№49 орта мектеп КММ –нің 2022-2023 оқу жылындағы педагог- логопедтің жүргізілген жұмыстарына ТАЛДАУ » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №49 орта мектеп КММ –нің 2022-2023 оқу жылындағы педагог- логопедтің жүргізілген жұмыстарына ТАЛДАУ
31
май
2023

№49 орта мектеп КММ –нің 2022-2023 оқу жылындағы педагог- логопедтің жүргізілген жұмыстарына ТАЛДАУ

№49 орта мектеп КММ –нің  2022-2023 оқу жылындағы

педагог- логопедтің жүргізілген жұмыстарына  

ТАЛДАУ


            2022-2023 оқу жылында  жылдық жоспары құрылып бекітілді. Осы жоспар бойынша жыл бойы ерекше білімді қажет ететін   оқушылармен, ата -аналармен мұғалімдермен жұмыс жүргізілді. Жыл бойы жасалған жұмысқа сараптама жасалып, мониторинг жүргізілді. 

         Логопедиялық жұмыстың негізгі мақсаты- оқушылардағы тілдік емес      функциялардың кемістіктерін және тіл бұзылыстарды дер кезінде анықтау негізгі қасиеттерді қалыптастыру арқылы барлық сфераларды қозғалыс, дем алу, сенсорлық және т.б дамыту тәрбиелеу және түзету, жеке дара ыңғай жасау арқылы сөйлеу тіліндегі бұзылыстарды түбегейлі жою болып табылады.

   Аталмыш мақсатқа жету жолында, логопед мұғалім ретінде, төмендегі міндеттерді       алға қоямын.

       -Ауызша сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзету.   Тілдік моториканы қалыптастыру және дамыту; просодикалық элементтерді дамыту; дыбыстау бұзылыстарын түзету; фонематикалық қабылдауды  қалыптастыру және дамыту; сөйлеу тілінің кемшіліктерін жою және лексико -грамматикалық жағын жетілдіру. 

       -Оқушылардың жазба тіл бұзылыстарының алдын алу. Балалардың       психофизиологиялық деңгейіне сәйкес тілдік және тілдік емес жаттығуларды функционалды негіз және жағымды орта қалыптастыру. 

    -Оқушылардың жазба тіліндегі бұзылыстарды түзету. Сауат ашуға қажетті   тілдік және функцияларды дамыту; талдау және  жинақтаудың фонематикалық дағдыларын қалыптастыру. 

   2022-2023 оқу жылында ПМПК қортындысы бойынша логопедиялық жеке сабаққа  4 оқушы  үйден оқытылатын ерекше білімді қажет ететін оқушылар болып анықталып тізімі жасалынды.

1.Амантай Айзере  3a сынып 

2.Задвинская Ксения 4в сынып 

3.Есболат Нұрайлым 7а сынып 

4.Умаров Хусен 8в сынып

         Осы аталған оқушыларға жеке папкасы құрылып, күнтізбелік –тақырыптық жоспар, сабақ кестесі, бақылау күнделігі, ата -анамен қарым қатынас дәптері  жүргізіліп уақытылы толтырылып отырылды.   Күнделікті сабақ жоспары құрылып, сол жоспар бойынша сабақ өтілді. Сабақ барысында   оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында, әр түрлі тиімді әдіс тәсілдерді, ресурстарды қолдану арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығы артырылды. Жаңа сабақ өтілу барысында оқушыға сұрақ жауап арқылы жаңа сабақты меңгергені анықталып отырды. Задвинская Ксенияға  жыл бойы уақытылы түзету- дамыту сабағын жүргізіп, жақсы нәтиже көрсетті биылғы   оқу жылында логопед көмегін қажет етпейді.


                          


         Бірінші суретте Амантай Айзеремен қолға  ұсақ моторика жаттығу барысында. Есболат Нұрайлыммен пазл құрастыру барысында. 

   2022 оқу жылының қыркүйек айында оқушылардың сөйлеу тіліне логопедиялық сөйлеу картасы алынып, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Логопед көмегін қажет ететін  4 оқушы анықталып,  және ПМПК қорытындысы бойынша 9 -оқушы түзету -дамыту сабағына  тізімі жасалып құрылды. Сөйлеу тілі жалпы дамымаған, фонетика -фонематикалық жетіспеушілік, сөйлеу тілінде бұзылуы бар, дыбыс айту бұзылысы бар оқушылар тізімі мектеп директормен бекітілді.

1.Еркебай Ақниет 1а

2.Талғарбек Асылхан1г

3.Қабылда Іңкәр 

4.Жаманқұл Шыңғыс 2б

5.Жаманқұл Ерназар 2б

6.Жандосқызы Айзере 4б

7.Семенко Николай 4г

8.Боровиков Максим 4г

 9. Жүсіпова Жасмин 1в

 10. Мәңкей   Кәусәр 1б

 11. Серік Ерсұлтан 1в

 12. Мұрат Темірлан  3б

 Осы аталған  оқушылардың жеке  дамыту бағдарламасы, күнтізбелік- тақырыптық   жоспар құрылып мектеп директорымен бекітілді. Сабақ кестесі құрылып түзету- дамыту сабақтары  уақытылы жүргізіліп отырылды. Логопед жұмыстарында тіл кемшіліктерін ұсақ моторикасын, логикалық ойлау қабілетін, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін тексеруге арналған құрал жабдықтар; айналар, тақта, әдістемелік құралдар, іс қағазды және әдістемелік құралдарды пайдаланамын. Сонымен қатар қолдың ұсақ моторикасына жаттығулар: мозайкамен жұмыстар, суреттерді бояу, ши жинау, ілгек қадау, т.б нейрогимнастикалық жаттығулар орындалды. Тілге жасалынатын артикуляциялық және әр түрлі  тыныс алу жаттығулар жасалынды. 

Бұл суретте 2-сынып оқушысы Еркебай Ақниетпен ермексазбен жапсыру арқылы  ұсақ қол моториканы дамыту жаттығуларын жасауда, Талғарбек Асылхан 1- сынып оқушысы нейрогимнастика жаттығуын жасау барысында. Қабылданған  12 оқушының 3- уі  жақсы нәтижемен жылды аяқтады және оларға енді логопедтің көмегі қажет етпейді, атап айтсақ  Жусупова Жасмин, Серік Ерсұлтан, Жандосқызы Айзере. 

           2022-2023 оқу жылында мұғалімдермен атқарылған жұмыстар: Сынып жетекшілермен бірлесе ерекше білімді беруді қажет ететін оқушылардың тізімін анықталып  7-форманы толтырылды.  Уақытылы мұғалімдерге кеңес беріліп, кеңесті тіркеу журналы толтырылып отырылды. Мұғалімдермен қараша айында «Дислексия. Бастауыш сынып  оқушыларының дұрыс оқу дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдіс- тәсілдері»  атты тақырыпта презентация өткізілді.

«Дислексия. Бастауыш сынып  оқушыларының дұрыс жазу дағдыларын ұалыптастыру жолдары» желтоқсан, «Ерекше білімді қажеттіліктері бар оқушылардың сөздік қорын дамытудың заманауи технологиялары», «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқытуда тиімді әдістер мен технологияларды енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» жыл соңында мамыр айында мұғалімдермен жылдық есеп жүргізілді.Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар оқушылардың оқытуда кездесетін қиындықтар бойынша мұғалімдерге кеңес беріліп, шеші жолдары ұсынылып отырылды.

Логопедтің көмегін қажет ететін оқушылардың ата –аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ата аналардың рұқсат қағаздары алынып, сауалнама жүргізіліп, сұраныс бойынша жекелей кеңес беріліп, кеңес беру журналына тіркелінді.   Қазан айында «Артикуляциялық жаттығулар сөйлеу тілін түзетудің басты құралы » тақырыбында ата- аналарға кеңес беріліп,артикуляциялық, нейрогимнастикалық жаттығулардың маңыздылығы туралы айтылып өтілді.        



«Бастауыш сынып оқушыларын дұрыс оқуға машықтандырудың тиімді әдіс- тәсілдері», «Дисграфия және оның алдын алу. Бастауыш сынып оқушылардың дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру», «Нейрогимнастикалық жаттығулар арқылы оқушылардың жылдам оқу дағдыларын қалптастыру»  бойынша кеңестер берілді.  Мамыр айында  оқушылармен жүргізілген түзете -дамыту жұмыстарының қорытындысымен ата- аналарға  таныстырылып өтілді.

2022 жылы  «Менің педагогикалық философиям» мақалам  шықты. 2022 жылы «Білім беру ұйымдарындағы арнайы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру»  72 академиялық сағаттық сертификат алдым.  Қараша айында «Тағылым» республикалық ғылыми журналында мақалам жарияланды. «Рухани жаңғыру» ақпараттық сараптамалық орталық және «Тағылым» республикалық ғылыми әдістемелік журналы ұйымдастырған «Қазақстан педагог зерттеушілері, үздік мақалалар,әдістеме және иновация» республикалық конкурсының «Үздік мақала» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталдым.




Кербұлақ аудандық білім бөлімі өткізген «Шексіз өмір» атты аудандық фестивальда 2 оқушым қатысып, би номинациясы бойынша Қабылда Іңкәр, ән номинациясы бойынша Талғарбек Асылхан ІІІ орынмен марапатталды.

Қорытынды.

  2022-2023 оқу жылында   үйден оқитын Задвинская Ксения, мектепте ерекше білім қажет ететін оқушылар Жусупова Жасмин,  Серік Ерсултан, Жандосқызы Айзере, осы аталған оқушылар жақсы нәтиже көрсетіп логопед көмегін қажет етілмейді. Логопед көмегін   қажет ететін оқушылардың оқу жылының басынан қарағанда жақсарды. Келесі оқу жылында осы оқушылармен әліде түзету- дамыту жұмыстар  жалғасады.  

            2022-2023 оқу жылында оқушылармен жүргізілген түзету -дамыту               сабағының     көрсеткіші. 





Педагог- логопед                             Н.Абдрахманова
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив