Діни сауаттылық, экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында өткізілген шараның » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Діни сауаттылық, экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында өткізілген шараның
07
декабрь
2022

Діни сауаттылық, экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында өткізілген шараның

№49 орта мектебі бойынша діни сауаттылық, экстремизм мен терроризмнің алдын алу  тақырыбында өткізілген шараның

Хаттамасы 

07.12.2022 ж                                                                      Сарыөзек ауылы                                                                                                       


Қатысқандар:   № 49  орта мектебінің 8, 9,10,11  сынып оқушылары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары,   кітапханашылар,  тарих, дін тану пәндерінің мұғалімдері, сынып жетекшілер.

Шақырылған қонақтар: Сарыөзек ауылындағы Ақ мешіттің имамы Аркабаев Серікбол, Кербұлақ аудандық полиция бөлімінің майоры А. Джексембаева. 

Күн тәртібі

  1. «Діни экстремизм- бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп!» тақырыбында баяндама  ДТІЖО А. Жумадилова.
  2.  «Дін - рухани тәрбиенің тірегі» тақырыбында ашық  әңгіме  Ақ мешіттің имамы Аркабаев Серікбол.
  3. «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терртроизмге қарсы іс –қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама» таныстыру мақсатында Кербұлақ аудандық полиция бөлімінің майоры А. Джексембаева түсіндірме жұмысын жүргізді.

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жумадилова Айдана Султановна кіріспе сөз сөйлеп, жиналысты ашты. Теріс діни ағымдардың іс-әрекетіне қарсы насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында өткізілгелі отырған жиналыстың маңызын түсіндіріп,  келген қонақтармен таныстырды. Сонымен қоса, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова «Діни экстремизм- бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында оқушыларға дәстүрлі, дәстүрлі емес діни ағымдар мен экстремизм, терроризм туралы толыққанды түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында баяндама оқыды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөзді Сарыөзек ауылындағы Ақ мешіттің имамы Аркабаев Серікбол алды. Ол «Дін – рухани тәрбиенің тірегі» тақырыбында ашық  әңгіме жүргізді. Алаш жұрты ұрпағын: «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа»,- деп тәрбиелеуі тегіннен-тегін емес. Бүгінгі таңда халықтың рухани байлығынан сусындау – салт-дәстүрін, тілін, діні мен ділін жетік меңгеру- бәрімізге ортақ міндет.Осы орайда дін мен дәстүр біздің ұлттық болмысымыз екенін айтқым келеді. Дін дәстүрдің таразысы әрі негізі саналады. Тілдің, дәстүр мен мәдениеттің дамуына да оның тигізер әсері мол. Дін-мәңгілік әрі хақ. Дін ісі-тәрбие жолы, адамның рухани азығы- деді.    

  Өз сөзінде: «Сирияға кеткен жастар туралы көріп, естіп біліп отырсыздар. Ал солар біздің елімізден кеткен 1000-ға тарта жастар ата-анасының қандай күйде отырғанын біледі ме екен? Балалардың теріс жолға түскені ата-ана үшін үлкен қайғы қасірет екенін сезе ме екен?»- деген ой тастады.  Сонымен қатар, оқушыларға қазіргі таңдағы кең тарап жатқан басқа дәстүрлі, дәстүрлі емес діни ағымдар туралы толық ақпаратармен бөлісе отырып, сол діни ағымдарға қатысты түрлі әлеуметтік желідегі топтарға қосылмау керектігін, әлеуметтік желідегі жалған ақпараттарға сене бермеу керектігін қатаң түрде ескертіп айтты. Сол үшін оқушылардың діни сауаттылықтарын арттыру мақсатында осындай тақырыпта сынып сағаттары мен кездесулер жиі өткізіп тұру керектігі туралы да тілге тиек етті. Сонымен қоса, оқушылардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіру үшін, өзін  мұсылман деп тануға ұлтының озық дәстүрін, әдет-ғұрпын ұғынуға, ұлтжанды азамат болып өсіп жетілуіне игі әсер беретінін тілге тиек етті.  Ораза ұстаған адам өзін-өзі тәртіпке шақырып, жаман істерден тыйылады. Мұсылмандыққа жат қылықтардан өтірік, өсек айту, дау жанжалдан, біреу туралы жаман ойлаудан, дауыс көтеріп  ұрысудан аулақ болуға тырысады.

   Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Кербұлақ аудандық полиция бөлімінің майоры А. Джексембаева «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терртроизмге қарсы іс –қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама» тақырыбында оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  

  Сөз соңында атап айтсақ, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова оңай жолмен ақша тапқысы келіп құмар ойындар ойнап, түрлі ойынхаларды жағалап жүргендер, карта ойнап алтын уақыттарын құр жіберіп жүргендер,   нәтижесінде ұрлық жасап, адам тонауға дейін барады. 


Терроризмнің  бетін  ары  қылып,  еліміз  тыныш,  аспанымыз  ашық  болып,  әркез  бейбітшіліктің  таңы  атсын деген сөзімен аяқтады.

Шешімі:

1.  ДТІЖО А. Жумадилованың  «Діни экстремизм- бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп!» тақырыбындағы  баяндамасы назарға алынсын.

2. Теріс діни ағымдардың іс-әрекетіне қарсы насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру жалғасын тапсын.

3. Кербұлақ аудандық полиция бөлімінің майоры А. Джексембаева  «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс –қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы» тақырыбындағы түсіндірме жұмыстары назарға алынсын, іс жүзіне асырылсын.

4. Осы шешімнің орындалуы ДТІЖО А. Жумадиловаға жүктелсін.

Мектеп директоры                      К. Кыстаубаева

Хатшы                                           А. Жумадилова  



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив