы тамыз айының 1-нен жылдың соңына дейін жалғасуда. Ел бойынша дәстүрге айналған республикалық «Мектепке жол» акциясы жүргізілді. Бұл акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу. Жаңа оқу жылының жақындауына орай ата-аналар балаларын мектепке жинау үшін қажеттінің бәрін сатып алады. Аудан тұрғандары арасында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін - бұл үлкен мәселе. Осы орайда, көмекке келетін қайырымдылық акциямыздың атқарып жатқан үлесі зор. Жыл сайын ондаған отбасы көмек алуда. Демеушілердің көмек көрсетуі арқасында балалардың барлығы мектепке дайын болады. Барлық қажетті құралдармен қамтылған балалар 1 қыркүйек күніне білім нәрімен сусындауға мектепке келді. Балалардың мектеп формасы, оқуға  қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылып, алаңсыз білім алуына жағдай жасауына үлес қосқан демеушілер қатарымыз жылдан жылға артуда. Бүгінгі күнге дейін көмек көрсеткен демеушілер қатарында мектеп директоры Кыстаубаева Камшат Болатханкызы, Сарыөзек ауылдық округінің әкімі Тұрсынбаев Батырхан Ешметұлы демеушілігімен 8 «в» сынып оқушысы, Кербұлақ ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысы Орынтай Абылай демеушілігімен 9«а» сынып оқушысы, Кербұлақ аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлім басшысы Бураханов Асхаттың демеушілігімен 9 «ә» сынып оқушысы,Сарыөзек ауылдық округінің әкімшілігінің бас маманы Б. Машарбетов, «Турар» шаруа қожалығының басшысы Есенқұлов Мәди,  жеке кәсіпкер Батчаева Галина, 1 «г» сынып ата-аналары, биология пәні мұғалімі Ибраимова Шолпан ,  «Технодом» ПВЗ ұжымы мен басшысы Нұрлыбек Нұрбол демеушілігімен 8 «в» сынып оқушысына, «Эля» сауда үйі басшысына, «Планета одежды» сауда үйінің меңгерушісінің демеушілігімен 11«ә», 10«в», 7«б», 6«ә», 2«ә» сынып оқушыларына, «Ырыс» сауда орталығының меңгерушісі А. Адильшинның демеушілігімен 9 «ә», 8 «б», 6 «в», 5 «б»,сынып оқушылары 11 «Б» сынып ата-аналары мен сынып жетекшісі Мухамадиева Ажар Тлектесовна, 11«Ә»,«А» сынып ата-аналары,  10 «В» оқушыларымен сынып жетекшісі Кистаубаева Рахат, 10«Ә», «Б» сынып ата-аналары, 10 «А» сынып жетекшісі Джекежанова Алия Танирбергеновна мен ата-аналары,  9 «Б», «Ә», «А»ата-аналары, 8 «Б», «Ә», «А» ата-аналары, жеке кәсіпкер Балажанова Джамиля, 7 «В», «Ә»,«Б» ата-аналары, математика, ағалшын пәні, қазақ тілі мен әдебиет пәні, бастауыш орыс бірлестігі, бастауыш қазақ бірлестігі,денешынықтыру пән бірлестігі, 6 «В» ата-аналары мен сынып жетекшісі Назерке Касенова, 6 «Б» ата-аналары Саткалиев Асхат пен Есжанова Зияда, 6 «Ә» ата-аналары мен сынып жетекшісі Гульмира Мавлекеева,  6 «А» сынып ата-аналары, 5 «б» сынып ата-аналары Сабыржан Мұхамедтің інісінің еміне ақшалай көмек көрсетті, 5 «Ә», «А» сынып ата-аналары, 4 «Г», «В», «Б», «А», 3 «Г», «Ә»,  «А» ата-аналары, 2  «Ә», «Г», «Б», «А» ата-аналары, 1  «Ә», «Б», «Г» ата-аналары. 


№49 орта мектеп КММ әлеуметтік жағынан қорғалған оқушылар туралы сандық мәлімет


Санаты

Отбасы саны

Жалпы бала саны

Ұл

Қыз

1

 Жетім

1

1

1

-

2

Сәтсіз жанұя

4

5

5

-

3

Толық емес отбасы

89

117

65

52

4

Аз қамтылған

29

31

17

14

5

Үйден оқитын

12

13

8

5

6

Өгей әке-шешесімен тұратын

8

9

5

4

7

Көп бала отбасы

97

236

108

128

8

АIIБ тұрған бала

-

-

-

-

9

Мектепшілік есепте тұрған

8

8

4

4

10

Тәуекел тобында есепте тұрған

8

10

7

3

11

Туысқанның үйінде тұратын

8

10

4

6


Асханада бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар туралы сандық мәлімет

1

Жалпыға бірдей оқумен қамту қорынан

125

2

Асхананы жалға алу есебінен

-


Барлығы

125 


№ 49 орта мектеп бойынша мектебімізде ыстық тамақпен қамту мақсатында жұмыстар жүргізіліп келеді. Мектеп күрделі жұмыстары жүргізілуіне байланысты бастауыш сыныптар 1-4 «Сарыөзек орта мектебі МДШО»-да, ал 5-11 сынып оқушылары «Күреңбел қазақ орта мектебінде» оқиды. Жалпыға бірдей білім беру қорынан №49 орта мектебі бойынша 125 бала ыстық тамақпен қамтылады.  Мектепке күрделі жұмыс жүргізілуіне байланысты  бастауыш сынып оқушылары  Сарыөзек орта мектебінде оқығандықтан, бастауыш сыныптың 73 оқушысы   Сарыөзек орта мектебінің асханасында бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.  Қалған 52  оқушы Күреңбел қазақ орта мектебінің асханасында  бір реттік ыстық тамақпен қамтасыз етіледі. 

 Күнделікті берілетін ыстық тамақты түске дейін 38 оқушы, түстен кейін  87 оқушы ішеді. 

Үйден оқитын, көп балалы, сәтсіз отбасыларда тәрбиеленіп жатқан, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған оқушылар 100% оқулықпен қамтамасыз етілді. Үйден оқитын 13 оқушының құжаттары жинақталып, әлеуметтік тұрмыстық жағдайларын анықтау мақсатында АКТ толтырылып, қадағаланды. Қыркүйек айында №49 орта мектеп КММ бойынша денсаулықтарына байланысты үйден оқитын 13 тіркелді. Олар: Тұрсынғали Айжан 7а сынып,  Умаров Хусен 8в, Құдайберген Айбек 7ә, Тұрсынғали Нұржан 7а, Задвинская Ксения 4в сыныбы, Хаджиев Микаил 7в, Амантай Айзере 3а, Есболат Нұрайлым 7 а, Шерипов Имран 5б, Сабыржанұлы Бауыржан 2а, Хасанов Алинур 2б, Дукенбаева Алуа 2б, Сабыржан Бағдаулет 9ә. Жалпы әлеуметтік жағдайлары орташа.

Қамқорлықтағы тәрбиеге берілген балаларды анықтау, асырап алынған балалардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерттеу мақсатында әр сыныптың сынып жетекшілерімен жұмыс жүргізілді. Мектеп бойынша ата-анасынан айрылып, жетім және қамқорлығынсыз қалған оқушылар саны 3 оқушы.  Отбасының әлеуметтік жағдайы орташа, сабақ оқуына, баланың жетілуіне ешқандай кедергі жоқ. Оқушының жеке бөлмесі, сабақ оқитын үстелі бар. Сабаққа деген зейіні жақсы. Қамқоршылармен 3 ай сайын кездесіп есеп алынды.

Өгей әке-шешемен тұратын 14 оқушы  анықталып, әлеуметтік – тұрмыстық жағдайын анықтайтын АКТ-лер толтырылды, жыл бойы сынып жетекшімен бірлесе отырып жұмыс жүргізілді.

Нашақорлық және зиянды заттарды қолданбау барысында Кербұлақ АІІБ ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты А. Жексембаева «Нашақорлық-өмір дерті» 8-11 сыныптарда арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Рейд мақсаты – салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы мен  ағзаға зиян әкелетін, ақыл есінен айыратын, пайдасыз, зиянды заттардан аулақ болуға шақыру. 5-8 сыныптармен әңгіме барысында оқушылардың зиянды заттарға деген жағымсыз көзқарасы, өскелең ұрпақтың ақты ақ деп, қараны қара деп бағалағаны, үлкендерден көрген нашақорлық пен зиянды заттарды қолданудың дұрыс емес екенін түсінгені жанға жылу сыйлайды. Ал, 8-11 сыныптар арасында оқушылар нашақорлық және зиянды заттарды қолданбайтыны, көбісінің салауатты өмір салтын ұстанатыны, көптеген спорттық секциялар, үйірмелерге қатысып, бос уақыттарын тиімді пайдаланатыны қуанарлық жайт. Нашақорлықтың арты ажал, алды жан қинайтын ауруларға душар болу екені бәрімізге аян. Осыны болашағымыз өскелең ұрпаққа мысал келтірулер арқылы түсіндіре береміз, олардың зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелейміз. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырамыз. 

 Әр сыныптың әлеуметтік жағдайын анықтау барысында әлеуметтік карта құрылды. Мектеп бойынша жалпы саны 47 сынып комплектісі бар. Бұл сыныптардың сынып жетекшілері түгелдей сыныптың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын анықтайтын картаны толықтырып, толтырып, өткізді. Барлық сыныптардағы оқушылардың үйлері араланып, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын анықтайтын АКТ толтырылып, жинақталды. 

Мектептің 8-11 сыныптары аралығында «Менің кемшіліктерім мен қабілеттерім» сауалнамасы алынды. Сауалнама барысында кемшілік пен қабілеттер кестесі, бала мүмкіндіктерін тану, кемшіліктерін болдырмауға, қабілеттерін аша түсу жолдарын анықтау картасы әзірленді. Оқушылар өз бойында сөздік қабілеті, шығармашылық, оқуға қарым-қатынас спорттық, өзіне-өзі сендіру қабілеттерін анықтап, мен жауапты әрі өз бетімен жұмыс жасай аламын деп шешілді. 

Қыркүйек-мамыр айларында айлық жоспар құрылды. Қажетті оқушылардың үйлері араланып, АКТ толтырылды. Әлеуметтік жағдайы төмен оқушылар қадағаланды. Бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Асхана тарапынан тағамдары дәмді, уақытымен, бекітілген мәзір бойынша беріліп отырды. 

«Жалпыға бірдей білім беру» қоры есебінен желтоқсан айында «Жаңа жыл» мерекесіне орай мектебімізден толық емес отбасы санатында тұрған екі оқушымыз Ораз Елнұр мен Құрманбай Аяжан Президенттік шыршаның 100 000 ( жүз мың) теңге сыйлықтарымен және қыстық сырт киіммен, қыстық аяқ киіммен, бас киіммен және спорттық киіммен бірге, спорттық аяқ киіммен қамтамасыз етілсе, дәл осы желтоқсан айында әкім шыршасына жетім, аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан 10 оқушы қатысып 20000 теңге ақшалай сыйлық пен тәтті кулек  берілді.   Олар: Нүргелді Нурлан, Хромченко Олеся, Инахан Айбар, Ілияс Өркен, Амантай Айзере, Задвинская Ксения, Еркебай Акниет, Рахатұлы Куаныш, Пашков Елисей, Жандос Алихан. 

2022-2023 оқу жылының  30 қаңтарда мектепте «Мейірімді жүрек» тақырыбында қамқоршылар күні өткізілді. Мақсаты: қамқоршылардың ата-аналық махаббат сезімін дамыту. Жалпы мектебімізде 1 толық жетім және 2 қамкорлықтағы бала есепте тұр. Кездесуге қамқоршылары келіп тренингтерге қатысып, сауалнама  алынып, әңгімелесіп, бала тәрбиесінде қандай қиыншылықтар кездесіп жүргендерін айтып өтті. Мектеп психологына оқушы жеке әңгімелесуге баруға болатынын айтылды. Қамқоршылардан 3 айлық жәрдемақының есебі алынды. Жалпы кездесу өз деңгейінде өтті, балалардың қамқоршылары   рахметтерін айтып ұйымдастырған кездесуге риза болып қайтты.

10 қаңтардан бастап «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы аса ұйымшылдықпен өтіп жатыр. Бұл акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу. Акция барысында айлық жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Акция барысында демеушілер тартылып 7 балаға көмек көрсетілді. Рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрмысы қолайсыз отбасылардың үйлері араланды.

Қашанда оқушы үшін аянып қалмайтын ұстаздар қауымы «Қамқорлық» акциясы барысында белсенділік танытты. Мектептегі аз қамтылған және әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына мектеп ұжымы мен ата-аналар тарапынан көмек көрсетілді. Сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен ата-аналармен бірігіп мектеп құралдары мен жылы киімдер алынып, оқушыларға берілді. 

  Қайырымдылық акциясы шарасының барысында 180800 мың теңге көлемінде қыстық киіммен көмек көрсетілді. Ал заттай көмек көрсетілген киімдер қажет ететін оқушыларға үлестірілді. Алынған заттар арнайы дәптерге тіркелді. Сонымен барлығы 14 оқушыға көмек көрсетілді.

Мұны бір аз қамтылған отбасы балаларының жүзі жарқын, өз қатарынан кем болмай, алаңсыз оқуына жасалған үлкен қамқорлық деп түсінеміз. Балалардың мектепке, ұстаздарға деген сүйіспеншілігі де арта түсері сөзсіз. Қолы ашық, жаны жомарт жандар көмек қолдарын созып, өте сауапты іс жасап, көпке үлгі көрсетіп отыр.

Қаңтардың 10-15,  1-8 сынып аралығында бастауыш сынып оқушылар арасында «Мен және жанұям» деген сурет сайысы өткізілді. Бұл сайыстың мақсаты: отбасының әр мүшесінің маңыздылығы туралы және отбасының өмірдегі рөлі туралы көз қарастарын қалыптастыру. Балалар белсенді түрде қатысты. Әкелгендері тек суреттер ғана емес, отбасы туралы өлең оқып, бірінші сынып оқушылары өздерінің ата-аналары, әжелері туралы айтты. Біздің мектеп балаларының белсенділіктері мен позитивті болғандары қуантады. Атап айтатын болсақ оқушылардың суреттері ерекше әдемі екені байқалды: А.Нұрланова, Д.Боровикова, А.Богомолова, Е.Айару, Т.Даулет, С. Карачевцева, Е. Сухачева,  А. Кәрім,   Ә. Едіге, А.Тұрарбекқызы, А. Абдыхан, А. Жабықбай,  А. Альмұрат деген оқушыларымыздың суреттері бояуы анық, ашық әдемі салынған.

Қаңтар айының 25-29 күндері 5-8 сынып оқушыларымен «Отбасы мен ата-аналары баланың көзімен» тақырыбында сауалнама өткізілді. Мақсатымыз: оқушыларға отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтауға, отбасында бір-біріне деген сый құрметтер дамытуға ықпал ету.

Балалардың ата-аналарға сый құрметін дамыту туралы. Жалпы ережелерінде: Мектепте оқушылар өзара және үлкендер арасында рухани-адамгершілік нормаларын сақтайды. Адал әрі өзінің және өзгенің ар-ождан қағидаларын биік ұстайды. Оқушылар: оқушы мектепке мектеп үлгісімен, үлкендерге құрметпен қарауға, көмек керек кезінде, мүгедек-кемтарларға көмек көрсетуге. Мектеп мүлкін өз мүлкіндей сақтап, күтуге, басқа да адамдар мен қоғамдық меншіктерді көздің қарашағындай сақтауға, мұғалімдердің және басқа да мектеп қызметкерлердің айтқанын бұлжытпай орындауға, сабақтан қалмауға, уақыты кешікпей келуге және т.с.с. Оқушылар сауалнама барысында: Мектептегі тәртіп ережесін сақтайтындары, ұстаздармен қарым-қатынастары жақсы, бірге оқитын оқушылардың бәрі ұнайды,  мұғалімдердің сабақ бергендері ұнайды, ата-аналарымен мектеп туралы әңгімелесіп, өздерінің ойларымен бөлісетіндері екені анықталды.

Ақпан айының 3 жұлдызында «Өз құқығыңды қорғай білесің бе?» тақырыбында АІІБ-нің қызметкерлерімен кездесу өтті. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен танысып, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерін білу қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге  тәрбиелеу. Кездесуге  9-11 сынып оқушылары  қатысты. АІІБ-нің аға лейтенанты А.Жексембаева  оқушыларға құқық бұзушылық және қылмыстың түрлері мен таныстырып өтті. Оқушылар сұрақ қойып пікір алмасты. Жалпы кездесу өз деңгейінде өтті.

 7-11 сыныптар арасында «Темекі және ұлы заттардың зияндылығы» туралы әңгіме өткізілді. Мектеп медбикесі А. Сүттікожанова өз баяндамасында оқушыларға темекі тартудың зияндылығы туралы, темекіні тұтатқаннан кейін, оның құрамында ұлы заттар, шылым шегу арқылы өкпеге өткеннен кейін денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. Ол ұлы заттар, ауыз және өкпе арқылы қанның құрамына өтеді. Бұл заттар үш топқа бөлінеді: никотин, смола заттары, және ысты газ. Сонымен қатар темекі түтінінде синильдік қышқыл, канцерогенді және радиоактивті изотоптар бар. Бұл заттардың ішіндегі бәріне белгілісі-никотин. Ол өкпеден қан айналым мүшелеріне өтеді де басқа әртүрлі органдарға жағымсыз әсерін тигізеді.  Никотин–у, оны үлкен мөлшерде қолданғанда, тамыр соғуын жиілетеді, басты айналдырады, салқын тер шығып, құсықты тудырады және адам бозарып кетеді. Мектептің әлеуметтік педагогы Э. Сатаева: шылымды ылғи тартудың салдарынан, өлімге апармайтын мөлшері, никотинге деген әдетті тудырып, шылым шегуге құмарлықты тудырады. Ұлы заттар қан арқылы адам организміне бар жоғы 21-23 секундта айналып өтеді. Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн адам қайтыс болады екен. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд адам темекі шегеді екен. Егер адам 15 жасынан бастап темекі тартса оның өмір сүру жасы 8 жылға қысқарады. Темекі – адам денсаулығына қауіптілігімен қатар өзіңді тәүелді өтетін өнім, ашығында темекіні тастау адамның мықты ниетіне, ерік күшіне сабыр-төзіміне көп байланысты. 9 а сынып оқушысы Болатқызы Даяна: темекі түтіні автомобильдердің шығаратын зиянды заттарынан да 4 есе көп зиянды, бір куб мм темекі түтіні 3 млн ыстың   бөлшектерінен құрайды. Әрбір сигарет денедегі 25г С витаминіне тең болады. Әділқан Айғаным 9 а сынып оқушысы: Герман ғылымдарының зерттеуінше бір сигарет адам өмірін 12 минутқа кемітеді. 20 сигарет тарту арқылы, адам  күніне бір сигареттің түтінінен 580-1100 есе артық  кір ауамен дем алғандай болады. Жалпы әңгімелесу барысында оқушылар темекінің адам ағзасына зиян екенін түсініп, өздері де басқа адамдарға темекі шегудің зияндылығы туралы айтып жүреміз деп бір ауыздан келісті.

 2022-2023 оқу жылында мектебімізде 4  сәтсіз отбасы тіркелген, оның ішінде бала саны- 5, Олар: Бутко Александр, Акбаев Ильсур, Бутко Радислав, Оберемко Данил, Туганбаев Нуржан. Аудандық ішкі істер бөлімінің есебінде тіркелген оқушы жоқ. Мектепішілік есебінде 5 оқушы тіркелген, олар: Өмірзақ Азамат 7 а, Қадіралі Дамира 9 ә, Абдықан Дильназ 9 б, Амангелді Индира 10 б, Шарипова Анель 10 б. Жыл бойы аталған оқушылармен жоспар бойынша жұмыстар жүргізіліп, сынып жетекшілер, тәлімгерлер мен психологтармен бірлесе отырып жұмыс жүргізілді.

Ата-аналармен және 8-11 сынып оқушылары арасында наурыздың  13-17 аралығында  442т 2 бап 3б ҚР Әкімшілік кодексі, Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бермеу тақырыбында әңгімелесіп, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз бірге жүруіне жол бермеу, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер заңды өкілдеріне жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады деп ескертіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды бақылау мақсатында сәуір айының 26-27 аралығында үйлеріне барып, қамқоршыларымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жыл бойы сынып жетекші, мектеп әкімшілігі және психолог бақылауында болды.     

АІІБ ЮПТ есебінде, сәтсіз, мектепішілік есепте тұрған оқушылардың үйлеріне  сәуірдің 24-26 аралығында барып, ата-аналарымен әңгімелесіп, қадағалаусыз және қараусыз қалдырмауы туралы, заңды өкілдерінсіз түнде шықпауы туралы  түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Құқық бұзушылықтың, қаңғыбастық пен тіленшіліктің алдын алу, ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандарды анықтау, түнгі уақытта ата-анасыз және заңды өкілдерінсіз жүрген балаларды анықтау мақсатында   профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізілді.       

Қадағалаусыз және қараусыз қалған балаларды анықтау бойынша «Кеш», «Жасөспірім», «Түнгі қала» т.б рейд жұмыстарын жүргізілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен   кездесу ұйымдастырылды. 

«Адамдарға қуаныш сыйла» қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді, қайырымдылық акциясы шарасының барысында 144500 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Қашанда оқушы үшін аянып қалмайтын ұстаздар қауымы белсенділік танытты. Мектептегі әлеуметтік көмекті қажет ететін көпбалалы отбасы балалары Дәулет Кәрім, Дәулет Айзереге мектеп ұжымы мен ата-аналар тарапынан көмек көрсетілді. 

Мұны бір аз қамтылған отбасы балаларының жүзі жарқын, өз қатарынан кем болмай, алаңсыз оқуына жасалған үлкен қамқорлық деп түсінеміз. Балалардың мектепке, ұстаздарға деген сүйіспеншілігі де арта түсері сөзсіз. Қолы ашық, жаны жомарт жандар көмек қолдарын созып, өте сауапты іс жасап, көпке үлгі көрсетіп отыр.


Әлеуметтік педагог                             Н. Буркитбаева







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив