2022-2023 оқу жылындағы әдістемелік жұмысқа талдау » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылындағы әдістемелік жұмысқа талдау
31
май
2023

2022-2023 оқу жылындағы әдістемелік жұмысқа талдау

2021-2022 оқу жылында барлық пән мұғалімдері 113 /10 декреттік демалыста, 2 педагог-психолог, 1 логопед/. Оның ішінде жоғары білімді - 99 (2 мұғалім магистратура), аяқталмаған жоғары- 11, арнаулы орта – 3.

Біліктілік санаты жағынан 5 мұғалім жоғары санатты, 11 – бірінші санатты, екінші санаттағылар – 10, санаты жоқ – 30, педагог-зерттеуші – 10, педагог-сарапшы – 27, педагог-модератор – 19. 

2020-2021 оқу жылы барысында  мектепте 113   мұғалім жұмыс істейді. Оның ішінде жоғары білімді -97, аяқталмаған жоғары -12, арнаулы 

орта -  4. 


2022-2023

матем

ИВТ

физика

химия

геог

биолог

ағылшын

АӘД

музыка

дене

Орыс тілі

Қазақ тілі

тарих

МАД

Бастауыш сынып

105

8

5

2

2

5

4

16

1

1

12

8

10

6

4

21


















Санатына қарай : жоғары санатты -11 /10 %, бірінші санатты –  9;  /8 %, екінші санатты – 19; /17%, санаты жоқ – 25/23%,

Педагог-зерттеуші- 7/6%, педагог- сарапшы -24 /21%,  педагог- модератор -15/13 %

Әдістемелік жұмыс жоспары бекітіліп, шығармашылық топ, дарынды оқушылармен жұмыс, жас мамандармен жұмыс, педагог кадрларды аттестаттау, озық-іс тәжірибе тарату, Тіл туралы заңның  орындалуы туралы жұмыс бағыттары алынып, әдістемелік  жоспарлары бекітілді. Әдістемелік кеңесте 10 әдістемелік бірлестік бар, бірлестік жетекшілері мен құрамы бекітілді. 

Сонымен қатар, педагогтердің сапалық құрамы, педагогтардың біліктілігін көтеру туралы, педагог кадрларды аттестаттау туралы перспективті  жоспар  бекітіліп аудандық білім бөліміне өткізілді. 

2021-2022 оқу жылында -17 мұғалім

2022-203 оқу жылында  -32 мұғалім курсқа барды

Педагог кадрлардың біліктілік арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы мәліметтер саны 

2021 жылы 38 қызметкер біліктілік арттыру курстарымен қамтылды.

2022 жылы 49 қызметкер біліктілік арттыру курстарымен қамтылды.

2023 жылы 26 қызметкер біліктілік арттыру курстарымен қамтылды.( 8 ай ішінде) 


"Өрлеу" пәндік

«ПШО НЗМ » 

БҰҰ балалар қоры. "Инклюзивті» оқыту

«Даму» орталығы

басқа


2021 жылы

12

11

0

15


38%

2022 жылы

21

11

10


7

46,6%

2023 жылы

16

5

0


5

24,7%


 Педагогтардың олимпиада мен байқауларға қатысуы туралы

Мұғалімнің аты - жөні

Марапаттың атауы

Берілген күні


1

Толебаева Ардак Нурбековна

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің "Үздік педагог" байқауы                      І орын

2022ж

2

Орынбаева Айгул Карасаевна 

«Жетісу ұстазы» байқауының аудандық кезеңіне ІІІ жүлделі орынға;

2022

3

Сман Асел Мырзагалиевна 

«Үздік шетел тілі сабағы» байқауына ағылшын тілі пәні ІІ орынға;

2022

4

Танирбергенов Берік 

Көркем еңбек пәні мұғалімі 

2023

5

Әбілхасым Елдос

«Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі-2023» байқауында  3 орынға

2023

6

 Алимкожаев Эрик Алимкожаевич

Аудандық пән олимпиадасы

2023

7

Оңғарбаев Диас Газизұлы

Аудандық пән олимпиадасы

2023


Іс тәжірибе тарату 

Пән мұғалімдерінің озық іс-тәжірибе таратылды «Ел-назар» Республикалық педагогикалық журналының № 6-7 санына «Жазылым дағдысын қалыптастырудың жолдары» тақырыбындағы мақала бетіне шықты. «Кербұлақ жұлдызы» Қоғамдық-саяси газетінің 23.09.2022 ж №37  санына «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» мақаласы шықты. Химия пәнінің мұғалімі А. Мухамадиеваның «Жаратылыстану бағытындағы пәндер әдістемесі мен пәндік-әдіснамалық құзіреттілікті жетілдіру» тақырыбындағы мақаласы жинаққа жарияланды.  Республикалық ғылыми-әдіснамалық «Жарқын  болашақ» журналында Ш.О. Ибраимованың, А.Т.Мухамадиеваның мақалалары баспаға жарияланды.

Қаңтар айында «Жаңашыл педагог мінбері» Республикалық ғылыми-педагогикалық әдістемелік журналына пән мұғалімі Қ. Жунусованың «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту арқылы оқыту» тақырыбында мақаласы жарияланды. 18 (01) 2023 жыл.

     Наурыз айында пән мұғалімі А. Бектемисова аудандық «Кербұлақ жұлдызы»  газетіне «Кітап – білім бұлағы», “Кербұлақ жұлдызы” газетіне “Жаңа инновациялық әдістемелер мен тәжірибелік құралдар” тақырыбында мақала жарияланды. Ағылшын тілі пәні мұғалімі    Ж. Касенова аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетіне «Жас маман – еліміздің тірегі» тақырыбында және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Джулаева «Ұстаз-ұлы есімі» тақырыбында,  И. Демеубаева «Қазақстандықтардың ұлы отан соғысына қатысуы» тақырыбында, А. Шакенова «Математиканың қолданбалы және практикалық маңызы»,  Республикалық ғылыми-әдістемелік «Тағылым» журналына   А. Джулаева, Л. Донбаева, А. Ниязова, А. Умбетжанова, «Педагог хабаршысы» «Білім әлемі»  журналына М. Узакпаева мақалаларын  жариялады. 

     Орыс тілі пәні мұғалімдері халықаралық, республика көлеміндегі интеллектуалды олимпиадаларға   қатысып  Алия Джекежанова ІІ дәрежелі диплом,    Манамбаева Гульнур ІІІ дәрежелі диплом Рахимжанова Гульсим ІІ дәрежелі диплом, Малдыбаева Бакытгуль ІІ дәрежелі дипломға ие болды.

Физика пәні мұғалімі А. Тулемисова «TIMS тапсырмалары арқылы оқушылардың жаратылыстану бағытындағы функционалдық арттыру»   тақырбындағы аймақтық –семинарда «Формирование  функциональной грамотности на уроках физики» тақырыпта, 

ағылшын тілі пәні мұғалімі Қ. Жунусова «Шетел тілі сабағында тілдік дағдыларды  дамыту әдістері» облыстық семинар-практикумде іс-тәжірибе таратты. Семинарда ағылшын тілі пәні мұғалімі  Қ. Жунусова «Шетел тілі сабағында тілдік дағдыларды дамыту әдістері» тақырыбында коучинг көрсетіп, өз іс- тәжірибесімен бөлісті. Аталған семинарға ағылшын тілі пәні мұғалімдері А. Бектемисова мен Р. Еснияз қатысып, тілдік әрекеттерді дамыту барысында қолданатын әдістермен танысты.

Пән мұғалімдері өз білімдерін семинар  және байқауға қатысып, іс-тәжірибе алмасты. Атап айтқанда, 2 желтоқсан күні «Шет тілі сабақтарында тілдік әрекеттерді ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар- практикум өтті. Семинар- практикумға Көксу ауданының ағылшын тілі пәні мұғалімдері мен Кербұлақ ауданының ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысып, өзара тәжірибе алмасты. 

      9 желтоқсан күні ұйымдастырылған аудандық «Үздік шетел тілі сабағы» байқауына ағылшын тілі пәні мұғалімі Ә. Сман қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.

2022-2023 оқу жылында облыс   деңгейіндегі   мұғалімдердің жетістіктері

Мұғалімнің аты - жөні

Марапаттың атауы

Берілген күні


1

Тулемисова Асель Рысмолдаевна 

 «TIMS тапсырмалары арқылы оқушылардың жаратылыстану бағытындағы функционалдық арттыру»  тақырбындағы аймақтық –семинарда «Формирование  функциональной грамотности на уроках физики»

Талдықорған қаласы

2022ж

2

Кабылбаева Кенжегүл Толегеновна 

Облыс әкімінің Құрмет грамотасы 

24 қыркүйек 2022ж

3

Толебаева Ардак Нурбековна 

"PISA" тапсырмаларын қазақ әдебиеті пәніне кіріктіру арқылы оқушылардың soft skills дағдыларын дамыту" тақырыбындағы  облыстық шеберлік сынып жұмысына белсене қатысып озық тәжірибе бөліскені  және жоғары педагогикалық шеберлігі мен жан-жақты тұлға қалыптастырудағы толағай табыстары үшін "Өрлеу" БАҰО АҚ "Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты" филиалының Құрмет грамотасы

Алматы облысы 2023

3

Донбаева Ляйла Адилбековна 

"PISA" тапсырмаларын қазақ әдебиеті пәніне кіріктіру арқылы оқушылардың soft skills дағдыларын дамыту" тақырыбындағы  облыстық шеберлік сынып жұмысына белсене қатысып озық тәжірибе бөліскені  және жоғары педагогикалық шеберлігі мен жан-жақты тұлға қалыптастырудағы толағай табыстары үшін "Өрлеу" БАҰО АҚ "Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты" филиалының Құрмет грамотасы

Алматы облысы 2023

4

Таженова Айнаш Акжолтаевна 

«PISA» тапсырмаларын қазақ әдебиеті пәніне кіріктіру арқылы оқушылардың soft skills дағдыларын дамыту» тақырыбындағы  облыстық шеберлік сынып жұмысына белсене қатысып озық тәжірибе бөліскені  және жоғары педагогикалық шеберлігі мен жан-жақты тұлға қалыптастырудағы толағай табыстары үшін «Өрлеу» БАҰО АҚ «Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының Құрмет грамотасы

Алматы облысы 2023

5

Байтагаева Толқын Оспанжанқызы 

«PISA» тапсырмаларын қазақ әдебиеті пәніне кіріктіру арқылы оқушылардың soft skills дағдыларын дамыту» тақырыбындағы  облыстық шеберлік сынып жұмысына белсене қатысып озық тәжірибе бөліскені  және жоғары педагогикалық шеберлігі мен жан-жақты тұлға қалыптастырудағы толағай табыстары үшін «Өрлеу» БАҰО АҚ «Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалының Құрмет грамотасы

Алматы облысы 2023

6

Есеркенова Бибігүл Турарбековна 

«Педагогикалық идея» облыстық кезеңіне қатысқан тарих пәні мұғалімі Б. Есеркеноваға Алғыс хат 




Мектепте шығармашылық топ мүшелерін анықтап, тізімі және шығармашылық топтың жұмыс жоспары бекітілді. Шығармашылық топ құрамына барлық педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші мұғалімдер кірді. Пән бірлестіктеріндегі онкүндіктер, педагогикалық олимпиада, байқаулар, оқушылардың байқаулары, олимпиада жұмыстарына әдістемелік көмек, кеңес беру жоспарланды. Сонымен қатар қараша айына педагог-зерттеуші, мектеп тренер                А. Мухамадиева және Л. Донбаева «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер» коучинг, жас мамандар жетекшісі, ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж. Касенова жас мамандармен «Жас маманның табысты педагогқа айналу жолы» дөңгелек үстел өткізді.

Өткізілген коучингтің мақсаты пән мұғалімдеріне әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана   отырып,  білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту  және білім алушылардың мәтінмен жұмыста айтылым, оқылым дағдыларын жетілдіру болды. Коучингке қатысқан пән мұғалімдері алдағы уақытта өздерінің үйренген әдіс-тәсілдермен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіруге көмектесті. 

           Жас мамандар жетекшісі Ж. Касенова «Жас маманның табысты педагогқа айналу жолы»   дөңгелек үстелдің мақсаты: жеке басының сапалық қасиеттерін арттыру,  жеке тұлға қалыптастыру бағытында дүниетанымын кеңейту. Жас педагогтардың табысты педагогқа айналуы, табысты педагогқа жету жолдары, сонымен бірге сабақта мақсатына байланысты оқу сабағын талдауға қойылатын талаптар, оқуға  қойылатын талаптар, кәсіби қызметтегі алғашқы табыстар мен жетістіктердің рефлексиясы туралы түсініктерін кеңейтті.
     Тәлімгер педагогтар жас мамандарға  оқытудың тиімді әдістері мен түрлерін, әдістемелік ұсыныстарды таңдап, оларды технологиялық үдерісте дұрыс үйлестіріп және ұтымды пайдаланған жағдайда оқу процесінде елеулі нәтижелерге қол жеткізуе болады екенін өз тәжірибесімен байланыстырып түсіндірді.

    Педагог-зерттеуші, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Толебаева пән мұғалімдеріне    «Идеялар алаңы» тәжірибе алмасу атты идея алаңын өткізді. Қатысушы мұғалімдердің идеяларын ортаға салу, ұтымды идеяларды қолдау, педагогикалық идеялар арқылы мұғалімдер тәжірибесіне оң ықпал етті. Алаңға келіп түскен шығармашыл мұғалімдердің идеяларымен жобалары сарапталды.

       «Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында шебер-сынып өткізу орыс тілі пәні мұғалімі                           Г. Рахимжанова  бастауыш сынып мұғалімі  М. Мусагулова жоспарланды. Бастауыш сынып мұғалімі М. Мусагулова 1- сынып оқушыларымен ойын технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың айтылым, жазылым, оқылым дағдыларын қалыптастыра білді. Қолданған ресурстар, тапсырмалар   оқушының жас ерекшелігіне сай келіп, сабақ мақсатына жетті. Мұғалім 1- сынып білім алушыларының дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып, сөздерден сөйлем құрау, түрлі-түсті бояуға машықтандырды. Сабақта қолданған «Балықтарды аквариумға жина», «Корзинадағы доп», «Иә, жоқ» , «Тыңда да жалғасын тап» ойындары арқылы оқушылардың сабаққа деген ынта-жігерін арттырды. Сабақ соңында  «Аралдар» рефлексиясымен кері байланыс жасады.

«Білім беру мен білім алуда белсенді әдістерді қолданудың тиімділігі» тарих пәні мұғалімі Б. Есеркенова, информатика пәні мұғалімі    Н. Касенова шебер-сынып өткізді. Шебер сыныпта оқушылар  бір-бірімен сыйластықта болды, топқа бөлінген оқушылар тапсырма орындауда  жауапкершіліктері артып, топта барлық мүшелерінің бір-бірін тыңдау, күту шыдамдылығы, сөйлеу дағдылары қалыптасты. Мұғалімнің , оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде кірісіп сөйлеп кету еркіндігі тең дәрежеде болды, терең түсінік пен ойлаудың дамуы арқылы оқушының сөйлеу дағдылары, жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің қабілетіне, олардың бір-біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын құрметтеуге машықтанды, бір-біріне көмектесіп, ойларын ортаға салып, өздерінің білім алуын көтермеледі.

   Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: Т. Байтагаева, А. Таженова педагог-сарапшы санатында болғандықтан «Деңгейі төмен оқушылармен  жүргізілетін жұмыстың  білім сапасына әсері», «Оқушылардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру жолдары» тақырыптарында  шебер-сынып өткізді. 

     Сонымен бірге шығармашылық топ мұғалімдері «Педагогикалық идея» облыстық кезеңіне қатысқан бастауыш сынып мұғалімі    А. Сейтказиноваға, тарих пәні мұғалімі Б. Есеркеноваға әдістемелік көмек көрсетті.   Бастауыш сынып мұғалімі А. Сейтказинова байқаудың «Шығармашыл толқын» номинациясы бойынша «Бастауыш сыныпта қолданылатынтиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында «Тарсия», «Қарындаш»,  «Дамино» әдістерін пайдалана отырып, сабақта жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті. Ал тарих пәні мұғалімі Б. Есеркенова  «Шеберлік палитрасы» номинациясы бойынша «Тиімді әдіс-тәсілдер сапалы білім беру  кепілі» тақырыбында іс-тәжірибесін таратты. Сабақта қолданып жүрген «Ашық алаң» әдісі арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін арттыруға дебат жүргізу, картамен жұмыс, «Кім?», «Қайда?», «Қашан?» сұрақтар қою арқылы ақпаратты қайталауға, «Уақыт шеңбері» арқылы негізгі ақпаратты анықтауға арналған әдістерді тиімді қолданатындығы туралы іс-тәжірибесімен алмасты. Тарих пәні мұғалімі Б. Есеркенова Алғыс хатпен марапатталды.





     Дарынды оқушылармен жұмыс мақсатыДарынды, талантты білім алушылардың қатарын көбейту, өз бетінше дамуына мүмкіндік туғызу.


Байқау түрі 

Мектепішілік кезең

Аудандық кезең

Облыстық кезең 

Нәтижесі 

Оқушының аты-жөні 

Жетекшісі 

Президенттік олимпиада 

0

1



Абдыбай Абылай


Республикалық балалар оқуы байқауы 


15

1

2 орын

Өмірзақова Амина 

Бекбосынова Жанар Адилхановна

«Ақберен» республикалық 


1

1

Алғыс хат

Кеген Айнара

Байтагаева     Толқын Оспанжановна 

«Алтын сақа» математика пәнінен 

14

3


1

Акулова Ирина

Шакенова Амина Капановна 

«Менің кіші отаным» тарихшылар байқауы 


2


0

Батырхан Фарида Оралбек Аружан

Есеркенова Бибігүл Турарбековна



       Дарынды, талантты білім алушылардың қатарын көбейту, өз бетінше дамуына мүмкіндік туғызу. Дарынды оқушылардың үйлестірушісі Б. Есеркенова «Дарындылықты дамытудың теориялық негіздері»  семинар-тренинг тақырыбында өткізілді. «Дарындылық» сөзіне анықтама бере отырып, Дж.Рензуллидің дарындылық моделін 3 тобына жеке тоқталып, тыңдаушылармен ой бөлісті. Дарынды балалардың мінез-құлқіндағы ерекшкеліктер, дарынды оқушымен жұмыс түрлерін ажыратып берді. 

      Мектеп директорының орынбасары Л. Донбаева пән мұғалімдеріне Республикалық зерттеу жобалар, 2-7 сынып оқушылары арасында  «Зерде» жоба конкурсының ережесі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514Бұйрығымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, «Мектепте дарынды балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбында пән мұғалімдерімен ғылыми жұмыс жүргізудің тиімді жолдары, жыл сайын дәстүрлі түрде облыс, аудан көлемінде өткізілетін байқаулар, нормотивті құжаттармен таныстырылды. Ғылыми жоба, «Зерде» жоба байқауы туралы ағылшын тілі пәні мұғалімі Қ. Жунусова тақырып таңдау, аннотация жазу,  зерттеу жұмысының жүргізілуі туралы айтып өтті.

2022-2023 оқу жылының І тоқсанында аудан көлемінде өткізілетін конкурстарға қатысуға сұраныс беріліп, ғылыми жетекшілерімен тығыз жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда: 




Аудан көлемінде өткізілген  байқаулар

«Зерде»  ғылыми жоба байқауына қатысқан оқушылар тізімі

№ 

Оқушыныңаты-жөні

Жобатақырыбы

Секциясы

Пәні

Сыныбы

Облыс кезең     нәтижесі  

Жетекшісінің аты-жөні, байланыс номері

1

ҚайыпКөркем

Мое увлечение танцами 

технология и искусство

музыка

4 в

Алғыс хат

Толебаева Сауле Ермековна

2

 Ибраимова Диляна

Кто живет в Тик-токе?

информатика 

информатика

Алғыс хат

Ибраимова Надежда Владимировна 

3

ДалекеноваАйша

Значение смайликов в SMS

информатика 

информатика

4 г 


МусагуловаМайраНуртаевна

4

ДаулетТемірлан

Елеке сазы ерекшетарих

тарих, өлкетану

тарих

6 а


ЕсеркеноваБибігүлТурарбековна

5

КайыпбайӘлібек

Гипократзаңыжәнебиологиялықежелгіемдеушараларыныңтехникасы

химия, биология

жаратылстану

7 ә

ІІ орын

ДуйсебековаҒалияБердибековна

6

ЖандосұлыАлинур

Серуенжәне оны ұйымдастыружолдары

туризм және спорт 

география, физкультура

4

ІІ орын

МаралбаевАзаматОрынбасарұлы

7

ЕгісбайАйару

Образ журавля в художественной литературе  и архитектуре Казахстана 

орыстілі мен әдебиетіпәнімұғалімі

орыстілі мен әдебиеті

6

ІІІ орын

КыстаубаеваКамшатБолатканкызы






«Дарын» ғылыми жоба байқауына қатысқан оқушылар тізімі

№ қатысушы

№ жоба

Жобаавторыныңаты-тегі (толық)      

Жобаныңатауы

Секция

Сынып

Облыс кезең     нәтижесі  

Жобажетекшісініңаты-жөні

1

1

Ақылбек Айжан

Қазақстан ауыл селоларының әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени дамуының тарихи аспектісі         /1946-1965 жж/

Тарих

9

ІІІ орын

Есеркенова Бибигул Турарбековна

2

2

Болатқызы Дайана

Ағылшындардыңтегі мен қазақтардыңшығутегіндегіқосымшалардыңжалғануерекшеліктері

Ағылшынтілі

8

ІІІ орын

Жунусова Каламкас Маратовна

3

3

Булеген Әділет

Культура речи русского языка (исследовательская работа молодежной лексики)

Тілбілімі

8



Джекежанова Алия Танирбергеновна, Манамбаева Гульнур Манарбековна

4

4

Жақатай Батыржан

Түйежапырақ. Түйежапырақтамырынан инулин алу.

химия

8


ІІІ орын

Әзімбай Зарина Маратайқызы

5

5

Нуриахмет Айбек

Жетісу Іле Алатауының зерттелуі

өлкетану

9

ІІ орын

Нұртазина Торғын АмангелдиевнаАлсай Рысгүл Қайратовна



     Мектеп психологі И. Жаулина, Т. Молданазарова облыстық кезеңге өткен оқушылармен: «Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек» жеке тренинг өткізіп, баланың өз біліміне сенім беріп, байқауда балатын кез келген психологиялық жағдайға дайын болу қажет екенін алдын алып отырды. 

Дарынды оқушылармен жұмыс бағыты бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің 8-11 сынып оқушыларын әдеби байқауларға қатысумен жалғасын тапты. 

«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ «Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау мен қолдау оқу әдістемелік орталығы» КММ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен "М.Мақатаев оқулары" аудандық ғылыми-шығармашылық конкурсына қатысуға сұраныс берілді. Аудандық кезеңнің нәтижесінде 8б сынып оқушысы Кощегулова Аруназ облыстық деңгейдегі байқаудан жүлделі ІІ орынға ие болды.  Жетекшісі Айжан Айткалиевна Алғыс хатпен марапатталды. 

   10 сынып оқушысы Тұрсынғазы Гүлназ аудандық «Мәшһүр Жүсіп оқуларында» ғылыми жоба қорғау бағыты бойынша «Абай мен Мәшһүр Жүсіп поэзиясындағы үндестіктер» тақырыбында зерттеу жұмысын қорғап, жүлделі ІІ орынды иеленді (жетекшісі      Г. Карипбаева). 


«Мағжан» оқулары байқауына қатысатын оқушылар тізімі


Қатысушының аты-жөні

сынып

Жетекшісі 

лауазымы

Жетістігі 


1


Сабыржан Айым 


11 ә

Узакпаева Молдір Ербосыновна


Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

ІІІ орын

2

Даулет Анель

10

Бекбосынова Жанар Адилхановна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


3

Сулеймен Ұлбосын 

8 а

Байтагаева Толкын Оспанжановна 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі




                              «Әбіш оқулары» аудандық ғылыми-шығармашылық конкурсына қатысқан оқушылар

Қатысушының аты-жөні

сынып

Жетекшісі 

Нәтижесі 

1

Акылбек Айжан 

9

Ақылбек Жансая



2

Сулейман Ұлболсын

8 б

Байтагаева Т.  

Аудандық ІІІ орын









                                 Аудандық «Ілияс Жансүгіров оқуларына»  қатысатын оқушы тізімі


р/с

Қатысушының аты-жөні

сыныбы

номинациясы

Жетекшісі 

Жетістігі

1

Серікбай Нұрай  

8

«Ілияс –қазақ поэзиясының жыр құлагері»  

Наурызбаева Шынар 

0

2

Берікқызы Айзере

8

арнау

Бекбосынова Жанар Адилхановна 

0


Аудандық «Абай» оқуларына қатысқан оқушылардың нәтижес


Қатысушының аты-жөні

сыныбы

номинациясы

Жетекшісі

Жетістігі 

1

Өмірзақ Ердос

10

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»

Наурызбаева Шынар 

ІІІ орын

2

Серік  Сабина,

8

«Көңілім әнді ұғады»

Байтагаева Толқын Оспанжановна 

ІІ орынды

3

Әділхан Айғаным

9

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»    

Таженова Айнаш Акжолтаевна 

ІІ орын

4

Өмірзақова Амина 

10

«Ұлылар әлемі»

Бекбосынова Жанар Аділхановна 


       Байқау қорытындысы бойынша


Оқу жылдары

Аудандық байқау

Облыстық байқау

2019-2020

6

0

2020-2021

8

2

2021-2022

18

5

2022-2023 

19

10





 «Тарих ата» тарих пәні олимпиадасына 25 оқушы тіркеліп, тест тапсырды. Нәтижесінде: Жақан Амина, Медетқызы Томирис, Серікбай  

 Нұрай, Серкеғалиқызы Алина, Әділбек Арайлым сертифиакт алса, Акулова Ирина ІІ дәрежелі дипломға ие болды. 

    Қашықтықтан өткен олимпиадалар бойынша 7 «А» сынып оқушылары республикалық   «OQU-BILIM.KZ» білім порталы ұйымдастырған балалар арасындағы «Абай оқулары» атты мәнерлеп оқу сайысында үздік танылып, І дәрежлі дипломымен Ердіханқызы Айсымбат, Марат Гүлім, Евдакова Адэль, Молдабек Аяна, Нахарбай Інжу, Кемелхан Айым, Өмірзақ Азамат марапатталды. «OQU-BILIM.KZ» Республикалық білім порталында білім беру саласындағы заманауи технологияларды пайдалану арқылы тәжірибе алмасып педагогикалық жұмыстарға белсене араласып, балалардың дамуына, білім саласындағы ақпараттық –коммунмкациялық технология бағытының дамуына үлес қосқаны үшін Джулаева Айжан алғыс хатпен марапатталды. Пән мұғалімі А. Джулаева. КИО КЗ –Қазақстандық интеллектуалды олимпиадалар сайтының ұйымдастыруымен 10-сынып оқушыларының білімін тексеру мақсатында өткен қазақ тілі пәнінен халықаралық интеллектуалды олимпиадада Өмірзақова Амина, Дәулет Анель 2-дәрежелі дипломмен марапатталды. Пән мұғалімі Ж. Бекбосынова 7 а сынып оқушысы Жалпы білім беретін пәндерден «Алтын қыран- ерекше дарын иесі» республикалық зияткерлік олимпиадада қазақ тілі мен әдебиет пәнінен Ердіханқызы Айсымбат 2 орын, Нахарбай Інжу 3 жүлделі орындармен марапатталды. Жалпы білім беретін пәндерден «Алтын қыран-ерекше дарын иесі» республикалық зияткерлік олимпиадасына дайындағаны үшін жетекшісі Джулаева Айжан грамотамен марапатталды. 

9 ә сынып оқушылары: атап айтсақ, Жақатай Батыржан, Батырхан Фарида, Абакова Зере сайты қараша айында ұйымдастырған Республикалық қашықтық олимпиадасына  қатысып, І және ІІ орынды иеленді. 

     1-8 сәуір күндері аралығында ұйымдастырылған 2-11 сыныптарға арналған   Халықаралық  «Кенгуру-лингвист» байқауына 5ә сынып 

     оқушысы Ақан Сымбат және 6а сынып оқушысы Қасымқан Сая қатысып, екі оқушы да жүлделі 1 орынды иеленді. Пән мұғалімі   

     Қ.Жунусова.

     «Ертегілер елінде» Республикалық балалар журналының  № 5-6  2022 ж санына Коптлеуова Айғанымның «Менің әжем» тақырыбындағы    

     жазған шығармасы жарық көрді. 

     Smart Distance Olympiad Республикалық қашықтық олимпиадасы «Ақбота» 1-дәрежелі диплом Коптлеуова Айғаным ,

     Астаналық оқу-әдістемелік орталық «Абай оқулары»  атты Республикалық шығармашылық байқаудың мәнерлеп оқу номинациясы бойынша    

     2-дәрежелі диплом Коптлеуова Айғаным,

    «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Кенгуру- математика барлығы үшін» интеллектуалдық ойын     

     конкурсының жеңімпазыЖусупова Жұлдызай 2-дәрежелі дипломмен марапатталды «Дарын» Республикалық «Кенгуру» интелектуалдық   

     олимпиадасына  Өмірзақ Сезім   қатысып, екінші дәрежелі диплом,   Жандосұлы Алинур 3-ші дәрежелі диплом   КИО КЗ интелекктуалды   

     Кенгуру математика республикалық  олимпиадасынан бірінші дәрежелі дипломмен Жасболат Шырын  марапатталды.







Жас мамандармен жұмыс 

Жас мамандармен жұмыс бағыты бойынша «Жас мамандар» мектебі құрылып, жас маман жоспары мен тәлімкерлер  бекітілді. Жас мамандар бірлестігінің жетекшісі болып  ағылшын тілі пәні мұғалімі, тәлімгер Ж. Касенова бекітілді. Тәлімгерлік жоспар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығы негізінде жасалып, бекітілді. Тәлімгерлік жоспарға сүйене отырып, жас мамандар да жоспар құрды. Мектепте 2020-2021 оқу жылында 8 жас маман болса, 2022-2023 оқу жылында 5 жас маман қалды. 

Жас мамандар және тәлімгерлер  тізімі. 

  1. Жумашева М. –бастауыш сынып мұғалімі К. Кабылбаева 
  2. Әшімова Н.- ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.Касенова 
  3. Серікбол М.-математика пәні мұғалімі А. Шакенова
  4. Наханова А- мектепалды топ жетекшісі Л. Диханбаева
  5. Бектуров А-дене шынықтыру пәні мұғалімі Р. Кабимолдаев

    Тоқсан сайын жас мамандар өткізіліп, күн тәртібіндегі мәселелер қаралды. Отырыста жас мамандардардың атқарған жұмыстарына көп көңіл бөлінді. «Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында тәлімгер К. Кабылбаева, «Тыңдалым материалдарын пайдаланудың тиміді жолдары» тақырыбында тәлімгер Ж. Касенова іс-тәжірибелерімен бөлісті. 

    Мектеп психологтарымен «Педагогикалық әдеп» жас мамандарға педагогикалық әдеп туралы түсінік беру» тақырыбында өткізілген тренинг сабағында жас мамандардың өзара ауызбіршілік, қорқынышпен жұмыс жүргізу, мінез-құлықтары туралы білді. Мектепте пән мұғалімдерімен қарым-қатынас жасау, дұрыс киіну, сөйлеу этикасы туралы да әңгіме жүргізілді. 

     Сонымен қатар, жас мамандар аудандық, облыстық байқауларға қатысты. Атап айтқанда, 19-26 қыркүйек аралығында аралығында өткен «Менің сүйікті ұстазым» атты облыстық байқауға өзінің  телеэссе жұмысын жіберді.  Мектептің жылдық жоспары бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімі 3 жылдық еңбек өтілі бар Ж.Қожахан «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» байқауының аудандық кезеңінде Қожахан Жәнібек ІІІ жүлделі орынға ие болды. 

2022-2023 оқу жылының екінші жартысында жас мамандар қатары толықтырылды. Олар:

Маратова Жанат Болатқызы –информатика пәні мұғалімі –тәлімгері Н. Касенова:

Еснияз Рамина Канатқызы – ағылшын тілі пәні  мұғалімі – тәлімгері К.М.Жунусова 

Рысбекова Мақпал Сейтбекқызы – география пәні мұғалімі – тәлімгері А. Нуртазина 

Наурызбаева Шынар Айдарбекқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, тәлімгері Л. Донбаева.

Ермекова Алия – математика пәні мұғалімі, тәлімгері- Г. Мавлекеева 

Жетібай Динара – ағылшын тілі пәні мұғалімі, тәлімгері  А. Сман.

          Қазіргі заманғы реформалау жағдайында ұлттық білім беру жүйесі ерекше мәнге ие болады. Бұл жас педагог  барынша қысқа мерзімде бейімделіп, іс –тәжірибені жетік меңгеруді көздейді.

         Бүгінгі  білім беру жүйесінде тәлімгерлік ерекше орын алады, жас маманға мектеп өміріне қажетті білімді беруді және оны қолдауды тәжірибелі мұғалімдердің  практикалық және теориялық көмегін ұсынғаны абзал.

Жылдық жоспар негізінде мектептегі тәлімгерлер жұмысына басшылық, бақылау жұмыстары жүргізілді. Жас мамандарға бекітілген тәлімгерлер жылдық жоспар құрып, жоспар бойынша жұмыс атқарды. Атап айтқанда, жас маманға күнтізбелік жоспар құру, күнделік  кз мерзімінде толтыру, семинарға қатыстыру, сабақтарға қолданатын әдіс-тәсілдерді тиімді бағалау сияқты күнделікті жүргізетін жұмысты уақытылы қадағалап отырады. Алайда, жас маманның мектепішілік, аудандық байқауға қатысу барысында ықшам сабақ түсіру кезінде көптеген кедергілер болды. Тәлімгерлердің көмегі аз болды. 

Жас мамандармен «Педагогикалық психологиялық міндерттер мен өзекті мәселелерді шешу жолдары» тақырыбында Ж. Касенованың семинарында, «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда ата-аналармен жұмыс жасау» Л. Донбаевның өткізген дөңгелек үстелде қазіргі таңда қоғалып жүрген өзекті мәселелер, оқушының функционалдық сауаттылығын арттыруда берілетін тапсырмалар, ата-аналардың балаға беріп жатқан көмегі туралы қозғалды. 

Жас маман   Н. Әшімованың тәлімгері Ж.Касенова тәлімгері бола отырып, негізгі  мақсаттары мен міндеттерді анықтады.

Мақсаты: тәжірибелік көмек көрсету, жас маманға жетілдіру мәселелері бойынша теориялық және практикалық білімді және оның сапасын арттыру.

Жүргізілген кеңестер мен әңгімелер перспективалық, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау. Сабақ өткізуге көмек көрсетілді, күнтізбелік – тақырыптық және сабақ жоспарлары, әзірлеу және қолдану, дидактикалық материалдарды сабақта қолдануға үшін анықталды.

Оқу процесінің ішінде Әшімова Назерке сондай-ақ кез келген басқа оқытушының сол мақсатпен үйрену үшін маңызды кәсіби сапаларын көрсетті.

- пайдаланылатын оқыту әдістері;

- оқушылардың сабақта жұмыс істеуі;

- сабақтың тәрбиелік жағы;

- мұғалім мен оқушылардың қарым -қатынасы;

Оқу - тәрбие процесінде  Әшімова Назерке сыныпта тығыз байланыста және ата-аналармен тіл табыса біледі. Жыл бойынша жас маманмен жүргізілген жұмыспен қорытынды жасауға болады: мұғалім қазірдің өзінде жақсы әдістемесін жүргізу меңгерген; сабақтың материалымен, оқу процесінің барысы мен тәртібіне сыныпта, сипаты қарым-қатынас, оқушыларды сыныпта бақылайды.

   Әшімова Назерке Сатыбалдықызымен 3 жыл көлемінде тәлімгерлік жүргізілді.  Жас маман ретінде сабаққа қолданған ресурcтарды тиімді пайдалану, тыңдалым, айтылым, жазылым дағдыларының қалыптасуына, күнделік кз толтыруын қадағалап, мектепішілік, аудан, облыс көлемінде байқауға қатысты. Атап   айтқанда, мектепшілік 2021ж "Жас келсе, іске"  жас мамандар байқауы І орын, Мектепшілік  "Үздік бейне сабақ- 2020"  байқауы ІІІорын, 2022 ж

 Аудандық "Педагогикалық дебат" байқауында бас жүлде, 2021ж;

 Аудандық   "Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз'' байқауы ІІІорын, 2022ж

Облыстық "Педагогикалық дебют"  алыс хат, 2022ж

"Жас мамандар басшылыққа алатын негізі  нормативтік құжаттарды сараптау"  аудандық семинар іс-тәжірибе таратқаны үшін алғыс хат, 2022ж

"Fulbiqht flta rural teaching program" аудандық ағылшындар курс сертификат,   2022ж 

Сертификат   "Инклюзивті білім беру мен ерекше қадағалауды қажет ететін балаларды тәрбиелеу біліктілігін арттыру курс"

Пән бойынша біліктілікті арттыру курсы "5-9сыныптарға арналған оқу бағдарламасы күрделі тақырыптар бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімінің  пәндік құзыреттілігін жетілдіру" сертификат. 2022ж

Үмбетжанова А.- биология пәні мұғалімі, ақпан айынан бастап биолгия пәні мұғалімі ретінде қызмет атқарады. Тәлімгері биология пәні мұғалімі  Ғ. Дүйсебекова. Биология пәнінен бекітілген  күнтізбелік жоспар  бойынша күнделікті сабақтар кесте бойынша жүргізіліп отырды.  Сабақ өту барысында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша өтілетін тақырыптарға сай түрлі әдіс-тәсілдерді, көрнекіліктерді қолданып, отырды.  Жалпы оқушылар сабаққа қызығушылық пен қатысып берілген тапсырмаларға дайындалып білімдерін көрсете алды. Тоқсан барысында биология пәнінен Жетісу облысы, Көксу ауданына Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп гимназиясына «Химия-биология пәндерін оқытуда электронды білім беру ресурстарын пайдалану» тәжірбие тарату семинарына қатысып тәжірбие алып қайтты. Сонымен  қатар Күреңбел қазақ орта мектебінде өткізілген Майра Рахымбаеваның «Оқу мен оқытуды жақсарту» мақсатында арналған 40 сағаттық курсына қатысып сертификатталды..   

17.04-28.04.2023 жылы «Жас келсе іске » жас мамандар онкүндігінде 9«ә» сыныбымен «Жердегі тіршіліктің қалыптасу кезеңдері » тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сондай ақ жас мамандардың сабақтарына қатысып отырды.    9«ә» сынып оқушыларна екі апта көлемінде сынып жетекшілік қызметін атқарды. Оқушылармен 9-мамыр «Ұлы Жеңіс күніне» сынып сағаттарын өткізді. 02.05-12.05.2023 жылы «Жаратылыстану ғылым әлемінде » атты тақырыбында « химия-биология » апталығы өткізілді. Сол апталықта  7-сыныптар арасында «Гүлдер көрмесі» өткізіліп, оқушылары марапатталды. 10.05.2023 жылы «Жас келсе,  іске...» жас мамандар байқауы өткізіліп, «Жаңашыл ұстаз» номинациясымен марапатталды. 

      Жас маман, информатика пәні мұғалімі Ж. Маратовабілімі жоғары, санаты жоқ.  Тәлімгері Н. Касенова    оқу жылының      ІІI тоқсанынан бастап күнтізбелік жоспар  бойынша жұмыс жүргізді. Информатика пәнінен бекітілген күнтізбелік жоспар бойынша күнделікті сабақтар кесте бойынша жүргізіліп отырды. Сабақ өту барысында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша өтілетін тақырыптарға сай түрлі әдіс-тәсілдерді, программаларды  қолданып отырды. Жалпы оқушылар сабаққа қызығушылық пен қатысып берілген тапсырмаларды уақытылы дайындалып білімдерін көрсете алды, бірақ сабақта оқушыларға берілген тапсырмаларды орындауды талап етсе. 

27.02-09.03.2023 күні аралығында өткен МИФ  апталығында “Робо-сумо” тақырыбында ашық сабақ өткізді.

        Тоқсан барысында бөлім бойынша өтілген тақырыптардың тапсырмалары орындалып, оқушылар формативті бағалау жүргізілді.

        “Кербұлақ жұлдызы” газетіне “Жаңа инновациялық әдістемелер мен тәжірибелік құралдар” тақырыбында мақаласы жарияланды.                                 

Айтжанова Айшолпан –география пәнінің мұғалімі, еңбек өтілі 1 жыл. Тәлімгері   Т. Нұртазина. 

    ІІІ тоқсан барысында сабақтың түрлерін, оны қалай оқушыларға үйретудің әдіс-тәсілдерін және сабақ үстінде технологияларды қолдануды, сабаққа қатысқанда жас маман сабақтың қандай жақтарын жазу керектігін, сабақтын талдану жолдарын білімі-біліктілігімді жетілдірдім.

          Жоспар бойынша ақпан айында тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысу жоспары қойылған, соған сәйкес физика пәні мұғалімі Асель Рысмолдақызы мен математика пәні мұғалімі Амина Қапанқызы, география пәні мұғалімі  Торғын Амангелдіқызының сабақтарына  қатыстым. Сабақ барысында оқушыларды  сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруды үйренді. Әр сабақ барысында мақсатқа сай уақытты дұрыс жоспарлауды баса назарға ала отырып сабақ өткізетінін байқадым. Тәлімгері Т.Нуртазинамен сабақты дұрыс жүргізу   туралы әрдайым кеңесіп отырады. Алайда сабақ барысында сабақ жоспарын құруда аздаған қателіктер бар екендігін ескертті, атап айтсақ сабақ соңында бағалау тәсілі нақты емес екенін ескертіп, қандай бағалау жолдары бар екендігін түсіндіріп өтті. Аталған кемшіліктермен жұмыс жасап дер кезінде түзетіп отырды. 

         Серікбол Меруерт- математика пәні мұғалімі, еңбек өітілі 1 жыл, тәлімгері А. Шакенова.    Күнделікті  сабақ жоспарын күнтізбелік жоспарға сай жазылып отырды.  Жүктемелік сағаты 26 сағат. Үйден оқыту 7 «а» сыныбында Есболат Нұрайлым, Тұрсынғали Нұржан.

            Математика пәні бойынша жоспарға сай тақырыптарға сәйкес әр түрлі тапсырмалар жасалынды, тапсырмалар математика сабағынан алған білімдерін тексеруге, оны толықтыруға, оқушының оқуға деген жауапкершілігін арттыруға көмектеседі. Тапсырмалар оқушылардың деңгейіне сай берілді. Күнделікті сабақта қолданылатын көрнекіліктер талапқа сай болды.   5ә, 7ә, 8а, 8б сыныптарына күнтізбелік жоспар  бойынша сабақтар өткіздім. Үйден оқыту сабағына әр түрлі көрнекілік жасап, оқушыға қызықты өткіздім. Жалпы оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатысып, өздерінің білім деңгейлерін көрсетіп отырды. 

           27.02-09.02.2023 жылы аралығында МИФ апталыға өтті. 02.03.2023 күні 8 «а» сыныбымен ашық сабақ өткіздім. Ашық сабақтың тақырыбы «Трапецияның ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану». Ашық сабағымда өз мақсатыма жеттім.

            III тоқсанда 8 «а», 8 «б» сыныптарымен аттестациялауға дайындық жұмыстарын жүргіздім. Сабақтан тыс әртүрлі тапсырмаларды оқушыларға беріп отырды, қатысқан сабақтарынан  әр түрлі әдіс-тәсілдерді, сабақтың өтілу барысын, уақытты тиімді пайдалануды, топпен жұмыс жасауды үйренді. 

Жылдық жоспар негізінде сәуір айында жас мамандардың онкүндігі өткізілді.


Жас мамандар апталығының жоспары

        Пән

     Тақырып

Күні. сыныбы

    Пән мұғалімдер

1.

«Жаратылыстану»

«Дыбыс қалай пайда болады?»

18.04.2023ж      «3в»сынып

Жұмашева Мақпал

2.

«Информатика»

«Компьютердегі деректерді қалай қорғауға болады?»

18.04.2023ж «5а» сынып

Маратова Жанат

3.

«Математика»

«Бұрыш»

19.04.2023ж. «5ә» сынып

Серікбол Меруерт

4.

«География»

«Қазақстанның қызыл кітабы»

21.04.2023ж.      «5ә»

Рысбекова Мақпал

5

«Дебат»

«Әйел адамның құқықтарын ер адамның құқықтарымен теңестіретін фактілер»

19.04.2023ж

Жас мамандар

6.

«Ағылшын тілі» 

«Sports»

19.04.2023ж

«6а» сынып

Әшимова Назерке

7.

«Қазақ әдебиеті»

«Қазақстанның ежелгі сәулет өнері»

20.04.2023ж

«10а» сынып

Наурызбаева Шынар

8.

«Сұхбат»


20.04.2023ж

Жас мамандар және оқушылар

9.

«Биология»

«Жердегі тіршіліктің пайда болу кезеңдері»

25.04.2023ж

«9ә» сынып 


Умбетжанова Айгерим

10

Сайыс сабақ 

Ағылшын тілі

27.04.2023

Ашимова Назерке 

11

Дебат 

«Ер мен әйел құқығы тең бе?»

28.04.2023

Жас мамандар


  Онкүндік барысында математика пәні мұғалімі М. Серікбол 5 ә сыныбында «Бұрыштар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.  «Бұрышты транспортир көмегімен өлшеу» тақырыбында өткізген ашық сабақта «Сандар таспасы», «Сұрақ-жауап», «Кім жылдам» әдістерін пайдаланды. Оқушылармен топтық, жұптық, жеке жұмыс жүргізе оытырп, оқушылардың жазылым, айтылым дағдыларын қалыптастырды. Сабақтың әр кезеңінде «Транспортир», «Бас бармақ», «Доллар» әдістерімен бағаланды. Сабақта оқушылар өз ойларын жеткізе алды, белсенділік танытып, мұғалім мен оқушы арасында диалог құрылды. Бірақ барлық оқушылар сабақта белсенділік танытпады. 

Биология пәні мұғалімі, жас маман А. Үмбетжанова сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Ыстық орындық», «Принтер» әдістерін қолданды. Сабақ барысында топтық, жеке, жұптық жұмыстар орындалып, «қол сағат», «флеш карта» әдістері қолданды.Сабақ соңында кері байланыс беріліп, мұғалімге тапсырмалардың дұрыс берілуі мен тақырыпты түсіндіруіне назар аудару керек екендігі ескертілді. 

    Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ш. Наурызбаева «Ежелгі сәулет өнері. Сызықша» тақырыбындағы  сабақта «Сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін дұрыс қолдана білу мақсатында өткізді. Өткен тақырыпты «Боулинг» әдісі арқылы пысықтап, жаңа тақырыпты «Ашық хат» әдісі, «Попс формуласы» әдістерін тиімді қолданды. Оқушылардың іздену жұмыстарын, өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырады. Сабақ барысында мұғалім оқушылармен тығыз қарым-қатынас орнатып, оқушылардың сабаққа қатысуына, толық жауап беруіне назар аударды. Мұғалімге болашақта барлық оқушыны қамтып,  әр кезеңнің уақытын тиімді қолдануды ескертті. 

Апталық қорытындысында «Әйел адамның құқықтарын ер адамның құқықтарымен теңестіретін фактілер» тақырыбында дебат өткізілді. Информатика пәні мұғалімі  Маратова Жанат 5 «а» сыныбымен «Компьютердегі деректі қалай қорғауға болады?» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта Оқушыларды «Флешка» әдісі арқылы топқа бөлді. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп отырды.Өткен тақырып бойынша «Попкорн» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қойып, «Роботты қуатта» әдісі арқылы бағалау жүргізді. Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға қосымша батарейкалар таратылып тақырып жайлы сұрақтар қойылды. Сабақ тақырыбы мен сабақ мақсаты таныстырылды. Сабақ барысында топтық, ұжымдық, интерактивті тақтамен, дәптермен жұмыстар орындалып отырды. Сабақ соңында «Білім почтасы» әдісі арқылы балалармен кері байланыс жасалды.

Дебат – жастарды көшбасшылыққа баулудың бір жолы. Ел ертеңі болатын жастардың өз ойын ашық білдіріп, еркін сөйлеуі маңызды. Оларға қоғамдық-әлеуметтік маңызды мәселелерді талдап, түсіне алу қабілеті қажет. Пікірсайыс жастарымызды ұтқыр ойлы, саяси сауатты болуға баулиды. Жеке тұлғаның танымын кеңейтеді. Жастар арасында дебат ұйымдастуымыздың мақсаты өз ойларын ашық жеткізуге, сауттылыққа, еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру.Дебатқа Маратова Ж, Асылхан Д, Жұмашова М, Серікбол М, Әшімова Н қатысып, өара пікіралмасты. Жақтаушы және Даттаушы тобына бөлінген жас мамандар спикерді мұқият тыңдап, өз пікірлерін айтып, тақырып бойынша дайындықтары мен бір-бірінің сұрақтарына дұрыс жауап беруге тырысты. Бірақ бағалаушының пікірі бойынша өз сөздеріне өздері қарсы келіп жатқан тұстары да болды. Дегенмен де тақырып бойынша қатысушылар дайындалған, тақырыпқа дәлелді пікір айтуға тырысты. Алдағы уақытта өзекті тақырыпқа дебат өткізуге ұсыныстарын білдірді. 

 Жас мамандар апталығының сабақтарына әкімшілік және тәлімгерлер тарапынан қатыса отырып, жас мамандар әдіс-тәсілдерді қолдана алады, бірақ  мақсатқа жетуде осал тұстары да болды. 

     Мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеріп ерекше тұлғаны анықтау мақсатында мектепішілік  «Жыл мұғалімі - 2023»  байқауы 04 сәуірде өткізілді. Байқауға 7 мұғалім әр бірлестіктен қатысты. Атап айтқанда: 

Аты-жөні

Лауазымы

1

ОмралиноваЖазираАманбаевна

Бастауыш сынып мұғалімі

2

ӘзімбайЗаринаМаратаевна

Математика пәні мұғалімі

3

ДжулаеваАйжанАйткалиевна

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

4

БектемисоваАлтынайКажмуратовна

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

5

МалдыбаеваБакытгулЖылкайдаровна

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

6

ДемеубаеваИндираАйдрусовна

Тарих пәні мұғалімі

7

СатыловБекнурСаянұлы

Дене шынықтыру пәні мұғалімі













Байқау қорытындысы бойынша тарих пәні мұғалімі Демеубаева Индира Айдрусовна Бас жүлдені, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Джулаева Айжан Айткалиевна 1-орынға, математика пәні мұғалімі Әзімбай Зарина Маратаевна 2-орынға, бастауыш сынып мұғалімі Омралинова Жазира Аманбаевна 3-орынға ие болды. Байқауға қатысушылар әр кезеңнің бағалауы бойынша дұрыс көңіл бөліп, талапқа сай   дайындалмаған. Бектемисова Алтынай  Кажмұратқызының шебер-сынып, Сатылов Бекнур Саянұлы –портфолиосына ескерту айтылды. 

Жылдық жоспар негізінде  "Жас келсе, іске ..." байқауы өтті. Байқаудың мақсаты

– Мұғалімнің педагогикалық, әдістемелік білік дағдылар деңгейін  анықтау

- Мұғалімді педагогикалық шығармашылық пен шеберлікке ынталандыру

 - Алдыңғы қатарлы озық тәжірибені анықтау және тарату болды

Сайысқа мектебіміздің 7 жас маманы қатысып, бақтарын сынады. Байқауға қатысқан жас мамандар төмендегі сынақтардан өтті:  «TED форматында Өзін-өзі таныстыру»,   «Ықшам сабақ», «Өз өнерлерін көрсету» 

Өте қызықты әрі тартысты  өткен сайысқа жас мамандар тиянақты дайындықпен келгендіктерін көрсетті. Таныстыру және өнер көрсету кезеңдерінде мұғалімдер өздерінің жан - жақтылығын көрсете білді.Байқау қорытындысы бойынша:  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі                            Ш. Наурызбаева «Бас жүлде», 

І орын математика пәні мұғалімі М. М.   Серікбол,

ІІ орын география пәні мұғалімі М.Рысбекова, 

ІІІ орын Д. Асылхан, «Шығармашыл ұстаз» номинациясын, «Жанашыл ұстаз» номинациясын А.Үмбетжанова, «Өнерлі ұстаз» номинациясын А. Нусипова иеленді. 

  Қыркүйек айынан бастап тіл туралы Заңның орындалуы бойынша бұйрық шығарылып,   жұмыс жоспары бекітілді. Қыркүйек айының 05 күні мен 15  аралығында   «Тіл - халық қазынасы, ұлт шежіресі» онкүндік аталып өтті. 

Онкүндікте барлық орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі пәні мұғалімдері жоспар бойынша сыныптан тыс сабақ, дебат сабағы, мәнерлеп оқу байқауы, және т.б байқау түрлері өз деңгейінде өткізілді.Жоспар бойынша барлық іс-шаралар қамтылды. Бірақ мұғалімдердің өзара сабаққа қатысуы деңгейі төмен болды. Онкүндік директор жанындағы кеңесте қаралып, шешімі шығарылды.

Қыркүйек айынан бастап тіл туралы Заңның орындалуы бойынша бұйрық шығарылып,  жұмыс жоспары бекітілді. Қыркүйек айының 05 күні мен 15  аралығында  «Тіл - халық қазынасы, ұлт шежіресі» онкүндік аталып өтті. 

Онкүндікте барлық орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі пәні мұғалімдері жоспар бойынша сыныптан тыс сабақ, дебат сабағы, мәнерлеп оқу байқауы, және т.б байқау түрлері өз деңгейінде өткізілді. Жоспар бойынша барлық іс-шаралар қамтылды.

      Мектепішілік Тіл туралы Заңның орындалуы туралы жұмыс жоспары бекітілді. Жоспар бойынша төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылды. 


Жұмыстың мазмұны 

Түрі

Жауапты


1

«Тіл – халық қазынасы, ұлт шежіресі» тіл онкүндігін өткізу. 

Ашық сабақ, сыныптан тыс жұмыстар 

Л. Донбаева 

2

Кітап оқу байқауы 

Байқау 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері.Бастауыш сынып мұғалімдері.

3

Ұлы ақындардың мерей тойларын атап өту

Шерхан Мұртазаның туғанына – 90 жыл Сырбай Мәуленовтің туғанына – 100 жыл

Жұмағани Саинның туғанына – 110 жыл,  Әзілхан Нұршайықовтың туғанына – 100 жыл;

Кітапхана бұрышы 

Кітапханашылар 

4

«Мемлекеттік тілде сөйлеу біздің азаматтық парызымыз» өзге ұлт өкілді оқушылармен әңгіме жүргізу.

Әңгіме 

А. Джулаева,

Ж.Ақылбек 

5

 Аудандық тіл орталығының қызметкерлерімен кездесу 


Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері.

6

Поэзияның хан тәңірі – Мағжан Жұмабаевтың көркемсөз оқуларына оқу шеберлерінің байқауына. 1-4 сыныптар  5-8 сыныптар 

Мәнерлеп оқу байқауы 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері.

Бастауыш сынып мұғалімдері. 

7

Аудандық, Абай, Шәкәрім; Мұқағали, Мағжан, Ілияс, Әбіш оқуларына дайындық жүргізіп, мерзіміне қарай қатыстыру.

Байқау 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері.



       Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Осы мақсатта  қыркүйек айының 05-15 аралығында мектебімізде ''Тіл – халық қазынасы, ұлт шежіресі'' тақырыбында онкүндік өткізілді. Жоспар бойынша тәрбие сағаты, сыныптан тыс сабақ, дөңгелек үстел,  көркем сөз және эссе байқауы ұйымдастырылды. Атап айтатын болсақ, 5-7 сынып оқушылармен ''Тіл барда - қазағым бар, халқым бар'' тақырыбында көркем сөз оқу сайысы өткізілді. 6 - сынып оқушысы Жансерік Елубай мен 7-сынып оқушысы Хаджиева Себила жақсы өнер  көрсетті. Қазақ тілі пәні мұғалімдері: А.Таженова мен А.Джулаева 7а, ә сынып оқушыларымен М.Әуезовтың 125 жылдық мерейтойына байланысты ''Әлемге әйгілі Әуезов'' М.Ұзақбаева ''Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз'', Т. Байтагаева «М.Әуезов – қазақ  әдебиетінің тарланы»  дөңгелек үстел, Б. Лабилданова  «Қазақтың   бір  туар  нар   тұлғасы- Мұхтар  Әуезов»  инфосабақ, Ж. Бекбосынова  «Тіл –асыл   қазына» сыныптан  тыс  сабақ, К. Карипбаева  «Өлеңім шарла ауылды»

       «Ә.Сарыбаевтың өмірі мен шығармашылығы»,  Ж. Ақылбек «Қазақ  тілін   тез  үйренудің  жолдары» дебат; ағылшын тілі пәні мұғалімдері  А. Торгаутова  ''Тіл- ұлттың жаны'' Қ. Жунусова мен  Ж. Қожахан 11ә –сынып оқушыларымен ''Тіл - асыл қазына'' тақырыбында  жарыс сабақ, Ж. Касенова «Тіл – татулық тірегі»   тәрбие сағаты; орыс тілі пәні мұғалімдері: А. Джекежанова, Г.Манамбаева  ''Әлемге әйгілі Әуезов'',  Тулепкулова Р, Рахимжанова Г,   ''Наследие Мұхтара Ауезова - достоение науки'',  Ә. Алмухамбет  ''Читаем Мұхтара Ауезова'' тақырыбында сыныптан тыс сабақтар өткізілді. Бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылары, ән, би, арнау,   өлең жолдарын оқып, сахналық көріністер қойып, өз үлестерін қосты. 

      Жоспар бойынша өткізілген іс-шаралардың мақсаты: ана тілімізді сүюге, мәртебесін биік ұстау, оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, сөз құдіретін түсініп,оның адам өміріндегі маңыздылығын ұғынуға үйрету. Онкүндікте қазақ, орыс сыныптарының оқушылары белсенділік танытып, ақын жазушылардың тіл туралы жазған өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқып, сонымен қатар тілге байланысты арнау өлең шығарған оқушылар да өз шығармаларын таныстырды.

Онкүндік қортындысы бойынша белсенділік танытқан оқушылар мен мұғалімдер марапатталды.

Сонымен қатар, дене шынықтыру пәнінін онкүндігі өткізілді. Онкүндік жоспары құрылып, бекітілді. Жоспарда пән мұғалімдері баскетбол, волейбол, футбол, эстафеталық ойындар, шахмат, шашки, үстел теннисі, шағын футбол,тоғызқұмалақойындарын ұйымдастырды. Онкүндік мақсаты: білім алушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру болды. 

Бекітілген жоспар бойынша әр бірлестіктің онкүндігі мен ашық сабақтар кестесі құрылды. Пән мұғалімдері өткізілген іс-шараға жауапкершілікпен қарапәр сайысты мерзімінде өткізуге тырысты, инстарграмм желісіне мерзімінде жүктеп отырды.

      Пән мұғалімдері: Б. Альмуханбетов пен Ж. Бүркітбаев Үстел теннисі «Шабуыл әдіс-тәсілдерін жетілдіру» жарыс сабақ,   сонымен қатар, пән мұғалімдері: Б. Альмуханбетов, А. Бектуров «Доп алып жүру әдіс- тәсілдерін дамыту» тақырыбында, Б. Сатылов пен А. Бектуров тғызқұлақ жарысы «Тұздық алу әдісін дамыту» тақырбында, футбол жарысын  Е. Әбілхасым,   С. Ашимов; шахмат, шашки жарысын Р. Кабимолдаев,Б. Сатылов;      Е. Абілхасым, А. Кулшенбаев, Б. Сатылов 1-2 сыныптар арасында эстафеталық ойындар ұйымдастырып, хаттама жазып, І, ІІ, ІІІ орын алған оқушыларды марапаттады.


Өткізілетін іс-шаралар


Күні, сынып

Жауаптылар

1

Апталықтың ашылу салтанаты «Әлем таныған Әуезов»

21.11.2022ж.       11 сынып

Т.Байтагаева

А.Таженова

2

Сұрақ-жауап байқауы «Жас әдебиетші» (онлайн)

21.11-02.12.2022ж

Ж.Ақылбек

3

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында бейне байқау «М.Әуезов шығармаларының тәрбиелік мәні»

21.11-02.12.2022ж

Ж.Ақылбек

4

Эссе байқауы «Мұхтар Әуезов- қазақтың ұлы жазушысы»

22.11.2022ж     9-11сыныптар

Б.Лабилданова

5

Сыныптан тыс шара «М.Әуезов- қазақ әдебиетінің тарланы»

22.11.2022ж                    7а сынып                        

А.Джулаева

6

Сурет байқауы. Мұхтар Әуезовтың шығармаларынан

23.11.2022ж.  5-8 сыныптар

М.Ұзақбаева

Ш.Наурызбаева

7

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітап оқу байқауы М.Әуезовтың «Жетім әңгімесі»

24.11.2022ж

5-6 сыныптар

Ж.Бекбосынова

А.Джулаева

8

Сыныптан тыс шара «Асқар тау алыстаған сайын айқын көрінеді...»

24.11.2022ж

9ә сынып                          

Б.Лабилданова

9

Сыныптан тыс шара  «Қазақ әдебиетінің алыбы- Мұхтар»

24.11.2022ж         8 б сынып                             

Ш.Наурызбаева

10

Сыныптан тыс шара «Мұхтар Әуезов әлемі»

25.11.2022ж 5 сынып 

М.Ұзақбаева

11

Ашық сабақ М.Мөңкеұлының «Сарыарқа» өлеңіне менің көзқарасым

29.11.2022ж                                   8ә сынып                           

А.Толебаева

12

Ашық сабақ Ж.Аймауытов «Ақбілек» романы

29.11.2022ж    10 б сынып

Ж.Бекбосынова

13

Ашық сабақ А.Құнанбаевтың «Бірінші қара сөзі»

29.11.2022ж,  6 б сынып

Ж.Ақылбек

14

Ашық сабақ Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанының тарихи құндылығы

30.11.2022ж,  8а сынып

Т.Байтагаева

15

Сыныптан тыс шара «Дәуірдің дара тұлғасы»

30.11.2022ж,  7ә сынып 

А.Таженова

16

Ашық сабақ «Сүйінбай мен Қатағанның айтысы»

01.12.2022ж.  7б сынып 

К.Карипбаева

17

Қорытынды кеш «Әлем таныған Әуезов»

02.12.2022ж ,     15.00-16.00

А.Толебаева 

Пән мұғалімдері







Дене шынықтыру пәнінің келешек ұрпақ өмірінде алатын орны жас ұрпақты жан-жақты дамыған, ой-өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене тәрбиесінің алар орны орасан зор. Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс жолға қойып жүргізсе соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Демек болашақ азаматтың дені сау, мүсін тұлғасы дұрыс қалыптасқан, жігерлі де қайратты болып, көпшілдік дағдыларын бойына терең сіңіріп өсуіне мектептердегі дене шынықтыру пәнінің қосар үлесі зор

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің «Әлем таныған Әуезов» тақырыбындағы онкүндігі өтті. Онкүндік өткізу бұйрығы шығарылып, бекітілді. Онкүндікте тәрбие сағаттары, сыныптан тыс сабақтар, ашық сабақтар жоспарланды. 


Қазақ тілі мен әдебиеті  пәні онкүндігінің тақырыбы     «Әлем таныған Әуезов»

Онкүндік барысында барлық пән мұғалімдері жоспарлаған сұрақ-жауап байқауы, бейне байқау, сурет байқауы, эссе байқауларына  оқушылардың қатысуына көңіл бөліп, әр тапсырмаға критерий бойынша бағалау жүргізіліп, талапқа сай жүргізілген жұмысты орындаған оқушыны марапаттап, инстраграмм парақшасына жүктелді.  Жалпы өткізілген ашық сабақтардан соң талдау жүргізіліп, кемшіліктері  мен ұсыныстар айтылды.      Мектептің жылдық жоспары негізінде ашық сабақтар фестивалінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері:                Г. Манамбаева «Друзья познаются в беде»,  Р.С. Тулепкулова      В.А. Жуковский «Сказка о царе Берендее»,  А.Джекежанова «Труд человека кормит», Г. Исабекова «Мой друг»,    Рахмижанова Г. «Использование терминов и профессионализмов в тексте» тақырыбында, тарих, география бірлестігінен Б. Есеркенова «Қырғи қабақ соғыстың аяқталуы», И. Демеубаева «70-80 жылдардағы әдебиет  пен мәдениеттің дамуы»,     Т. Нұртазина  «Су ресурсы. Экологиялық проблемасы»,  Өнергүл Тоқтасын «Қазақстанда кеңестік биліктің орнығуы»,  Рысбекова Мақпал «Электрлік және магниттік құбылыстар», А. Айтжанова «Геоэкологическое проектирование», Э. Алимкожаев «»   тақырыбында    ашық сабақтар өткізді. Өткізілген ашық сабақтарға мектеп әкімішілігі және пән мұғалімдері қатысты. Өткізілген ашық сабақ бойынша пән мұғалімдері мақсаттарына жетті, топтық, жұптық жұмыстар жүргізді. Пайдаланған әдіс-тәсілдер тиімді, мақсатқа сай болды. 

Бастауыш сынып мұғалімдерінің  «Іздеген-табар, оқыған озар...»   тақырыбында өткізілген онкүндікте төмендегі іс-шараларды жоспарлады.  Онкүндіктің мақсатыОқушылардың функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру негізінде бастауыш сыныпты оқыту пәндерінің мүмкіндіктерін анықтай отырып,  оқушылардың танымдық қызығушылығын,  жеке, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

   Бастауыш сынып мұғалімі А. Нусипова 4 А сыныбымен «Қош келдің, Наурыз!» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосады, жаңа сюжеттер енгізедіСабақ ұйымдасқан түрде ынтымақтастық атмосферасын және өзіне сенімділік қалыптастыру арқылы басталды.  Оқушылар «Таңдау» әдісі арқылы топқа, үй  тапсырмасының сұрағына жауап берді. Оқушылар  алдыңғы өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап берді. Жаңа сабақтың мақсаты айтылды. Жаңа сабақты түсіндіру мақсатында оқушыларға видеожазба көрсетілді. Сабақ барысында бірінші  тапсырма бойынша топтық жұмыс берілді. Әр топ өзіне берілген топтық жұмыс бойынша тапсырмаларды орындады. Және әр топ бірін - бірі бағалады. Сабақта жұптық жұмыс «Кілт әдісі» арқылы жүргізілді. Сабақ барысында топтық жұмыс тақтамен жұмыс, жұптық жұмыс, сергіту сәті ауызша жұмыстар жүргізілді. Әр берілген тапсырма бойынша оқушылар ауызша мадақтау арқылы бағаланды.

Ашық сабақ бойынша нәтижелері: Сабақта «Болжам әдісі», «Кілт беру» әдіс- тәсілдерін қолданды. Оқушылар өз ойларын нақты жеткізе алады, Жеке топтық жұмыстарда белсенділік таныта білді. Топ арасында оқушы мен мұғалім арасында диалог құрылды. 

Сабақта жіберілген кемшіліктер: 

1.Басқа ұлттың Наурыз мерекесін қалай тойлайтынын түсіндірмеу.

2 «Ә» сыныбында әдебиеттік оқу  сабағы «Спорт деген немене?» тақырыбында ашық сабақ болды. Сынып жетекшісі:Кунанбаева Н.Д.

Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік талап тұрғысына сай  жоғары деңгейде  құрылған. Сабақ дамытушылық бағытқа құрылды. Оқушылардың ауызша жауап беру дағдыларына көп көңіл бөлініп, толық сұраққа сөйлеу тілі   меңгеріліп, қиындық туғызатын тапсырмалар орындауға көмек көрсетілді. Сабақта жаңа  ақпараттық технология  құралдарын көрнекті құрал ретінде қолданылды.

Ұсыныстар: Сабақта берілген тапсырмаларды баланың жас ерекшелігіне сай түрлендіріп отырса.

3 «А» сыныбымен «Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейтуге үйрету.

   З. Жаутикова   сабақтың тақырыбын ашу мақсатында көбейту   «Адасқан әріптер» әдісі арқылы ілініп тұрған өрнектердің мәнін тауып, жасырынған сөзді анықтады. Сабақ барысында жеке жұмыстарға «Таратпа» әдісін, топтық жұмыстарға «Өрнекті құрастыр», «Қима қағаздар» әдістерін қолданылып, сабақ барысында тақтамен, дәптермен жұмыстар орындалып, топтық бағалау мен оқушыларды жеке бағалау мақсатында «Смайликтер», «Бас бармақ», «Қол сағат» әдістерін қолданды. 

Ұсыныс: сабақ барысында уақытты тиімді пайдалану

3 «В» сынып мұғалімі М. Жұмашова өз сабағына талдау жасай отырып, сабақ ұйымдасқан түрде басталғанын атап өтті. Ынтымақтастық жаттығуы жасалып, оқушылардың көңіл – күйіне назар аударылғаны туралы айтып өтті. Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында көбейту кестесінен өрнектер қолданығанын, сабақ тақырыбы мен сабақ мақсаты жарияланғанын айтты. Сабақ барысында жеке жұмыстарға «Қолшатыр» әдісін, топтық жұмыстарға «Өрнекті құрастыр», «Кім жылдам» әдістерін қолданылғанын, сабақ барысында топтық, жеке, тақтамен, дәптермен жұмыстар орындалып, топтық бағалау мен оқушыларды жеке бағалау мақсатында «Смайликтер», «Геометриялық фигуралар» «Бас бармақ», «Медальон» әдістерін қолданғанын атап көрсетті.

Сабақ барысында жіберілген кемшілігі – оқушыларға бір тапсырмада дұрыс бағыт берілмегенін, нәтижесінде оқушылар тапсырманы орындай алмағанын айтты.

     Р.Кашаганова 4 «Ә» сыныбымен «Қорытындылау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: «Таңдап алу »   әдісімен комбинаторлық есептерді шығару.

     Сабақта күтілген оқу нәтижесі: Ақиқат пен жалған пікірлерді  құрастыра алады. Есептеуді қажет етпейтін есептерді шығару, ойлау, зеректілігін және логикалық есептерді ойлай алады. Түсімділік өлшем бірліктерін қалай өрнектеуге болатынын біледі. Таңдап алу тәсілімен шығарылатын комбинаторлық есептерді құрай алады. Жылдам ойлау қабілеттері дамиды. Топтық және жеке жұмыстарда жылдамдық танытады.

    Сабақ ұйымдасқан түрде басталды. Оқушылар топқа бөлініп отырды. Ынтымақтастық жаттығуы жасалып, оқушылардың көңіл – күйіне назар аударылды. «Ой қозғау» әдісімен оқушылардан үй тапсырмасы сұралды. Қорытындылау арқылы.  сабақ мақсаты жарияланды. Сабақ барысында «өз ойыңды жинақта» әдісі жеке жұмыстарға қолданылды.  «Кім жылдам» әдістері топтық жұмыстарға қолданылды. Сабақ барысында топтық, жеке, математикалық ребустар, тақтамен, дәптермен жұмыстар орындалып, топтық бағалау мен оқушыларды жеке бағалау мақсатында  «Геометриялық фигуралар»  әдістері қолданылды.

Бастауыш сынып мұғалімі: Сейтказинова Ардак Сталхановна

«Санды өрнек» тақырыбында өткізген сабақтың мақсаты: 2.2.1.1. Санды және әріпті өрнектерді (көбейтінді, бөлінді)/теңдіктер мен теңсіздіктерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу.

2.5.1.3. Бірдей қосылғыштардың қосындысын табуға, мазмұнына қарай және бірдей бөліктерге бөлуге берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару.

Сабақ мақсаты: Көбейту  мен бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысқа сүйеніп, санды өрнектер құрады, мәнін табады. Көбейту мен бөлуге берілген өзара кері есептер шығарады.

  Сабақ барысы ұйымдасқан түрде басталды. Өткенді пысықтау «Қарындаштар» әдісі арқылы пысықталды. Оқушылар берілген өрнектерді оқып, мәнін тауып, өз орнына қоя білді. Математикалық диктант алынды. Дұрыс жауабы тақтаға ілініп, білім алушылар жазған өрнектерін тексерді. Келесі тапсырма «Тарсия» әдісі арқылы топтық жұмыс орындалды. Өрнектердің мәнін тауып, берілген үшбұрыштарды дұрыс орналастыра отырып, алты бұрышты шығарды. Берілген өрнектерді оқып, мәнін тапты. Келесі тапсырма жеміс-жидектерде берілген көбейтінді мен бөліндіні жұптастыру арқылы көбейтуге кері амал бөлу өрнектерін дұрыс орналастыра білді. Сергіту сәтінде «Бала, бала, балақан» әнімен қимыл-қозғалыстарын орындады. Жұптық жұмыс ретінде кестеге есеп шартын дұрыс қойып, кері есеп құрастырды. Сабақты қорытындылау «Галерея шарлау» әдісі арқылы өтті. Галереяда берілген өрнектерді оқып, ажырата білді. Кері байланыс «Шахмат» әдісі арқылы алынды.

Сабақ бойынша жеткен нәтижелері: Оқушылар берілген тапсырмаларды толықтай орындай білді. Берілген өрнектерді математикалық тілде оқи отырып, мәнін таба алды. Топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында белсенділік таныта білді. 

Сабақта жіберілген кемшіліктер: Дәптермен жұмыс толық орындалмады.

А. Сейтказинова өз сабағына талдау жасай отырып, сәтті және сәтсіз тұстарын атап айтты. Жоспар бойынша қойылған мақсатқа жеттім, оқушылар тақырыпқа байланысты тапсырмаларды дұрыс орындады, топта жұмыс жасауда өз белсенділіктерін көрсетті. Сәтсіз тұсы дәптермен жұмыс толық орындалмады.

     Т.Божыбаева қазақ тілі пәнінен 4 б сыныбымен «Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: зат есімді септеу,тәуелденген сөздердің септелуін білу.

Сабақ ұйымдасқан түрде ынтымақтастық атмосферасын және өзіне сенімділік қалыптастыру арқылы басталды. Оқушылар әлеуметтік желілер арқылы топқа бөлініп отырғызылды. Өткен сабаққа шолу яғни үй тапсырмасын сұрау «Бір қадам алға бас әдісімен» жүргізілді. Оқушылар  алдыңғы өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап берді. Жаңа сабақтың мақсаты айтылды. Жаңа сабақты түсіндіру мақсатында оқушыларға видеожазба көрсетілді. Сабақ барысында бірінші  тапсырма бойынша топтық жұмыс берілді. Әр топ өзіне берілген топтық жұмыс бойынша тапсырмаларды орындады. Және әр топ бірін-бірі бағалады. Екінші жаттығу бойынша дәптермен жұмыс жүргізілді. Оқушылар бұл жаттығуда сөйлемдерді көшіріп жазып қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдады. Сабақта жұптық жұмыс ауызша түрде жүргізілді. Сабақ барысында топтық жұмыс дәптермен жұмыс, тақтамен жұмыс, жұптық жұмыс, сергіту сәті ауызша жұмыстар жүргізілді.  Әр берілген тапсырма бойынша оқушылар ауызша мадақтау арқылы бағаланды.

Ашық сабақ бойынша нәтижелерім: Сабақта бір қадам алға бас, сұрақ жауап әдіс- тәсілдерін қолдандым.Оқушылар өз ойларын нақты жеткізе алады, Жеке топтық жұмыстарда белсенділік таныта білді. Топ арасында оқушы мен мұғалім арасында диалог құрылды.Оқушылар берілген сөздерді жеті септікке септей алады. 

Сабақта жіберілген кемшіліктер:

1.Сабақ барысында түсіндіру кезінде тәуелдеулі зат есімдердің септелуінен ауытқып шатасып зат есімдердің жіктелуі туралы

Бастауыш сынып мұғалімі Э.Майбасованың  математика пәнінен  2  «В» сыныбымен өткізген «Әріпті өрнек» тақырыбындағы ашық сабағында cабақтың мақсаты: әріптің берілген мәніндегі екі амалды әріпті өрнектің мәнін табу.

Сабақ ұйымдасқан түрде ынтымақтастық атмосферасын және өзіне сенімділік қалыптастыру арқылы басталды. Оқушылар әлеуметтік желілер арқылы отырғызылды. Өткен сабаққа шолу яғни үй тапсырмасын сұрау «Салыстыр» жаттығу әдісі жүргізілді. Оқушылар   алдыңғы өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап берді. Жаңа сабақтың мақсаты айтылды. Жаңа сабақты түсіндіру мақсатында оқушыларға түсіндірілді. Сабақ барысында бірінші  тапсырма бойынша «Фонарик» әдісі арқылы орындалды. Әр оқушы өзіне берілген сұрақ-жауап бойынша тапсырмаларды орындады. Оқушылар  лайк басу арқылы өзін-өзі бағалап отырды.   «Бинго»  әдісі арқылы жеке тапсырмалар ауызша орындалды. Топтық жұмыс жүргізілді.  Оқушылар бұл топтық жұмыста есеп шығарып және кері есеп құрастырды. ЕБҚ тапсырмалары «Пазл» әдісімен жүзеге асты. «Кім тез? » әдісі  арқылы кюар код пайдаланып мысалдарды шығарып, қазақтың ақын-жазушыларының қандай өлеңдері мен шығармаларын жазғанын білді. Сабақ барысында топтық жұмыс дәптермен жұмыс, тақтамен жұмыс, жұптық жұмыс, сергіту сәті ауызша жұмыстар жүргізілді. Әр берілген тапсырма бойынша оқушылар ауызша мадақтау арқылы бағаланды.

Ашық сабақ бойынша нәтижелерім: Сабақта ерекше әдіс -тәсілдерін қолдандым. Атап айтсам, «Фонарик әдісі», «Бинго ойыны» «Кім тез? әдісі» кюар код арқылы. Оқушылар өз ойларын нақты жеткізе алады. Жеке топтық жұмыстарда белсенділік таныта білді.

Сабақта жіберілген кемшіліктер:

1.Сабақ барысында есеп шығарғанда, есепке кері есеп құрастырылмады.

Онкүндікте бастауыш сынып мұғалімдері  Қазақ тілі  « Патша мен жазудың ханшайымы» (жазу каллеграфиясы), Жаратылыстану күні аталып  «Біз және ғарыш» ( пәннен сұрақтар), Математика  күні «Математика адам  өмірінде»(сұрақтар, ребустар),  Достық күні «Бәріміз бірге» (тренинг) мектеп психологы И.Жаулина, Т.Молданазарова, Әдебиеттік оқу күні «Үздік оқырман»  (кітап оқу сайысы),  Дүниетану күні Рәміздерім-мақтанышым ( мәнерлеп өлең оқу) байқауларын үлкен үзілісте өткізіп, жеңімпаздарды анықтап, марапаттады. Оқушылардың жұмыстары мектеп қабырғасына ілінінді. Өтілген барлық іс-шара мектептің инстаграмм парақшасына жарияланды. 

Онкүндік барысында бастауыш сынып мұғалімдері бір-бірінің сабақтарына толық қатысып, іс-тәжірибе алмасып, әр сабақтан соң талдап, өз ұсынысын білдіріп отырды. 

Онкүндік қорытындысы  бойынша төмендегідей ұсыныс айтылды.

  1. Бастауыш сынып мұғалімдерінің пән бойынша білімдерін жетілдірсе,
  2. Ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмыс жүргізілсе. 

30 қаңтар мен 04 ақпан аралығында «Ұлттық қолөнер бұйымы» тақырыбында көркем өнер, музыка, АӘДжТД пән бірлестігінің  апталығы өткізілді.Апталықтың тақырыбы «Ұлттық қолөнер- ұлы мұра»

Апталық мақсаты: Ұлттық қолөнерді дамыту, қолөнер шеберлеріне қолдау көрсету,олардың жасаған бұйымдарын кеңінен насихаттау, жас әрі дарынды қолөнершілерді анықтау. Бабалардан қалған қолөнерді ұрпақ санасына сініру, кәсіби бағдар беру. Оқушылардың өнерін дамыту.

Өткізілетін

 іс-шаралар

Түрі

Сыныптар

Жауапты мұғалімдер

1

Апталықтың ашылуы 


МО

5-9 сыныптар

ӘБ жетекшісі

А.Нуртазина

А.Сырғалиев 

2

Сурет көрмесінің тақырыбы:

 «Қыс кереметі»

Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.

Сурет көрмесі

5-9 сыныптар

А.Нуртазина

Б.Танирбергенов

3

Арнайы өлшемдегі белдемшенің үлгісін пайдаланып,бірнеше белдемше қию,тігу технологиясы..

Шебер сынып .


9-сынып

А.Нуртазина

4

Құрылымдық материалдарын өңдейтін жабдықтар, қол құралдары және саймандар.

Ашық сабақ

5-сынып

Б.Танирбергенов

5

 Макетирование одежды

Шебер сынып

6в сынып

А.Копбаева

6

Обработка отельных деталей

Ашық сабақ

6в сынып

А.Копбаева

7

Музыка және форма.

Ашық сабақ

3ә сынып

А.Сырғалиев

8

Үй мәдениеттің эканомиясы

Ашық сабақ

6 сынып

Е.Абдикалимов

9

Шебердін қолы ортақ.

Шебер сынып.

8а сынып

Б.Танирбергенов

10

«Әнші балапан» байқауы

байқау

1-4

5-9

А. Сырғалиев

11.

Жас сарбаз. Ант қабылдау.

Ашық сабақ

7 ә сынып

Д.Асылхан

12

Идея ойластыру.Нобай, құрал- жабдықтар мен  материалдар дайындау

Ашық сабақ

8 а,ә,б

А.Нуртазина

13

Апталықтын жабылуы.

Оқушыларды марапаттау

Апталықтың жабылуы

     5-11

сыныптар

А.Нуртазина

Бірлестік мүшелері


Апталықтың басында «Ұлттық қолөнер бұйымы» тақырыбында қолөнерден жасалған бұйымдардан көрме жасалынды. Әр мұғалім өзінің оқушыларының жасаған бұйымдарын қойды.  Апталықтың ашылуын 10-11 сынып оқушыларын шақырып лездеме жасап, хабарландыру айтылды. Бірақ дайныдықсыз келген оқушылар өз өлеңдерін ұмытып қалып жатты. Би билеген қыздардың да дайындықсыз екендігі көрінді. Бірлестік жетекшісі Ә. Нұртазинаға ауызша ескерту айтылды. 

9-сынып оқушыларымен өткізілген «Арнайы өлшемдегі белдемшенің үлгісін пайдаланып, бірнеше белдемше қию, тігу технологиясы» тақырыбындағы шебер-сыныпта мұғалім қыздардан өлшем алып, белдемшенің қию әдісін, көрсете отырып, топтық жұмыста юбка тігу әдісін, көктеу, тігу технологиясын көрсете алды. Техникалық қауіпсіздік сақталды. Сабақ соңында қыздарға сұрақ қоя отырып, кері байланыс жасады.

Көркем еңбек пәні мұғалімі Б. Танирбергенов «Құрылымдық материалдарын өңдейтін жабдықтар, қол құралдары және саймандар» тақырыбындағы ашық сабақты 5- сыныптың ұлдарымен өткізді. Сабақта ұлдарды топқа бөле отырып, крассворд шешу арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашты. Тақырыпқа сай алып келген құралдардың пайдалану жолдарын көрсетіп, әр заттың атауын есте сақтауын сұрады. Топқа бөлінген ұлдарға топтық, жеке тапсырма берілді.   Әр сұраққа жауап берген оқушылар күнделікті өмірде қолданбаған оқушылар сабақты бекіту кезеңінде заттың атауын ұмытып қалып жатты. Сабақ мақсатына жетті. Сабақта техникалық қауіпсіздік сақталды. Оқушылармен қарым-қатынас орнады.

Пән мұғалімі А. Копбаева  «Макетирование одежды»,  «Обработка отельных деталей» тақырыбында 6в сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта пән мұғалімі оқушыларға сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын сұрап, өткен сабақпен байланыстырды. Сабақта мұғалім, киім үлгілері, үй киімі, спорт киімі, классикалық қиімдерді киетін орны мен үйлесімділігіне мән бере отырып түсіндірді. 

Музыка пәні мұғалімі  «Әнші балапан» байқауын 1-4, 5-9 сынып оқушыларымен өткізді. Байқауға қатысқан оқушылардың жанды дауыста айтып шығуы, сахнада өзін ұстау мәдениеті, киім кию үлгісіне баса назар аударды. Байқау соңында әділ қазылар алқасының бағалауымен оқушылар марапатталды. 

«Идея ойластыру.Нобай, құрал- жабдықтар мен   материалдар дайындау»  8 а,ә,б сынып оқушыларының қыздарымен шебер-сынып   өткізді. Сабақта мұғалім матамен көйлек пішу, тігу, көктеу әрекетін қыздарға түсіндіре отырып, сабақ барысында екі көйлек тігілді.  

 Апталық барысында ауқымды іс-шара  педагог-бақылаушы Асылхан Дастан 7-сынып оқушыларымен «Жас сарбаз» клубын құрып,   ант қабылдау рәсімі өткізілді. Ант қабылдау рәсіміне аудандық әскери бөлімінің қызметкерлері  және ауған соғысы ардагерлері шақырылды.

2023 жылдың   27 ақпан – 10 наурыз  аралығында  «Нақты ғылымдар еліне саяхат» тақырыбында математика, физика, информатика атты  бірлестігінің  онкүндігі өткізілді. Онкүндіктің басталуы 8-11 сынып оқушыларына арналған лездеме болды. Лездемеде оқушыларға математикалық сұрақтар қойылып, дұрыс жауапқа бергенге сый таратылды. Математика пәні мұғалімі А. Шакенова «» тақыбында 9 сыныппен жарыс сабақ өткізді. Сабақ есіктен кірген бетте амандасу, топқа бөлінуден басталды. Сабақ барысында мұғалім халықтық өлшем   мен  логикалық есептер берілді. 

    Серікбол Меруерт 8 «А» сыныбымен «Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты:трапецияның ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану.

Сабақта күтілген оқу нәтижесі:Трапеция ауданының формулаларын  қорытып шығарады. Трапеция ауданының формулаларын  есептер шығаруда қолданады.

 Сабақ ұйымдасқан түрде басталды. Оқушылар топқа бөлініп отырды.Өткен тақырып бойынша «Кім жылдам?» әдісімен кестедегі бос орынды ұжымдық жұмыспен толтырды. Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында трапеция жайлы сұрақтар қойылды. Сабақ тақырыбы мен сабақ мақсаты таныстырылды. Сабақ барысында «Стоп кадр», «Кім жылдам» әдістері қолданылды. Сабақ барысында топтық, жеке, ұжымдық, тақтамен, дәптермен жұмыстар орындалып, топтық бағалау мен оқушыларды жеке бағалау мақсатында «Карточкалар», «Бас бармақ», «Доллар» әдістері қолданылды.

Ашық сабақ бойынша нәтижелерім: 

Оқушылар өз ойларын ашық, нақты жеткізе алды. Жеке, топтық жұмыстарда белсенділік таныта алды. Топ арасында, оқушы мен мұғалімі арасында диалог құрылды. Әр топ өз жұмыстарын қорғай алды. Оқушылар трапецияның ауданын қолданып есептер шығара алды, формулаларды қорытып шығара алды.

Сабақты жіберілген кемшіліктер:

Сабақ барысында кейбір оқушыларым сабақта белсенділік танытпады.

Информатика пәні мұғалімі Н. Касенова 11 «А» сыныбымен «Crowdfunding (краудфандинг) платформаларының жұмыс істеу қағидалары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың оқу мақсаты:1.Crowdfunding платформасының жұмыс істеу қағидаларын баяндайды.

2.Crowdfunding платформалардың жұмыс қағидаларын сипаттау

Күтілетін нәтиже : «Стартап» ұғымын біледі; Crowdfunding платформасының жұмыс істеу қағидаларын баяндайды.

Сабақтың өтілу барысы :Топқа бөлініп, үй тапсырмасын тексеру мақсатында өтілген  тақырыптар бойынша «Кім жылдам» әдісі арқылы сұрақтар қойылды, үш топ жылдамдыққа жауап берді. «Суреттер сөйледі» бойынша тақырыпты ашты. «Бейне саяхат әдісі» видеокөрсетілім жасалды. «Дәптермен  жұмыс» ақпаратты «Түртіп алу » әдістері арқылы жаңа тақырыпта кездескен термин сөздерді дәптерлеріне  жазды, «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі арқылы оқушылар зерттеу жүргізді, әр қайсысы жүргізілген зерттеулерді бір сөйлеммен түйіндеді. Жұппен жұмыс жасалып Краудфандинг   платформасында стартапты іске қосудың SWOT талдауын жасады. Кері байланыс БББ әдісі арқылы жүргізілді.


Ашық сабақ бойынша нәтиже: Оқушылар өз ойларын ашық жеткізді, топтық, жұптық жұмыстарда белсенділік танытты. Оқу мақсаттарына қол жеткізді. 

Математика пәні мұғалімі Г. Мавлекеева 10 ә сыныбымен өткізген «Тригонометриялық функцияның туындысы» тақырыбындағы ашық сабақ өткізілді. 

Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың туындыларын табу; топтарға кестені толтыруды ұсынады. Сабақта «Жұмыртқа ашу» ойыны, жеке жұмысқа «Сәйкестендіру», сонымен қатар Wordwall арқылы телефомен кіріп тест тапсырды. Топпен жұмысқа «Тарсия» әдісі бойынша тапсырма берілді. Оқушылар тапсырмаларды қызығып орындады. Оқушылар өз ойларын ашық, нақты жеткізе алды. Жеке, топтық жұмыстарда белдсенділік таныта алды. Топ арасында, оқушы мен мұғалім арасында диалог құрылды.. Әр топ өз жұмыстарын қорғай алды. Оқушылар тригонометриялық функциялардың туындыларын таба алды. 


   Биология, химия пәні бірлестігінің пән мұғалімдері «Жаратылыстану ғылым әлемінде» тақырыбында онкүндігінде төмендегі тақырыптар қамтылды. 

        Сабақ   тақырыбы

   Күні

  сыныбы

    Пән мұғалімдер

1

Онкүндіктің ашылуы. Лездеме. Жаратылыстану ғылым әлемінде

02.05.2023

А. Мухамадиева,     Г. Дүйсебекова 

2

Ашық сабақ. 

7ә сынып 

А. Мырзашева

3

Ашық сабақ. «Спирттер мен олардың  қасиеттері»

04.05.2023

9 в сынып 

А. Мухамадиева                  

4

Ашық сабақ. «Алкиндер»

05.05.2023

9 ә сынып

З. Әзімбай 

5

Сайыс сабақ. «Кім тапқыр?»

10.05.2023

9 а, ә, б

А. Умбетжанова 

6

Ашық сабақ. «Қазақстан территориясында кездесетін егістік дақылдар мен үй жауарларының қол тұқымдары »

11.05.2023

8 а сынып 

Г. Дүйсебекова

7

«Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалды ойын

05.05.2023

10 а,ә, б.

А. Мухамадиева, Г. Дүйсебекова

8

ХХІ ғасыр көшбасшысы

8 а, ә,б, в

З. Әзімбай

9

Қолөнер көрмесі. 

12.05.2023

А. Умбетжанова., А. Мырзашева


       Онкүндіктің ашылуында оқушылармен лездеме өткізіп, бұйрықпен таныстырды. Сонымен қатар пән мұғалімдері әр түрлі қоспалармен зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, оқушылардың қызығушылығын арттырды.

Химия пәні мұғалімі А. Мухамадиева 9 сынып оқушыларымен  «Спирттер мен олардың  қасиеттері» тақырыбындағы ашық сабақта «Графикалық органайзер», «Технологиялық карта» әдістерді тиімді қолданды. Білім алушылармен топтық, жұптық жұмыстар жүргізе отырып, оқу мақсатына жетіп, өтілген тақырыпты меңгерте алды.Оқушылардың сабақтың мақсатын, күтілетін нәтижелерін түсінгендігін   нақтылайды.Тапсырманың орындалу барысын бақылайды. Өзін-өзі, топта, жұпта жұмысты «Қол сағаты» әдісі арқылы бағалатты. Сабақ соңында талданып, кері байланыс жүргізілді.

Химия пәні мұғалімі З. Азимбай «Алкиндер» тақырыбында ашық сабағында мақсатына жетті. Өткен тақырыпқа байланысты тапсырма береді. Оқушылардың іздену жұмыстарын, өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырады.  Сабақ барысында әдістерді тиімді қолдана отырып, топтық, жұптық жұмыс жүргізе алды. 

«Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалды ойын, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойындарын өткізе отырып, білімдерін арттыру сұрақтары қойылды және білімді оқушылар анықталды. Сыныптағы  оқушылардың  арасындағы сенімді, достықты, сыйластықты қалыптастырды.

Жылдық жоспарда жоспарланған онкүндіктер мен іс-тәжірибе тарату, дарынды оқушылармен жұмыс, жас мамандармен жұмыс толық жүргізілді. Бірақ  алдағы уақытта шығармашылық топтың және облыс көлемінде іс-тәжірибе тарту мұмысын жақсарты қажет.





                Күшті жағы 

Пән мұғалімдері жоғары білімді, тәжірибелі.

Магистр дәрежелі білімі бар.

Пән мұғалімдерінің білімін жетілдіру курстарынан үш жылда бір рет өтуі.

Мектеп ұжымы ауызбірлікті, ұйымшыл.

Мұғалімдердің әдістемелік бірлестік жетекшілерімен тығыз қарым-қатынаста болуы.

Әр түрлі  жағдаяттарда шешімін таба біледі

Білім беру платформаларын қолдана біледі

Теориялық білімі жеткілікті


              Әлсіз жағы 

- Авторлық бағдарламалар

- Кіріктірілген сабақтардың аздығы

- Функционалдық сауаттылық тапсырмалары мен жұмыс әлсіздігі. 

 - Мұғалімдердің психологиялық жағынан сенімсіздігі- жаңартылған бағдарламаны кейбір мұғалімдердің әліде меңгермегені. Сондай-ақ,  тағы бір әлсіз жақтары  математика пәні бойынша  оқушылардың     ойлау қабілеті төмен, білім сапасының пән бойынша төмендігі. 


                 Мүмкіндігі 

  1. Ұстаздармен мейлінше көп жұмыс жасаған, жоспарланған мақсаттарды орындауға, ұжыммен бірлесе отырып, педагогикалық шеберлікті шыңдауға, біліктілікті арттыруға уақытты үнемді пайдалану.
  2. Пән мұғалімдерінің облыс, республика көлемінде іс-тәжірибесін тарту мүмкіндігі бар. 
  3. Дарынды және үлгермеуші оқушылармен тығыз баланыста болуы.
  4. Сабақтан тыс шараларды ұйымдастыру.
  5. АКТ құралдарын тиімді пайдалану.
  6. Сабақта әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану
  7. Мұғалімдердің курс , семинарларға қатысу мүмкіндіктері қарастырылған.
  8. Кәсіби конкурстарға қатысу мүмкіндіктері бар
  9. Тәжірибе алмасуға мол мүмкіндігі бар. 
  10. Жас мамандардың тәжірибелі ұстаздардан әдістемелік көмек алу мүмкіндігі бар.
  11. Біліктілік санатын көтеру мүмкіндігі бар.


                  Қауіпті жағы

Сарамандық жұмыстар жасауға құралдардың жетіспеушілігі

Кері байланыс жүйелі жүргізілмеуі.

Оқушылардың ішінде пәнді иегере алмай қалған үлгерімі төмен оқушыларды ата-аналарымен жұмыстың әлсіздігі



























Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив