2022-2023 оқу жылында тәрбие бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы АҚПАРАТ » № 49 орта мектеп
"Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі"
"№49 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72840) 32-5-36
Есепші бөлімі:
+7(72840) 32-5-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылында тәрбие бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы АҚПАРАТ
31
май
2023

2022-2023 оқу жылында тәрбие бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы АҚПАРАТ


2022-2023 оқу жылының І тоқсанында тәрбие тұжырымдамасының 8 бағыты бойынша іс-шаралар атқарылды. Кешенді жоспар бойынша мектептің ішкі тәртібін сақтау мақсатында ұлдармен және қыздармен жұмыс, сынып жетекшілермен жұмыс, өзін-өзі басқару ұйымының жұмыстары жүргізілді. Жылдық жоспарға сәйкес қыркүйек және қараша  айларына жұмыс жоспары құрылды. Сол жоспарларға негізделе бұйрықтар шығарылып, іс-шаралар өткізілді. 

Тұлғаны елін сүйетін, жерін сүйетін елінің нағыз патриоты болатын азаматты тәрбиелеу мақсатында «Білім» күніне орай барлық 1-11 сыныптардың қатысуымен «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары  А. Жумадилова мен А. Маралбаевтың, ұстаз ұйымдастырушы А. Жинбаевтың ұйымдастыруымен жалпы мектепішілік салтанатты жиын  және әр сыныпта осы «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыпта тәрбие сағаттары өткізілді. Ал қазан айында «Құқықтық мәдениет» жобасы аясында «Жемқорлықтың тарихи тамыры»  тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау,ана тілін және мемлекеттік тілді,қазақ халқының, ҚР-ндағы  этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Рухани жаңғыру» жобасы аясында 5 қыркүйек – ҚР халықтарының Тілдері күні мерекесін ұйымдастыру мақсатында «Тіл мерекесі – достық пен бірліктің белгісі» тақырыбында   5-9 қараша күндері  1-11 сыныптар арасында тәрбие  сағаттары, «Өнегелі бір сағат» жобасы аясында «Абай жолы» 

М. Әуезовтің 125 жылдығына орай 5-11 сыныптар арасында тәрбие сағаты, қазан айында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Қаз дауысты Қазыбек би» Қазыбек бидің 355 жылдығына орай және «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына орай тәрбие сағаттары өткізілді. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбиені жүзеге асыру мақсатында «ЭКОstart» жобасы бойынша «Табиғат тамшылары» тақырыбында сурет байқауы өткізілді, 8-11 сыныптар оқушыларының қатысуымен «Біз өнерлі жастармыз!» ұранымен флешмоб биін биледі. Отбасы тәрбиесін жүзеге асыру мақсатында «Отбасы орта мектеп» жобасы аясында «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында апталық өткізілді және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мен оқыған көркем әдеби кітап....» тақырыбында READx жобасы бойынша 5-11 сынып оқушыларының  мектебіміздің кітапханашысымен сұхбаттасуы өтті. Ол сұхбаттасуда оқушылар өздері қызығып оқыған кітаптар жайлы және олардың мазмұны жайлы ой бөлісті. Және де Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Маралбаев және «Ұлдар» клубының ұйымдастырумен «Әкем айтқан нақыл сөз...» тақырыбында «Айтарым бар...» ток-шоуы өткізілді. Рухани-адамгершілік тәрбиесін жүзеге асыру мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова мен әлеуметтік педагогтың ұйымдастыруымен «Қамқорлық» жобасы «Балаларға қамқорлық», «Мектепке жиналуға көмектес» және «Адамдарға қуаныш сыйла!» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты: әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушыларға қаржылай, мектепке қажетті құрал-жабдықтармен көмек көрсету, қамтамасыз ету. Және осы акцияның нәтижесінде көмек көрсеткен, қол ұшын берген демеушілерге «Кербұлақ жұлдызы» газетіне мақала беру арқылы алғыс жарияланды.

 4 қазан ұстаздар күніне орай «Ұстаз- аты биік, әрі мәңгілік» тақырыбында 

10-11 сыныптар аралығында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова мен ұстаз-ұйымдастырушы А. Жинбаевтың және 10-11 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен мектепішілік   ұстаздарға арналған концерттік кеш өткізілді. Мақсаты: ұстаздарды мерекелерімен құттықтай отырып, мерекелік көңіл-күй сыйлау. Сонымен қоса, осы қазан айында        1 қазан «Қарттар күніне» орай «Өз жүрегіңмен жылыту» тақырыбында қайырымдылық акциясын өткізді. Қарт кісілердің үйлеріне барып, сыйлықтарын беріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, сол кісілерге үй шаруасына көмектесіп, қарттарымыздың тәлімді-тұғырымды, үлгілі-өнегелі әңгімелерін, ақыл-кеңестерін тыңдап, өздеріне өмірлік сабақ алып келді. Зияткерлік, ақпараттық мәдениет тәрбиесін жүзеге асыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ҚР Рәміздерінің 30 жылдығы қарсаңында «Өрлей бер, гүлдене бер, туған елім Қазақстан» тақырыбында оқырмандар сайысын кітапханашылар мен тарих-география пәні бірлестігі өткізді.Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында 1-11 сыныптар аралығында сынып сағаттары өткізілді.  Ал қазан айында «BOOKDATING-кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса» жобасы аясында «Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі» тақырыбында Дебат клубының жетекшісі Б. Есеркенова мен Э. Алимкожаев, дебат клубының мүшелерімен «Дебат» өткізді. 8-11 сыныптар аралығында «Көшбасшы -2023» тақырыбында зияткерлік байқауы өткізілді. Бұл байқаудың мақсаты: «Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар» демекші, өз білімімен суырылып, алдыға оза шапқан, жүйрік те, білімді оқушымызды анықтау және марапаттау. Көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбиесін жүзеге асыру мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мектебім-мақтанышым», «Киелі мекен Күреңбел» тақырыбында тарихи-зерттеу жобасы және «Мектеп денсаулық ортасы бола ала ма?» тақырыбында медицина қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесін жүзеге асыру мақсатында «Салауатты өмір салтын сақтау» жобасы аясында «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында оқушыларға жол ережесін үйрету, өмір қауіпсіздігін сақтау, жол апаттарының алдын-алу мақсатында тәрбие сағаттары мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Дұрыс тамақтану-үздік білім алудың жолы» тақырыбында сынып жетекшілер әлеуметтік педагогпен біріге отырып сынып сағатын, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қоса, «NO SMOKING DAY- шылым шегуге жол жоқ» тақырыбында 8-11 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. 

Биылғы 2022-2023 оқу жылында араға 13 жыл салып, Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастауымен 25-қазан Республика күні болып қайттан тойланатын болды. Сол мерекеге орай аудандық білім бөлімінің бұйрығымен 25-қазан Республика күнін мерекелеу жөніндегі мектепішілік іс-шаралар жоспары құрылып, бәрі жоспардағыдай жоғарғы деңгейде өткізілді. Сол жоспарға сай, 1-6 сыныптар аралығында Республика күніне арналған қабырға және сурет байқауы өткізілді, алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Д. Асылханның жетекшілігімен «Мен Отанның бақытты ұланымын» тақырыбында 10-11 сыныптар аралығында  челлендж  түсірілімі өткізілді, Республика күніне орай 1-4 сыныптар «Атамекен» тақырыбында   диктант, ал 5-11 сыныптар «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе жазды. Диктант, эссе жұмыстары жинақталып, Республика күніне арналған іс-шаралар атты папкаға салынды. «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» тақырыбында 1-4 сыныптар  арасында  мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Осы байқауға қатысқан оқушылар мен жеңімпаздарды мектеп директоры К. Кыстаубаева мақтау қағазымен марапаттады. Және де 25 қазан Республика күнін мерекелеу мақсатында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 3-11 сыныптар аралығында спорттық іс-шаралар өткізді. Атап айтсақ, сыныптар арасында «Толағай- DAY», «Кім жылдам?» тақырыбында жарыстық сайыстар өткізілді, жеңген командалар мақтау қағазымен марапатталды. Сонымен қоса, 25 қазан Республика күніне орай өскелең ұрпақты Қазақстандық патриотизм рухына тәрбиелеу және олардың азаматтық сана-сезімін қалыптастыру мақсатында Аудан соғыс ардагерлерімен және Сарыөзек әскери гарнизон офицерлерімен жас сарбаз кадет сыныбы алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі  Асылхан Дастан Серікұлының ұйымдастыруымен кездесу өткізді. «Қыран елім-Қазақстан» жалпы патриоттық акциясы аясында кітапханашы Г. Ақылбекованың ұйымдастыруымен оқырмандар байқауы өткізілді. Сонымен қоса, Республика күніне арналған және «Балалар жылы» аясында «Отаным-бақыт ордасы» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова, А. Маралбаев және 10 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен ерлік сабағы өткізілді. Және де 21 қазан күні 1-11 сыныптар ең бірінші, «Патриотизм дауысы» мемлекеттік гимнді жаппай орындады және 1-11 сыныптар 25-қазан Республика күніне орай «Республика күні» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.                                                                                             

    Осы сынып сағаттарын өткізу барысында белсенділік танытып, ат салысқан барлық сынып жетекшілерге мың алғыс.

2022-2023 оқу жылындағы МЕДИА жоспар негізінде Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова 2022 жылдың шілде- тамыз аралығында жасалған «Мектепке жол-шекарасыз жақсылық» тақырыбында өткізілген қайырымдылық-қамқорлық акциясының есебін беру, көмек көрсетіп, демеушлікі жасаған демеушілерге алғыс айту мақсатында «Кербұлақ жұлдызы» газетіне мақала жариялады. «Тіл мерекесі» және «Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына» орай директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ләйлә Донбаева «Кербұлақ жұлдызы» газетіне мақала жариялады. Ал қазан айында «Тазалық-денсаулық кепілі»санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы мектеп медбикесі А. Касымбекова, «Дені саудың-жаны сау» тақырыбында дене шынықтыру пәні бірлестігі жетекшісі Б. Альмуханбетов, «Білім сапасын көтерудегі ата-ананың рөлі» тақырыбында қазақ бастауыш бірлестігі және «Отбасы ұлттың тірегі» Отбасы күніне арналған тәрбие сағаттарының, І тоқсанда тәрбие бойынша жасалған жұмыстардың, іс-шаралардың қорытындысының есебін беру мақсатында  тәрбие бөлімі «Кербұлақ жұлдызы» газетіне мақала жариялады. Барлық мақала жарияланған баспалар арнайы құжаттар жинақталған папкаларға салыны, жинақталуда.

8-11сыныптарда  қыздар   арасында мектеп медбикесінің   қатысуымен «Ерте  жүктіліктің алдын алу»  тақырыбы аясында  кездесу ұйымдастырылды.

Оқушылардың күзгі демалысын ұйымдастыру мақсатында мектепішілік бұйрық шығарылып,оқушылардың өмір қауіпсіздік ережелерін сақтауы бойынша ата-аналарға техника қауіпсіздігі таныстырылып, қол қойылды. 

  Құқықтық білім беру, құқықтық тәрбие және құқық бұзушылықтың алдын – алу жұмысын ұйымдастыру мақсатында жұмыс жоспары құрылып бекітілген. Жоспар жұмысында   «Қылмыс және жасөспірім», «наркология» орталығының маман дәрігерлерімен және  «діни экстремизм мен терроризм» тақырыптарында кездесулер өткізілетіні жоспарланды. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қыркүйек айында 5-10 сыныптар арасында «Қылмыс және жеткіншек», қазан айында «Құқық әлемінде», қараша айында «Балалардың құқықтары туралы заң», желтоқсан айында «Заң білімі – заман талабы» 7-10 сыныптар арасында тәрбие сағаттарының   жоспарлары жинақталды. Құқық бұзушылықтың алдын – алу жұмысын ұйымдастыру мақсатында мектепте құқық кеңесі құрылып жұмыс жоспары бекітілді.

2022-2023 оқу жылының 2 тоқсанында тәрбие тұжырымдамасының 8 бағыты бойынша іс-шаралар атқарылды. Кешенді жоспар бойынша мектептің ішкі тәртібін сақтау мақсатында ұлдармен және қыздармен жұмыс, сынып жетекшілермен жұмыс, өзін-өзі басқару ұйымының жұмыстары жүргізілді. Жылдық жоспарға сәйкес қараша және желтоқсан  айларына жұмыс жоспары құрылды. Сол жоспарларға негізделе бұйрықтар шығарылып, іс-шаралар өткізілді. 

Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, жаңа Қазақстандық патриотизм мен азаматтылықты тәрбиелеу, ана тілін және мемлекеттік тілді,қазақ халқының, ҚР-ндағы  этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында, «30 игі іс» жобасы аясында «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында 8-10 сыныптар арасында Дебат клубының жетекшісі Б. Есеркенова мен Э. Алимкожаевтың және Дебат қозғалысының фракциясы мүшелерінің ұйымдастыруымен Дебат өткізілді. «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» тақырыбында жоспарға сай директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А. Жумадилова мен А. Маралбаевтың ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы Нұр мешітінің имамы А. Бекқожаев пен Кербұлақ аудандық полиция басқармасының майоры А. Джексембаева және «Кербұлақ жұлдызы»  газетінің бас редакторы Айнаш ханымның қатысуымен 5-11 сыныптармен кездесу өткізілді. Сонымен қоса, «Тәуелсіздік ұрпақтары» тақырыбында Қазақстан Республикасының Рәміздеріне 30 жыл толуына орай 5-10 сыныптар арасында ұстаз-ұйымдастырушы А. Жинбаевтың және мәдениет және өнер фракциясының ұйымдастыруымен челлендж түсірілді. «Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы» тақырыбында қараша айында   5-9 сыныптар арасында эссе байқауы өткізілсе, «Тәуелсіздіктің 31 қадамы» тақырыбында, оқушыларға еліміздің 31 жыл бойы басынан кешкен тарихын үйрету мақсатында тарих-география пән бірлестігі мен құқық және тәртіп фракциясы біріге отырып, 8-11 сыныптарға конференция өткізді. Және 5-11 сыныптар арасында «Бейбіт күннің батыры» тақырыбында Желтоқсан оқиғасына -36 жыл толуына орай, Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А. Жумадилова мен А. Маралбаевтың және ұстаз-ұйымдастырушы А. Жинбаевтың ұйымдастыруымен  Желтоқсан оқиғасына қатысушы ардагерлермен кездесу өткізілді. Тәуелсіздік мерекесіне орай 1-11 сыныптар аралығында «Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушыларға 1986жылғы  Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және  Тәуелсіздіктің   қадір қасиетін түсіну, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен   ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге желтоқсан құрбандарымен, оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, елін, жерін сүюге,Отанды қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында 09-13 желтоқсан аралығында  1-11сыныптар арасында  «16 желтоқсан-Тәуелсіздік»  күніне арналған мерекелік мәдени іс-шаралар жоспары құрылып,  «Бабаларым аңсаған - Тәуелсіздік! » тақырыбы аясында жоспарға сай   тәрбие  сағаттары өткізілді. Өткізілген  тәрбие  сағаттары   туралы  анықтамалар  мен   сабақ жоспарларын сынып   жетекшілері  толық  уақытылы өткізді.  Тәуелсіздік   күнінің «Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік» атты  тақырыпта 1-11 сыныптар тәрбие сағаттарын жақсы деңгейде өткізді.Осы «Бабаларым аңсаған - Тәуелсіздік» тақырыбында тәрбие сағатын талапқа сай сабақ жоспарын құрып, тақырыпқа сай тәрбие сағаттарын жоғары деңгейде өткізген  сыныптар: 2 а сынып сынып жетекшісі А. Сейәтқазинова, 2 ә сынып сынып жетекшісі Н. Құанабаева, 2 б сынып сынып жетекшісі А. Көкенова, 3 ә сынып сынып жетекшісі М. Досмаилова, 3 а, 3 ә, 3 б, 3в, 3 г сыныптары «Желтоқсан оқмғасына» қатысушы, «Аудан соғысының ардагері» Буркитбаев Жұматай Шалбаевичпен кездесу ұйымдастырды. Сынып жетекшілері: З. Жаутикова, Ж. Омиралинова, М. Жумашова, А, Орынбаева. 

4 ә сынып сынып жетекшісі Р. Қашағанова, 5 а сынып сынып жетекшісі Ж. Касенова, 7 в сынып сынып жетекшісі А. Торгаутова,  10 а сынып сынып жетекшісі А. Джекежанова, 10 ә сынып сынып жетекшісі Г. Манамбаева, 10 б сынып сынып жетекшісі Б. Лабилданова, 11 а сынып сынып жетекшісі Б. Жолбарисова, 11 ә сынып сынып жетекшісі Қ. Жунусова, 10 в сынып сынып жетекшісі Р. Кыстаубаева мен 11 б сынып сынып жетекшісі А. Мухамадиеваны және «Бабаларым аңсаған - Тәуелсіздік» тақырыбында қорытынды кешін  ұйымдастырған   9 «а,ә,б,в» сыныптары сынып жетекшілері А. Тулемисова, Г. Исабекова, А. Айткенова мен И. Демеубаеваны  атап   өтуге болады.   Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова мен ұстаз-ұйымдастырушы А. Жинбаевтың және 9-сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік» тақырыбында мерекелік қорытынды кеш өткізілді.

Рухани-адамгершілік тәрбиені жүзеге асыру мақсатында «30 игі іс» жобасы аясында қараша айында Қазақстан Республикасының Рәміздеріне 30 жыл толуына орай «Біз оқитын 30 кітап» тақырыбында мектебіміздің кітапханашысы Г. Ақылбековамен «READx»  жұмысын жүзеге асырды. Оған 5-11 сынып оқушылары кітапханаға барып, өздері қалаған еліміздің тарихы, Рәміздердің тарихы жайлы 30 түрлі кітап оқу күні болды. Сонымен қоса,  желтоқсан айында «Адал friends» жобасы аясында «Мен және менің елім» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында АРТ-көрмесі ұйымдастырылды. 

Ұлттық тәрбиені жүзеге асыру мақсатында «Өнегелі бір сағат» жобасы аясында «Менің елім-мәңгілік ел» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді. 

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбиені жүзеге асыру мақсатында 7 қараша күні 2-3 сыныптар  арасында   «Адал friend» жобасы аясында «Адал еңбек бейнесі» тақырыбында  сурет байқауы ұйымдастырылды. Сонымен қоса, желтоқсан айында «Үнем-қоғам қуаты» жобасы аясында «Іскерлік қарым-қатынас этикасы» тақырыбында мектеп бітіруші 9-11 сыныптар арасында түрлі мамандықтардың пайдасымен, жұмыс жаау жолдары мен этикаларын түсіндіру мақсатында сынып сағаттары өткізілді. 

Отбасылық тәрбиесін жүзеге асыру мақсатында 11-13 қараша  күндері 1-9 сыныптар арасында «Өнегелі бір сағат» жобасы аясында «Тоғызқұмалақ-day»  тақырыбында   отбасылық сайыс өткізілді. Сайысқа 8-9 сынып оқушылары қатысты. Жеңімпаздар  мадақтау, алғыс  хаттарымен марапатталды. 15 қараша  күні  5-11 сыныптар  арасында «15қараша- Ұлттық валюта теңге күніне» орай «Теңге – Тәуелсіздік келбеті» және «Ұлттық валютамыз- тәуелсіздігіміздің көрсеткіші» тақырыбы аясында   сынып сағаттары өткізілді. 

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесін жүзеге асыру мақсатында «Өнегелі бір сағат» жобасы  15-22 қараша аралығында  5-11 сыныптарда  Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлы даланың ұландары» тақырыбында зияткерлік ойындар мен тәрбие сағаттары мен «Ж. Жабаевтың өмірінен 10 дерек» тақырыбында Ж. Жабаевтың өмірбаяны туралы ақпаратпен оқушыларды толықтай таныстырып өту мақсатында Ақпараттық- Time сұхбатасуы өткізілді.  Желтоқсан айында «Өнегелі бір сағат» жобасы аясында «Қазақстанның дамуы жастар қолында» тақырыбында «Жас Жалын» жастар ұйымының ұйымдастыруымен Ток-шоу өткізілді. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы Жаңа жылдық шыршасына  қатысатын оқушыларға сұраныс














Р/с

Аты-жөні

туған жылы, айы,                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                күні

толық жасы (9-13)

жынысы

ұлты

мектебі

Әлеуметтік жағдайы (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек балалар, ата-анасы мүгедек отбасы балалары, аз қамтылған, көп балалы отбасы балалары арасынан оқу озаттары, дарынды балалар)

мекен-жайы

бас киім өлшемі

сырт киім өлшемі

аяқ киім өлшемі

спорт киім өлшемі

1

2

3


4

5

6


8

9

10

11

12

№ 49 орта мектеп" КММ

1

Ораз Елнұр

29.12.2009

13

ұл

қазақ

№ 49 орта мектеп

Жартылай жетім(анасы қайтыс болған)

Сарыөзекауылы Мұқанов көшесі 4

50

46

38

46

2

Құрманбай Аяжан

14.04.2009

13

қыз

қазақ

№ 49 орта мектеп

ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала

Сарыөзек ауылы Сарыбаев көшесі 52

42

44

38

44

Көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбиесін жүзеге асыру мақсатында   Аудандық  білім бөлімінің 2022 жылдың 05 желтоқсанындағы № 42-42/346 хаты негізінде  мектепішілік № 560  бұйрығы шығарылып  2022 жылдың 27-29 желтоқсан аралығында  «Қош келдің, Жаңа Жыл! » атты тақырыпта  Жаңа   жылға  арналған  шырша   мерекесінің кестесі құрылып,бекітілген жоспарға сай іс-шаралар  ұйымдастырылып жоғарғы деңгейде  өткізілді. Жаңа жыл мерекесі кезінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігі,құқық бұзушылық,қылмыс, оқыс оқиғалардың алдын алу және болдырмау, қауіпсіздік  шараларын күшейту  мақсатында мұғалімдер ұжымынан кезекшілігі және ерікті өрт жасақшылары тобы құрылды. Кезекшілік кестеге сәйкес уақытылы атқарылып, қосымша қыздар және ұлдар бөлмесінде кезекшілер қойылды. Көпмәдениетті және көркем – эстетикалық  тәрбие бағытында жаңа жылдық мерекелік   іс-шаралар бұйрыққа сәйкес 27 желтоқсаннан басталды. Жоспарға сәйкес 0-1-4  сыныптар арасында бастауыш сынып жетекшілері өткізілу жоспары құрылып, кейіпкерлер рөлдерін сомдап балаларға жақсы көңіл күй сыйлады. Шырша мерекесі өткізілу барысында  5,6,7,8 сыныптар арасында оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты жаңа жылдық тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Бекітілген кесте бойынша  9-11  сыныптар аралығындағы  жаңа-жыл кеші   29 

желтоқсан  сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін өткізілді. Жаңа-жыл кешіне барлық сынып оқушылары  дайындықпен келіп белсене араласты. Іс-шара барысында ешқандай төтенше жағдайлар болған жоқ.«Қош келдің, Жаңа Жыл! » шырша мерекесін өткізу іс-шаралары «қанағаттанарлық» деңгейде өткізілді.

Сонымен қоса, биылғы 2022-2023  оқу жылында  Жаңа жылдық Президенттік шыршасын № 49 орта мектебінен әлеуметтік санаттағы 2 оқушы барды. Олар: ата-ана қамқорлығынсыз қалған 7 «Б» сынып оқушысы Құрманбай Аяжан және жартылай жетім (анасы қайтыс болған) 7 «Ә» сынып оқушысы Ораз Елнұр. 25 қазан Талдықорғанда өткізілген Президент шыршасына барып, қатысып, жаңа жылдық сыйлықтарын алып, Президенттің атынан берілген 100000 теңге көлеміндегі ақшалай көмекті алып қайтты. Сол 100000 теңге ақшаларына 2 оқушыда қалаған ұялы телефондарымен, киім-кешектерін, қажетті заттарын түгел алып, қамтамасыз етілді.


Сондай-ақ, 27 желтоқсан күні Кербұлақ ауданы бойынша «Әкім шыршасы» жаңа жылдық шырша мерекесі өткізілді. Бұл мерекеге мектебімізден әртүрлі  әлеуметтік санаттағы 10 оқушы қатысты. Бұл оқушылар жаңа жылдық шыршаға қатысып, жаңа жылдық мерекеге арналған сыйлықпен, бір балаға 20000 теңге көлемінде ақшалай көмекпен қамтамасыз етілді.






















Кербұлақ аудан әкімінің 2022 жылғы Жаңа жылдық шыршасына  қатысатын оқушыларға сұраныс

















с

Аты-жөні

туған жылы, айы,                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                күні

толық жасы (9-13)

жынысы

ұлты

мектебі

сыныбы

Әлеуметтік жағдайы (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек балалар, ата-анасы мүгедек отбасы балалары, аз қамтылған, көп балалы отбасы балалары арасынан оқу озаттары, дарынды балалар)

мекен-жайы

бас киім өлшемі

сырт киім өлшемі

аяқ киім өлшемі

спорт киім өлшемі


1

2

3


4

5

6

7


8

9

10

11

12


№ 49 орта мектеп" КММ


1

Нұргелді Нұрлан 

26.12.2008

14

ұл

қазақ

№ 49 орта мектеп

8

Жартылай жетім(анасы қайтыс болған)

Сарыөзекауылы Бигелдтнов көшесі 18/1

35

46

39

46


2

Хромченко Олеся

17.03.2012

10

қыз

орыс

№49 орта мектеп

4

көпбалалы

Сарыөзекауылы Сатпаев көшесі 44

35

38

36

38


3

Инахан Айбар

23.08.2015

7

ұл

қазақ

№ 49 орта мектеп

2

көпбалалы

Сарыөзек ауылы   ауылы Аль-фараби 23/18

38

38

33

36


4

Ілияс Өркен

16.12.2010

12

ұл

қазақ

№ 49 орта мектеп

6

анасы жоқ

Сарыөзек ауылы Малайсары көшесі 71

42

42

36

40


5

Амантай Айзере

30.08.2013

9

қыз

қазақ

№ 49 орта мектеп

3

Көпбалалыүйден оқиды

Сарыөзек ауылы Аль-фараби 38  

35

34

33

34


6

Задвинская Ксения

16.07.2012

10

қыз

орыс

№ 49 орта мектеп

4

АСП аладыүйден оқиды

Сарыөзек ауылы Жібек жолы 5/1

35

38

33

38


7

Еркебай Ақниет

16.10.2015

7

қыз

қазақ

№ 49 орта мектеп

1

толық емес отбасы инклюзивті оқушы 

Сарыөзек ауылы Сейфуллин көшесі 22

30

36

30

36


8

Рахатұлы Қуаныш

25.05.2012

10

ұл

қазақ

№ 49 орта мектеп

5

көпбалалы

Сарыөзек ауылы Ескелді би  көшесі 22

48

44

35

42


9

 Пашков Елисей

12.11.2010

12

ұл

орыс

№ 49 орта мектеп

6

жартылай жетім (анасы қайтыс болған)

Сарыөзек ауылы Нефтебаза 4/1

42

38

36

44


10

Жандос Алихан

11.08.2015

7

ұл

қазақ

№ 49 орта мектеп 

1

Толық емес отбасы (көпбалалы)

Сарыөзек ауылы Рыскулова 31/7

36

40

31

36










































































Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесін жүзеге асыру мақсатында «Салауатты өмір салтын сақтау» жобасы аясында қараша айында Қазақстан Республикасының Рәміздеріне 30 жыл толуына орай 5-7 сыныптар аралығында  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Маралбаев пен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Толағай-day» сайысы өткізілді. Сонымен қоса, желтоқсан айында 8-сыныптар арасында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Маралбаев пен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес» тақырыбында эстафеталық жарыс өткізілді. Жеңген топтар Мдақтау қағазымен марапатталды. 

8-11сыныптарда   қыздар  арасында  аудандық бас   имамның  қатысуымен «Ерте  жүктіліктің ертеңі қандай  болады?»   тақырыбы аясында  «Қыз бала отбасы ұйтқысы » атты   кездесу ұйымдастырылды.

2тоқсанда  атқарылған жұмыстар бойынша сынып жетекшілерінен  8бағыт бойынша ақпараттар, қауіпсіздік журналының толтырылуы, оқушыларды қысқы демалысында қауіпсіздендіру мақсатында техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, сонымен таныстым деп оқушылардың қолы қойылған техникалық қауіпсіздік парағы жинақталды. 

Оқушылардың қысқы демалысын ұйымдастыру мақсатында мектепішілік бұйрық шығарылып,оқушылардың өмір қауіпсіздік ережелерін сақтауы бойынша ата-аналарға техника қауіпсіздігі таныстырылып, қол қойылды. 8-10 сыныптар аралығында  баскетбол,волейбол, тоғызқұмалақ, қар үстіндегі шағын футболдан жарыстар ұйымдастырылды. 

  Құқықтық білім беру, құқықтық тәрбие және құқық бұзушылықтың алдын – алу жұмысын ұйымдастыру мақсатында жұмыс жоспары құрылып бекітілген. Жоспар жұмысында    «Қылмыс және жасөспірім», «наркология» орталығының маман дәрігерлерімен және  «діни экстремизм мен тероризм» тақырыптарында кездесулер өткізілетіні жоспарланды. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қараша   айында 8-11 сыныптар арасында «Қоғамдық тәртіп негіздері», қазан айында «Мен өз құқығымды білемін» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізіліп, жоспарлары жинақталды. Құқық бұзушылықтың алдын – алу жұмысын ұйымдастыру мақсатында мектепте құқық кеңесі құрылып жұмыс жоспары бекітілді.

2022-2023 оқу жылының 3 тоқсанында тәрбие тұжырымдамасының 8 бағыты бойынша іс-шаралар атқарылды. Кешенді жоспар бойынша мектептің ішкі тәртібін сақтау мақсатында ұлдармен және қыздармен жұмыс, сынып жетекшілермен жұмыс, өзін-өзі басқару ұйымының жұмыстары жүргізілді. Жылдық жоспарға сәйкес қараша және желтоқсан  айларына жұмыс жоспары құрылды. Сол жоспарларға негізделе бұйрықтар шығарылып, іс-шаралар өткізілді. 

Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, жаңа Қазақстандық патриотизм мен азаматтылықты тәрбиелеу, оқушыларға өз міндеттері мен құқықтары туралы білімдерін нығайту, құқықтық тәрбиені қалыптастыру мақсатында, қаңтар айында құқық айлығы өтуіне байланысты, жылдық жоспар негізінде «Құқықтық сана- қауымға пана» жобасын жүзеге асыру мақсатында, 1-11 сыныптар арасында «Қылмыссыз балалық шақ» тақырыбында айлық өткізілді. Бұл айлықта сынып жетекшілер «Қылмыссыз балалық шақ» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. Сонымен қоса, осы қаңтар айында «Адал ұрпақ-саналы ұрпақ» жобасы аясында, Ауған соғысы жауынгерлерінің құрметіне орай, «Батырлардың ерлігіне жүрегіңмен жақында» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А. Жумадилова мен А. Жинбаевтың және алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Д. Асылханның  ұйымдастыруымен Ауған соғысы ардагерлерімен Бүркітбаев Жұматай Шалбаевичпен, Нұрғалиев Шергали Мукашевичпен және Кербұлақ аудандық әскери бөлімшенің сарбаздарының қатысуымен 5-9 сыныптар арасында ауқымды кездесу өткізілді. Және де ақпан айында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында, «Құқықтық сауаттылық–заман талабы» тақырыбында 8-9 сыныптар арасында Дебат клубының жетекшілері Б. Есеркенова мен Э. Алимкожаевтың ұйымдастыруымен «Парасат» дебат клубының мүшелерімен әңгіме-сұхбаттасу, дебат өткізілді. Сонымен қоса, наурыз айындағы жоспар негізінде, «Адал friend» жобасын жүзеге асыру мақсатында, «Мемлекеттік қызмет- елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында 8-9 сыныптар арасында эссе конкурсы өткізілді. Сол конкурстың нәтижесінде, үздік эсселер мақтау қағазымен марапатталды. Және де қаңтар айы құқық айлығы болғандықтан, оқушылардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың өз құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін нығайту, қалыптастыру мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А. Жумадилова мен А. Маралбаевтың ұйымдастыруымен 17 қаңтар күні Кербұлақ аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар О. Имангожанов пен Н. Шакеновтың қатысумен, 8-11 сынып оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, зорлық-зомбылықсыз балалық шақ, буллинг, кибер буллинг және нашақорлық, сонымен қоса, құқықбұзушылық орын алған жағдайда, қандай жаза қолданатынын, мектепішілік және аудандық полиция бөліміне есепке қандай оқушылар алынатынын және оның салдары мен зияны туралы толық айтып, түсіндірме жұмысын жүргізіп, кездесу өткізді. 

Рухани-адамгершілік тәрбиені жүзеге асыру мақсатында «Қамқорлық» жобасы аясында, қаңтар айында «Қамқорлық» акциясы өтуіне орай, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова, ұстаз-ұйымдастырушы А. Жинбаев және мектеп парламенті мен Қамқорлық фракциясының ұйымдастыруымен «Қазіргі жастардың өмірлік басымдықтары» тақырыбында «Қамқорлық» акциясы өткізілді. Бұл акция негізінде, мектеп парламенті мен «Қамқорлық» фракциясының мүшелері әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға канцелярлық тауар алып беріп, өз көмектерін көрсеткен болатын. Сонымен қоса, «Өнегелі бір сағат» жобасын жүзеге асыру мақсатында, биылғы оқу жылындағы айтулы даталардың бірі қазақтың күміс көмей әншісі Р. Бағлановаға 100 жыл толуына орай және ғасырдың дара перзенті атанған Д. Қонаевтың 110 жылдығына орай «Қазақ халқының күміс көмей әншісі Р. Бағланова» және «Ғасырдың дара перзенті – Д. Қонаев» тақырыбында ауқымды тәрбие сағаты өткізілді. Сондай-ақ наурыз айында, жылдық жоспар негізінде, 1- наурыз «Алғыс айту» күніне орай, «Өнегелі бір сағат» жобасы аясында, «Алғыс- бұл....» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.   «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен мерекесін дәріптеу, наихаттау мақсатында,1-4   сыныптар арасында «Қош келдің әз Наурыз» тақырыбында, ал 5-11 сыныптар арасында «Наурызым-құт берекем» тақырыбында мерекелік концерттер мен ашық тәрбие сағаттары өткізілді.  

Ұлттық тәрбиені жүзеге асыру мақсатында «Адал friends» жобасы аясында «Діни экстремизм бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында 8-11 сыныптар арасында ақпараттық сағат өткізілді. Бұл ақпараттық сағатты өткізудің мақсаты, 8-11 сынып оқушыларының діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі, дәстүрлі емес діни ағымдар туралы, және  экстремизм мен терроризм туралы жалпы түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында Ақ мешіт имамы С. Асылхановтың қатысуымен кездесу өткізілді. Жалпы экстремизм мен терроризм туралы жалпылама түсініктеме берді. Ақ мешіттің имамы С. Асылханов балаларға жалпы діни сауаттылықтарын арттыру мақсатында, дәстүрлі және дәстүрлі емес ағымдар туралы, экстремизмнің салдары мен зияны туралы түсіндіріп айтып өтті. Сонымен қоса, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Маралбаев «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында баяндама оқыды.

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбиені жүзеге асыру мақсатында қаңтар айында  9 сынып оқушыларымен   «Өнегелі бір сағат» жобасы аясында «Ер дәулеті еңбек» тақырыбында  еңбек пәні мұғалімдері А. Нуртазина мен Б. Тәңірбергеновтың  ұйымдастыруымен шеберлік сағаты өткізілді. Ол шеберлік сағатта 9-сынып қыздары еңбек пәні мұғалімі А. Нуртазинадан әйел адамдардың пішінін, өлшемін алып, көйлек тігу әдістерін үйренсе, ұлдар еңбек пәні мұғалімі Б. Тәңірбергеновтан ағаштан ойып, түрлі мүсіндер мен заттарды жасауды үйренді. Үздік шыққан қолөнер иесіне мақтау қағазы берілді. Сонымен қоса, наурыз айындағы жылдық жоспар негізінде,   «Еңбек-елдің мұраты» жобасы аясында, «Мамандықтар әлемін ашамыз» тақырыбында 9-11 сынып түлек оқушылармен форум өткізілді. Ол форумды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова мен ұстаз-ұйымдастырушы А. Жинбаев және   сынып жетекшілер биылғы мектеп бітіретін түлектерімізге, болашақта өз мамандықтарын дұрыс таңдай алу, өз болашақтарына дұрыс жоспар құра білуду үйрету, түсіндіру, жалпы барлық мамандықтар туралы түсіндірме жұмысын жүргізу, оқушылардың мамандықтар жайлы мазалаған сұрақтарына жауап беру мақсатында ұйымдастырып, өткізді.

Отбасылық тәрбиесін жүзеге асыру мақсатында ақпан айынд «Құқықтық сана- қауымға пана» жобасын жүзеге асыру мақсатында, 5-7 сыныптар арасында «Бақытты отбасы-зорлық-зомбылықсыз әлем» тақырыбында апталық өткізілді. Бұл апталықта 5-7 сынып оқушыларымен әңгіме, кеңес, сынып сағаттары және де  «Бақытты отбасы-зорлық зомбылықсыз әлем»  тақырыбында Кербұлақ аудандық полциця бөлімінің майорлары А. Джексембаева мен Д. Шалқаровамен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилованың ұйымдастыруымен кездесулер өткізілді. Бұл кездесуде инспекторлар жалпы Бала құқығы конвенциясы жайлы айтып, түсіндіріп өтті. Сондай-ақ наурыз айында «Өнегелі бір сағат» жобасы аясында 8-наурыз Халықаралық аналар, әйелдер мейрамына орай, барлық 1-11 сыныптар арасында «Анама арнаймын» немесе «Ана-өмірдің шуағы» тақырыбында аналарға, әйелдерге, жалпы қыз қауымына арналған мерекелік кештер мен ашық тәрбие сағаттары өткізілді.  

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесін жүзеге асыру мақсатында «Bookdating – кітап оқу» жобасы   аясында,  қаңтар айында «Бірге кітап оқиық» тақырыбында 5-11 сыныптар арасында челлендж түсірілді. Сондай-ақ, ақпан айында «Bookdating – кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса» жобасы аясында, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова мен Дебат жетекшілері Б. Есеркенова және Э. Алимкожаевтың ұйымдастыруымен «Өзіңді тану-өмірді тану» және «IT-келешгі кемел сала» тақырыбында дебат және дөңгелек үстел өткізді.  Бұл өткізілген дөңгелек үстелде балалар осы тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті, әңгіме, сұхбат жүргізді, ал дебатта осы тақырып бойынша өз ойларын нақты дәлелмен, фактымен көрсетіп, өз ойларының дұрыс дәлелдеп, қорғап шықты,

Көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбиесін жүзеге асыру мақсатында   «Өнегелі бір сағат» жобасы аясында, өзін-өзі басқару ұйымы мен 10 сыныптар арасында «Оқушы мен ұстаз» мәдениеті тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, әңгімелесу, сұхбаттасу өткізілді. Ақпан айында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова, мектеп психологтары И. Жаулина мен Т. Молданазарова және «Қыздар» кеңесінің жетекшісі И. Демеубаеваның ұйымдастыруымен «Адам бойында бәрі де әдемі, сұлу болуға тиіс» тақырыбында қыздармен әңгіме, сұхбат өткізілді. Жалпы қыздардың тәрбиесі, гигиеналық тазалығы, ортада өзін дұрыс ұстауы  т.б жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесін жүзеге асыру мақсатында «Салауатты өмір салтын сақтау» жобасы аясында қаңтар айында «Қызықты қыс» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Маралбаев пен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары арасында спорттық ойындар өткізілді. Жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды. Ал ақпан айында 5-6 сынып оқушыларының ата-аналарымен қатысуы арқылы «Отбасылық эстафеталық ойындар» тақырыбында жарыс өткізілді. Жарыста үздік атанған отбасы мүшелері арнайы мақтау қағазымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ наурыз айында қазақтың ұлттық мерекесі Наурыз мейрамына орай, 5-7 сыныптар арасында «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» тақырыбында қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу, жас ұрпаққа насихаттау мақсатында, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Маралбаев пен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен жарыс өткізілді. Атап айтар болсақ, тоғызқұмалақ, арқан тарту, күрес, қол күрестіру т.б ойын түрлері болды. Жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды. 


 3 тоқсанда   атқарылған жұмыстар бойынша сынып жетекшілерінен  8 бағыт бойынша ақпараттар, қауіпсіздік журналының толтырылуы, оқушыларды қысқы демалысында қауіпсіздендіру мақсатында техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, сонымен таныстым деп оқушылардың қолы қойылған техникалық қауіпсіздік парағы жинақталды. 3 тоқсанда жасаған жұмыстары туралы сынып жетекшілер тәрбие бөлімі бойынша жалпы есеп өткізді. Сол өткізген есепті қорытындылай келе, 38 сынып жетекші өз жұмыстарын көрсете алды. Атап айтар болсақ, құжаттарының бәрі толық болып, есепті жақсы өз деңгейінде өткізген сынып жетекшлір: Г. Саитова, М. Мусагулова, А. Сейтқазинова, А. Орынбаева, С. Толебаева, М. Узакбаева, З. Әзімбай, Ғ. Дүйсебекова, Б. Есеркенова, А. Айткенова, А. Джекежанова, Қ. Жунусова. Құжаттарын толық көрсете алмаған сынып жетекшілер: М. Жумашова, А. Нусипова, Г. Исабекова, Ж. Бекбосынова, Р. Кыстаубаева.   4 сынып жетекші денсаулығына байланысты келе алмады. Олар: Н. Ибраимова, М. Досмаилова, Р. Қашағанова, А. Бектемисова. 2 сынып жетекші мүлдем құжаттарын көрсете алған жоқ. Олар: Ж. Ақылбек, А. Мухамадиева.

Оқушылардың көктемгі демалысын ұйымдастыру мақсатында мектепішілік бұйрық шығарылып,оқушылардың өмір қауіпсіздік ережелерін сақтауы бойынша ата-аналарға техника қауіпсіздігі таныстырылып, қол қойылды.   Құқықтық білім беру, құқықтық тәрбие және құқық бұзушылықтың алдын – алу жұмысын ұйымдастыру мақсатында жұмыс жоспары құрылып бекітілген. Жоспар жұмысында   «Қылмыс және жасөспірім», «наркология» орталығының маман дәрігерлерімен және  «діни сауаттылық» тақырыптарында иаммен кездесулер өткізілетіні жоспарланды. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қаңтар  айында 8-11 сыныптар арасында «Құқықтық сауаттылық-заман талабы»   тақырыбында 1-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізіліп, жоспарлары жинақталды. Құқық бұзушылықтың алдын – алу жұмысын ұйымдастыру мақсатында мектепте құқық кеңесі құрылып жұмыс жоспары бекітілді.

Қыркүйек айынан бастап «Оперативтік топ» құрылып, мектептің ер мұғалімдері толығымен топ құрамына тартылды. Топтың жұмыс жоспары құрылып,  күнделікті сағат  19.30 мен 23.30 аралығында   «Оперативтік топ» мүшелері түнгі рейд жүргізіп келді. Рейдті жүргізудегі басты мақсат оқушыларды, яғни кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің қылмыс жасауының алдын алу, түнгі қоғамдық орындарда үлкендердің қарауынсыз жүрмеу және басқа да қауіпсіздік шараларын іске асыру болып табылады. 

Әр күнге 4 кезекші сынып жетекші мен 1 ер мұғалім жұмылдырылды. Әр топтың өзінің топ басшысы сайланып, кезекшілік барысын назарда ұстап отырды. Кезекшілік мектеп инспекторы  қатысуымен жүзеге асты. Сарыөзек ауылы бойынша мешіттер, әскери қалашық, қуыс көшелер, қоғамдық орындар мен түнгі сауық орталықтары және көшелер толық қамтылды. Нақты айтқанда:  Темір жол бекеті, базар маңы, аудандық ауруханаға, түнгі сауық орталығы, автокөлік бекеті, «Фартуна» , «Ұлар» , «Дәулет», «Береке», «Макс фуд», «Таверна», «Ай мен күн» кафелері. Жібек жолы көшесі және басқада кіші көшелерін топ мүшелері назарда ұстап отырды. Кезекшілік нәтижесінде  үлкендердің қарауынсыз жүрген оқушылар кездескен жағдайда топ мүшелері оқушының ата-анасымен кездесіп, түсініктеме алынды. Кезекші топ кезекшілігінің соңында АІІБ-не хабарлап  кезекшілік жөнінде мәлімет беріліп отырды. Сондай-ақ, күнделікті кезекшілік туралы мәлімет кезекшілік журналына жазылды.  

2022-2023 оқу жылының 4 тоқсанында тәрбие тұжырымдамасының 8 бағыты бойынша іс-шаралар атқарылды. Кешенді жоспар бойынша мектептің ішкі тәртібін сақтау мақсатында ұлдармен және қыздармен жұмыс, сынып жетекшілермен жұмыс, өзін-өзі басқару ұйымының жұмыстары жүргізілді. Жылдық жоспарға сәйкес сәуір және мамыр айларына жұмыс жоспары құрылды. Сол жоспарларға негізделе бұйрықтар шығарылып, іс-шаралар өткізілді. 

Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, жаңа Қазақстандық патриотизм мен азаматтылықты тәрбиелеу, оқушыларға алғашқы қазақ ғарышкерлері туралы мәдімет беріп, білімдерін нығайту мақсатында, жылдық жоспар негізінде 12-сәуір Ғарышкерлер күніне орай 5-10 сыныптар арасында «Ғарышқа түрен салған қыран қазақ» тақырыбында дөңгелек үстел мен тәрбие сағаттары өткізілді. Сонымен қоса, осы сәуір айында «Құқықтық мәдениет» жобасы аясында, жылдық жоспар негізінде «Бала еңбегін қанауға қаросы 12 күн» тақырыбында балалардың құқығын қорғау, балаларға қамқорлық жасау мақсатында 8-11 сыныптармен онкүндік өткізілді. Ал 9-мамыр «Ұлы Жеңіс» күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің ерлігін, батылдығын оқушыларға насихаттау, сол батыр аталарының соғыста жеңіске жету үшін, болашақ ұрпақтың жарқын өмірі үшін, өмірлерін қиып, жандарын беріп, жаудан қорғап алып қалған кең байтақ жеріміз бен елімізді, Отанымызды сүйетін, аталар сияқты қорғайтын елінің, жерінің патриоты болатын нағыз азамат тәрбиелеу мақсатында 6-10 сыныптар арасында алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Д. Асылханның ұйымдастыруымен саптық шеру өткізілді. Сонымен қоса, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А. Жумадилова мен А. Жинбаевтың ұйымдастыруымен 1-11 сыныптармен «Ұлы Жеңіске ұрпақтан тағзым» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.  

Рухани-адамгершілік тәрбиені жүзеге асыру мақсатында «Өнегелі бір сағат» жобасы аясында, сәуір айында қазақ халқының ұлттық киімдері мен салт-дәстүрлерін дәріптеу, насихаттау мақсатында «Ұлттық киім-ұрпаққа мұра» тақырыбында 5-7 сыныптар арасында сән апталығы өткізілді 

Ұлттық тәрбиені жүзеге асыру мақсатында «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында «Отбасыммен бірге өткізген қуанышты күндерім» 1-4 сыныптар арасында отбасымен өткізген қуанышты сәттері мен күндері туралы бейнеролик жасады. 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай 31-мамыр «Ұлы тұлғалар ұмытылмайды» тақырыбында бәрі бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. 

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбиені жүзеге асыру мақсатында, «Ұлы Дала мұрагерлері», «Үнем-қоғам қуаты» жобасы аясында Қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстан Республикасының халық әртісі Д. Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай 5-11 сыныптармен «Күйші Дина апамыз» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілсе, «Шеберлер қаласы: ата-бабаларымыздың мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» тақырыбында 8-9 сыныптармен көркем еңбек пәні мұғалімдерімен А. Нуртазинамен біріге отырып, көне заттарды, қолөнерді қолдана отырып, оқушылар қолөнер туындыларын жасады. Сонымен қоса, осы мамыр айында «Бір реттік ыдыстардың пайдасы мен зияны туралы» химия-биология пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 7-9 сыныптар оқушыларымен пікірталас өткізді.  

Отбасылық тәрбиесін жүзеге асыру мақсатында сәуір айында «Экоstart» жобасын жүзеге асыру аясында, 5-6 сыныптар арасында «Табиғат тамашалары» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Осы сәуір айында «Барлық жағынан жетістікке жетудің сыры неде?» тақырыбында «Парасат» дебат клуб мүшелерінің қатысуымен дебат өткізілді. Сондай-ақ «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушыларды оқулық оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында  «Оқырмандар отбасы» тақырыбында бейнеролик байқауы өткізілді. 

Көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбиесін жүзеге асыру мақсатында   «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында, химия-биология пәні мұғалімдерімен біріге отырып, оқушыларға дұрыс тамақтанудың пайдасы және оның жолдары туралы 8-9 сыныптарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесін жүзеге асыру мақсатында «Салауатты өмір салтын сақтау» жобасы аясында 7-сәуір –Дүниежүзілік  Денсаулық   күніне орай «Дені сау ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 7-сыныптар арасында спорттық жарыс және директордың тәрюие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилованың ұйымдастыруымен Кербұлақ аудандық ауруханасының дәрігерлерімен кездесіу өткізілді. 

4  тоқсанда  атқарылған жұмыстар бойынша сынып жетекшілерінен  8 бағыт бойынша ақпараттар, қауіпсіздік журналының толтырылуы, оқушыларды қысқы демалысында қауіпсіздендіру мақсатында техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, сонымен таныстым деп оқушылардың қолы қойылған техникалық қауіпсіздік парағы жинақталды. 3 тоқсанда жасаған жұмыстары туралы сынып жетекшілер тәрбие бөлімі бойынша жалпы есеп өткізді. Сол өткізген есепті қорытындылай келе, 38 сынып жетекші өз жұмыстарын көрсете алды. Атап айтар болсақ, құжаттарының бәрі толық болып, есепті жақсы өз деңгейінде өткізген сынып жетекшлір: Г. Саитова, М. Мусагулова, А. Сейтқазинова, А. Орынбаева, М. Досмаилова, С. Толебаева, М. Узакбаева, З. Әзімбай, Ғ. Дүйсебекова, Б. Есеркенова, М. Рысбекова,  А. Джекежанова, Қ. Жунусова. Құжаттарын толық көрсете алмаған сынып жетекшілер: А. Нусипова, Г. Исабекова, Ж. Бекбосынова, Р. Кыстаубаева.   1 сынып жетекші мүлдем құжаттарын көрсете алған жоқ. Олар: Ж. Ақылбек, М. Жумашова, Ж. Омиралинова.

Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында 1-11 сынып оқушыларымен біркүндік танымдық саяхат ұйымдастырылды. Қазақстанның әдемі, көрнекі жерлерін аралап, танымдық саяхат жасап, бәрі жақсы демадып қайтты. Сондай-ақ оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында  мектепішілік бұйрық шығарылып,оқушылардың өмір қауіпсіздік ережелерін сақтауы бойынша ата-аналарға техника қауіпсіздігі таныстырылып, қол қойылды.   Құқықтық білім беру, құқықтық тәрбие және құқық бұзушылықтың алдын – алу жұмысын ұйымдастыру мақсатында жұмыс жоспары құрылып бекітілген. Жоспар жұмысында   «Қылмыс және жасөспірім», «наркология» орталығының маман дәрігерлерімен және  «діни сауаттылық» тақырыптарында иаммен кездесулер өткізілетіні жоспарланды. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қаңтар  айында 8-11 сыныптар арасында «Құқықтық сауаттылық-заман талабы»   тақырыбында 1-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізіліп, жоспарлары жинақталды. Құқық бұзушылықтың алдын – алу жұмысын ұйымдастыру мақсатында мектепте құқық кеңесі құрылып жұмыс жоспары бекітілді.

Құқықтық білім беру, құқықтық тәрбие және құқық бұзушылықтың алдын – алу жұмысын ұйымдастыру мақсатында жұмыс жоспары құрылып бекітілген. Жоспар жұмысында  «Қылмыс және жасөспірім», «наркология» орталығының маман дәрігерлерімен және   «діни экстремизм мен терроризм» тақырыптарында кездесулер өткізілетіні жоспарланды. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қыркүйек айында 5-10 сыныптар арасында «Қылмыс және жеткіншек», қазан айында «Құқық әлемінде», қараша айында «Балалардың құқықтары туралы заң», желтоқсан айында «Заң білімі – заман талабы» 7-10 сыныптар арасында тәрбие сағаттарының  жоспарлары жинақталды. Құқық бұзушылықтың алдын – алу жұмысын ұйымдастыру мақсатында мектепте құқық кеңесі құрылып жұмыс жоспары бекітілді.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадилова 2022-2023 оқу жылында І жартыжылдықта тәрбие саласы, 8 бағыт бойынша атқарылған іс-шаралар туралы жалпылама айтып өтті. Осы уақыт аралығында тәрбие саласы бойынша жеткен жетістіктерді, оқушыларға қатысты ескертулерді ата-аналарға ескертіп айтылды.

2ші мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары А.Жумадилова тағы да сөз алды . Төмендегідей мәселелер бойынша:

1.Тасымалдау бойынша оқушылардың уақытымен аялдамаларда болуы;

2. Мектеп формасы

3.Кибербуллинг туралы

4. Электрондық   темекі туралы

5. Құқық бұзушылық және мектептегі зорлық зомбылық туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Қазіргі таңда жасөспірімдердің арасында белең алған осы құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, буллинг, кибербуллинг, яғни оқушылардың бір-біріне әлімжеттік көрсетуі, нашақорлық және зиянды заттар туралы ата-аналарға жалпылама түсіндірме жұмыстарын жүргізіп өтті. Оқушылардың арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу жұмыстарымен, мақсаттарымен таныстырды. Осы уақытқа дейін құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, нашақорлық пен зиянды заттарға қатысты жасалған жұмыстарды айтып, ата-аналарды таныстырып өтті. Егер балалар құқық бұзған жағдайда, зиянды заттармен ұсталған жағдайда, өздерінен төмен сыныптарға әлімжеттік көрсеткен жағдайда, ата-аналарға қанша суммада айыппұл салынатынын, баланың мектепішілік және Аудандық ішк істер бөлімінң ювеналды полициялық топ есебіне алынатынын қатаң түрде ата-аналарға ескертіп айтты. 

2022-2023 оқу жылында темір ұрлап, аудандық есепке тұрған оқушы саны 2 болды. Олар: Несіпбай Мадияр мен Тұрғамбай Азамат.

Бұл оқиға сабақтан түстен кейінгі уқытта болып отыр. Себебі оқушылар 9-сынып болғандықтан, таңғы ауысымда оқиды. Бұл ткешкі уақытта болған оқиға. Балалардың ата-аналарының бәрі 06.03.2023 күні сағат шамамен 16:00-17:00 аралығында балалары ұрлық жасаған уақытта жұмыста болғандарын айтты. Ал 11.03.2023 күні сағат шамамен түнгі 22:00-23:00 аралығында ұрлық жасалғанда, 9 Ә сынып оқушысы Несіпбай Мадиярдың ата-аналары әкесі Искаков Аслан мен анасы Кочербаева Айнур дәл сол күні екеуі де Талдықорған қаласына қонаққа кеткендерін айтты. Ал екінші бала 9 А сынып оқушысы Тұрғамбай Азаматтың ата-анасы Алимболанова Роза Джуматаевна мен әкесі Джамбаев Асхат Турғамбаевич үйлерінде болғанын, балаларынан ешқандай ондай ерсі қылықты байқамағандарын, Азаматтың далаға шығып кетіп, қайттан үйге кіріп жүргенін байқағандығын, бірақ ештеңе сезбегендерін айтты. Дәл осы сәттерде балалар ата-ананың қарауынсыз, бақылауынсыз қалып отыр. 

9 а сынып оқушысы Тұрғамбай Азамат Асхатұлы 21.05.2008 жылы дүниеге келген, 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап, № 49 орта мектебінде 1-сыныптан бері оқиды. Ал 9 ә сынып оқушысы Несіпбай Мадияр 09.01.2008 жылы дүниеге келген, № 49 орта мектебінде 2014 жылдан бері 1-сыныптан бастап оқиды. Балалардың сабақ үлгерімі мен білім сапалары қанағаттанарлық, орташа деңгейде, сабақтан себепсіз қалмайды, екеуі де бос уақытында спортпен, футболмен айналысады, осыған дейін бұзықтық жасаған қылықтары болмаған.


Осы жағдай бойынша төменде аты аталған ұстаздарға төмендегідей шаралар қолданылды. 9 ә сынып жетекшісі Айткенова Айгерім Кенесхановнаға «Ескерту», 9 а сынып Демеубаева Индира Айдрусовнаға «Қатаң сөгіс», ұлдар жетекшісі Сатылов Бекнурға «Қатаң сөгіс», директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жумадиловаға «сөгіс» берілді.   

 Жалпы осы ұлдардың тәртібін, тәрбиесін бақылау, қадағалау мақсатында  жылдың басында «Ұлдар» кеңесі құрылған болатын және іс-шаралар жоспары құрнылып, сол бойынша ұлдармен жұмыстар атқарылуда. Бұл ұлдардың бос уақытын тиімді пайдалануды үйрету мақсатында, екеуі де футбол секциясына барады. Мектепішілік қоғамдық шаралардың бәріне белсене қатыстырылады. Іс-шара жоспары негізінде, бұл ұлдармен мектеп психологтары да жекеше жұмыстары да жүргізілуде. Футбол секциясы бойынша балалар облыстық, аудандық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Балалардың кешкі және түнгі уақыттарды көшеге шықпауын, өмір қауіпсіздігін қадағалау, бақылау мақсатында мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілердің қатысуымен түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде. Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері балалардың ата-аналарымен тығыз байланыста отыр. Ол кеңестің жетекшісі болып дене шынықтыру пәні мұғалімі Б. Сатылов тағайындалған. Жылдық жоспар құрылып, мектеп директорымен бектіліген. Сол жсопарға сай дирекордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А. Жумадилова мен А. Маралбаев мектебіміздің ұлдарымен осы уақытқа дейін түрлі жұмыстар жасаған болатын. Атап айтсақ, Кербұлақ аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға учаскелік инспекторлары А. Джексембаевамен, О. Имангожановпен және Кербұлақ аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы полиция капитаны Д. Шалқаровамен оқушыларға құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын-алу, мектептегі әлімжеттікті қадағалау, буллинг, кибер-буллинг және электронды темекілер мен нашақорлықтың адам өміріне деген зиянын, қауіпін түсіндіру мақсатында бірнеше мәрте кездесу өткізілді. Сол кездесу барысында, сондай-ақ  «Ұрлық түбі қорлық»тақырыбында да түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл түсіндірме жұмыстарында жоғарыда аты аталған  инспекторлар оқушыларға, біреудің затына рұқсатсыз, заңсыз қол тигізсе немесе ұрлық жасаса, сонымен қоса қандай да бір құқықбұзушылық жасап, қылмысқа барса, қанбдай заң жүзінде жазалар күтір тұрғанын, аудандық есепке тқратындарынр, оның өзінің оқушылардың болашағына, өздеріне қандай зияны бар екенін толық түсіндіріп, түсіндірме жұмыстарын бірнешемірте жүргізген болатын. Сонымен қоса, осы ұлдардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Маралбаев пен дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысуға ниетті балалардың бәрін әр түрлі спорт секцияларына қатыстыруда. Мысалы, футбол, волейбол, баскетбол, теннис және күрес секциялары т.б. Сондай-ақ оқушыларымыздың кешкі және түнгі уақыттарда көшеге ата-анасының қарауынсыз шықпауын, бұзықтық жасамауын қадағалау мақсатныда тәрбие бөлімі мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің қатысуымен түнгі рейд жұмыстары жүргізіліп отырды.  

Қыркүйек айынан бастап «Оперативтік топ» құрылып, мектептің ер мұғалімдері толығымен топ құрамына тартылды. Топтың жұмыс жоспары құрылып,  күнделікті сағат  19.30 мен 23.30 аралығында   «Оперативтік топ» мүшелері түнгі рейд жүргізіп келді. Рейдті жүргізудегі басты мақсат оқушыларды, яғни кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің қылмыс жасауының алдын алу, түнгі қоғамдық орындарда үлкендердің қарауынсыз жүрмеу және басқа да қауіпсіздік шараларын іске асыру болып табылады. 

Әр күнге 4 кезекші сынып жетекші мен 1 ер мұғалім жұмылдырылды. Әр топтың өзінің топ басшысы сайланып, кезекшілік барысын назарда ұстап отырды. Кезекшілік мектеп инспекторы  қатысуымен жүзеге асты. Сарыөзек ауылы бойынша мешіттер, әскери қалашық, қуыс көшелер, қоғамдық орындар мен түнгі сауық орталықтары және көшелер толық қамтылды. Нақты айтқанда:  Темір жол бекеті, базар маңы, аудандық ауруханаға, түнгі сауық орталығы, автокөлік бекеті, «Фортуна» , «Ұлар» , «Дәулет», «Береке», «Макс фуд», «Таверна», «Ай мен күн» кафелері. Жібек жолы көшесі және басқада кіші көшелерін топ мүшелері назарда ұстап отырды. Кезекшілік нәтижесінде  үлкендердің қарауынсыз жүрген оқушылар кездескен жағдайда топ мүшелері оқушының ата-анасымен кездесіп, түсініктеме алынды. Кезекші топ кезекшілігінің соңында АІІБ-не хабарлап  кезекшілік жөнінде мәлімет беріліп отырды. Сондай-ақ, күнделікті кезекшілік туралы мәлімет кезекшілік журналына жазылды.  


     2022-2023 оқу жылында оқушылардың жазғы демалысы мен бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында жалпыға бірдей білім беру қорынан республикалық жазғы сауықтыру лагерьлеріне әлеуметтік санаттағы және оқу озаттары мен спорт жеңімпаздары барып, жазғы сауықтыру лагерьлерінде 10 күнге демалып қайтады. Атап айтар болсақ, биылғы оқу жылында біздің мектептің оқушылары жалпыға бірдей білім беру қорынан Алматы облысы,  Алматы қаласы, Қарғалы ауылында орналасқан «Тау LAND» тегін лагеріне, сонымен қоса, Алматы облысы, Қарасай ауданында орналасқан «Альтаир» лагеріне 10 күннен демалып қайтатынын айтып өтті.    Мектептің әлеуметтік паспорты бойынша   жетім 1 бала, сәтсіз отбасында 4 бала, аз қамтылған отбасында 31 бала, өгей әкесімен тұратын отбасында 5 бала, көпбалалы  отбасында 328 бала және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала саны 2 бар. Осы әлеуметтік санаттағы оқушыларды жазғы сауықтыру лагерімен қамту жоспарлануда


Ұсыныс:

  1. Оқылған анықтамалар назарға алынса
  2. Тәрбие саласы бойынша жыл бойы жасалған жұмыстар қорытындысы «қанағаттанарлық» деңгейде өткізілді деп танылса.
  3. Жоғарыда аталған олқылықтардың орны толтырылса, сынып жетекшілер  сабақ   жоспарларын талапқа  сай  жаңа форматта орындаса, жұмыстары жандандырылса 
  4.  Құқықтық білім беру, құқықтық тәрбие және құқық бұзушылықтың алдын – алу жұмысын ұйымдастыру, іс – жүзінде асыру жұмыстары әрі қарай жандандырылып жүргізілсе.
  5. Жалпыға бірдей білім беру қорынан жазғы сауықтыру лагеріне әлеуметтік санаттағы оқушылар жіберілсе




          Директордың тәрбие ісі

          жөніндегі орынбасары                                  А. Жумадилова




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushrelaxed
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkgrinningkissing
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamuseddisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecry
    joyastonishedangryrage
    yummaskdizzy_faceimp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив