Педагогтерді лауазымға тағайындау жөніндегі комиссия отырысының №5 ХАТТАМАСЫ » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогтерді лауазымға тағайындау жөніндегі комиссия отырысының №5 ХАТТАМАСЫ
10
ноябрь
2023

Педагогтерді лауазымға тағайындау жөніндегі комиссия отырысының №5 ХАТТАМАСЫ

«Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№49 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Педагогтерді лауазымға тағайындау жөніндегі комиссия отырысының 

     №5 ХАТТАМАСЫ 


«10»  11.  2023 жыл                                                              Сарыөзек ауылы


Педагогтерді лауазымға тағайындау жөніндегі комиссия құрамында мектепішілік бұйрыққа сәйкес 5 адам

  • Комиссия төрайымы:М. Тұрғанбекова – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
  • Комиссия  мүшесі:А: Толебаева  – кәсіподақ ұйымының төрағасы
  • Комиссия мүшесі:К. Жунусова – пән мұғалімі
  • Комиссия мүшесі: Р.Жанатбекова  - мектеп директорының орынбасары
  • Комиссия мүшесі: Нұржаубекова А.– аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері;
  • Хатшы: Л. Донбаева – директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары.

Қатысқандар: 5

Қатыспағандар: 


Күн тәртібі:

      «Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№49 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша бос тұрған лауазымдарға педагог лауазымына қабылдау үшін қонкурсқа қатысушылардың лауазымдық міндеттер мен талаптарға сәйкестігін бағалау туралы:

1.Математика пәні – 16 сағат орыс сыныбы бос лауазымына орналасуға     өтініш білдірген үміткерлердің құжаттарын қарау;

2.Математика пәні – 16 сағат қазақ сыныбы бос лауазымына орналасуға     өтініш білдірген үміткерлердің құжаттарын қарау;

3. Педагог – ассистент -1 бірлік бос лауазымына орналасуға өтініш білдірген     

    үміткерлердің құжаттарын қарау;


Тыңдалды:Л. Донбаева – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, комиссия хатшысы 

      Өз сөзінде комиссия мүшелеріне әр сұрақ бойынша бос жұмыс орындарына конкурстық іріктеуге түскен өтініштерді жеке-жеке ұсынатындығын және әрбір үміткер бойынша конкурстық талаптарға сәйкес ұпай сандарын есептеп шығу керек екендіктерін айтты. Конкурстық комиссия шешімі дауыс беру негізінде қабылданатындығын ескертті. 

1.Математика пәні – 16 сағат

2.Математика пәні – 16 сағат 

3. Педагог – ассистент -1 бірлік

Еңбек кз сайтына үміткерлерден   педагог – ассистент -1 бірлік бос лауазымына  2 үміткер бар,  отырысқа келген кандаттарды қабылдауды ұсынды. Сонымен қатар,  матемтика пәнінен үміткерлер болған жоқ. 

Қаралды: 1 сұрақ бойынша «педагог-ассистент» (1 бірлік) бос лауазымына орналасуға өтініш білдірген үміткерлердің құжаттары.

      Л. Донбаева – директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, комиссия хатшысы.

«педагог-ассистент»» (1 бірлік) бос лауазымына орналасуға өтініш берген  үміткерлер: 

  1. Жұманова Динара Касенқызы 

Білімі – Жоғары. 

Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі,(сырттай) 

Еңбек өтілі – 6 жыл

Санаты – педагог-модератор

  1. Нұрахметова Сабина Санатқызы

Білімі – 1.арнаулы орта. 

І. Жансүгіров атындағы пед. Колледжі

         І. Жансүгіров атындағы пед.универ. педагогика және психология

Еңбек өтілі – 4 жыл

Санаты – педагог-модератор

Сөйледі:А. Толебаева –комиссия мүшесі.

«педагог-ассистент»» (1 бірлік) бос лауазымына орналасуға өтініш берген  үміткердің құжаттары қаралды. Үміткерлердің  бағалау парағына  есептегені Сабина  Санатқызы 4,5 балл деген, біздің санауымызда 6 балл. Себебі Курс оқыдым деп ауызша айтып отыр, бірақ дәлел жоқ. Динара Касенқызының  курс мерзімі өткен, бір ғана курс жарайды 0,5 балл, олимпиада бар деп есептеген бірақ бізге көрсете алмай дәлелі жоқ, сонымен барлығы 1,5 балл болды. 


Шешім:

1. Нұрахметова Сабина Санатқызы - педагогтерді лауазымға тағайындау жөніндегі комиссия отырысының шешімі негізінде конкурстан өтті деп есептелінсін.

2. Жұманова Динара Касенқызы - педагогтерді лауазымға тағайындау жөніндегі комиссия отырысының шешімі негізінде кандидат кадр резервіне алынсын. 

3. Математика пәні 1 бірлік бос лауазымына үміткер болмағандықтан  Еңбек kz   порталына қайта жариялансын.


Комиссия төрайымы:   _______________  М. Тұрғанбекова 


Комиссия мүшелері:    _______________  А. Толебаева 

                                        _______________  Р. Жанатбекова 

                                        _______________  А. Нуржаубекова 


                                       _______________  К. Жунусова 


Комиссия хатшысы:      _______________  Л. Донбаева 


Конкурс шешімімен келіспеген жағдайда кандидат 10 (он) жұмыс күн ішінде шағым келтіруге құқылы

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив