Тәуелсіздік- ұлы дала ұрпақтарына аманат » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тәуелсіздік- ұлы дала ұрпақтарына аманат
18
июль
2022

Тәуелсіздік- ұлы дала ұрпақтарына аманат

Тәуелсіздік- ұлы дала ұрпақтарына аманат
№49 орта мектебінде Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларының өнегелі істерін дәріптеу, Тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру, тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге, оқушылар бойында отансүйгіштік-патриоттық сезімдерін тәрбиелеу мақсатында «Тәуелсіздік- ұлы дала ұрпақтарына аманат» тақырыбында тарих, география бірлестігінің апталығы болып өтті.
Апталық барысында география пәнінің мұғалімі А.Мамекова «Мы дети Независимости» атты тәрбие сағатын өткізсе, тарих пәнінің мұғалімі Е.Алимкожаев «Каковы причины завершения «холодной войны» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. География пәнінің мұғалімі Н.Талдыбаева «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында сайыс сабағын, тарих пәнінің мұғалімдері С.Артықбаева мен И.Демеубаева ұлтымыздың танымал тұлғасы Ә.Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына орай «Тәуелсіздік шежіресі» атты конференция өткізді. География пәнінің мұғалімдері Т.Нұртазина мен Р.Алсай «Біз Тәуелсіз елдің – ұрпағымыз» тақырыбында жарыс сабақтарын ұйымдастырды. Тарих пәнінің мұғалімі Ө.Тоқтасын «Қ.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» атты ашық сабақ өткізді.
Сонымен қатар тарих пәні мұғалімі Б. Есеркенова «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында өткізген сынып сағатында тарихи оқыиға кезеңдері мен тарихта ерекше орны қалған желтоқсан көтерілісінің тәрбиелік мәнін, мазмұнын аша білді. Апталық соңында мектеп оқушылары мен ұстаздарының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік- ұлы дала ұрпақтарына аманат» тақырыбында апталықтың жабылу кеші өтті. Оқушылар көрнекті ақын-жазушыларымыздың өлеңдерін мәнерлеп оқып, желтоқсан құрбандары болған халқымыздың батыр перзенттерінің монологтарын оқыды, Қазақ хандығының тәуелсіздік жолындағы күресіне арналған көрініс көрсетіліп, білім алушылар пән бойынша өткізілген сайыс және жарыс сабақтарында өз білімдерін көрсете білді. Апталықта білімдерін көрсеткен және белсене қатысқан оқушыларды мектебіміздің директоры А.Кожабергенова мақтау қағаздарымен марапаттады.
«Бірлік барда, тірлік бар» дегендей, ынтымағымыз бен бірлігіміз жарасып, сыйластықта өмір сүрсек, еліміздің іргесі сөгілмесі анық.
Егеменді ел болып, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына қол жеткізіп отырған кезеңде Қазақ елі ынтымағымыз бен бірлігіміз ажырамай, амандықта, саулықта өмір сүрейік! Еліміз бен жеріміздің айбыны асқақ, тәуелсіздігіміз тұғырлы, Қазақ елі, Қазақстан мәңгі, ғұмырлы болсын!





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив